Нафазолин А (0,1%)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Нафазолин А
Халықаралық патенттелмеген атауы
Нафазолин
Дәрілік түрі
Құрамы
1 л ерітінді құрамында
белсенді зат – 5 мг немесе 10 мг нафазолин нитраты
қосымша заттар - бор қышқылы, тазартылған су
Сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе аздаған сарғыш сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Антиконгестанттар және жергілікті қолдану үшін мұрынға арналған басқа да препараттар. Симпатомиметиктер. Нафазолин
АТХ коды R01AA08
Фармакологиялық қасиеттері
Нафазолиннің емдік әсері препаратты тамызғаннан соң 5 минуттан кейін дамиды және 8 сағатқа дейін жалғасады. Жергілікті қолданғанда нафазолин қан айналымы жүйесіне сіңуі және жүйелік әсер етуі мүмкін.
Фармакодинамикасы
Альфа-адреномиметик. Нафазолин альфа2-адренорецепторларға тікелей стимуляциялайтын әсер ететін симпатомиметик болып табылады. Тамырды тарылтатын әсерінің нәтижесінде ісінуді, гиперемияны, экссудацияны азайтады. Интраназальді қолданған кезде ринит кезінде мұрынмен демалуды жеңілдетеді. Мұрынның қосалқы қойнауларының кіру түтікшелерінің ашылуы мен кеңеюіне және евстахий түтіктерінің босауына ықпал етеді. Бұл секреттің шығуына ықпал етеді және бактериялардың мұрын шырышына шөгуін болдырмайды.
Қолданылуы
- жедел ринитте
- пішен тұмауында
- операциядан кейінгі жоғарғы тыныс алу жолдары шырышты қабығының гиперемиясында және ісінуінде
- риноскопияда
Қолдану тәсілі және дозалары
0,1 % мұрынға тамызатын дәрісін ересектерге және 15 жастан асқан балаларға әрбір мұрын қуысына 1-3 тамшыдан күніне 3 рет қолданады.
Беткейлік анестезия кезінде қосымша дәрі ретінде – 1 мл жергілікті анестетикке 2-4 тамшыдан. Емдеу курсы 5-7 күн. Қайта емдеу курсын дәрігер тағайындайды.
0,05 % мұрынға тамызатын дәрісін:
- 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға - әрбір мұрын қуысына 1 – 2 тамшыдан күніне 3 рет
- 6 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға - әрбір мұрын қуысына 2 тамшыдан күніне 3 рет.
Емдеу курсы 5-7 күн. Қайта емдеу курсын дәрігер тағайындайды.
Жағымсыз әсерлері
- шырышты қабықтың тітіркенуі
- артериялық қысымның жоғарылауы, тахикардия
- жүрек айну, бас ауыруы
- шырышты қабықтың реактивті гиперемиясы
- 1 аптадан аса қолданғанда - мұрын шырышты қабығының ісінуі, атрофиялық ринит
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- артериялық гипертония, тахикардия, айқын атеросклероз
- ауыр көз аурулары
- гипертиреоидизм
- қант диабеті
- созылмалы ринит
- 2 жасқа дейінгі балалар 0,05%, 0,1%
- жабық бұрышты глаукома
- моноаминоксидаза тежегіштерімен бір уақытта және оларды қабылдап болғаннан кейін 14 күнге дейінгі аралықта қабылдау
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Жергілікті жансыздандыратын дәрілік заттардың сіңуін баяулатады (беткейлік жансыздандыруда олардың әсерін ұзартады). Моноаминоксидаза тежегіштерімен үйлесімсіз.
Айрықша нұсқаулар
Нафазолинді ауытқымалы артериялық қысымы, аритмиясы, жүрек қағуы, бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық, ұйқысыздық бар тұлғаларда сақтықпен қолданған жөн.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты тек қатаң көрсетілімдер бойынша жүктілік және лактация кезеңінде анасы үшін күтілетін емдік әсері ұрық немесе балаға қатысты жағымсыз әсерлердің ықтимал қатерінен асып түсетін жағдайда ғана қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жағымсыз әсерін ескере отырып, автокөлікті және басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқарғанда сақ болу қажет.
Артық дозалануы
Симптомдары - дене температурасының төмендеуі, брадикардия, артериялық гиепртензия.
Емі - симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 мл препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын қақпақшамен жабылған пластик тамшылатқыш құтыда. Әр құтыға заттаңба жапсырылады. Құтыларды медициналық қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге құтылардың санына сәйкес топтық қаптамаға салады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 18°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«АлиС Фарм» ЖШС үшін «DOSFARM» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3
Тіркеу куәлігінің иесі
«АлиС Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Тополевский к-сі, 157К
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«АлиС Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы,
Тополевский к-сі, 157К
тел./факс: +7(727) 246 70 94,
электронды пошта: ip_samenova.mk@mail.ru
4