Невирапин (200 мг, Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед)


Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Невирапин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Невирапин
Дәрілік түрі
Таблеткалар, 200 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамындабелсенді зат: 200 мг невирапин, қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза (Avicel pH 101), микрокристалды целлюлоза (Avicel pH 102), натрий крахмалы гликоляты (А типі), кремнийдің коллоидты қостотығы, повидон (К-25), магний стеараты
Сипаттамасы
Ақтан ақ дерлік түске дейінгі, сопақша пішінді, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде «M» және «L» өрнектері бар және «M» мен «L» және «1» мен «1» арасын бөлетін терең сызығы және басқа жақ бетінде «1» мен «1» арасын бөлетін сызығы бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Нуклеозид еместер – кері транскриптаза тежегіштері. Невирапин.
АТХ коды J05AG01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Невирапин ішке қабылданғаннан кейін дені сау еріктілерде және АИТВ-1 инфекциясы бар ересектерде жақсы (>90 %) сіңеді. 200 мг дозасын бір реттік қабылдаудан кейін қан плазмасында ең жоғары концентрацияға (Сmax) 4 сағаттан соң жетеді және 2 ± 0,4 мкг/мл (7,5 мкмоль) құрайды. Көп реттік қабылдағанда плазмадағы невирапиннің Сmax мәнінің дозаға байланысты артуы байқалады. Тамақ ішу, антацидтерді және құрамында сілтілік буферлі компонент бар басқа да дәрілік заттарды қабылдау сіңуіне ықпалын тигізбейді. Невирапин липофильді зат болып табылады және рН физиологиялық мәнінде іс жүзінде иондалмайды. Тіндерге жақсы таралады, плаценталық бөгет арқылы өтеді және емшек сүтімен бірге шығарылады.
Невирапиннің плазма ақуыздарымен байланысуы 60%-ға жуықты құрайды, оның плазмадағы концентрациялары 1-ден 10 мкг/мл-ге дейін өзгеріп отырады. Невирапиннің адамның жұлын-ми сұйықтығындағы концентрациясы плазмадағы концентрацияның 45%-ын (± 5%) құрайды; бұл арақатынас плазма ақуыздарымен байланыспаған препарат фракциясына шамамен сәйкес келеді. Невирапин P450 цитохромының қатысуымен метаболизм арқылы (тотығу реакциясы) бірнеше гидроксилденген метаболиттерге дейін қарқынды түрде метаболизденеді. Невирапиннің тотықтырғыш метаболизмі, негізінен, P450 цитохромының CYP3A тұқымдас изоферменттерінің жәрдемімен жүзеге асырылады, қосымша рөлді басқа да изоферменттер атқаруы мүмкін. Қабылданған дозаның көп бөлігі несеппен (80%) және нәжіспен бірге (10%) шығарылады. Несептен табылған радиоактивті белгінің 80%-дан көбі глюкуронидтермен гидроксилденген метаболиттердің конъюгаттарымен байланысты болды. Осылайша, адамда невирапиннің биотрансформациясының және шығарылуының негізгі жолы метаболизмге P450 цитохромының қатысуымен, глюкуронидтермен конъюгациясынан және глюкуронидтермен, несеппен байланысқан метаболиттердің экскрециясынан тұрады. Несептегі радиоктивтіліктің тек аздаған бөлігі (< 5%) ғана (жалпы дозаның < 3%-на сәйкес келген) өзгермеген қосылыспен байланысты болды, яғни бүйректік экскреция невирапинді шығаруда аздаған рөл атқарады. Невирапин бауырда P450 цитохромының метаболизмдік ферменттерінің индукторы болып табылатындығын көрсетті. Егер бір реттік дозаны қабылдағаннан кейін емдеу 2-4 апта бойы (күніне 200-400 мг қабылдау) жалғасса, онда фармакокинетик көрсеткіштері аутоиндукциямен сипатталады: невирапиннің оральді болжамды клиренсі шамамен 1,5-2 есеге артты. Аутоиндукция да плазмадан невирапиннің жартылай шығарылуының ақырғы фазасының тиісінше шығарылуына әкелді: шамамен 45 сағаттан бастап (бір реттік қабылдау) 25-30 сағатқа жуыққа дейін (препаратты күніне 200-400 мг дозаларда көп реттік қабылдаудан кейін). Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі. Бүйрек функциясы (ауырлығы жеңіл, орташа және айқын дәрежеде) бұзылған пациенттерде невирапиннің фармакокинетикалық көрсеткіштерінде елеулі өзгерулер байқалған жоқ. Алайда диализ жүргізуді қажет ететін бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің ақырғы сатысындағы пациенттерде 1 аптаны құрайтын әсер ету кезеңі ішінде невирапиннің AUC мәнінің 44%-ға азайғаны білінді. Сондай-ақ плазмада невирапиннің гидроксилденген метаболиттерінің жиналып қалғаны анықталды. Диализдің әрбір сеансынан кейін препараттың 200 мг қосымша дозасы қолданылды.Басқа жағынан алғанда, креатинин клиренсі ≥ 20 мл/мин құрайтын пациенттер невирапиннің дозасын реттеуді қажет етпейді.Бауыр функциясының жеткіліксіздігі. Бауыр функциясының (жеңіл, орташа және ауыр дәрежедегі) жеткіліксіздігі бар пациенттерде невирапин фармакокинетикасының көрсеткіштерін салыстыру жүргізілді. Пациенттер ұзақтығы 3,4 жылдық емдеу кезінде фармакокинетикасына жүргізілген зерттеулердің соңына дейін 6 ай бойы күніне екі рет құрамында 200 мг невирапині бар антиретровирустық ем қабылдады. Осы зерттеулерде невирапиннің және оның тотықтырғыш бес метаболитінің фармакокинетикалық параметрлері өзгерген жоқ. Алайда бауыр фиброзы бар пациенттердің шамамен 15%-да невирапиннің концентрациясы 9 000 нг/мл-ден жоғары болды. Орташа айқын асциті бар бір пациентте фармакокинетикасын зерттеу нәтижелері бауыр функциясының елеулі бұзылулары бар пациенттерде жүйелік айналымдағы невирапиннің жиналып қалуы мүмкін екендігін көрсетеді. Невирапинді бауыр функциясының орташа немесе ауыр бұзылулары бар пациенттерге қолданбаған жөн. Әйелдерде невирапиннің клиренсі еркек жынысты пациенттерге қарағанда, 13.8%-ға төмен болса да, бұл айырмашылық клиникалық тұрғыдан маңызды деп саналмайды. Невирапиннің фармакокинетикасы АИТВ-1-инфекцияланған ересек пациенттерде, сірә, жасқа (ауқымы 18-68 жас) немесе нәсілге (негроидтар, латинамерикалық немесе кавказдық нәсілдер) байланысты өзгермейді. Егде жастағы пациенттер. Невирапин 65 жастан асқан пациенттерде зерттелген жоқ.Фармакодинамикасы
Невирапин АИТВ-1 кері транскриптазасының нуклеозидтік емес тежегіші (КТНЕТ) болып табылады. Невирапин АИТВ-2 кері транскриптазасын және , , , ДНҚ-полимеразасы сияқты эукариоттарының ДНҚ полимеразасын тежемейді.
Вирустарға қарсы in vitro белсенділігі Невирапиннің EC50 (50% тежегіш концентрация) орташа мәні - A, B, C, D, F, G және H АИТВ-1 изоляттарының, және адамның эмбриональді бүйрегінің 293 жасушаларындағы айналымда жүрген рекомбинантты (CRF) CRF01_AE, CRF02_AG және CRF12_BF формаларының М тобына қарсы – 63 нмоль. АИТВ-1 клиникалық изоляттарының 2,923 предоминантты В қосымша типінің тобында EC50 орташа мәні – 90 нмоль. EC50 осындай мәндері шеткері қанның мононуклеарлық жасушаларында, тегі моноцитарлық макрофагтарында және лимфобластты жасушалық желілерінде невирапиннің вирустарға қарсы белсенділігін анықтаған кезде алынды. Невирапин АИТВ-1 изоляттардың немесе АИТВ-2 изоляттардың О тобына қарсы in vitro вирустарға қарсы ешқандай да белсенділік танытқан жоқ.Төзімділігі. Невирапинге сезімталдығы (100-250 есе) төмен АИТВ-1 изоляттардың пайда болуы мүмкін екендігі in vitro анықталды. Генотиптік талдау Y181C және/немесе V106A амин қышқылдық позицияда, вирус штаммдарына және пайдаланылатын жасушалық желіге байланысты, АИТВ-1 RT геніндегі мутацияларды анықтады. Невирапинді кейбір басқа КТНЕТ-пен біріктіріп пайдаланғанда невирапинге төзімділіктің пайда болу уақыты in vitro өзгерген жоқ. Невирапинді күн сайын бір рет немесе күніне екі рет ламивудинмен және ставудинмен 48 апта бойы біріктіріп қабылдаған пациенттердің изоляттарын генотиптік талдау 8/25 және 23/46 пациенттерде изоляттардың, сәйкесінше, КТНЕТ төзімділігімен астасқан бір немесе бірнеше: Y181C, K101E, G190A/S, K103N, V106A/M, V108I, Y188C/L, A98G, F227L және M230L мутацияларының болғанын көрсетті.Айқаспалы төзімділік. Іn vitro зерттеулерде КТНЕТ-ке айқаспалы төзімділігі бар АИТВ штаммдарының тез пайда болғаны анықталды. Делавирдиннің және эфавиренздің айқаспалы төзімділігі невирапинмен емдеуді тоқтатқаннан кейін күтіледі. Төзімділік нәтижелеріне байланысты, ақырында құрамында этравирин бар режим пайдаланылуы мүмкін. Невирапин және АИТВ протеаза тежегіштері арасында, «фермент-нысана» айырмашылықтары салдарынан, айқаспалы төзімділіктің болуы екіталай. КТНЕТ өкілдері невирапин және кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштері арасында айқаспалы төзімділік жөнінде деректер өте шектеулі.
Қолданылуы
- АИТВ-1 инфекцияланған ересектерді емдеуде (ең кемінде басқа екі антиретровирустық препаратпен біріктіріп) Невирапинді кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштерімен (КТНТ) біріктіріп қолдану тәжірибесі үлкен. Невирапиннен кейін кейінгі емдеуді таңдау клиникалық жауапқа және төзімділік зерттеулеріне негізделуі тиіс.
Қолдану тәсілі және дозалары
Таблетканы тамақ ішуге қарамай, ішке, сындырмай және шайнамай, сумен ішіп қабылдау керек. 18 жастағы және одан үлкен пациенттерНевирапин препаратының ұсынылған дозасы – 200 мг дозадағы бір таблетканы алғашқы 14 күн бойы күн сайын қабылдау (осы бастапқы кезең орындалуы тиіс, өйткені бұл бөртпенің пайда болу жиілігін азайтады), кейіннен — 200 мг доза бір таблетканы күніне екі рет ең кемінде қосымша екі антиретровирустық препаратпен біріктіріп қабылдау.
Егер дозаны жоспарлы қабылдаудан кейін өткізіп алу уақыты 8 сағаттан аспаса, өткізіп алған дозаны пациент мүмкіндігінше тезірек қабылдағаны жөн. Егер дозаны жоспарлы қабылдаудан кейін өткізіп алу уақыты 8 сағаттан көбірек болса, кезекті дозаны пациент әдеттегі уақытында қабылдағаны жөн.
Дозалау режимі жөнінде нұсқаулар 14 күндік бастапқы кезең барысында күніне 200 мг дозадан қабылдағанда бөртпе пайда болған пациенттерде Невирапин препаратының дозасын бөртпе жойылғанша арттырмаған жөн. Бөртпе шыққан жерлерді мұқият бақылау қажет. Күніне бір рет 200 мг дозалау режимін 28 күннен ұзаққа созбаған жөн, және осы уақытша нүктеде, әсер етуінің жеткіліксіз болу және төзімділік қаупіне байланысты баламалы ем тағайындауды алдын ала қарастыру қажет. Невирапин қабылдауды 7 күннен көбірек мерзімге доғарған пациенттер екі апталық бастапқы кезеңді сақтай отырып, ұсынылған дозалау режимін қайта жаңғыртуы тиіс.Егде жастағы пациенттерНевирапинді 65 жастан асқан пациенттерге қолдану қосымша зерттелген жоқ. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер. Диализді қажет ететін бүйрек дисфункцясы бар пациенттерге диализдің әрбір сеансынан кейін 200 мг невирапиннің қосымша дозасын қабылдау ұсынылады. Креатинин клиренсінің көрсеткіштері (CLcr) ≥ 20 мл/мин болған пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер. Невирапинді бауыр функциясы ауыр бұзылған (Чайлд-Пью бойынша С санаты) пациенттер қабылдамағаны жөн. Бауыр функциясының бұзылуы жеңіл немесе орташа дәрежедегі пациенттерде дозаны түзету қажет емес.
Жағымсыз әсерлері
Мұқият бақылауды қажет ететін қиын кезең емдеудің алғашқы 18 аптасы болып табылады. Осы кезеңде өмір үшін ықтимал ауыр және қауіпті жағымсыз реакцияларды анықтау үшін пациентті мұқият бақылау қажет болады. Тіркеуден кейін қолдану тәжірибесі өте күрделі жағымсыз реакциялар Стивенс-Джонсон синдромы/уытты эпидермальді некролиз, гепатит/бауыр функциясының ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі, эозинофилиясы және бөртпе түрінде көрініс беретін жүйелік симптомдары бар, патологиялық үдерістің жайылуын айғақтайтын, мысалы, қызу, буындардың ауыруы, бұлшықеттердің ауыруы және ішкі ағзалардың қабынуымен, мысалы, гепатитпен, эозинофилиямен, гранулоцитопениямен және бүйрек функциясының бұзылуымен біріккен лимфаденопатия сияқты симптомдары бар дәрілік реакциялар екендігін көрсетті.
Невирапин препаратымен емдеумен байланысты өте кең таралған жағымсыз реакцияларға бөртпе, аллергиялық реакциялар, гепатит, бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштері мәндерінің ауытқулары, жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы, шаршау сезімі, қызу, бас ауыру және бұлшықеттің ауыруы жатқызылды.
Жағымсыз құбылыстар төменде келесі жіктемені пайдалана отырып берілген: жиі ≥1/100 <1/10 дейін, жиі емес ≥1/1000 <1/100 дейін, сирек ≥1/10000 <1/1000 дейін, өте сирек <10000.
Қан және лимфалық жүйе тарапынан бұзылулар
Жиі: гранулоцитопения
Жиі емес: анемия
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Жиі: аса жоғары сезімталдық (соның ішінде анафилаксиялық реакция, ангионевроздық ісіну, есекжем)
Жиі емес: анафилаксиялық реакция
Сирек: эозинофилиямен және жүйелік көріністермен қатар жүретін дәрілік тері реакциясы
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі: бас ауыру
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Жиі: жүректің айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Жиі: гепатит (ауыр және өмірге қауіп төндіретін гепатоуыттылықты қоса) (1,9 %)
Жиі емес: сарғаю
Сирек: шұғыл дамитын гепатит (ол фатальді болуы мүмкін)
Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар
Өте жиі: бөртпе (12,5%)
Жиі емес: Стивенс-Джонсон синдромы/уытты
эпидермальді некролиз (ол фатальді болуы мүмкін) (0,2%)
- ангионевроздық ісіну, есекжем
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіні тарапынан бұзылулар
Жиі емес: артралгия (буындардың ауыруы), миалгия (бұлшықеттердің ауыруы)
Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар
Жиі: гипертермия, қажығыштық
Зертханалық және аспаптық деректер
Жиі: - бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы (аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы
- трансаминаза деңгейінің жоғарылауы, аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, гамма-глутамилтрансфераза деңгейінің жоғарылауы, бауыр ферменттерінің жоғарылауы, гипертрансаминаземия
Жиі емес: - қандағы фосфор деңгейінің төмендеуі
- артериялық қысымның жоғарылауы
Метаболизмдік параметрлер
- антиретровирустық препараттармен емдеу барысында дене салмағы, қандағы липидтер және глюкоза концентрациялары артуы мүмкін.
Невирапинді басқа антиретровирустық препараттармен бірге қабылдағанда келесі жағымсыз реакциялар байқалды, алайда осы жағымсыз реакциялардың невирапинмен емдеумен байланысты екендігі екіталай:
- панкреатит
- шеткері нейропатия, тромбоцитопения
Өте сирек - бауыр және бүйрек функциясының жеткіліксіздігі синдромы
- аутоиммундық аурулар (мысалы, диффузды уытты зоб)
Ауру емдеуді бастағаннан кейін көп айдан соң басталуы мүмкін.
Иммунитет тапшылығының ауыр түрінен зардап шегіп жүрген АИТВ инфекцияланған пациенттерде біріктірілген антиретровирустық емді (БАРЕ) бастаған сәтте симптомсыз немесе қалдық шартты-патогенді қоздырғыштарға қабыну реакциясы туындауы мүмкін. Әсіресе белгілі қауіп факторлары бар, АИТВ сатылары өршіген немесе біріктірілген антиретровирустық емді (БАРЕ) ұзақ уақыт қолданған пациенттерде остеонекроз жағдайлары жөнінде мәлімделді. Осы аурудың пайда болу жиілігі белгісіз.
Дәрілік препаратты тіркегеннен кейін күмәнді жағымсыз реакциялар жөнінде мәліметтерді мәлімдеудің үлкен маңызы бар. Бұл медициналық препараттың «пайда/қаупі» арақатынасына әрі қарай мониторинг жүргізу үшін қажет. Медицина қызметкерлерінен болжамды кез келген жағымсыз реакциялар туралы жағымсыз реакцияларды тіркеудің ұлттық жүйесі арқылы мәлімдеп отыру сұралады. |
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- невирапинге немесе препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық
- жалпы симптомдармен қатар жүретін айқын бөртпе немесе бөртпе, аса жоғары сезімталдық реакциялары немесе препарат әсерінен туындаған клиникалық айқын гепатит салдарынан Невирапин қабылдауды тоқтату қажет болған пациенттерге қайталап қолданбаған жөн.
- бауырдың күрделі дисфункциясы бар пациенттерге немесе АСТ немесе АЛТ деңгейлерінің бастапқы жоғарылауы қалыптың жоғары шегінен (ҚЖШ) 5 еседен көбірек артық болған жағдайда тағайындалмауы тиіс
- бұрын невирапинмен емдеу барысында АСТ немесе АЛТ деңгейлері қалыптың жоғары шегінен (ҚЖШ) 5 еседен көбірекке жоғарылаған пациенттерге, немесе невирапинді қайталап қолданғаннан кейін бауыр функциясы бұзылуларының қайта жаңғыруы білінген пациенттерге қайталап тағайындамаған жөн
- 18 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Невирапин көп реттік дозамен емдеуді бастағаннан кейін 2-4 апта ішінде жүретін, ең жоғары индукциялы, цитохром жүйесінің CYP3A және потенциалды CYP2B6 микросомальді ферменттерінің индукторы болып табылады. Плазмада CYP3A немесе CYP2B6 қарқынды метаболизденетін, бір мезгілде қолданылатын басқа дәрілік препараттардың концентрацияларының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан, егер пациентте бұрын дозалау режимі бойынша таңдап алынған, Р450 жәрдемімен метаболизденетін қандай да болсын препаратты невирапинмен бірге қолданғанда осы препараттың дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.
Осы фармакокинетикалық өзгерулерге негізделген, дозаларды өзгерту мүмкіндігіне қатысты клиникалық түсініктемелер төмендегі кестеде берілген.
Кесте: Анықталған дәрілік өзара әрекеттесулер: сақтықпен пайдалану керек, дәрілік өзара әрекеттесулерді зерттеу нәтижелеріне қарай, дозаны немесе режимді өзгерту қажет етілуі мүмкін
Дәрілік препараттың атауы |
Невирапиннің немесе қатар қолданылатын препараттың концентрациясына ықпалы |
Клиникалық түсініктеме |
|||
Антиретровирустық препараттар: Протеаза тежегіштері (ПТ) |
|||||
Атазанавир/ Ритонавир* |
↓ Атазанавир ↑ Невирапин |
Невирапинді атазанавирмен бірге қолдану ұсынылмайды, өйткені невирапин атазанавирдің концентрациясын едәуір төмендетеді, және невирапин концентрациясының артуы есебінен, невирапинмен байланысты уыттылықтың потенциалды даму қаупі бар |
|||
Фосампренавир* |
↓Ампренавир ↑ Невирапин |
Невирапинаді және ритонавирсіз фосампренавирді бірге қолдану ұсынылмайды |
|||
Фосампренавир / Ритонавир* |
↑ Невирапин ↓Ампренавир |
Невирапинді фосампренавирмен / ритонавирмен күніне екі рет 700/100 мг дозада бірге қолданғанда дозаны реттеу қажет емес. Невирапинді фосампренавирмен / ритонавирмен күніне бір рет қолдану зерттелген жоқ. |
|||
Индинавир* |
↓ Индинавир |
Индинавир мен невирапинді, тиімділігі мен қауіпсіздігі ескеріліп, біріктіріп қолдануға жарайтын дозалар анықталған жоқ. |
|||
Лопинавир/ Ритонавир* |
↓ Лопинавир |
Ересек пациенттер үшін дозалануы: Невирапинмен біріктірген кезде лопинавир/ ритонавир дозасын күніне екі рет 500/125 мг (таблетка) дейін немесе күніне екі рет 533/133 мг дейін (6,5 мл) (пероральді қолдануға арналған ерітінді) арттыру ұсынылады. Лопинавир/ ритонавир таблеткалары да, пероральді қолдануға арналған ерітіндісі де күніне бір рет невирапинмен біріктіріп қолданылмауы тиіс. Балалар үшін дозалануы: Лопинавир/ритонавир препаратының медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығын қарау және дене бетінің ауданына және дене салмағына қарай дозалануына қатысты нұсқаулармен танысып шығу қажет. Лопинавир/ ритонавир таблеткалары да, пероральді қолдануға арналған ерітіндісі де күніне бір рет невирапинмен біріктіріп қолданылмауы тиіс. |
|||
Нелфинавир* |
↓ Нелфинавир метаболиті M8 ↓ Нелфинавир Cmin |
Невирапинмен біріктірілген нелфинавирдің, тиімділігі мен қауіпсіздігі ескеріліп, қолдануға жарайтын дозасы анықталған жоқ. сности не устанавливалась. |
|||
Саквинавир/ Ритонавир |
Невирапин мен саквинавир/ ритонавир арасындағы өзара әрекеттесуге баға берілген жоқ |
Невирапин мен саквинавир/ ритонавир біріктірілімінің, тиімділігі мен қауіпсіздігі ескеріліп, қолдануға жарайтын дозалары анықталған жоқ. устанавливались.устанавливались. |
|||
Дарунавир/ ритонавир 400/100 мг күніне екі рет |
↑ Дарунавир ↑ Невирапин |
Дарунавир мен невирапинді дозаларын реттеусіз бірге тағайындай беруге болады. |
|||
Ритонавир 600 мг күніне екі рет |
↔ Ритонавир ↔ Невирапин |
Ритонавир мен невирапинді дозаларын реттеусіз бірге тағайындай беруге болады. |
|||
Типранавир/ ритонавир 500/200 мг күніне екі рет |
Дәріаралық ешқандай да белгілі бір өзара әрекеттесу білінген жоқ. АИТВ-инфекцияланған пациенттерді зерттеудің ІІ а фазасында алынған шектеулі деректер типранавир үшін Cmin мәнінің 20%-ға клиникалық маңызды емес азайғанын көрсетті |
Типранавир мен невирапинді дозаларын реттеусіз бірге тағайындай беруге болады. |
|||
Антиретровирустық препараттар: Кері транскриптазаның нуклеозидтік емес тежегіштері (КТНЕТ) |
|||||
Эфавиренз* |
↓ Эфавиренз |
Осы біріктірілімдер үшін, тиімділігі мен қауіпсіздігі ескеріліп, қолдануға жарайтын дозалары анықталған жоқ. |
|||
Делавирдин/Этравирин/ Рилпивирин |
Қан плазмасындағы концентрациясы өзгеруі мүмкін. Невирапинді басқа КТНЕТ-пен бірге қолданбаған жөн, өйткені осы біріктірілімнің тиімділігі көрсетілген жоқ. |
||||
Антиретровирустық препараттар: Кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштері (КТНТ) |
|||||
Диданозин 100-150 мг күніне екі рет |
↔ Диданозин |
Диданозин мен невирапинді дозаларын реттеусіз бірге тағайындай беруге болады. |
|||
Эмтрицитабин |
Эмтрицитабин адамда CYP 450 ферменттері-нің тежегіші болып табылмайды. |
Невирапин мен эмтрицитабинді дозаларын реттеусіз бірге тағайындай беруге болады. |
|||
Абакавир |
Абакавир адамның бауыр микросомаларында P450 цитохромының изомерлерін тежемейді |
Невирапин мен абакавирді дозаларын реттеусіз бірге тағайындай беруге болады. |
|||
Ламивудин, 150 мг күніне екі рет |
Ламивудиннің бақы-ланған клиренсінде және таралу көлемінде қандай да болсын өзгерулер білінген жоқ, бұл невирапиннің ламивудин клиренсін индукциялайтын әсерінің жоқтығын айғақтайды. |
Ламивудин мен невирапинді дозаларын реттеусіз бірге тағайындай беруге болады. |
|||
Ставудин: 30/40 мг күніне екі рет |
↔ Ставудин Невирапин: тарихи бақылау тобынан алынған нәтижелермен салыстырғанда, невирапиннің деңгейлерінде өзгеру байқалған жоқ. |
Ставудин мен невирапинді дозаларын реттеусіз бірге тағайындай беруге болады. |
|||
Тенофовир, 300 мг күніне бір рет |
↔ Тенофовир ↔ Невирапин |
Тенофовир мен невирапинді дозаларын реттеусіз бірге тағайындай беруге болады. |
|||
Зидовудин 100-200 мг күніне үш рет |
↓ Зидовудин ↔ Невирапин |
Зидовудин мен невирапинді дозаларын реттеусіз бірге тағайындай беруге болады. Гранулоцитопения әдетте зидовудин қабылдаумен байланысты. Сондықтан невирапиннің зидовудинмен біріктірі-лімін қабылдап жүрген пациенттер, әсіресе балалар, және зидовудиннің жоғары дозаларын қабылдап жүрген пациенттер немесе сүйек кемігінің қоры төмен пациенттер, атап айтқанда, АИТВ ауруының өршу сатысындағы пациенттер гранулоцитопения дамуының жоғары қауіп тобына жатады. Мұндай пациенттерде гематологиялық көрсеткіштерді мұқият бақылау қажет. |
|||
Кіреберіс тежегіштері |
|||||
Энфувиртид |
Метаболизмдік тізбекке байланысты, энфувиртид пен невирапин арасында ешқандай клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесу күтілмейді.. |
Энфувиртид пен невирапинді дозаларын реттеусіз бірге тағайындай беруге болады. |
|||
Маравирок 300 мг күніне бір рет |
↔ Маравирок Невирапиннің концентрациясы өлшенген жоқ, ешқандай ықпал күтілмейді. |
Маравирок пен невирапинді дозаларын реттеусіз бірге тағайындай беруге болады. |
|||
Интеграза тежегіштері |
|||||
Элвитегравир/ Кобицистат |
Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Кобицистат – Р450 3А цитохромының тежегіші, бауыр ферменттерін, сондай-ақ басқа да метаболизм жолдарын едәуір тежейді. Сондықтан бірге қолдану, бәрінен бұрын, қан плазмасын-да кобицистат пен невирапин концентра-циясының өзгеруіне әкеледі |
Невирапинді кобицистатпен біріктірілген элвитегравирмен бірге қолдану ұсынылмайды. |
|||
Ралтегравир, 400 мг күніне екі рет |
Клиникалық деректер жоқ. Ралтегравирдің метаболизмдік тізбегіне байланысты препараттар арасында ешқандай өзара әрекеттесу білінбейді. |
Ралтегравир мен невирапинді дозаларын реттеусіз бірге тағайындай беруге болады. |
|||
С гепатитін емдеуге арналған вирустарға қарсы препараттар |
|||||
Боцепревир |
Невирапинмен CYP3A4/5 индукция-лануына байланысты, қан плазмасындағы боцепревирдің концентрациясы төмендеуі мүмкін. |
Невирапин мен боцепревирді бірге қолданбаған жөн, өйткені қан плазмасында боцепревир концентрациясының төмендеуі оның тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. |
|||
Телапревир |
Невирапинмен CYP3A4 индукциялануына байланысты, қан плазмасындағы телапревирдің концентрациясы төмендеуі мүмкін, ал телапревирмен CYP3A4 тежелуіне байланысты, қан плазмасындағы невирапиннің концентрациясы артуы мүмкін |
Невирапин мен телапревирді бірге қолданбаған жөн, өйткені қан плазмасындағы невирапиннің, телапревирдің немесе екеуінің де концентрацияларындағы өзгерулер телапревирдің тиімділігінің төмендеуіне немесе невирапинмен байланысты жағымсыз құбылыстар санының артуына әкелуі мүмкін. |
|||
Энтекавир |
Энтекавир P450 (CYP450) цитохромы ферменттерінің субстраты, индукторы немесе тежегіші болып табылмайды. Энтекавирдің мета-болизмдік жолына байланысты, клиника-лық тұрғыдан маңызды дәрілік өзара әрекет-тесу болады деп болжанбайды. |
Энтекавир мен невирапинді дозаларын реттеусіз бірге тағайындай беруге болады. |
|||
Интерферондар (пегилирленген альфа 2a және альфа 2b интерферондары) |
Интерферондардың CYP 3A4 немесе 2B6-ға ықпалы белгісіз. Клиникалық тұрғыдан маңызды дәрілік өзара әрекеттесу болады деп болжанбайды. |
Интерферондар мен невирапинді дозаларын реттеусіз бірге тағайындай беруге болады. |
|||
Телбивудин |
Телбивудин P450 (CYP450) цитохромы ферменттік жүйесінің субстраты, индукторы немесе тежегіші болып табылмайды. Телбивудиннің метаболизмдік жолына байланысты, клиникалық тұрғыдан маңызды дәрілік өзара әрекеттесу болады деп болжанбайды. |
Телбивудин мен невирапинді дозаларын реттеусіз бірге тағайындай беруге болады. |
|||
Адефовир |
Ұсынылған in vitro зерттеу нәтижелері невирапиннің адефовирмен аздаған қарама-қайшылығын көрсетті, бірақ бұл жарияланған зерттеулерде айғақталған жоқ, және тиімділігі төмендейді деп күтілмейді. Адефовир Р450 цитохромының қандай да болсын изоформаларына ықпалын тигізбейді, белгілі болғандай, ол адам организмінде дәрілік заттардың метаболизміне қатысады және бүйрек арқылы шығарылады. Клиникалық тұрғыдан маңызды дәрілік өзара әрекеттесу болады деп болжанбайды. |
||||
Рибавирин |
Ұсынылған in vitro зерттеу нәтижелері невирапиннің рибовиринмен аздаған қарама-қайшылығын көрсетті, бірақ бұл жарияланған зерттеулерде айғақталған жоқ, және тиімділігі төмендейді деп күтілмейді. Рибавирин P450 цитохромының ферментерін тежемейді, және уыттылығын зерттеу барысында рибавирин бауырдың ферменттерін индукциялауы туралы мәліметтер алынған жоқ. Клиникалық тұрғыдан маңызды дәрілік өзара әрекеттесу болады деп болжанбайды. |
Рибавирин мен невирапинді дозаларын реттеусіз бірге тағайындай беруге болады. |
|||
Басқа да дәрілік препараттар |
|||||
Анальгетиктер: |
|||||
Метадон* |
↓ Метадон |
Метадонның деңгейлері төмендеуі мүмкін; апиындарды қабылдауды тоқтату симптомдарына жол бермеу үшін дозаны арттыру қажет болуы мүмкін. Егер пациенттер метадонның демеуші дозаларында болса, Невирапин препаратымен емдеуді бастайды, онда қабылдауды тоқтату синдромының дамуы мүмкін болғандықтан оларға мониторингті жүзеге асыру және метадонның дозасын түзету қажет. |
|||
Аритмияға қарсы препараттар: |
|||||
Амиодарон, дизопирамид, лидокаин |
Қан плазмасындағы концентрациясы төмендеуі мүмкін. |
Осы біріктірілім үшін қолдануға жарайтын дозалар анықталған жоқ. |
|||
Антибиотиктер |
|||||
Кларитромицин* |
↓ Кларитромицин ↑ Кларитромициннің 14-OH метаболиті |
Кларитромициннің деңгейі невирапинмен едәуір төмендеді; ал 14-ОH метаболитінің концентрациясы жоғарылады. Кларитромициннің белсенді метаболиті Mycobacterium avium-intracellulare кешеніне қарсы белсенділікті төмендететін болғандықтан, ауру тудыратын микроорганизмге қарсы жалпы белсенділік өзгеруі мүмкін. Кларитромицин азитромицин сияқты баламалы препаратқа алмастырылуы тиіс. |
|||
Рифабутин* |
↑ Рифабутин |
Рифабутиннің және оның метаболитінің концентрациялары аздап арттырылды. Алайда жеке адамдар арасындағы өзгергіштігіне байланысты кейбір пациенттер рифабутиннің көп мөлшерін қабылдауы мүмкін және бұл рифабутинмен уыттанудың жоғары қаупіне әкелуі мүмкін. Сондықтан бірге пайдаланған кезде сақтық таныту қажет. |
|||
Рифампин* |
↓Невирапин |
Невирапин мен рифампинді бірге қолданбаған жөн, өйткені қан плазмасында невирапин концентрациясының төмендеуі дәрілік препараттың тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Туберкулезбен инфекцияланған пациенттерді емдейтін және құрамында невирапин бар емдеу режимін пайдаланатын дәрігерлер рифампинді рифабутинге алмастыруы мүмкін. |
|||
Құрысуға қарсы препараттар |
|||||
Карбамазепин, клоназепам, этосуксимид |
Қан плазмасындағы невирапиннің және құрысуға қарсы препараттың концентрациялары төмендеуі мүмкін. |
Сақтықпен қолдану керек және вирусологиялық жауапқа және құрысуға қарсы препараттардың деңгейіне мониторинг жүргізу керек. |
|||
Зеңге қарсы препараттар |
|||||
Флуконазол* |
↑Невирапин |
Невирапиннің әсер ету деңгейінің жоғарылау қаупіне байланысты, осы дәрілік препараттарды бірге қолданғанда сақтық танытқан және невирапинмен байланысты жағымсыз реакцияларды анықтау мақсатында пациенттерге мұқият мониторинг жүргізуді жүзеге асырған жөн. |
|||
Кетоконазол* |
↓ Кетоконазол |
Невирапин мен кетоконазолды бірге қолданбаған жөн, өйткені қан плазмасында кетоконазол концентрациясының төмендеуі дәрілік препараттың тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. |
|||
Итраконазол |
↓ Итраконазол |
Невирапин мен итраконазолды, қан плазмасында итраконазол концентрациясы төмендеуі мүмкін болғандықтан, бірге қолданбаған жөн, бұл дәрілік препараттың тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. |
|||
Антикоагулянттар |
|||||
Варфарин |
Қан плазмасындағы концентрациясы төмендеуі мүмкін. |
Антикоагуляцияға ықпал етуі мүмкін. Қанның ұйығыштық көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу қажет. |
|||
Кальций өзектерінің блокаторлары |
|||||
Дилтиазем, нифедипин, верапамил |
Қан плазмасындағы концентрациясы төмендеуі мүмкін. |
Осы біріктірілім үшін қолдануға жарайтын дозалар анықталған жоқ. |
|||
Обырда қолданылатын химиотерапия |
|||||
Циклофосфамид |
Қан плазмасындағы концентрациясы төмендеуі мүмкін. |
Осы біріктірілім үшін қолдануға жарайтын дозалар анықталған жоқ. |
|||
Қастауыш алкалоидтары |
|||||
Эрготамин |
Қан плазмасындағы концентрациясы төмендеуі мүмкін. |
Осы біріктірілім үшін қолдануға жарайтын дозалар анықталған жоқ. |
|||
Иммунодепрессанттар |
|||||
Циклоспорин, такролимус, сиролимус |
Қан плазмасындағы концентрациялары төмендеуі мүмкін. |
Осы біріктірілім үшін қолдануға жарайтын дозалар анықталған жоқ. |
|||
АІЖ моторикасының стимуляторлары |
|||||
Цизаприд |
Қан плазмасындағы концентрациясы төмендеуі мүмкін. |
Осы біріктірілім үшін қолдануға жарайтын дозалар анықталған жоқ. |
|||
Апиындық рецепторлардың агонистері |
|||||
Фентанил |
Қан плазмасындағы концентрациясы төмендеуі мүмкін. |
Осы біріктірілім үшін қолдануға жарайтын дозалар анықталған жоқ. |
|||
Контрацептивтер |
|||||
Этинилэстрадиол және Норэтиндрон* |
↓ Этинилэстрадиол ↓ Норэтиндрон |
Пероральді контрацептивтерді және контрацепцияның басқа да гормональді әдістерін невирапин қабылдап жүрген әйелдерде контрацепцияның жалғыз ғана тәсілі ретінде пайдаланған жөн, өйткені невирапин қан плазмасында осы дәрілік препараттардың концентрацияларын төмендетуі мүмкін. Контрацепцияның баламалы немесе қосымша әдісін қолдану ұсынылады. |
|||
Депомедрокси-прогестерон ацетаты (ДМПА) 150 мг әрбір 3 ай сайын |
↔ ДМПА ↑Невирапин |
Невирапин бірге қолданылған кезде ДМПА препаратымен овуляцияның басылу әсерін төмендетпейді. ДМПА мен невирапинді дозаларын реттеусіз бірге тағайындай беруге болады. |
|||
Антацидтер |
|||||
Циметидин |
↔ Циметидин ↑ Невирапин |
Циметидин мен невирапинді дозаларын реттеусіз бірге тағайындай беруге болады. |
|||
Өсімдік текті препараттар |
|||||
Шілтер жапырақты шайқурай |
↓ Невирапин |
Құрамында шілтер жапырақты шайқурай бар фитопрепараттарды және невирапинді бірге қолдануға болмайды (4.3 бөлімдерді қараңыз). Егер пациент шайқурай препаратарын қабылдап жүрсе, онда невирапиннің деңгейін және, егер мүмкіндік болса, вирусологиялық көрсеткіштердің де деңгейлерін тексеру қажет және шайқурай препаратын қабылдауды тоқтату керек. Невирапиннің концентрациясы шайқурай препараттарын қабылдаған кезде артуы мүмкін. Невирапиннің дозасы түзетілуі тиіс. Индукциялық әсері құрамында шілтер жапырақты шайқурай бар препараттармен емдеуді тоқтатқаннан кейін ең кемінде 2 апта бойы сақталуы мүмкін. |
- Басқа ақпарат:Невирапиннің метаболиттері. Адамның бауыр микросомаларын пайдаланып жүргізілген зерттеулер невирапин гидроксилаты метаболитінің түзілуіне мына препараттар: дапсон, рифабутин, рифампицин, және триметоприм/сульфаметоксазол ықпалын тигізбейтіндігін көрсетті. Кетоконазол және эритромицин невирапин гидроксилаты метаболитінің түзілуін едәуір тежеді.
Айрықша нұсқаулар
Невирапин препаратымен монотерапия кезінде вирустың төзімді штаммдары тез және әрдайым іс жүзінде пайда болады. Сондықтан Невирапин, ең кемінде, басқа екі антиретровирустық препаратпен біріктіріп қолданылуы тиіс. Егер анорексия, жүректің айнуы, құсу, сарғаю сияқты клиникалық көріністермен, және зертханалық бұзылулармен (ГГТ-ті қоспағанда, бауыр функциясы көрсеткіштерінің орташа немесе елеулі өзгерістері) қатар жүретін гепатит туындаса, Невирапинмен емдеуді тоқтату қажет. Невирапиннен туындаған клиникалық тұрғыдан айқын гепатиттің дамуы салдарынан оны тоқтату қажет болған пациенттерге Невирапин қайтадан тағайындалмауы тиіс. Ұсынылған емдеу режимін әсіресе 14 күндік кезең кезінде қатаң ұстану қажет. Тері тарапынан реакциялар Фатальді жағдайды қоса, күрделі және өмірге қауіп төндіретін реакциялар Невирапинді негізінен емдеудің алғашқы 6 аптасы ішінде қабылдаған пациенттерде байқалды. Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз жағдайлары және аса жоғары сезімталдық реакциялары байқалды. Невирапинді қабылдау кез келген пациентте бөртпемен және жалпы симптомдармен, сондай-ақ ішкі ағзалардағы өзгерулермен, мысалы, гепатитте, эозинофилияда, гранулоцитопенияда және бүйрек дисфункциясында, немесе ішкі ағзалардың зақымдануының басқа да белгілерімен сипатталатын аса жоғары сезімталдық реакциялары дамыған кезде тоқтатылуы тиіс. Пациенттерге Невирапинмен уыттанудың негізгі көрінісі бөртпе болып табылатындығын мәлімдеу қажет. Емдеудің алғашқы кезеңінде дозалау режимі қатаң сақталуы тиіс, бұл бөртпенің даму жиілігін азайтады. Пациенттер емдеудің алғашқы кезеңі ішінде қандай да болсын бөртпе пайда болған жағдайда препарат дозасын бөртпе жойылғанша арттырмауы керектігінен хабардар болуы тиіс. Тәулігіне бір рет 200 мг доза 28 күннен көбірекке тағайындалмауы тиіс, препаратқа төзімділік дамуы мүмкін болғандықтан, баламалы емдеуді дер кезінде тағайындау қажет. Преднизонды бір мезгілде қолдану (Невирапинді қабылдаудың алғашқы 14 күні ішінде күніне 40 мг) бөртпенің туындау жиілігін азайтпайтынын, ал, керісінше, емдеудің алғашқы 6 аптасы ішінде дерматологиялық реакцияларды жиілетуі мүмкін екендігін көрсетті. Күрделі тері реакцияларының даму қаупінің факторлары қатарына емдеудің алғашқы кезеңі ішінде препаратты күніне 200 мг дозада қолдану жөніндегі нұсқауларды бұзу жатады. Дерматологиялық реакциялардың өте күрделі аяқталуының пайда болу қаупі симптомдар басталғаннан кейін медициналық кеңес алуды кешіктірген жағдайда ұлғаяды. Невирапинді қолданғанда да, сонымен қатар құрамында Невирапині жоқ емді қолданған жағдайда да, еркектерге қарағанда, әйелдерде бөртпелердің даму қаупі көбірек. Айқын бөртпе немесе жалпы симптомдармен (қызба, күлбіреуіктердің түзілуі, ауыр қуысындағы өзгерулері, конъюнктивит, беттің ісінуі, буындардың немесе бұлшықеттердің ауыруы, жалпы дімкәстік) қатар жүретін бөртпе пайда болған пациент препарат қабылдауды тоқтатуы және дәрігерден кеңес алуы тиіс. Невирапинді осы пациенттерге қайталап қолдануға жол берілмейді. Егер пациентте Невирапинді қабылдаумен байланысты бөртпе білінсе немесе оған күдік бар болса, бауыр функциясына зерттеу жүргізілуі тиіс. Орташа немесе айқын бұзылулары бар (АСТ немесе АЛТ ҚЖШ-ден 5 еседен көпке артады) пациенттерде Невирапин қабылдау тоқтатылуы тиіс.Ішкі ағзалардың зақымдану белгілерімен, мысалы, гепатитпен; эозинофилиямен, гранулоцитопениямен және бүйрек дисфункциясымен біріккен жалпы симптомдармен (қызба, артралгия, миалгия және лимфаденопатия) қатар жүретін бөртпемен сипатталатын аса жоғары сезімталдық реакциялары пайда болған жағдайда Невирапинді қабылдау тоқтатылуы тиіс; препаратты қайталап қолдануға жол берілмейді. Бауыр тарапынан реакциялар Невирапинмен емделген пациенттерде, фатальді фульминантті гепатитті қоса, ауыр немесе өмірге қауіп төндіретін гепатоуыттылық білінді. Емдеудің алғашқы 18 аптасы қиындау болады, бұл кезде мұқият бақылау жүргізу қажет. Бауыр тарапынан өте жоғары қауіп емдеудің алғашқы 6 аптасында білінеді. Алайда қауіп осы кезеңнен кейін де сақталады және үнемі бақылау емдеу кезінде қысқа уақыт аралықтарымен жалғастырылуы тиіс. Жағымсыз гепатоуытты реакциялардың жоғары қаупі әйелдерде және CD4 жасушалар саны өте жоғары пациенттерде байқалады. Бұл қауіп әрі қарай да жалғасады, сондықтан емдеудің бүкіл кезеңі бойы бақылау жүргізілуі тиіс. Пациентті бауыр тарапынан болатын реакциялардың Невирапинмен уыттанудың негізгі түрі болып табылатындығынан және гепатиттің дамуын көрсететін белгілердің пайда болуы дәрігерден шұғыл кеңес алуға себеп болуы тиіс екендігінен хабардар ету қажет. Кез келген антиретровирустық ем жүргізу кезінде, соның ішінде Невирапинді қамтитын режимдерді қолдану кезінде бауыр тарапынан жағымсыз реакциялардың өте жоғары қаупі, АСТ немесе АЛТ деңгейлері қалыптың жоғары шегімен салыстырғанда, бастапқыда 2,5 еседен көпке артқанда және/немесе В және/немесе С гепатиті бар болғанда білінеді. Бөртпемен астасқан гепатоуытты реакциялардың даму қаупі, еркектерге қарағанда, әйелдерде, сірә, үш есе жоғары (2,2 %-бен салыстырғанда 5,8%). Невирапинмен емдеген кезде бөртпемен астасқан гепатоуытты реакциялардың даму қаупі CD4 жасушалар саны өте көп пациенттерде де жоғары. Ретроспективті талдау деректері бойынша, CD4 жасушалар саны 250 жасуша/мм3-ден көбірек әйелдерде бөртпемен астасқан гепатоуытты реакциялар қаупі, CD4 жасушалар саны 250 жасуша/мм3-ден азырақ әйелдерге қарағанда, 12 есе жоғары болды (0,9%-бен салыстырғанда 11,0%). Жоғары қауіп, CD4 жасушалар саны <400 жасуша/мм3 болатын еркектермен салыстырғанда, CD4 жасушалар саны >400 жасуша/мм3 болатын еркектерде де байқалды (1,2%-бен салыстырғанда 6,3%). Невирапинді қолданумен байланысты тері тарапынан реакциясы және/немесе бауыр тарапынан реакциясы бар пациенттерде рабдомиолиз байқалды.Бауыр функциясына мониторинг Невирапинді пайдаланған кезде, кейде емдеудің алғашқы аптасында пайда болатын, бауыр функциясы көрсеткіштерінің өзгерулері жөнінде мәлімделді. Бауыр ферменттері деңгейлерінің симптомсыз жоғарылауы жиі сипатталады және Невирапинді қолдану үшін сөзсіз қарсы көрсетілім болып табылмайды. Пациенттің клиникалық жағдайларына байланысты, әсіресе емдеудің 18 аптасы ішінде, қысқа уақыт аралығымен бауыр функциясының көрсеткіштерін қатаң бақылау ұсынылады. Клиникалық және зертханалық бақылау Невирапинмен емдеудің бүкіл кезеңі бойы жалғастырылуы тиіс. Дәрігерлер мен пациенттер анорексия, жүректің айнуы, сарғаю, билирубинемия, ахолиялық нәжіс, гепатомегалия немесе бауырдың ауырғыштығы сияқты гепатиттің продромальді белгілеріне немесе симптомдарына сақтықпен қарауы тиіс. Пациенттер мұндай жағдайларда медициналық кеңеске жүгіну қажеттілігінен хабардар болуы тиіс.Емдеуді бастар алдында немесе емдеу үдерісінде АСТ немесе АЛТ, ҚЖШ-мен салыстырғанда, 2,5 еседен көпке жоғарылаған жағдайда, бауыр функциясының көрсеткіштері ұдайы клиникалық визиттер кезінде өте жиі тексерілуі тиіс. Невирапин АСТ немесе АЛТ бастапқы деңгейі ҚЖШ-ден 5 есе жоғары болатын пациенттерге (бұл ҚЖШ-ден 5 еседен азға тұрақты түрде төмендегенше) тағайындалмауы тиіс. Егер АСТ немесе АЛТ емдеу барысында ҚЖШ-ден 5 еседен көпке жоғарыласа, Невирапинді қабылдау дереу тоқтатылуы тиіс. Егер АСТ және АЛТ деңгейі бастапқы мәніне оралса және егер пациентте гепатиттің қандай да болсын клиникалық белгілері, жалпы симптомда немесе ішкі ағзалар функциясының бұзылуын көрсететін басқа да құбылыстар туындамаса, Невирапинді қолдану қайта жаңғыртылуы мүмкін (егер клиникалық қажеттілік бар болса). Невирапинді қайталап тағайындау, жоғары клиникалық және зертханалық сақтық жағдайында, тәулігіне бастапқы 200 мг дозада (14 күн бойы), кейіннен оны тәулігіне 400 мг-ге дейін арттырумен жүзеге асырылуы тиіс. Егер бауыр функциясының бұзылулары қайта жаңғырса, Невирапинмен емдеуді тоқтатқан жөн. Басқа да сақтандырулар Бауырды трансплатациялауды қажет ететін бауыр функциясы жеткіліксіздігінің дамуын қоса, ауыр гепатоуыттылық туралы, АИТВ-мен инфекцияланбаған адамдарда қарым-қатынастан кейін профилактика жүргізу мақсатында невирапиннің көп реттік дозаларын пайдаланғанда, мәлімделді, бұл осы препаратты қолдану үшін мақұлданған көрсетілімдер қатарына жатпайды. Невирапин немесе кез келген басқа антиретровирустық ем қабылдап жүрген пациенттерде оппортунистік инфекциялардың және АИТВ-инфекцияның басқа да асқынуларының дамуы жалғасуы мүмкін. Невирапиннің АИТВ-1 инфекцияның басқа адамдарға жыныстық қатынас арқылы жұғу қаупін азайту қабілеттілігі жөнінде мәліметтер жоқ. Невирапин қабылдап жүрген әйелдерде контрацепцияның негізгі әдісі ретінде ұрықтануға қарсы ішуге арналған дәрілерді пайдаланбаған жөн, өйткені Невирапин плазмада осы препараттардың концентрациясын төмендетуі мүмкін. Сондықтан АИТВ-нің жұғу қаупін азайту үшін контрацепцияның басқа да әдістерін пайдалану ұсынылады. Бұдан басқа, Невирапинмен емделу кезінде гормональді реттеуді жүргізу мақсатында ішуге арналған контрацептивтік дәрілерді қолданған жағдайда гормональді емдеудің емдік әсерін бақылау қажет. Невирапинді басқа антиретровирустық препараттармен біріктіріп пайдаланғанда панкреатиттің, шеткері невропатияның және тромбоцитопенияның туындау жағдайлары жөнінде мәлімделді. Бұл реакциялар әдетте басқа антиретровирустық препараттармен байланысады және Невирапинді басқа препараттармен біріктіріп пайдаланған кезде де күтілуі мүмкін. Бұл оқиғаның Невирапинге байланысты болатыны екіталай.Антиретровирустық еммен біріктірілімі АИТВ-инфекцияланған пациенттердің организмінде майдың қайта таралуына (липодистрофия) әкелді. Осы жайттардың ұзақ мерзімдік зардаптары қазіргі таңда белгісіз. Липодистрофияның туындауының өте жоғары қаупін жекелеген факторлармен (жастың ұлғаюы, ұзаққа созылған антиретровирустық ем және осымен байланысты зат алмасулар) байланыстырады. Сарысудағы липидтердің деңгейін анықтау қажет. Клиникалық зерттеулерде невирапинді қабылдау холестериннің, триглицеридтердің артуымен байланысты болғаны мәлімделді. Алайда Невирапинді қабылдап жүрген АИТВ-инфекцияланған пациенттерде жүрек-қантамыр ауруларының туындау қаупіне белгілі бір зерттеулер жоқ болғандықтан, осы деректердің клиникалық мәні белгісіз. Антиретровирустық препараттарды таңдау ең алдымен антиретровирустық тиімділігіне қарай анықталуы тиіс. Құрамында шілтер жапырықты шайқурай (Hypericum perforatum) бар фитопрепараттар Невирапин таблеткаларын қабылдаған кезде, қан плазмасында невирапин деңгейінің төмендеу қаупі болғандықтан және осының салдарынан невирапиннің клиникалық әсері азаятындықтан, пайдаланылмауы тиіс.Oстеонекроз: этиологиясы, болжаммен алғанда, көп факторлы (кортикостероидтарды пайдалануды, алкогольді пайдалануды, ауыр иммунодепрессияны, дене салмағының өте жоғары индексін қоса) болып табылса да, АИТВ ауруы бар және/немесе антиретровирустық ем біріктірілімін (CART) ұзақ мерзім қолданған пациенттерде остеонекроз жағдайларының болғаны жөнінде мәлімдемелер бар. Пациенттер, егер олар ауыруды немесе қозғалған кезде ауырсыну мен қиындықты бастан кешірсе, медициналық кеңес алуға жүгінуі керек. Иммуннореактивті синдром: иммунитеті төмендеген АИТВ-инфекцияланған пациенттерде антиретровирустық ем біріктірілімі ауру тудыратын оппортунистік микроорганизмдерге әсер етеді, осының салдарынан ауыр клиникалық жағдайлар туындауы немесе симптомдардың нашарлауы мүмкін. Әдеттегідей, мұндай реакциялар алғашқы бірнеше апта ішінде немесе CART түрткі болатын айларда білінді. Мысалы, цитомегаловирустық ретинит, жайылған және/немесе ошақтық микобактериялық инфекциялар, Pneumocystis jiroveci пневмония. Инфекцияның дамуының кез келген белгілері, олардың туындауына тиісті ем тағайындау қажет болған жағдайда, назарға алынуы тиіс. Фармакокинетикалық зерттеулер рифампицинді және Невирапинді бірге пайдалану ұсынылмау керектігін көрсетеді. Невирапин таблеткасының құрамында лактоза бар, бұған сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы аурулары: мысалы, лактоза тапшы болатын галактоземиясы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге назар аударылуы тиіс. Мұндай ауруларда препарат қабылданбауы тиіс. Жүктілік және лактация кезеңіАИТВ-инфекцияланған жүкті әйелдерді емдеуге толыққанды бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ. Жүктілік кезінде препаратты емдеуден күтілетін пайда шарана үшін потенциалды қаупінен басым болған жағдайларда ғана тағайындаған жөн. Невирапин емшек сүтімен бірге бөлініп шығатын болғандықтан, сондай-ақ АИТВ-инфекцияланған аналар вирустың постнатальді жұғуына жол бермеу үшін емшек емізуді тоқтатуы тиіс. Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері Препараттың жағымсыз әсерлерін ескеріп, көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқарған кезде сақтық таныту қажет.
Артық дозалануы
Симптомдары: жүректің айнуы, құсу, қажығыштық, қызба, бас айналу, бас ауыру, ұйқысыздық, ісінулер, түйінді эритема, өкпедегі инфильтраттар, бөртпе, трансаминаза деңгейінің жоғарылауы және дене салмағының төмендеуі. Емі: препарат қабылдауды тоқтату, симптоматикалық ем жүргізу Спецификалық антидоты жоқ.Шығарылу түрі және қаптамасыАюминий жарғақшамен нығыздап дәнекерленген, ақ түсті, тығыздығы жоғары полиэтиленнен (HDPE) жасалған контейнерге 60 таблеткадан салынған. 1 контейнер медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жылЖарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші/Қаптаушы
Маcleods Pharmaceuticals Limited, Үндістан304, Atlanta Arcade, Marol Church Road, Andheri (East), Mumbai – 400 059, India.Тіркеу куәлігін ұстаушы Маcleods Pharmaceuticals Limited, Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері
«Macleods Pharmaceuticals Limited» КОО филиалы, Қазақстан РеспубликасыАлматы қ., Төлебаев к-сі 38/61, 5 қабатТел./факс. +7 727 2734593E-mail:danielt@macleodspharma.com.