Нейроксон (500 мг/4мл)

МНН: Цитиколин
Производитель: Галичфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Citicoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020322
Информация о регистрации в РК: 15.11.2023 - 15.11.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Нейроксон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Цитиколин (сiticoline)

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді 500 мг/4 мл, 1000 мг/4 мл

Құрамы

1 ампула препараттың құрамында:

белсенді зат – цитиколин натрийі (цитиколинге шаққанда) – 522.5 мг немесе 1045.0 мг (500.0 мг немесе 1000.0 мг)

қосымша зат инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Психоаналептиктер. Психостимуляторлар және ноотроптар. Басқа да психостимулациялаушы және ноотропты дәрілер. Цитиколин.

АТХ коды N06В Х06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы.

Цитиколин ішіп қолданғанда жақсы сіңеді. Препаратты енгізгеннен кейін қан плазмасында холиндер деңгейінің елеулі жоғарылауы байқалады. Пероральді қолданғанда препарат толық дерлік сіңеді. Зерттеу енгізудің пероральді және парентеральді жолдары биожетімділігінің бірдей болатындығын көрсеткен.

Препарат холин және цитидин түзе отырып, ішек пен бауырда метаболизденеді. Енгізгеннен кейін цитиколин ми тіндерімен сіңіріледі, бұл ретте холиндер фосфолипидтерге, цитидин - цитидин нуклеоидтары мен нуклеин қышқылдарына әсер етеді. Цитиколин ми тіндеріне жылдам жетеді және жасуша жарғақшаларына, цитоплазма мен митохондрийге, фосфолипид қызметін жеделдете отырып, белсенді кірістіріледі.

Енгізілген дозаның тек аздаған мөлшері ғана несеппен және нәжіспен шығарылады (3 % аз). Енгізген дозаның шамамен 12 % тыныс жолдары арқылы шығарылады. Препараттың несеппен және тыныс жолдары арқылы шығарылуының екі фазасы бар: бірінші фаза – жылдам шығарылуы (несеппен – алғашқы 36 сағат бойы, тыныс жолдары арқылы – алғашқы 15 сағат бойы), екінші фаза – баяу босап шығуы. Препарат дозасының негізгі бөлігі метаболизм үдерісіне тартылады.

Фармакодинамикасы

Цитиколин нейрондар жарғақшасында құрылымдық фосфолипидтер биосинтезін көтермелейді, бұл жарғақшалар қызметінің, оның ішінде ионалмасу сорғылары мен нейрорецепторлары функциясының жақсаруына ықпал етеді. Жарғақшаға көтермелеуші әсер беруінің арқасында цитиколиннің ісінуге қарсы қасиеттері болады, сондықтан ми ісінуін азайтады. Цитиколин кейбір фосфолипазалар қызметін бәсеңдетеді, бос радикалдардың қалдық босап шығуына кедергі жасайды, жарғақша жүйелері зақымдануының алдын алып, қорғаныш антиоксиданттық жүйесінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Цитиколин жасушалар өлуінің алдын алып, апоптоз механизмдеріне әсер ете отырып, зақымданған тіндер көлемін азайтады, және де холинергиялық берілуін жақсартады. Цитиколин сондай-ақ мидың ошақты инсульті кезінде профилактикалық нейропротекторлық әсер береді.

Цитиколин ми қан айналуының жедел бұзылулары кезінде ми тіндерінің ишемиялық зақымдануын азайта отырып, жылдам функциялық реабилитациясына ықпал етеді, мұны рентгенологиялық зерттеулер нәтижелері растап отыр.

Бассүйек-ми жарақаттарында цитиколин қалпына келу кезеңін қысқартады және жарақаттан кейінгі синдромы қарқындылығын азайтады.

Цитиколин ми қызметі деңгейінің артуына ықпал етеді, амнезия деңгейін азайтады, ми ишемиясы кезінде байқалатын когнитивтік, сенситивтік және моторлық бұзылулар кезінде жағдайды жақсартады.

Қолданылуы

- ми қан айналуы бұзылуларының жедел фазасында және ми қан айналымы бұзылуларының асқынулары мен салдарын емдеуде

- бассүйек ми жарақаты және оның салдарында.

- шығу тегі дегенеративтік және тамырлық церебральді патология туындатқан неврологиялық бұзылыстар (когнитивтік, сенситивтік, моторлық).

Қолдану тәсілі және дозалары

Көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізу үшін.

Ересектерге ұсынылатын доза тәулігіне 500 мг-ден 2000 мг дейінді құрайды.

Алғашқы 2 апта 500-1000 мг тәулігіне 2 рет көктамыр ішіне, содан соң – бұлшықет ішіне 500-1000 мг тәулігіне 2 рет. Ең жоғары тәуліктік дозасы – 2000 мг.

Жедел және шұғыл жағдайларда ең жоғары емдік әсеріне препаратты алғашқы 24 сағатта тағайындағанда қол жеткізуге болады.

Емдеу қажет болған жағдайда, Нейроксон, пероральді қолдануға арналған ерітінді препаратымен жалғастырады. Ең жоғары емдік әсері байқалатын ұсынылатын емдеу курсы 12 аптаны құрайды.

Препараттың дозасы мен емдеу мерзімі мидың зақымдану ауырлығына байланысты болады және дәрігер жекелей белгілейді.

Көктамыр ішіне баяу көктамыр ішілік инъекция (3-5 минут бойы, енгізілетін дозаға байланысты) немесе көктамыр ішіне тамшылатып құю түрінде (минутына 40-60 тамшы) тағайындайды. Егде жастағы емделушілерге дозаны түзету қажет етілмейді.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялар, бірлі-жарым жағдайларды қоса, өте сирек туындайды (<1/10000).

- жүрек айну, құсу, диарея

- артериялық гипертензия, артериялық гипотензия, тахикардия

- бастың қатты ауыруы, бас айналу, ыстықты сезіну, тремор

- елестеулер, қозу

- диспноэ

- қалтырау, ісіну, аллергиялық реакциялар, оның ішінде: бөртпе, пурпура, есекжем, қышыну, ангионеврогиялық ісіну, анафилактикалық шок, дене температурасының көтерілуі, тершеңдіктің жоғарылауы, енгізген орындағы өзгерістер, пурпуралық боялуға шейін терінің қызаруы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.

- парасимпатикалық жүйке жүйесі тонусының жоғарылауы.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Цитиколин леводопаның әсерін күшейтеді. Құрамында меклофеноксат бар дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындамаған жөн.

Айрықша нұсқаулар

Тұрақты бассүйек ішілік қан құйылу жағдайында тәулігіне 1000 мг дозадан және көктамыр ішіне енгізу жылдамдығын минутына 30 тамшыдан асырмаған жөн.

Препаратты ампуланы ашқаннан кейін бірден қолданады. Препараты бар ампула тек бір рет қолдануға арналған. Препараттың қалдықтарын жою қажет.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы.

Нейроксонды жүкті әйелдердің қолдануына қатысты деректер жеткіліксіз. Цитиколиннің емшек сүтіне бөлінуі мен оның ұрыққа әсер етуі туралы деректер белгісіз. Сондықтан жүктілік немесе бала емізу кезеңінде препаратты ана үшін күтілетін пайдасы ұрыққа төнетін ықтимал қауіптен асып түсетін болғанда ғана тағайындайды.

Педиатрияда қолданылуы

Нейроксонды балаларға қолдануға қатысты деректер жеткіліксіз. Препаратты аса қажеттілік жағдайында, қолданудан күтілетін пайда ықтимал қауіптен асып түсетін болса, қолданылады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Жекелеген жағдайларда орталық жүйке жүйесі тарапынан кейбір жағымсыз реакциялар автокөлікті басқару қабілетіне және күрделі механизмдермен жұмыс істеуге әсер етуі мүмкін.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Туындаған жағдайда артық дозалану симптомдары препараттың жағымсыз әсерлерінің күшеюімен байқалады.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Сындыру сақинасы немесе нүктесімен сыйымдылығы 5 мл бейтарап шыныдан жасалған ампулада 4 мл препараттан (500 мг/4 мл) немесе қызыл түсті сындыру сақинасы бар сыйымдылығы 5 мл (Panton 186С) бейтарап шыныдан жасалған ампулада 4 мл препараттан (1000 мг/4мл).

5 ампуладан пішінді ұяшықты қаптамаға немесе 5 ампуладан үлбірмен жабылған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші

«Галичфарм» АҚ, Украина, 79024, Львов қ., Опрьшковская к-сі, 6/8.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Галичфарм» АҚ, Украина.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Артериум» корпорациясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

Қазақстан Республикасы, 050060, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе

Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10;

Е-mail: Almaty@arterium.ua

Прикрепленные файлы

547451031477976770_ru.doc 57 кб
831641341477977931_kz.doc 84.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники