Небием (2,5 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Небием
Халықаралық патенттелмеген атауы
Небиволол
Дәрілік түрі
2.5 мг, 5 мг, 10 мг және 20 мг таблеткалар
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат – сәйкесінше 2.5 мг, 5.00 мг, 10.00 мг немесе 20.00 мг небивололға баламалы 2.72 мг, 5.44 мг, 10.88 мг немесе 21.76 мг небиволол гидрохлориді бар,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Авицел РН 101), желатинделген крахмал (Крахмал 1500), маннитол 60 (Пеарлитол 160 С), гидроксипропилметилцеллюлоза (Метоцел Е15 Премиум LV), натрий лаурилсульфаты (Тексапон k 12 P PH), микрокристалды целлюлоза (Авицел РН 102), полисорбат 80 (Сепитрап 80), натрий кроскармеллозасы (Ac-Di-Sol), сансет сары FCF (Е 110) (2.5 мг және 5 мг дозалары үшін), темірдің (III) сары тотығы (Е 171) (10 мг дозасы үшін), бриллиантты көк FCF (AL 11 %-13 %) (Е 133) (20 мг дозасы үшін), коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Сипаттамасы
Қызыл сары түсті, дөңгелек пішінді, жиектері қиғашталған және екі жақ беті тегіс таблеткалар (2.5 мг және 5 мг дозалары үшін).
Сары түсті, дөңгелек пішінді, жиектері қиғашталған және екі жақ беті тегіс таблеткалар (10 мг дозасы үшін).
Көк түсті, дөңгелек пішінді, жиектері қиғашталған және екі жақ беті тегіс таблеткалар (20 мг дозасы үшін).
Фармакотерапиялық тобы
Селективті бета-адреноблокаторлар. Небиволол.
АТХ коды С07АВ12
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағаннан кейін небивололдың екі энантиомері де тез сіңеді. Тағам небивололдың сіңуіне ықпалын тигізбейді. Препаратты тамақтануға қарамай-ақ немесе тамақтану кезінде қабылдауға болады.
Небиволол метаболизацияға ұшырап, ішінара белсенді гидроксиметаболиттер түзеді. Небивололдың метаболизациясы алициклдік және ароматтық гидроксилдену, N-деалкилдену және глюкурондалу жолымен жүреді; бұдан басқа, гидроксиметаболиттердің глюкуронидтері түзіледі. Небивололдың метаболизациясы ароматтық гидроксилдену жолымен CYP2D6-ға байланысты болатын генетикалық тотығу полиморфизміне ұшырайды. Пероральді түрде енгізілген небивололдың биожетімділігі метаболизм тез жүретін жеке адамда орта есеппен 12% құрайды және метаболизм баяу жүретін адамдарда толық дерлік болады. Тұрақты жағдайға (steady-state) жеткенде және бірдей дозада метаболизм баяу жүретін жеке адамда өзгермеген небивололдың плазмадағы ең жоғары концентрациясы метаболизм тез жүретін адамдарға қарағанда 23 есе жоғары болады. Өзгермеген субстанциядан және белсенді метаболиттерден тұратын жинағын талдағанда плазмадағы ең жоғары концентрацияның айырмашылығы 1,3-1,4-есе болып табылады. Метаболизация дәрежесіндегі айырмашылық нәтижесіне қарай, небивололдың дозасын әрдайым емделушінің жекелей қажеттілігіне байланысты белгілеген жөн: метаболизм баяу жүретін адамдарға, сондықтан өте төмен дозалар қажет болуы мүмкін.
Метаболизм тез жүретін адамдарда небиволол энантиомерлерінің жартылай шығарылу кезеңі орта есеппен 10 сағатты құрайды. Метаболизм баяу жүретін жеке адамдарда бұл мәндер 3-5 есе көп. Метаболизм тез жүретін адамдарда плазмадағы RSSS-энантиомер концентрациясы SRRR-энантиомердегі осындайдан біршама жоғары. Метаболизм баяу жүретін жеке адамдарда бұл айырмашылық үлкен. Метаболизм тез жүретін адамдарда екі энантиомердің де гидроксиметаболиттерінің жартылай шығарылу кезеңінің мәндері орта есеппен 24 сағатты құрайды, ал метаболизм баяу жүретін адамдарда бұл мәндер екі есе көп.
Көптеген емделушілерде (метаболизм тез жүретін адамдарда) небиволол плазмада тұрақты деңгейіне 24 сағаттың ішінде, гидроксиметаболиттер бұған бірнеше тәулік өткеннен кейін жетеді.
1-ден 30 мг дейінгі мөлшерде небивололдың плазмадағы концентрациясы дозаға пропорционалды. Жасы небивололдың фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.
Плазмада екі энантиомер де көбіне альбуминмен байланысты. Плазма ақуыздарымен байланысуы SRRR-небиволол үшін 98,1%, ал RSSS-небиволол үшін 97,9% құрайды.
Енгізгеннен кейін дозаның 38%-ы бүйрек арқылы және 48%-ы нәжіспен бірге шығарылады. Өзгермеген небивололдың бүйрек арқылы шығарылуы дозаның 0,5%-дан азын құрайды.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі
Бауыр функциясының орташа жеткіліксіздігі бар емделушілерде d-небивололдың ең жоғары шектегі плазмалық концентрациясы 3 есеге артты, AUC 10 есеге артты, ал клиренсі 86%-ға төмендеді. Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге зерттеулер жүргізілген жоқ, сондықтан осы емделушілерге небивололды қолдануға болмайды.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі
Небивололдың клиренсі бүйрек функциясының жеңіл жеткіліксіздігі бар (ClCr 50 – 80 мл/мин, n=7) емделушілерде препараттың бір реттік 5 мг дозасын қолданғаннан кейін өзгерген жоқ, және бүйрек функциясының орташа жеткіліксіздігі бар (ClCr 30 - 50 мл/мин, n=9) емделушілерде мардымсыз төмендеген, бірақ бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар (ClCr <30 мл/мин, n=5) емделушілерде 53%-ға төмендеді. Диализде жүрген емделушілерге зерттеулер жүргізілген жоқ.
Фармакодинамикасы
Небием – вазодилатациялық қасиеттері бар үшінші буынды кардиоселективті бета-адреноблокатор. Белсенді заты екі энантиомерден: D-небивололдан және L-небиволол тұратын рацемат болып табылады. Небиволол β1-адренорецепторлардың бәсекелес және таңдап алынған блокаторы болып табылады (β1-адренорецепторларға ұқсастығы β2-адренорецепторларға қарағанда 288 есе жоғары), бұдан басқа, релаксациялайтын фактордың (NO) қантамырлар эндотелийінен босап шығуының модуляциясы есебінен жеңіл вазодилатациялайтын әсер береді. Небиволол тыныш кезде де және жүктеме кезінде ЖЖЖ және АҚ төмендетеді, сол жақ қарыншаның ақырғы диастолалық қысымын азайтады, жалпы шеткергі қантамырлар кедергісін (ЖШҚК) төмендетеді, жүректің диастолалық функциясын жақсартады (толу қысымын төмендетеді), сол жақ қарыншадан лықсыту фракциясын арттырады; ЖИА бар науқастарда антиангинальді әсерді туындатып, миокардқа оттегінің қажеттілігін төмендетеді. Аритмияға қарсы әсері жүрек автоматизміне және AV өткізгіштігіне әсерімен байланысты.
Оңтайлы гипотензиялық әсер 1-2 апта емдеуден кейін көрініс береді. Кейбір жағдайларда ең жоғары әсерге 4 аптадан соң жетеді.
Қолданылуы
- эссенциальді артериялық гипертензияда
Қолдану тәсілі және дозалары
Эссенциальді гипертензия
Ересектер
Орташа тәуліктік дозасы 5 мг небивололды (тәулігіне бір рет 1 таблетка) құрайды; оны мүмкіндігінше тәуліктің белгілі бір уақытында қабылдау керек. Препаратты тамақтану кезінде қабылдауға болады.
Гипотензиялық әсері 1-2 апта емдегеннен кейін көрініс береді. Кейде оңтайлы әсерге 4 апта өткеннен кейін ғана жетеді. Қажет болған кезде дозаны ең жоғары тәуліктік 10 мг дозаға дейін (бір қабылдауға 2 таблетка) арттыруға болады.
Басқа гипотензивтік дәрілермен біріктірілімі
-адренорецепторлардың блокаторларын монотерапия ретінде де, сонымен қатар басқа гипотензивтік дәрілермен біріктіріп те қолдануға болады. Күні бүгінге дейін қосымша гипотензиялық әсері 5 мг небивололды 12,5-25 мг гидрохлортиазидпен біріктірген кезде ғана байқалды.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілер
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігіне шалдыққан науқастар үшін ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне 2,5 мг құрайды. Қажет болғанда тәуліктік дозаны 5 мг дейін арттыруға болады.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілер
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі немесе бауыр функциясының бұзылуы бар емделушілерде препаратты қолдануға қатысты деректердің шектеулі ғана саны бар. Осы себепті Небиемді мұндай емделушілерге қолдануға болмайды.
Егде жастағы емделушілер
65 жастан асқан емделушілер үшін ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 2,5 мг құрайды. Қажет болған кезде тәуліктік дозаны 5 мг дейін арттыруға болады. Алайда, препаратты 75 жастан асқан емделушілерде қолдану тәжірибесінің жеткіліксіздігін ескерсек, оны осы емделушілерге тағайындағанда сақ болуды және мұқият бақылауды қажет етеді.
Балалар және жасөспірімдер
Препаратты балалар мен жасөспірімдерге қолдануға зерттеулер жүргізілген жоқ. Осы себепті препаратты бұл жас тобында қолдану ұсынылмайды.
Жағымсыз әсерлері
Жиі (≥ 1/100 <1/10 дейін)
- бас ауыру, бас айналу, парестезиялар, шаршау сезімі
- тыныстың тарылуы
- іштің қатуы, жүректің айнуы, диарея
- ентігу, ісінулер
Кейде (≥ 1/1 000 <1/100 дейін)
- шым-шытырық түстер көру, депрессия
- көрудің бұзылулары
- брадикардия, жүрек функциясының жеткіліксіздігі
- баяулаған AV-өткізгіштігі/ AV-блокадасы
- ортостатикалық гипотензия, мезгіл-мезгіл ақсақтықтың өршуі
- бронхтың түйілуі (соның ішінде сыртартқыда өкпенің обструкциялық аурулары жоқ болғанда)
- ас қорытудың бұзылуы, метеоризм, құсу
- қышыну, тері бөртпесі
- импотенция
Өте сирек (<1/10 000) немесе жиілігі белгісіз
- естен тану
- псориаздың өршуі
- ангионевроздық ісіну, жоғары сезімталдық реакциялары
- Рейно синдромы, аяқ-қолдың салқындауы/цианоз
- елестеулер, психоз, сананың шатасуы
- зейінді жұмылдыру қабілетінің төмендеуі
- ұйқышылдық, ұйқысыздық
- жүрек ырғағының бұзылуы, кардиалгиялар
- фотодерматоз
- гипергидроз
- көздің құрғауы
- практололды типтегі окуло-мукокутантты уыттылық
- ринит
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың белсенді затына немесе кез келген қосымша компонентіне аса жоғары сезімталдық
- брадикардия (емдеуді бастағанға дейін жүректің жиырылу жиілігі минутына 60 рет соғудан аз), артериялық гипотензия (систолалық артериялық қысым < 90 мм с.б.), кардиогендік шок, синустық түйін әлсіздігі синдромы
- II-III дәрежедегі AV блокадасы (ырғақтың жасанды тасымалдаушысынсыз)
- кардиогендік шок, жүрек функциясының жедел жеткіліксіздігі, инотроптық әсері бар әсер етуші заттарды көктамыр ішіне енгізуді қажет ететін жүрек функциясы жеткіліксіздігінің декомпенсация кезеңі
- шеткергі қан айналымының бұзылуы, синоатриальді блокада
- бауыр функциясының бұзылуы, бауыр функциясының жеткіліксіздігі
- бронх демікпесі, сыртартқыда бронхтың түйілуі
- метаболизмдік ацидоз
- феохромоцитома
- флактофенинмен және сультопридпен біріктірілімі
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препараттың фармакодинамикасы себепші болатын өзара әрекеттесулер
Келесі өзара әрекеттесулер -адреноблокаторлар үшін жалпы болып саналады.
Бірге қолдану ұсынылмайды:
Аритмияға қарсы препараттардың I тобы (хинидин, гидрохинидин, цибензолин, флекаинид, дизопирамид, лидокаин, мексилетин, пропафенон): атриовентрикулярлық өткізгіштікке әсері және теріс инотроптық әсері күшеюі мүмкін.
Верапамил / дилтиазем типті кальций антагонистері: жиырылғыштығына және атриовентрикулярлық өткізгіштігіне теріс ықпалын тигізеді. -адреноблокаторларды қабылдап жүрген емделушілерде көктамыр ішіне енгізу айқын артериялық гипотонияға және АВ-блокадасына әкеп соғуы мүмкін.
Орталықтан әсер беретін гипотензивтік препараттар (клонидин, гуанфацин, моксонидин, метилдофа, рилменидин): орталықтан әсер беретін гипотензивтік препараттармен бірге қолдану орталыққа тән сипатта симпатикалық жүйке жүйесі тонусының төмендеуіне (жүректің жиырылу жиілігінің және соғу көлемінің азаюы, вазодилатация) байланысты болуы – жүрек функциясы жеткіліксіздігінің өршуіне әкеп соғуы мүмкін. Кенеттен тоқтатқанда, атап айтқанда, -адреноблокаторлармен емдеуді аяқтар алдында, артериялық қысымның көтерілу ықтималдығы жоғарылауы мүмкін (тоқтату синдромы).
Бірге қолданған кезде аса сақтықты қажет етеді
Аритмияға қарсы препараттардың III тобы (амиодарон): атриовентрикулярлық өткізгіштікке әсері потенциялануы мүмкін.
Галогенделген ұшқыш анестетиктер: -адреноблокаторларды және анестетиктерді бір мезгілде қолдану рефлекторлы тахикардияны басуы және гипотония қаупін арттыруы мүмкін. -адреноблокаторлармен емдеуді күрт тоқтатуға әрдайым жол бермеген жөн. Егер емделуші Небиемді қабылдап жүрсе, онда анестезиологқа бұл жөнінде айту керек.
Инсулин және диабетке қарсы пероральді дәрілер: Небием глюкозаның деңгейіне ықпал етпегенмен, оны бір мезгілде қолданғанда ол гипогликемияның белгілі бір симптомдарын (жүректің қағуы, тахикардия) бүркемелеуі мүмкін.
Баклофен (антиспазмдық миорелаксант), амифостин (ісікке қарсы препараттармен емдегенде қосымша дәрілік зат): гипотензивтік дәрілермен бір мезгілде қолданғанда артериялық қысымның түсіп кету ықтималдығы жоғарылауы мүмкін; сондықтан гипотензивтік препараттардың дозасын тиісінше түзету қажет.
Бірге қолданған кезде ескеру қажет
Оймақгүл тобының гликозидтері: бірге қабылдаған кезде атриовентрикулярлық өткізгіштік баяулауы мүмкін. Алайда небивололға клиникалық зерттеулер жүргізгенде осы өзара әрекеттесулердің белгілері табылған жоқ. Небиволол дигоксиннің кинетикасына ықпалын тигізген жоқ.
Дигидропиридин типті кальций антагонистері (амлодипин, фелодипин, лакидипин, нифедипин, никардипин, нимодипин, нитрендипин сияқты): бірге қабылдау гипотония қаупін арттыруы мүмкін. Жүрек функциясының жеткіліксіздігінен зардап шегіп жүрген емделушілерде қарыншалардың сорғылық функциясының әрі қарай нашарлау қаупінің жоғарылауын жоққа шығаруға болмайды.
Психозға қарсы, депрессияға қарсы препараттар (үшциклді антидепрессанттар, барбитураттар және фенотиазин туындылары): бірге қолданған кезде -адреноблокаторлардың гипотензиялық әсері әсерлердің қосылу принципі бойынша күшеюі мүмкін.
Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД): небивололдың гипотензиялық әсеріне ықпалын тигізбейді.
Симпатомиметиктер: бірге қолданған кезде -адреноблокаторларға қарама-қарсы әсер етуі мүмкін. -адренергиялық әсері бар әсер етуші заттар -, сонымен қатар -адренергиялық та әсерлері бар симпатомиметиктердің кедергісіз -адренергиялық белсенділігіне әкелуі мүмкін (артериялық гипертонияның, ауыр брадикардияның және жүрек блокадасының даму қаупі).
Препараттың фармакокинетикасы себеп болатын өзара әрекеттесулер
Небивололдың метаболизм үдерісіне CYP2D6 изоферменті қатысатын болғандықтан, осы ферментті тежейтін препараттарды, атап айтқанда, пароксетинді, флуоксетинді, тиоридазинді және хинидинді бірге қабылдау небивололдың плазмадағы деңгейін арттырады, сондықтан айқын брадикардияның және басқа да жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупін ұлғайтады.
Циметидинді бір мезгілде тағайындағанда небивололдың плазмадағы деңгейі жоғарылады, алайда клиникалық тиімділігі өзгермеді. Ранитидинді бір мезгілде тағайындау небивололдың фармакокинетикасына ықпалын тигізген жоқ.
Небием тамақтану кезінде қабылданатын, ал антацидтік дәрі тамақтану аралығында қабылданатын жағдайда, екі дәрілік затты да бірге тағайындауға болады.
Небивололды никардипинмен біріктірген кезде, клиникалық тиімділігінің өзгеруінсіз, плазмада екі субстанцияның да деңгейі сәл жоғарылады. Алкогольді, фуросемидті немесе гидрохлортиазидті бір мезгілде қолдану небивололдың фармакокинетикасына ықпалын тигізген жоқ. Небиволол варфариннің фармакокинетикасына және фармакодинамикасына ықпалын тигізбейді.
Айрықша нұсқаулар
-адреноблокаторлар үшін келесі ескертулер мен сақтандыру шаралары жалпы болып табылады.
Анестезия
Наркозға және интубацияға енгізген кезде -адренорецепторлардың блокадасы жүрек ырғағының бұзылу қаупін азайтады. Егер хирургиялық араласымға дайындаған кезде -адренорецепторлардың блокадасын тоқтату қажет болса, онда -адреноблокаторларды бұдан кем дегенде 24 сағат бұрын тоқтата тұрған жөн.
Миокардтың бәсеңдеуін тудыратын белгілі бір анестетиктерді абайлап қолданған жөн. Емделушіде вагустық реакциялардың пайда болуына атропинді көктамыр ішіне енгізу жәрдемімен жол бермеуге болады.
Жүрек және қантамырлар
Әдеттегідей, -адреноблокаторлар емделмеген жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерге олардың жағдайы тұрақталғанға дейін тағайындалмайды.
Жүректің ишемиялық ауруы бар емделушілерде -адреноблокаторлармен емдеуді біртіндеп, яғни 1-2 апта ішінде тоқтатқан жөн. Қажет болғанда – стенокардияның өршуіне жол бермеу үшін – орнын басатын препараттармен емдеуді бір мезгілде бастау ұсынылады.
-адренорецепторлардың блокаторлары брадикардияны туындатуы мүмкін. Егер тыныш кезде қантамырдың соғуы минутына 50–55-тен төмен мәнге дейін төмендесе және/немесе емделушіде брадикардияны көрсететін симптомдар дамыса, онда дозаны азайтқан жөн.
-адренорецепторлардың блокаторларын мыналарда абайлап қолданған жөн:
- шеткергі қан айналымының бұзылулары (Рейно ауруы немесе Рейно синдромы, мезгіл-мезгіл ақсақтық) бар емделушілерде, өйткені осы аурулар өрши бастауы мүмкін;
- -адреноблокаторлардың өткізгіштікке теріс әсер етуіне байланысты І дәрежедегі АВ-блокадасы бар емделушілерде;
- -адренорецепторлардың белсенділенуі себебінен коронарлық артериялардың вазоконстрикциясына байланысты Принцметал стенокардиясы бар емделушілерде: -адренорецепторлардың блокаторлары стенокардия ұстамаларының жиілігін және ұзақтығын арттыруы мүмкін.
Небивололды верапамил және дилтиазем типті кальций антагонистерімен, аритмияға қарсы І топтағы дәрілермен, сондай-ақ орталықтан әсер беретін гипотензивтік препараттармен біріктіру ұсынылмайды.
Зат алмасу және эндокриндік жүйе
Небием диабеті бар науқастарда глюкозаның деңгейіне ықпалын тигізбейді. Осыған қарамастан, осы жағдайда сақтық таныту қажет, өйткені небиволол гипогликемияның белгілі бір симптомдарын (тахикардия, жүректің қағуы) бүркемелеуі мүмкін.
Қалқанша бездің гиперфункциясында -адреноблокаторлар тахикардия сияқты ауру симптомын бүркемелеуі мүмкін. Емдеуді кенеттен тоқтатқан кезде симптомдары күшеюі мүмкін.
Тыныс жолдары
Тыныс жолдарының созылмалы обструкциялық аурулары бар емделушілерде -адреноблокаторларды сақтықпен қолданған жөн, өйткені тыныс жолдарының констрикциясы күшеюі мүмкін.
Тағы басқалары
Сыртартқысында псориазы бар емделушілерге -адреноблокаторды жағдайға мұқият баға бергеннен кейін ғана тағайындаған жөн.
-адренорецепторлардың блокаторлары аллергендерге сезімталдықты және анафилактикалық реакциялардың ауырлық дәрежесін жоғарылатуы мүмкін.
Жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігін небивололмен емдеудің бас кезінде емделушіні ұдайы бақылап отыру қажет болады. Аса қажеттіліксіз емдеуді күрт тоқтатпаған жөн.
Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері
Небивололдың көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсеріне зерттеулер жүргізілген жоқ. Фармакодинамикасына жүргізілген зерттеулер небивололдың психомоторлы функцияға ықпалын тигізбейтінін көрсетеді. Көлік құралдарын басқарғанда немесе механимздермен жұмыс істегенде кейде бас айналу және шаршау сезімі орын алуы мүмкін екендігін ескерген жөн.
Артық дозалануы
Небивололдың артық дозалануына қатысты деректер жоқ.
-адреноблокаторлардың артық дозалану симптомдары мыналар болып табылады: брадикардия, артериялық гипотония, бронхтың түйілуі және жүрек функциясының жедел жеткіліксіздігі.
Емі
Артық дозалану немесе аса жоғары сезімталдық реакцияларының даму жағдайында емделушіні ұдайы бақылап отыруды және қарқынды емдеу бөлімінде емдеуді қамтамасыз еткен жөн. Қандағы глюкоза мөлшерін бақылау ұсынылады. Әлі асқазан-ішек жолында тұрған әсер етуші заттың сіңуіне асқазанды шаю, белсендірілген көмірді және іш жүргізгіш дәрілерді тағайындау арқылы кедергі жасауға болады. Өкпеге жасанды желдету жүргізу керек болуы мүмкін. Брадикардияны немесе жоғары ваготонияны жою үшін атропинді немесе метилатропинді енгізу ұсынылады. Гипотонияны және шокты емдеуді плазманың/плазманы алмастырғыштың, қажет болғанда, катехоламиндердің жәрдемімен жүргізген жөн.
Бета-блокадалаушы әсерін күтілген нәтижеге қол жеткізгенше көктамыр ішіне изопреналин гидрохлоридін шамамен 5 мкг/мин дозадан бастап, немесе добутаминді 2,5 мкг/мин дозадан бастап баяу енгізу арқылы басуға болады. Резистенттілік жағдайында изопреналинді допаминмен біріктіруге болады. Егер осы шара қалаған әсерге әкелмесе, онда 50-100 мкг/кг есебінен глюкагонды к/і енгізуге болады. Қажет болғанда инъекцияны бір сағат ішінде қайталаған жөн және содан кейін – егер керек болса – сағатына 70 мкг/кг есебінен глюкагонның к/і инфузиясын жүргізу керек. Төтенше жағдайларда – емге резистентті брадикардияда – жасанды ырғақ тасымалдауышын қолдануға болады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
2.5 мг, 5 мг, 10 мг және 20 мг таблеткалар.
Бір жағы алюминий фольгадан және басқа жағы баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.
Пішінді ұяшықты 3 қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
MSN Laboratories Private Limited
Plot No 42, Anrich Industrial Estate, Bollaram,
Medak District - 502 325. A. P., Үндістан.
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
MSN Laboratories Private Limited, Үндістан
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
050046, Алматы қ., Солодовников к-сі, 21/289
Тел. (727) 392-74-05