Небивол

МНН: Небиволол
Производитель: СПЕЦИФАР С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Nebivolol
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022873
Информация о регистрации в РК: 19.11.2021 - 19.11.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Небивол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Небиволол

Дәрілік түрі

Таблеткалар 5 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – небиволол гидрохлориді 5.45 мг

(небивололға баламалы) (5.00 мг)

қосымша заттар: лактоза моногидраты, А типті кросповидон, полоксамер 188, повидон К-30, микроскристалды целлюлоза, вивапур, типі 102, магний стеараты, тазартылған су1

1 Дайын өнімде болмайды

Сипаттамасы

Дөңгелек екі беті дөңес ақ түсті таблеткалар, диаметрі шамамен 9 мм, бір жағында крест тәрізді сызығы бар.

Фармакотерапиялық тобы

Бета-адреноблокаторлар. Селективті бета-адреноблокаторлар. Небиволол.

АТХ коды С07АВ12

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Небиволол бета-адренорецепторлардың липофильді, кардиоселективті блокаторы болып табылады, оның ішкі симпатомиметикалық белсенділігі және жарғақша тұрақтандыратын белсенділігі (l-энантиомер) жоқ. Сондай-ақ азот тотығымен байланысты (d-энантиомер) вазодилациялайтын әсер етеді.

Сіңірілуі

Ішке қабылдағаннан кейін небивололдың екі энантиомерінің де жылдам сіңірілуі жүреді. Ас қабылдау сіңірілуге ықпал етпейді, сондықтан небивололды ас қабылдауға қарамастан қабылдауға болады.

Метаболизмі

Небиволол көбінесе белсенді гидроксиметаболиттерге дейін белсенді метаболизденеді. Небиволол метаболизмі алициклдік және ароматты гидроксилдену, N-деалкилдену және глюкуронирлену жолымен жүзеге асады, одан өзге, гидроксиметаболиттердің глюкуронидтері түзіледі. Небивололдың ароматтық гидроксилдену жолымен метаболизмі CYP2D6-тәуелді генетикалық тотығу полиморфизмімен байланысты. Ішке қабылдағанда небивололдың биожетімділігі метаболизмі жылдам адамдарда орташа 12% құрайды және метаболизмі баяу адамдарда толық дерлік болып табылады. Тең дозаларды қолданғандағы тепе-тең күйге қол жеткенде метаболизмі баяу адамдардың плазмасындағы өзгермеген небивололдың ең жоғарғы концентрациясы метаболизмі жылдам адамдарға қарағанда шамамен 23 есе жоғары. Препараттың өзгермеген күйі мен белсенді метаболиттерін ескере отырып, пациенттердің осы екі тобының плазмасындағы ең жоғарғы концентрациялары 1.3-1.4 есеге ерекшеленеді. Метаболизм жылдамдығының айырмашылығына сүйене отырып, Небивол препаратын дозалауды әрқашан әрбір пациент үшін жекелей белгілеу керек, өйткені метаболизмі баяу адамдарға төменірек дозалар талап етілуі мүмкін.

Одан өзге, доза 65 жастан асқан пациенттер, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттері үшін түзетілуі тиіс.

Метаболизмі жылдам адамдарда небиволол энантиомерлерінің элиминациясы фазасындағы жартылай шығарылу кезеңі орташа есеппен 10 сағатты құрайды, метаболизмі баяу адамдарда бұл мәндер 3-5 есе артық. Метаболизмі жылдам адамдарда SRRR энантиомерінің концентрациясына қарағанда плазмадағы RSSS энантиомерінің концентрациясы бірнеше есе жоғары. Метаболизмі баяу адамдарда бұл айырмашылық үлкен. Метаболизмі жылдам адамдарда энантиомерлердің екі гидроксиметаболитінің элиминациясы фазасындағы жартылай шығарылу кезеңі орташа есеппен 24 сағатты құрайды, ал метаболизмі баяу адамдарда ол шамамен екі есе үлкен.

Небиволол үшін қан плазмасындағы тепе-тең концентрациялардың күйі пациенттердің көбінде (метаболизмі жылдам адамдар) 24 сағат ішінде, гидроксиметаболиттер үшін – бірнеше тәуліктен кейін жетеді.

Қан плазмасындағы концентрациялар 1-ден 30 мг дейінгі диапазондағы дозаға пропорционалды. Жас мөлшері небиволол фармакокинетикасына ықпал етпейді.

Таралуы

Қан плазмасында небивололдың екі энантиомері де көбінесе альбуминмен байланысты.

SRRR-небиволол үшін плазма ақуыздарымен байланысы 98.1%, RSSS-небиволол үшін – 97.9% құрайды.

Таралу көлемі 10.1-ден 39.4 л/кг құрайды.

Шығарылуы

Енгізгеннен кейін бір аптадан соң 38% доза несеппен және 48% – нәжіспен шығарылады. Өзгермеген күйде несеппен енгізілген небиволол дозасының 0.5% артық емесі шығарылады.

Фармакодинамикасы

Небиволол екі энантиомерден тұратын рацемат түрінде келеді: SRRR-небиволол (немесе d-небиволол) және RSSS-небиволол (l-небиволол). Препарат екі фармакологиялық әсерді қамтиды:

Бета-адренорецепторлардың бәсекелес және селективті блокаторы болып табылады: бұл әсер SRRR энантиомермен (d- энантиомер) байланысады.

• L-аргининмен/азот тотығымен метаболизмдік өзара әрекеттесу салдарынан жұмсақ вазодилатациялық қасиеттер көрсетеді.

Небивололды бір рет немесе көп рет қолданғанда тыныштық жағдайында және жүктеме кезінде жүрек жиырылуы жиілігін және артериялық қысымды төмендетеді, артериялық қысымы қалыпты адамдарда да, артериялық гипертензиясы бар адамдарда да тең. Гипертензияға қарсы әсері ұзақ емдегенде сақталады.

Емдік дозаларда небивололдың альфа-адренергиялық антагонизмі байқалмады.

Небивололмен қысқа мерзімді, сондай-ақ ұзақ мерзімді емдеуде де бірдей артериялық гипертензиясы бар пациенттерде жүйелі тамырлық кедергі төмендейді. Жүрек жиырылуы жиілігінің төмендеуіне қарамастан тыныштық жағдайында және жүктеме кезінде жүректің минуттық көлемінің азаюы соққы көлемінің ұлғаюы себебінен шектелген. Бұл гемодинамикалық айырмашылықтың клиникалық мәні бета1-адренорецепторлардың басқа блокаторларын қолданғанда мұндаймен салыстырғанда әлі жеткіліксіз зерттелген.

Артериялық гипертензиясы бар пациенттерде небиволол тамырлардың ацетилхолинге (ACh) азот тотығымен байланысты реакциясын жоғарылатады; эндотелий дисфункциясы бар пациенттерде бұл реакция төмендеген.

Орташа есеппен 20 ай ішінде байқалатын сол жақ қарыншаның лықсу фракциясының төмендеуімен немесе онсыз (орташа LVEF: 36 ± 12.3%, келесі таралуымен: LVEF 56% пациентте 35%-дан төмен, LVEF 25% пациентте 35%-дан 45%-ға дейін және LVEF 19% пациентте 45%-дан жоғары) тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар 70 жас шамасындағы (орташа жас 75.2 жас) 2128 пациенттің қатысуымен өлімді және ауруды бағалауға бағытталған плацебо-бақыланатын зерттеу барысында небивололды стандартты емге қосымша ретінде қолдану қауіптің 14%-ға салыстырмалы төмендеуімен (абсолютті төмендеуі 4.2%) жүрек-қантамыр патологиясымен (тиімділікті бағалаудың бастапқы соңғы нүктесі) байланысты өліммен аяқталуы және ауруханаға жатқызылуына дейінгі уақытты едәуір ұзартты. Қауіптің төмендеуі емнен кейін 6 айдан соң орын алды және бүкіл емдеу кезеңінде (орташа есеппен 18 ай) сақталды. Небиволол әсері зерттелетін популяцияның жасына, жынысына немесе сол жақ қарыншаның лықсу фракциясы көрсеткішіне байланысты болмады. Емнің жалпы өлім қаупіне қатысты басымдылығы статистикалық тұрғыдан плацебомен салыстырғандағыдан жоғары болмады (абсолюттік төмендеуі: 2.3%).

Небиволол қабылдайтын пациенттерде кенеттен өлу жағдайлары жиілігінің төмендеуі (6,6%-ға 4,1%, 38% салыстырмалы төмендеуі) байқалды.

Жануарларға жасалған in vitro және in vivo зерттеулерде небивололдың ішкі симпатомиметикалық белсенділігі жоқ екені дәлелденген.

Жануарларға жасалған in vitro және in vivo зерттеулерде фармакологиялық дозаларда қолданылатын небиволол жарғақша тұрақтандыратын әсер көрсетпейтіні дәлелденген.

Дені сау еріктілердің қатысуымен болған зерттеулерде небиволол физикалық жүктемелерге барынша төзімділікке немесе шыдамдылыққа елеулі ықпал етпейді.

Қолданылуы

Артериялық гипертензия

Эссенциальді гипертензияны емдеуде.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

Стандартты ем кезінде қосымша ем ретінде егде жастағы пациенттерде (70 жас және одан үлкен) жеңіл және орташа дәрежедегі тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозалануы

Артериялық гипертензия

Ересектер

Доза тәулігіне бір таблетканы (5 мг) құрайды, оны әр күні бір уақытта ғана қабылдаған жөн. Гипотензиялық әсері 1-2 апта емнен кейін байқалады.

Сирек жағдайларда препараттың оңтайлы әсері 4 апта қабылдаудан кейін ғана дамиды.

Басқа гипертензияға қарсы дәрілік заттармен біріктіріп қолдану

Бета-адреноблокаторлар монотерапияда немесе басқа гипертензияға қарсы препараттармен біріктірілімде қолданылуы мүмкін. Бүгінгі күні аддитивті гипертензияға қарсы әсер Небивол препараты мен гидрохлоротиазидті 12.5-25 мг дозада бір уақытта қолданғанда ғана байқалды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 2.5 мг құрайды. Қажет жағдайда тәуліктік дозаны 5 мг дейін ұлғайтуға болады.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Препаратты бауыр жеткіліксіздігі бар немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерде қолдану тәжірибесі шектеулі. Сондықтан Небивол препаратын мұндай пациенттерде қолдануға болмайды.

Егде жастағы пациенттер

65 жастан асқан пациенттер үшін ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 2.5 мг құрайды.

Қажет жағдайда тәуліктік дозаны 5 мг дейін ұлғайтуға болады. Сонымен бірге, препаратты 75 жастан асқан пациенттерде қолданудың шектеулі тәжірибесін ескере отырып, сақтық таныту және мұндай пациенттерді мұқият қадағалау керек.

Балалар мен жасөспірімдер

Балалар мен жасөспірімдерге зерттеулер жүргізілмеді. Сондықтан препаратты пациенттердің бұл тобына тағайындау ұсынылмайды.

Созылмалы жүрек жеткліксіздігі

Тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу жекелей оңтайлы демеуші дозаға жеткенге дейін дозаны біртіндеп титрлеуден басталуы тиіс.

Пациенттерге препаратты, егер созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің соңғы 6 апта ішінде жедел декомпенсациясы көріністері болмаса ғана тағайындайды. Емдеуші дәрігерде созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу тәжірибесі болуы тиіс.

Басқа жүрек-қантамырлық дәрілік заттарын, оның ішінде диуретиктер және (немесе) дигоксин, және (немесе) АӨФ тежегіштерін, және (немесе) ангиотензин II рецепторларының антагонистерін қабылдайтын пациенттер Небивол препаратымен емдеу бастаудың алдындағы 2 апта бойы бұл препараттардың бұрыннан таңдалған дозасын қабылдаулары тиіс.

Бастапқы дозаны препараттың пациентке жағымдылығына байланысты әр 1-2 апта сайын ұлғайту керек: 1.25 мг небивололды тәулігіне бір рет 2.5 мг небивололға дейін ұлғайтады, сосын тәулігіне бір рет 5 мг және әрі қарай тәулігіне бір рет 10 мг дейін. Ең жоғарғы ұсынылған доза тәулігіне бір рет 10 мг небивололды құрайды.

Емнің басында және дозаны әрбір арттырғанда пациенттің клиникалық күйі тұрақты (әсіресе бұл артериялық қысым деңгейіне, жүрек жиырылуы жиілігіне, миокард өткізгіштігінің бұзылуына, жүрек жеткіліксіздігі симптомдарының күшеюіне қатысты) болып қалғанына көз жеткізу үшін пациент кемінде 2 сағат тәжірибелі дәрігердің қадағалауында болуы тиіс.

Жағымсыз реакциялардың дамуы препараттың ең жоғарғы ұсынылған дозасын қолдануға жол бермеуі мүмкін. Қажет жағдайда демеуші дозаны егер көрсетілімдер болса біртіндеп төмендетуге және қайта арттыруға да болады.

Жүрек жеткіліксіздігі симптомдарының күшеюі немесе титрлеу фазасында препарат жақпаушылығы кезінде бірінші кезекте небиволол дозасын төмендету немесе қажет болса, дереу емді тоқтату (ауыр артериялық гипотензия пайда болғанда, өкпенің жедел ісінуімен жүрек жеткіліксіздігі симптомдарының күшеюінде, кардиогенді шок, симптоматикалық брадикардия немесе атриовентрикулярлық блокада дамығанда) ұсынылады.

Әдетте, небиволол қолданумен тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу ұзақ болып табылады.

Небиволол қолдануды бірден тоқтату ұсынылмайды, өйткені бұл жүрек жеткіліксіздігі симптомдарының транзиторлық күшеюіне әкелуі мүмкін. Егер препаратты тоқтату қажет болса, әрбір апта бойы оны жартылай азайта отырып, дозаны сатылы төмендету керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Дозаны пациент ең жоғарғы көтере алатынға дейін титрлеу біртіндеп жүретіндіктен ауырлықтың жеңіл және орташа дәрежесіндегі бүйрек жеткіліксіздігі кезінде оны түзету талап етілмейді. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (қан сарысуы креатининінің деңгейі ≥250 мкмоль/л) бар пациенттерде препаратты қолдану тәжірибесі жоқ, сондықтан небивололды мұндай пациенттерге тағайындау ұсынылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қатысты деректер шектеулі. Сондықтан Небивол препаратын бұл пациенттерге қарсы көрсетілген.

Егде жастағы пациенттер

Дозаны пациент ең жоғарғы көтере алатынға дейін титрлеу біртіндеп жүзеге асатындықтан дозаны түзету талап етілмейді.

Балалар мен жасөспірімдер

Балалар мен жасөспірімдерде зерттеулер жүргізілмеді. Сондықтан препаратты пациенттердің бұл тобында тағайындау ұсынылмайды.

Қолдану тәсілі

Tаблетканы немесе оның бөлігін жеткілікті сұйықтық (мысалы, бір стақан су) мөлшерімен жұту керек. Таблеткаларды тамақтануға қарамастан қабылдауға болады.

Жағымсыз әсерлер

Артериялық гипертензияны және созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу кезінде дамитын жағымсыз реакциялар негізгі аурулар барысындағы айырмашылықтарға байланысты жеке-жеке көрсетілген.

Артериялық гипертензия

Көптеген жағдайларда жеңілден орташаға дейін ауырлық дәрежесі бар тіркелген жағымсыз реакциялар негізгі жүйелер мен ағзалар және туындау жиілігі бойынша жіктеуге сәйкес төмендегі кестеде топтастырылған:

Жиі (1/100 <1/10 дейін)

- бас ауыруы, бас айналуы

- парестезия

- ентігу

- іш қату, жүрек айнуы, диарея

- қатты қажу

- ісінулер

Жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін)

- қорқынышты түстер, депрессия

- көрудің бұзылуы

- брадикардия, жүрек жеткіліксіздігі, атриовентрикулярлық өткізгіштіктің баяулауы/атриовентрикулярлық блокада

- артериялық гипотензия, мезгіл-мезгіл ақсақтық (немесе оның өршуі)

- бронх түйілуі

- диспепсия, метеоризм, құсу

- қышыну, эритематоздық бөртпе

- импотенция

Өте сирек (<1/10000)

- естен тану

- псориаздың асқынуы

Белгісіз (қолдан бар деректер негізінде жиілікті анықтау мүмкін емес)

- ангионевроздық ісіну, жоғары сезімталдық, есекжем

Оған қоса, бета-адренорецепторлардың кейбір блокаторларын қолданғанда келесі жағымсыз реакциялар туралы хабарланды: елестеулер, психоздар, сананың шатасуы, мұздауы/қол-аяқ цианозы, Рейно синдромы, көздің құрғақтығы және практолол типі бойынша окуло-мукокутандық уыттылық.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

Небиволол қабылдайтын 1067 пациент және плацебо қабылдайтын 1061 пациенттің қатысуымен болған бір плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеуде алынған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде жағымсыз реакциялардың дамуына қатысты деректер бар. Бұл зерттеуде еммен байланысы мүмкін деп бағаланған жағымсыз реакциялар туралы плацебо алатын 334 пациентпен (31.5%) салыстырғанда небиволол алатын жалпы саны 449 пациент (42.1%) хабарлаған. Небиволол қабылдаған пациенттер хабарлаған ең жиі жағымсыз реакциялар брадикардия және бас айналуы болды, екеуі де шамамен 11% пациентте туындады. Плацебо қабылдайтын пациенттерде олардың даму жиілігі шамамен тиісінше 2% және 7% құрады.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеумен тікелей байланысты деп есептелетін жағымсыз реакциялардың келесі даму жиілігі анықталған (препаратпен байланысы кемінде мүмкін деп бағаланатын):

- Жүрек жеткіліксіздігі симптомдарының күшеюі плацебо алатын 5.2% пациентен салыстырғанда небиволол қабылдайтын 5.8% пациентте орын алған.

- Ортостаздық артериялық гипотензия плацебо алатын 1.0% пациентпен салыстырғанда небиволол қабылдайтын 2.1% пациентте байқалған.

- Препарат жақпаушылығы плацебо алатын 0.8% пациентпен салыстырғанда небиволол қабылдаған 1.6% пациентте туындаған.

- 1 дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада плацебо алатын 0.9% пациентпен салыстырғанда небиволол қабылдайтын 1.4% пациентте дамыды.

- Аяқтың ісінулері плацебо алатын 0.2% пациентпен салыстырғанда небиволол қабылдайтын 1.0% пациентте байқалған.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық

- бауыр жеткіліксіздігі немесе бауыр функциясының бұзылуы

- жедел жүрек жеткіліксіздігі, кардиогенді шок немесе оң инотропты әсері бар дәрілік заттарды вена ішіне енгізуді талап ететін жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсация эпизодтары.

Басқа бета-адреноблокаторлар сияқты Небивол препаратын да мына кездерде қолдануға болмайды:

- синустық түйіннің әлсіздік синдромы, оның ішінде синоаурикулярлық блокада

- екінші және үшінші дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада (жасанды ырғақ жүргізушісінсіз)

- бронх түйілуі және анамнездегі бронх демікпесі

- емделмеген феохромоцитома

- метаболизмдік ацидозда

- емделмеген феохромоцитома

- брадикардия (жүрек жиырылуының жиілігі ем басталғанға дейін минутына < 60 жиырылу)

- артериялық гипотензия (систолалық артериялық қан қысымы < 90 мм с.б.)

- шеткері қан айналымының күрделі бұзылулары.

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

- лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер

Төменде сипатталған өзара әрекеттесу формалары бета-адренорецепторлардың барлық блокаторларына қатысты.

Келесі препараттармен бір уақытта қолдану ұсынылмайды:

I класты аритмияға қарсы препараттар (хинидин, гидрохинидин, цибензолин, флекаинид, дизопирамид, лидокаин, мексилетин, пропафенон): атриовентрикулярлық өткізгіштік күшеюі және теріс изотропты әсер ұлғаюы мүмкін.

Верапамил/дилтиазем типті кальций иондарының антагонистері: миокард жиырылуына және атриовентрикулярлық өткізгіштікке жағымсыз ықпал. Бета-адреноблокаторлар қабылдайтын пациенттерге верапамилді вена ішіне енгізу айқын артериялық гипотензияға және атриовентрикулярлық блокадаға әкелуі мүмкін.

Орталық әсерлі гипертензияға қарсы препараттар (клонидин, гуанфацин, моксонидин, метилдопа, рилменидин): орталық әсерлі гипертензияға қарсы препараттарды бір уақытта қолдану орталық симпатомиметикалық тонусты төмендету (жүрек жиырылуы және жүрек лықсуы жиілігінің төмендеуі, вазодилатация) салдарынан жүрек жеткіліксіздігінің симптомдарын нашарлатуы мүмкін. Препаратты кенеттен тоқтату, әсіресе бета-адреноблокатордың қолдануды тоқтатқанға дейін „рикошеттік артериялық гипертензияның” туындау қаупін арттыруы мүмкін.

Аса сақтықпен қолдану қажет препараттар:

III класты аритмияға қарсы препараттар (амиодарон): атриовентрикулярлық өткізгіштікке ықпал күшеюі мүмкін.

Жалпы анестетиктер – құрамында галоген бар ингаляциялық дәрілер: бета-адреноблокаторларды жалпы анестетиктермен бірге қолдану рефлекторлық тахикардияны төмендетуі және артериялық гипотензияның туындау қаупін арттыру мүмкін. Бета-адреноблокаторлар қабылдауды кенеттен тоқтатудан аулақ болудың жалпы ережесін басшылыққа алу керек. Анестезиологқа пациенттің Небивол препаратын қабылдап жүргені туралы хабарлау қажет.

Инсулин және пероральді гипогликемиялық препараттар: небиволол глюкоза деңгейіне ықпал етпейтіндігіне қарамастан бір уақытта қолдану гипогликемия симптомдарын (қатты жүрек қағуы, тахикардия) бүркемелеуі мүмкін.

Баклофен (миорелаксант), амифостин (қосымша ісікке қарсы препарат): гипертензияға қарсы препараттармен бір уақытта қолдану, қанның артериялық қысымының төмендеу әсерін күшейтуі ықтимал; осыны ескеріп, гипертензияға қарсы препараттардың дозасын тиісінше түзетеді.

Мақсатқа сәйкестігін бағалауды талап ететін біріктірілген ем:

Жүрек гликозидтері: препараттарды бір уақытта қолдану атриовентрикулярлық өткізгіштіктің баяулауын туындатуы мүмкін. Небивололды киникалық зерттеулер өзара әрекеттесудің клиникалық дәлелдерін анықтамады. Небиволол дигоксиннің фармакокинетикасына ықпал етпейді.

Дигидропиридин типті кальций иондарының антагонистері (амлодипин, фелодипин, лацидипин, нифедипин, никардипин, нимодипин, нитрендипин): мұндай препараттарды бір уақытта қолдану артериялық гипотензияның даму қаупін жоғарылатуы мүмкін, сондай-ақ жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қарыншалар функциясының әрі қарай нашарлауының жоғарғы қаупін жоққа шығаруға болмайды.

Психозға қарсы препараттар, антидепрессанттар (үшциклдық антидепрессанттар, барбитураттар және фенотиазин туындылары), органикалық нитраттар, сондай-ақ басқа гипертензияға қарсы препараттар: бір уақытта қолданғанда бета-адреноблокаторлардың гипотензиялық әсерің (аддитивті әсер) күшеюі мүмкін.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): небивололдың гипотензиялық әсеріне ықпал етпейді.

Симпатомиметиктер: біріктіріп қолданғанда бета-адренорецептор блокаторларының белсенділігін төмендетуі мүмкін. Бета-адреноблокаторлар, альфа-адренергиялық, сондай-ақ бета-адренергиялық әсермен (артериялық гипертензияның, ауыр брадикардияның және жүрек блокадасының даму қаупі) симпатомиметиктердің кедергісіз альфа-адренергиялық белсенділігіне әкелуі мүмкін.

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер

Небиволол метаболизмінде CYP2D6 изоферменті қатысатындықтан, бұл ферменттің тежегіштерін, әсіресе пароксетин, флуоксетин, тиоридазин және хинидин сияқты бір уақытта қолдану қан плазмасындағы небиволол деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін, бұл брадикардия және жағымсыз әсерлердің жоғарғы даму қаупімен байланысты.

Циметидинді бір уақытта қолдану клиникалық әсерлердің өзгерісінсіз қан плазмасындағы небиволол деңгейін жоғарылатады. Ранитидинді бір уақытта қолдану небиволол фармакокинетикасына ықпал етпейді. Небиволол антацидтік дәрілік заттармен, Небиволды тамақтану кезінде, ал антацидтік дәрілік заттарды тағам қабылдаулар арасында қабылдаған жағдайда бірге қолдануға болады.

Небиволол мен никардипинді біріктіріп қолданғанда олардың клиникалық тиімділігі өзгерместен қан плазмасындағы екі препараттың да концентрациясы аздап жоғарылайды. Алкогольді бір уақытта қабылдау, фуросемидті немесе гидрохлоротиазидті қолдану небиволол фармакокинетикасына ықпал етпейді. Небиволол варфариннің фармакокинетикасына және фармакодинамикасына ықпал етпейді.

Айрықша нұсқаулар

Төменде сипатталған ескертулер мен сақтық шаралары бета-адренорецепторлардың барлық блокаторларына қатысты.

Жалпы наркоз

Бета-адренорецепторлардың блокадасын демеу наркозға және интубацияға енгізу уақытында жүрек ырғағының бұзылу қаупін төмендетеді. Егер бета-адренорецепторлардың блокадасы пациентті хирургиялық араласуға дайындалу мақсатында үзілсе, бета-адреноблокаторларды енгізуді операцияға дейін 24 сағат бұрын тоқтату керек.

Миокард функциясының бәсеңдеуін туындататын жеке анестетиктерді қолданғанда сақтық таныту қажет. Пациентте вагустық реакциялардың пайда болуын атропинді вена ішіне енгізу көмегімен алдын алуға болады.

Жүрек-қантамыр жүйесі

Емделмеген іркілісті жүрек жеткіліксізігі бар пациенттерге бета-адреноблокаторларды олардың күйі тұрақтанғанға дейін тағайындамаған жөн.

Ишемиялық жүрек ауруы бар пациенттерде бета-адреноблокаторлармен емді біртіндеп тоқтату керек, яғни 1-2 аптадан астам уақыт бойы. Қажет жағдайда, стенокардияның өршуін ескерту үшін бір уақытта орын басушы емді бастау ұсынылады.

Бета-адреноблокаторлар брадикардия туындатуы мүмкін: егер тыныштық жағдайында пульс минутына 50–55 соққыға дейін төмендесе және (немесе) пациентте брадикардияға нұсқайтын симптомдар дамыса дозаны төмендету қажет.

Бета-адреноблокаторлар мыналарды емдегенде қолданылуы керек:

  • шеткері қан айналымы бұзылған пациенттерді (Рейно ауруы немесе синдромы, мезгіл-мезгіл ақсақтық), өйткені аталған аурулардың өршуі мүмкін;

  • жүрек өткізгіштігі бета-адреноблокаторларының баяулауымен байланысты I дәрежедегі атриовентрикулярлық блокадасы бар пациенттерді;

  • кедергісіз, альфа-адренорецепторлар арқылы жүретін, коронарлық артериялардың вазоконстрикциясы қаупіне байланысты Принцметал стенокардиясы бар пациенттерді: бета-адреноблокаторлар стенокардия ұстамаларының жиілігін және ұзақтығын арттыруы мүмкін.

Әдетте небивололды верапамил және дилтиазепам типті кальций антагонистерімен, I класты аритмияға қарсы препараттармен және орталық әсерлі гипертензияға қарсы препараттармен бір уақытта қолдану ұсынылмайды.

Зат алмасу/эндокриндік жүйе

Небивол қант диабеті бар науқастарда қандағы глюкоза мөлшеріне ықпал етпейді. Алайда мұндай пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану керек, өйткені небиволол гипогликемияның кейбір белгілерін (тахикардия, қатты жүрек қағуы) бүркемелеуі мүмкін.

Бета-адреноблокаторлар қалқанша без гиперфункциясында тахикардия симптомдарын бүркемелеуі мүмкін. Препаратты кенеттен тоқтатқанда бұл симптомдар күшеюі мүмкін.

Тыныс алу жүйесі

Созылмалы обструктивті өкпе аурулары бар пациенттерге аталған препараттар туындатқан тыныс алу жолдары констрикциясының ықтимал күшеюіне байланысты бета-адреноблокаторларды сақтықпен қолдану керек.

Басқа жүйелер

Бета-адреноблокаторларды анамнезінде псориазы бар пациенттерге тағайындау препарат қабылдаудан болатын пайда мен қауіпті салыстырғаннан кейін ғана болады.

Бета-адреноблокаторлар аллергендерге сезімталдықты және анафилаксиялық реакциялардың ауырлық дәрежесін арттыруы мүмкін.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеуді бастау тұрақты қадағалануы тиіс. Дозалау режимі және қолдану тәсілі «Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімінде сипатталған. Аса қажет жағдайларды қоспағанда, емді кенеттен тоқтатуға болмайды.

Небивол препаратының құрамында лактоза бар, сондықтан оны сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы (Лапп типі) немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттерге тағайындау керек емес.

Жүктілік және лактация кезеңі

Небивололдың фармакологиялық әсері жүктілік ағымына және (немесе) шаранаға/нәрестеге кері ықпал тигізуі мүмкін. Бета-адреноблокаторлар плацентада қан ағысын төмендетеді, бұл өсудің баяулауына, шарананың жатыр ішінде өлуіне, өздігінен түсік тастауға немесе мерзімінен бұрын босануға әкелуі мүмкін. Шарана мен нәрестеде жағымсыз реакциялар (мысалы, гипогликемия және брадикардия) дамуы мүмкін. Егер бета-адреноблокаторлармен емдеу қажет болса, бета1-aдренергиялық рецепторларды селективті бөгейтін дәрілік заттарды қолдану ұсынылады. Небивол препаратын аса қажет болмаса жүктілік кезінде қолданбаған жөн. Егер небивололмен емдеу қажет болса жатыр-плацента қан айналымын және шарананың дамуын қадағалау керек. Жүктілік ағымына немесе шарананың дамуына жағымсыз әсер кеткен жағдайда баламалы препараттармен емдеу туралы мәселені қарау керек. Нәрестені мұқият қадағалау керек. Гипогликемия және брадикардия симптомдары алғашқы үш күн ішінде дамуы мүмкін.

Жануарларға жасалған зерттеулер небиволол емшек сүтімен бөлінетінін көрсетті. Препарат әйелдердің емшек сүтімен бөліне ме белгісіз. Бета-адреноблокаторлардың көпшілігі, әсіресе небиволол және оның белсенді метаболиттері сияқты липофильді қосылыстар емшек сүтімен бөлінеді, алайда әртүрлі өлшемдерде. Сондықтан Небивол препаратын қолданғанда емшек емізу ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын басқару және механизмдерді қарау қабілетіне ықпал етуге қатысты зерттеулер жүргізілмеді. Фармакодинамикалық зерттеулер Небивол психомоторлық функцияға ықпал етпейтінін көрсетті.

Көлік құралдарын басқару және механизмдермен қызмет көрсеткенде препарат қабылдау кейде бас айналуы және шаршау сезімін туындатуы мүмкін екенін ескеру қажет.

Артық дозалануы

Небивол препаратын артық дозалауға қатысты деректер жоқ.

Симптомдары

Бета-адреноблокаторлармен артық дозалану симптомдары мыналар: брадикардия, артериялық гипотензия, бронх түйілуі және жедел жүрек жеткіліксіздігі.

Емі

Артық дозалану немесе аса жоғары сезімталдық жағдайында пациент мұқият қадағалануы және қарқынды емдеу бөлімшесінде емделу тиіс. Қандағы глюкоза деңгейін бақылау қажет. Асқазан-ішек жолындағы препараттың сіңірілуін асқазанды шаю және белсендірілген көмір және іш жүргізетін дәрілер енгізу арқылы алдын алуға болады. Өкпені жасанды желдету жүргізу қажет болуы мүмкін. Брадикардия және жоғарғы ваготония кезінде атропин немесе метилатропин енгізу керек. Артериялық гипотензия және шок жағдайында плазма немесе плазма алмастырғыш енгізу керек, қажет жағдайда катехоламиндер енгізеді. Бета-адренобөгегіш әсерді шамамен 5 мкг/мин дозадан бастап немесе добутамин, 2,5 мкг/мин дозадан бастап күтілген әсерге жеткенге дейін изопреналин гидрохлоридін баяу вена ішіне енгізумен тоқтатуға болады.

Емге реакция болмағанда изопреналинді допаминмен бір уақытта енгізуге болады. Егер жоғарыда келтірілген тәсілдер тиімсіз болған жағдайда глюкагонды 50-100 мкг/кг дозада вена ішіне енгізудің жөндігін қарастыру керек. Егер қажет болса, инъекцияны бір сағат ішінде және қажет болса, 70 мкг/кг/сағ есебінен глюкагонды вена ішіне инфузияны қайталауға болады. Брадикардия кезіндегі фармакологиялық емге келмейтін экстремалдық жағдайларда жасанды ырғақ жүргізушісінің қосылуы талап етілуі мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

7 немесе 14 таблеткадан поливинилхлорид үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

1 (14 таблеткадан), 2 (7 немесе 14 таблеткадан) немесе 4 (7 таблеткадан) пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/қаптаушы

Специфар С.А., Афины қ-сы, Греция

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ-сы, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ-сы, Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі +7 7252 (610151)

Электрондық поштасы complaints@santo.kz

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ-сы, Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі +7 7252 (610150)

Электрондық поштасы phv@santo.kz; infomed@santo.kz

Прикрепленные файлы

Небивол_инструкция_каз.docx 0.08 кб
Небивол_инструкция_рус.doc 0.15 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники