Нафазолин-DF (капли назальные 0.1%)

МНН: Нафазолин
Производитель: Досфарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Naphazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010568
Информация о регистрации в РК: 16.10.2012 - 16.10.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Нафазолин-DF

Халақаралық патенттелмеген атауы

Нафазолин

Дәрілік түрі

10 мл-лік 0,05 % және 0,1% мұрын тамшы дәрісі

Құрамы

10 мл препараттың құрамында

белсенді затнафазолин нитраты – 5 мг немесе 10 мг

қосымша заттарбор қышқылы, тазартылған су

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыш түсті сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Антиконгестанттар және жергілікті қолданылатын мұрынға арналған басқа да препараттар. Симпатомиметиктер.

АТХ коды R01АА08

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Нафазолиннің емдік әсері препаратты тамызғаннан кейін 5 минуттан соң дамиды және 8 сағатқа дейін жалғасады. Нафазолинді жергілікті қолданған кезде жүйелі қан ағысына сіңуі және жүйелі әсер етуі мүмкін.

Фармакодинамикасы

Альфа-адреномиметик. Нафазолин альфа2-адренорецепторларды тікелей көтермелейтін симпатомиметик болып табылады. Тамыртарылқыш әсеріне байланысты ісіну, гиперемия, экссудация азаяды. Нафозолинді риниттерде мұрын ішіне қолданғанда мұрын арқылы тыныс алуды жеңілдетеді. Мұрынның қосалқы қойнауына ауа енетін өзектерінің ашылуы мен кеңеюіне және евстахиев түтіктерінің босауына ықпал етеді. Бұл сөліністің ағып шығуына ықпал етеді де мұрын шырышында бактериялардың жиналуына жол бермейді.

Қолданылуы

- жедел ринитте

- маусымдық тұмауда

- операциядан кейінгі жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабатының гиперемиясы және ісінуінде

- риноскопияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 15 жастан асқан балаларға 0,1% мұрынға арналған тамшының әрбір мұрын қуысына 1-3 тамшыдан күніне 3 рет.

Беткей анестезия кезінде қосымша дәрі ретінде – анестетиктің 1 мл-не 2-4 тамшыдан. Емдеу курсы 5-7 күн. Курсты қайталауды дәрігер тағайындайды.

0,05% мұрынға арналған тамшының қолданылуы:

- 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға - әрбір мұрын қуысына 1-2 тамшыдан күніне 3 рет

- 6 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға - әрбір мұрын қуысына 2 тамшыдан күніне 3 рет.

Емдеу курсы 5-7 күн. Курсты қайталауды дәрігер тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

- шырышты қабықтың тітіркенуі

- қан қысымының жоғарылауы, тахикардия

- жүрек айнуы, бас ауыруы

- шырышты қабықтағы реактивті гиперемиясы

- 1 аптадан асыра қолданған кезде - шырышты кабаттың ісінуі, атрофиялық ринит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- 2 жасқа дейінгі балалар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- артериалды гипертония, тахикардия, айқын атеросклероз

- көздің ауыр аурулары

- гипертиреоидизм

- қант диабеті

- созылмалы ринит

- моноаминоксидаза тежегіштерімен бір мезгілде қабылдағанда және оларды қолдану аяқталғаннан кейін 14 күндік мерзім кезінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат жергілікті жансыздандыратын заттардың сіңуін (беткей анестезияны жүргізген кезде олардың әсерін ұзартады) баяулатады.

Моноаминоксидаза тежегіштерімен сыйымсыз.

Айрықша нұсқаулар

Нафазолин-DF қан қысымы тұрақсыздығы бар адамдарға қолданған кезде сақ болу керек.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік пен лактация кезінде ана үшін емдік тиімділігі ұрыққа немесе балаға болуы мүмкін қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қатаң көрсетілімдері бойынша қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автокөлікті немесе қауіпті механизмдерді басқарғанда міндетті түрде сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары – дене температурасының төмендеуі, брадикардия, артериалды гипертензия.

Емдеу белгілеріне қарай.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Алғаш ашылуы бақыланатын қақпақпен тығындалған, пластикті тамшылатқыш-құтыларда 10 мл препараттан. Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге топтық қаптамаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 18°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3.

Тіркеу куәлігінің иесі

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан

Тұтынушылардан өнім сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-cі, 3, тел./факс: (727) 253-03-88, эл. мекенжайы: dosfarm@dosfarm.kz

 

Прикрепленные файлы

123178861477977044_ru.doc 43.5 кб
494724041477978227_kz.doc 48 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники