Натрия хлорид (раствор для инъекций, 0.9%, Дальхимфарм ОАО)

МНН: Натрия хлорид
Производитель: Дальхимфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Растворители и растворы для разведения, включая ирригационные растворы
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022534
Информация о регистрации в РК: 15.02.2022 - 15.02.2032
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 32.93 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Натрий хлориді

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 0,9% натрий хлориді ерітіндісі

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат: натрий хлориді - 9 мг

қосымша зат: инъекцияға арналған су – 1 мл-ге дейін.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Емдік емес басқа да дәрілер. Еріткіштер.

АТХ коды V07AВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Натрий және хлор иондары қан плазмасының және жасушадан тыс сұйықтықтың тиісті осмотикалық қысымын қолдайтын жасушадан тыс сұйықтықтың ең маңызды органикалық емес компоненттері болып табылады. Натрий хлориді енгізгеннен кейін бүкіл организм бойынша жылдам таралады, елеусіз метаболизденеді. Жартылай шығарылу кезеңі шамамен 1 сағатты құрайды. Өзгермеген түрде бүйрекпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі адам плазмасына изотониялық және сондықтан тамыр арнасынан жылдам шығарылады. Бүйрекпен шығарылады.

Қолданылуы

Дәрілік препараттарды еріту және сұйылту.

Қолдану тәсілі және дозалары

Қолдану тәсілі еритін немесе сұйылатын дәрілік заттың қолдану тәсілімен анықталады.

Белгілі бір дәрінің ерітіндісін дайындау мақсатында натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісінің мөлшері соңғы қолдану жөніндегі нұсқаулықпен немесе жағдайға байланысты дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

Еріткіш ретінде аз дозада енгізген кезде жағымсыз әсерлері анықталмаған. Аса жоғары сезімталдық болуы мүмкін. Ацидоз, гипергидратация, гипокалиемия.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Инъекцияға арналған натрий хлоридінің ерітіндісі дәрілік заттардың ерітіндісі ретінде, егер олардың кейбірі үшін басқа еріткіш міндетті болып көрсетілмесе қолданылмайды.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен араластырған кезде үйлесімділігін көзбен бақылау қажет (дегенмен, көрінбейтін және емдік үйлесімсіздік болуы мүмкін). Басқа еріткішпен бірге пайдалануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісін пайдаланумен дәрілік заттардың ерітінділерін дайындау стерильдік жаңдайларда іске асырылады (ампулаларды ашу, шприцті және дәрілік заттар бар ыдыстарды толтыру).

Жүктілік кезінде және емшек емізу кезеңінде натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі көрсеткіштер бойынша пайдаланылуы мүмкін.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану көлік құралдарын, механизмдерді басқаруға әсер етпейді.

Артық дозалануы

Натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісін көп мөлшерде енгізу гиперхлоремиялық ацидозға және гипергидратацияға, сондай-ақ гипокалиемияға әкелуі мүмкін.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Инъекцияға арналған дәрілік түрлерді дайындау үшін 0,9% еріткіш.

5 мл, 10 мл-ден бейтарап шыны ампулаларда.

10 ампуладан қолдану жөніндегі нұсқаулықпен ампулаларды ашуға арналған пышақпен немесе ампулалық скарификатормен бірге салынады.

Кертігі, сақиналары және сындыру нүктесі бар ампулаларды пайдалану кезінде ампулалық скарификаторды немесе ампулаларды ашуға арналған пышақты салмауға болады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 2-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші

«ДАЛЬХИМФАРМ» ААҚ, 680001, Ресей Федерациясы

Хабаровск өлкесі, Хабаровск қ-сы, Ташкентская к-сі, 22,

тел/факс (4212) 53-91-86.

Тіркеу куәлігінің иесі

«ДАЛЬХИМФАРМ» ААҚ, 680001, Ресей Федерациясы

Хабаровск өлкесі, Хабаровск қ-сы, Ташкентская к-сі, 22,

тел/факс (4212) 53-91-86.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан препарат сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«МедЛайн Фармацевтика» ЖШС

Қазақстан Республикасы, 050054, Алматы қ-сы, Сүйінбай д-лы, 162А,

тел. 8 (727) 225 00 37

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік препараттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:

«МедЛайн Фармацевтика» ЖШС

Қазақстан Республикасы, 050054, Алматы қ-сы, Сүйінбай д-лы, 162А,

тел. 8 (727) 225 00 37

Прикрепленные файлы

Натрия_хлорид_инструкция_рус.doc 0.04 кб
Натрия_хлорид_инструкция_каз.doc 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники