Нафазолин-К (спрей назальный 0,1%)

МНН: Нафазолин
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Naphazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013744
Информация о регистрации в РК: 24.09.2012 - 24.09.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Нафазолин-К

Халықаралық патенттелмеген атауы

Нафазолин

Дәрілік түрі

0,05% және 0,1% мұрынға арналған спрей 10 мл, 20 мл

Құрамы

1 л препараттың құрамында белсенді зат - нафазолин нитраты 0,5 г, 1,0 г

қосымша заттар - бор қышқылы, тазартылған су.

.

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Антиконгестанттар және мұрынға жергілікті қолдануға арналған басқа да препараттар. Симпатомиметиктер

АТХ коды R01АА08

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Шырышты қабыққа жаққаннан кейін жылдам сіңеді. Кері сіңірілетін әсері бар.

Фармакодинамикасы

Альфа-адреномиметик. Тамыр тарылтатын айқын әсері бар. Нафазолин альфа2-адренорецепторларын көтермелейді, бұл шеткергі қан тамырларының тарылуына әкеліп, артериялық қысымды көтереді, көз қарашығын кеңейтеді. Қан тарылтушы әсерінің салдарынан препарат ісінуді, гиперемияны, экссудацияны азайтады.

Қолданылуы

- жедел ринитте

- аллергиялық ринитте

- жедел және созылмалы ларингитте

- шығу тегі аллергиялық көмей ісінуінде

- сәулелену аясындағы көмей ісінуінде

- операциядан кейінгі гиперемия және жоғарғы тыныс жолдары шырышты қабықтарының ісінуінде

- риноскопияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Мұрынға арналған спрей

Ересектерге 0,1% және 0,05% әр мұрын қуысына 1 бүрку күніне 1-2 рет.

Балаларға 0,05% 2 жастан 6 жасқа дейін 1 бүркуден, 6-дан 15 жасқа дейін әр мұрын қуысына 1 бүркуден күніне 1-2 рет. Дауыс байламдарының ісінуі кезінде спрей түріндегі 1-2 мл ерітіндіні немесе аз дозамен көмейге салатын еккішпен енгізеді.

Беткейлік анестезия кезінде қосымша дәрі ретінде –жергілікті анестетиктің 1 мл-на 2-4 тамшыдан.

Емдеу курсы 5-6 күн.

Жағымсыз әсерлері

- бас ауыруы

- артериялық қысымның көтерілуі, тахикардия

- жүрек айнуы

- шырышты қабықтың тітіркенуі және реактивті гиперемиясы

- шырышты қабықтың ісінуі (1 аптадан артық қолданғанда), атрофиялық ринит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • 2 жасқа дейінгі балалар (0,05% ерітінді үшін)
  • 12 жасқа дейінгі балалар (0,1% ерітінді үшін)
  • артериялық гипертония, тахикардия, айқын атеросклероз
  • ауыр көз аурулары
  • гипертиреоидизм

  • қант диабеті

  • созылмалы ринит

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • МАО тежегіштермен бір мезгілде қабылдау (антидепрессанттар) және оларды қабылдау аяқталған соң 14 күнге дейінгі кезең

  • жабық бұрышты глаукома

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

МАО тежегіштермен бір мезгілде және оларды қабылдау аяқталғаннан кейінгі 10 күн ішінде қабылдауға болмайды. Препарат жергілікті жансыздандыратын ДЗ сіңуін баяулатады (беткейлік анестезия жүргізгенде олардың әсерін ұзартады).

Айрықша нұсқаулар

Препарат кері сіңірілетін әсер беруі мүмкін.

Ұзақ қолданғанда тамыртарылтқыш әсерінің айқындылығы біртіндеп төмендейді. Ұзақ қолданғанда төзімділігі дамуы мүмкін.

Препаратты дәрігердің кеңесінсіз ұзақ қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты тек қатаң көрсетілімдер бойынша жүктілік және лактация кезеңінде анасы үшін күтілетін емдік әсері ұрық немесе балаға қатысты жағымсыз әсерлердің ықтимал қатерінен асып түсетін жағдайда ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары - дене температурасының төмендеуі, брадикардия, артериялық гипертензия.

Емі - симптоматикалық

Шығарылу түрі және қаптамасы

Спрей: 0,05% және 0,1% ерітінді құтыларға 10 мл, 20 мл құйылған.

Бүріккіш қақпағы мен қорғаныш қалпақшасы бар жоғары тығыздықтағы полиэтилен құтыларға 10 мл және 20 мл құйылған. Құтылар арасына картон төсеуіштер салынып, медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тиісті нұсқаулықтардың санымен бірге картон қорапқа орналастырылған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін дәрілік зат қолданылмауы тиіс.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндірушінің атауы және мекенжайы:

Фармация 2010 ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ., Чкалов көшесі 7, тел.факс (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Фармация 2010 ЖШС, Қазақстан

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

Фармация 2010 ЖШС, Қазақстан

Прикрепленные файлы

371725041477977043_ru.doc 47 кб
778766581477978224_kz.doc 78 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники