Натрия хлорид 100мл (0,9%)

МНН: Натрия хлорид
Производитель: ТОО "НУР-МАЙ ФАРМАЦИЯ"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Sodium chloride
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№019988
Информация о регистрации в РК: 15.12.2020 - 15.12.2030
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Натрий хлориді

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған 0.9 % ерітінді

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат - 9.0 мг натрий хлориді,

қосымша зат - инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Кермек дәмді мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастырғыш және перфузиялық ерітінділер. Ирригациялық ерітінділер. Тұзды ерітінділер. Натрий хлориді

АТХ коды В05СВ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Вена ішіне енгізгенде 0.9% натрий хлориді ерітіндісі қантамыр арнасынан жылдам шығарылады, интерстициальді сектор мен жасушалар ішіне өтеді. Жартылай шығарылу кезеңі – 1 сағатқа жуық. Натрий, хлор иондары, cондай-ақ су диурезді арттыра отырып, бүйрекпен өте жылдам шығарыла бастайды.

Фармакодинамикасы

Препарат қан мен жасуша аралық сұйықтықтың осмостық қысымын қалпына келтіруге ықпал етеді, қан арнасында төмендеген айналымдағы сұйықтық көлемін толықтырады, иондық тепе-теңдікті қалыпқа келтіреді. Уытсыздандыратын әсер береді.

Негізінен организмдегі сұйықтық көлемі азайғанда, бұзылған су-тұз гемостазын қалпына келтіреді. Препараттың қан арнасынан жылдам шығатынына байланысты, оны қан жоғалтқанда және шокта қолдану тиімділігі жеткіліксіз.

Қолданылуы

- организм сусызданғанда - уытты диспепсияда - тұрақты диареяда - тоқтаусыз құсуда - тырысқақта - уланулар мен токсикоинфекцияда - диабеттік кетоацидозда - жараларды, көзді, мұрынның шырышты қабығын шаю үшін Сонымен бірге инъекциялық және инфузиялық ерітінділер алу үшін дәрілік препараттардың еріткіші ретінде де пайдаланады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Вена ішіне тамшылатып, тері астына, ректальді клизма түрінде және жергілікті (жараны, көзді, мұрынның шырышты қабығын шаю үшін), таңғыш материалды ылғалдау үшін тағайындалады.

Организмнің сұйықтықты, натрий мен хлор иондарын жоғалту деңгейіне байланысты дозасы анықталады.

Вена ішіне ұзаққа созылатын тамшылатқыш инфузия ретінде енгізу жылдамдығы 540 мл/сағ кезінде (минутына 180 тамшыға дейін) орташа дозасы тәулігіне 1000 мл. Сұйықтықты көп мөлшерде жоғалтқанда және айқын уыттану кезінде тәулігіне 3000 мл-ге дейін енгізілуі мүмкін. Натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін ұзақ уақыт үлкен дозада енгізу зертханалық зерттеулердің бақылануымен жүргізілуі қажет.

Жедел дегидратация кезінде балаларға (зертханалық параметрлерін анықтаусыз) 20 – 30 мл/кг енгізеді. Әрі қарай дозалау тәртібі зертханалық көрсеткіштерге байланысты түзетіледі.

Жағымсыз әсерлері

- гипергидратация, гипернатриемия, хлоридті ацидоз, гипокалиемия

- бас ауыру, бас айналу, мазасыздық, әлсіздік

- жүрек айнуы, құсу, диарея, асқазан түйілулері, шөлдеу

- көзден жас ағуы, тершеңдік, қызба

- тахикардия, артериялық гипертензия

- бүйрек функциясының бұзылуы, ісінулер

- енгізу орнының ауыруы және тітіркенуі, тромбофлебит

- бұлшықеттердің тартылуы және гипертонус

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- тромбофлебиттер

- декомпенсацияланған жүрек ақауы - бүйректің ауыр сипатты аурулары - өкпе мен ми ісінуін туындатуға қабілетті циркуляторлық бұзылулар - гипернатриемия, гипокалиемия, ацидоз - кортикостероидтарды үлкен дозаларда қолдану - ми ісінуі, өкпе ісінуі - сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігі

Сақтықпен: артериялық гипертензия, шеткері ісінулер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Натрий хлориді басқа препараттармен химиялық тұрғыдан үйлесімсіз біріктірілімдер түзбейді. Кортикостероидтармен қолданғанда гипернатриемия күшейеді.

Айрықша нұсқаулар

Бүйректің бөліп шығару функциясының бұзылуы, декомпенсация сатысындағы жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензиясы бар науқастарға, жүкті әйелдер токсикозында, шеткері ісінулерде сақтықпен енгізеді. Шок болған жағдайда және қан жоғалтқан кезде гемотрансфузияны бір мезгілде жүргізеді, плазманы және плазма алмастырғыштарды құяды. Әсіресе үлкен дозаларда, ұзақ уақыт енгізгенде диурезді, қан плазмасы мен несептегі электролиттер мөлшерін бақылау қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде қатаң көрсетілімдер бойынша қолданылады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Препарат көлік құралын басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі, хлорлы ацидоз, гипергидратация. Көп мөлшерде енгізу су алмасуының бұзылуын ушықтыруы (ми мен өкпе ісінуін) мүмкін.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем. Гипергидратация кезінде – осмостық диуретиктерді енгізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл, 200 мл, 250 мл, 400 мл, 500 мл, 1000 мл, 2000 мл және 3000 мл препараттан бір немесе екі порты бар полипропилен контейнерлерге құяды. Контейнерлерді қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі контейнерлер санына тең мөлшердегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«НУР-МАЙ ФАРМАЦИЯ» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жетісу ауданы, Первомай ш.а, Қапшағай көшесі, 17 үй.

Тіркеу куәлігінің иесі

«НУР-МАЙ ФАРМАЦИЯ» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жетісу ауданы, Первомай ш.а., Қапшағай көшесі, 17.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«НУР-МАЙ ФАРМАЦИЯ» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жетісу ауданы, Первомай ш.а., Қапшағай көшесі, 17 үй, тел/факс: (727) 260 39 74.

 

Прикрепленные файлы

694575361477976177_ru.doc 50 кб
904099941477977487_kz.doc 63.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники