Нафтизин (Капли назальные 0.1%)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Нафтизин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Нафазолин
Дәрілік түрі
0,05% және 0,1% мұрын тамшы дәрісі
Құрамы
100 мл препараттың құрамында
белсенді зат – 50 мг, 100 мг нафазолин нитраты,
қосымша заттар: бор қышқылы, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе сәл боялған сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Антиконгестанттар және басқадай мұрынға арналған препараттар. Симпатомиметиктер.
АТЖ коды R01АА08
Фармакологиялық қасиеттері
Нафтизин - альфа-адреномиметик. Ол альфа2-адренорецепторларды тікелей ынталандыратын симпатомиметик болып табылады. Альфа2-адренорецепторларына әсер ету арқылы шеткергі қантамырларына қатысты алғанда нафтизинның айқын тамыртарылтқыш әсері бар. Нафазолинді ринит кезінде интраназальды қолдану мұрынмен тыныс алудың жеңілдеуіне ықпал етеді. Мұрын қосалқы қойнаулары шығу жолдарының ашылуы мен кеңеюіне және евстахиялық түтікшелердің босауына ықпал етеді. Бұл секреттің ағып кетуіне ықпал етеді және бактериялардың мұрын шырыштарында тұрып қалуын болдырмайды.
Қолданылуы
- жедел ринитте, синуситте, ларингитте, евстахиитте
- аллергиялық ринитте
- шығу тегі аллергиялық көмей ісінуінде
- сәулелену аясындағы болған көмейдің ісінуінде
Ісінуді, мұрын шырышының қабыну реакцияларын азайту мақсатында травматология мен хирургияда риноскопия мен басқа да диагностикалық және хирургиялық манипуляцияларды жүргізуге, сондай-ақ беткейлік жансыздандыруға арналған қосымша дәрілік зат ретінде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге ринит кезінде әр мұрын қуысына 0,05 % немесе 0,1 % ерітіндіні күніне 2-3 рет 2-3 тамшыдан тамызу ұсынылады. 2 жастан асқан балаларға - 0,05 % ерітіндіден 1-2 тамшыдан. Беткейлік жансыздандыруға арналған дәрілік зат ретінде - 2-4 тамшы мөлшерінде 0,1% препарат ерітіндісі жергілікті жансыздандырғыштың 1 мл-на.
Жағымсыз әсерлері
- күйдіру немесе құрғау сезімі
- реактивті гиперемия
- жүрек айнуы, бас ауыруы
- артериялық қысымның жоғарылауы, тахикардия
- мұрынның шырышты қабығының ісінуі (7 күннен астам қолданған кезде)
- атрофиялық ринит
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа жеке сезімталдықта
- артериялық гипертензияда, тахикардияда, айқын атеросклерозда
- гипертиреозда
- созылмалы ринитте
- қант диабетінде
- 2 жасқа (0,05% үшін), 18 жасқа (0,1% үшін) дейінгі балаларға
- МАО тежегіштерін бір мезгілде қабылдағанда және оларды қабылдауды аяқтағаннан кейінгі 14 күнгі кезеңде
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Нафтизин® ішу арқылы қабылдауға тағайындалатын гипотензивті дәрілердің емдік белсенділігін төмендетеді. Орталық жүйке жүйесі ынталандырғыштарының әсерін күшейтеді. Ниаламидпен, бефолмен біріктіруге болмайды – Нафтизин®ді оларды қабылдағаннан кейін 10 күн өтпей, тағайындамаған жөн.
Айрықша нұсқаулар
Ұзақ уақыт қолданған кезде тахифилаксияның (дағдылану) дамуы салдарынан препараттың тиімділігі төмендейді және дәрі-дәрмектік риниттің дамуы мүмкін, бұл орайда препаратты тоқтату мұрынның бітеліп қалуын туындатады.
Жүктілік және лактация
Препаратты жүктілік және емшек емізу кезінде қолданудан күтілетін пайда ана мен бала үшін ықтималды қауіпті ақтайтын жағдайда ғана мүмкін болмақ.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану автомобиль және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Белгілері: дене температурасының төмендеуі, брадикардия, артериялық қысымның жоғарылауы.
Емдеу: симптоматикалық емдеу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Полимер тығын-тамшылатқыш және бұрандалы қақпақпен тығыз жабылған полимер құты-тамшылатқыштарда 15 мл-ден.
1құты-тамшылатқыштан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 250С-тен аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құты-тамшылатқышты ашылғаннан кейінгі 30 күн ішінде пайдалану керек.
Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
“Славянская аптека” ЖШҚ, Ресей Федерациясы
601125, Владимировская обл., Петушинский ауданы, Вольгинский кенті
Тел. (495) 742-6—36, 450-42-48
Тіркеу куәлігінің иесі
“Славянская аптека” ЖШҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
“Славянская аптека” ЖШҚ, Ресей Федерациясы
601125, Владимировская обл., Петушинский ауданы, Вольгинский кенті
Тел. (495) 742-6—36, 450-42-48