Наятокс

Производитель: Мекофар Кемикал Фармасьютикал Джойнт Сток Компании
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020701
Информация о регистрации в РК: 02.07.2014 - 02.07.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Наятокс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай 20 г

Құрамы

100 г жақпамай құрамында

белсенді заттар: қарапайым кобраның құрғақ уы 12 ТБ

метилсалицилат 4.0 г

камфора 3.0 г

эвкалипт майы 2.0 г (1.4 г цинеолға баламалы);

қосымша заттар: вазелин, ара балауызы

Сипаттамасы

Метилсалицилат, камфора және эвкалипт майына тән иісі бар, сәл сарғыштау реңді ақ түсті, біртекті жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар. Басқа да препараттар

АТХ коды M02AХ10

 

Фармакологиялық қасиеттері

"Наятокс" жақпамайының жергілікті тітікендіретін және ауыруды басатын (аулақтатқыш) әсері бар.

Терінің сезімтал рецепторларының тітіткенуі мен белсенді заттардың (гистамин, ферменттер, органикалық қышқылдар және т.б.) сіңуі тамырлардың кеңеюіне, астыңғы тіндер трофикасының жақсаруына ықпал етеді және препараттың ауыруды басатын әсерін айқындайды.

Наятокс уытты емес. Теріге жаққанда қабыршықтану, эритема, ісіну сияқты тітікену белгілерін туындатпайды.

Қолданылуы

- шығу тегі әр түрлі артритте

- невралгияда

- миалгияда

- ишиаста

- радикулитте

- ауыру синдромымен қатар жүретін тірек-қимыл аппаратының басқа да ауруларында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Жақпамайды ауыратын бөліктердің терісіне тәулігіне 1 рет 5-тен 10 г дейін (1-2 шай қасық жақпамай), ауыруды қатты сезіну кезінде – ауыру синдромы қайтқанға дейін тәулігіне 2 рет бөлшектеп, теріге ысқылап жағады. Емдеу курсы дәрігердің кеңесінсіз 10 күннен аспауы тиіс.

Көзге және басқа да шырышты қабықтарға жақпамайдың тиіп кетуін болдырмас үшін, жақпамайды қолданғанннан кейін қолды мұқият жуу қажет.

Жағымсыз әсерлері

Сирек:

- аллергиялық реакциялар (қызару, қышыну, ісіну, есекжем, бөрту), препарат қолдануды тоқтатқаннан кейін қайтады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

- тері аурулары

- жақпамай жағатын жерлерде тері жабындарының механикалық зақымдануы

- белсенді өкпе туберкулезі

- қызба жағдайы

- жалпы әлсіреу

- ми және коронарлық қан айналымының айқын жеткіліксіздігі

- ангиоспазмға бейімділік

- бауыр мен бүйрек функциясының айқын бұзылуы

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат тері гиперемиясын туындатады және тері асты тінінде қан айналымын рефлекторлы түрде күшейтеді, осылайша, жергілікті әсер ететін басқа да препараттармен бірге қолдану олардың сіңуін күшейтуге әкелуі мүмкін. Үлкен мөлшерде пайдалану метотрексаттың уыттылығын жоғарылатуы және гипогликемиялық дәрілердің емдік әсерін төмендетуі мүмкін. Препаратты пероральді антикоагулянттармен қолдануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты дәрігердің кеңесінсіз балаларға қолдану ұсынылмайды. Жақпамайдың ашық жаралар мен шырышты қабыққа тиіп кетуін болдырмаған жөн. Жақпамай байқаусызда көздің шырышты қабығына тиіп кеткен жағдайда, оны судың көп мөлшерімен жуып-шаю қажет.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде реакция жылдамдығына әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Препарат сыртқа қолдануға арналған!

Жақпамайды жиі пайдаланғанда тері тарапынан қызару, қышыну түрінде жергілікті тітікену белгілері болуы мүмкін.

Емі: Артық дозалану жағдайында дәрігерге қаралу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 г препараттан алюминий сықпаға салынған.

Бір сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15 °С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 лет

Сақтау шарттары сақталғанда, сықпа ашылғаннан кейінгі қолдану кезеңі

5 жыл.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Мекофар Кемикал-Фармасьютикал Джойнт Сток Компани»

297/5 Ли Тхыонг Киет к-сі, 11 ауданы, Хо Ши Мин қ., Вьетнам

Тіркеу куәлігінің иесі

«Мекофар Кемикал-Фармасьютикал Джойнт Сток Компани», Вьетнам

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Менеджер - Канаева Ләззат Бақытқызы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Айтиев к-сі 46-18

Тел/Факс: +7 (727) 395 91 13

Моб. тел: +7 (701) 718 25 92

Электронды поштасы: layka16@mail.ru

Прикрепленные файлы

772247581477976700_ru.doc 45.5 кб
835133481477977835_kz.doc 53 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники