Натрия хлорид

МНН: Натрия хлорид
Производитель: Хуашидан АК
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Электролиты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009407
Информация о регистрации в РК: 09.12.2021 - 09.12.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Натрий хлориді

Халықаралық патенттелмеген атауы

Натрий хлориді

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған 0,9% ерітінді

Құрамы

1 литр препараттың құрамында

белсенді зат – 9.0 г натрий хлориді,

қосымша зат: инъекцияға арналған су 1.0 л-ге дейін.

Сипаттамасы

Кермек дәмі бар мөлдір түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастыратын және перфузиялық ерітінділер. Су-электролиттік тепе-теңдікке әсер ететін ерітінділер. Электролиттер.

АТХ коды В05ВВ01

Фармакологиялық қасиетттері

Фармакокинетикасы

Натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі көктамыр ішіне енгізген кезде тамыр арнасынан жылдам шығады және интерстициальді секторға және жасушалар ішіне өтеді. Т1/2 – 1 сағатқа жуық. Өзгермеген күйі бүйрек арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Су-тұз және қышқылдық-негіздік тепе-теңдікті реттейтін плазмоалмастырғыш дәрі. Препарат осмотикалық қысымның және жасушааралық сұйықтықтың қалпына келуіне ықпал етеді, қан арнасындағы қан көлемінің төмендеуі кезінде оны толықтырады, иондық тепе-теңдікті қалыпты етеді. Уытсыздандыру тиімділігін көрсетеді. Зат алмасу үдерістерін көтермелейді, бауырдың уытқа қарсы функциясын көтермелейді, диурезді арттырады.

Негізінен организмде сұйықтық көлемі азайғанда бұзылған су-тұз гоместазын қалпына келтіреді. Натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі адам қанының плазмасында изотониялы болуына байланысты препарат тамыр арнасынан жылдам шығарылады және тек тамырларда айналымда болатын сұйықтық көлемін уақытша ғана арттырады. Қан жоғалтуда және шокта тиімсіз.

Қолданылуы

- сұйықтықты плазма изотониялық алмастырғанда (уытты диспепсия, тырысқақ, диарея, «толассыз» құсу, қатты экссудациямен ауқымды күюлер)

- сусызданумен гипохлоремия және гипонатриемия

- шығу тегі әртүрлі уыттануда

- операция кезінде және одан кейін экстрацеллюляры сұйықтықтың көлемін ұстап тұруға

- жараларды, көзді, мұрын шырышты қабығын шаю үшін

- дәрілік заттарды еріту және сұйылту, таңғыш материалды сулау үшін

Қолдану тәсілі мен дозалары

Көктамыр ішіне тамшылатып, тері астына, клизма ретінде ректальді және жергілікті (жараларды, көзді, мұрын шырышты қабығын шаю үшін), таңғыш материалды сулау үшін тағайындалады.

Дозасы организмнің сұйықтықты, натрий иондарын және хлорды жоғалтуына байланысты белгіленеді. Енгізудің алдында препаратты 36 - 38°С-ге дейін қыздыру керек.

Орташа дозасы тәулігіне 1000 мл, көктамыр ішіне 540 мл/сағ (минутына 180 тамшыға дейін) жылдамдықпен тамшылататын ұзақ инфузия ретінде жүргізіледі. Сұйықтықты көп жоғалтқанда және айқын уыттануда тәулігіне 3000 мл-ге дейін енгізілуі мүмкін. Натрий хлориді изотониялық ерітіндісінің үлкен дозаларын ұзақ енгізуді зертханалық тексерулермен бақылау арқылы жүргізген жөн.

Балаларға жедел сусыздануда (зертханалық параметрлерін анықтамастан) 20 - 30 мл/кг енгізеді. Одан әрі қарай дозалау режимі зертханалық көрсеткіштерге қарай реттеледі.

Жағымсыз әсерлері

- хлоридті ацидоз

- гипергидратация

- гипокалиемия

- гипернатриемия

- шөліркеу, жасаурау, тершеңдік, қызба

- жүрек айнуы, құсу, асқазан аймағындағы түйілулер, диарея

- тахикардия, артериялық гипертензия

- бүйрек функциясының бұзылуы, ісінулер

- мазасыздық, әлсіздік

- бұлшықеттердің тартылуы және гипертонусы

- енгізілген жердің ауыруы және тітіркенуі, тромбофлебит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- гипернатриемияда, гиперхлоремияда, гипокалиемияда, ацидозда

- жасушадан тыс гипергидратацияда, жасушаішілік дегидратацияда

- ми мен өкпенің ісіну қаупі бар айналымдық бұзылуларда

- мидың ісінуінде, өкпе ісінуінде

- сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігінде

- кортикостероидтардың үлкен дозаларымен қатар жүргізілетін емде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Коллоидты гемодинамикалық қан алмастырғыштармен сыйымды (тиімділігі өзара күшейеді). Кортикостероидтармен қолданғанда гипернатриемия көтермеленеді.

Ерітіндіге басқа препараттарды қосқанда үйлесімділігін көзбен қарап бақылау керек (дегенмен, көзге көрінбейтін және емдік үйлесімсіздігі болуы ықтимал).

Айрықша нұсқаулар

Тек зақымданбаған құтыны қолдану керек.

Декомпенсацияланған сатыдағы жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия, бүйрек функциясының бұзылуы (олигурия, анурия), шеткергі ісінулер, жүктілердің токсикозы жағдайында абайлап қолдану керек. Кортикостероидтармен және кортикотропинмен бір мезгілде тағайындау қан электролиттерінің деңгейін тұрақты бақылауды қажет етеді. Үлкен дозаларды ұзақ қолданған кезде қышқылдық-негіздің жай-күйіне және қан плазмасы мен несептегі электролиттерге бақылау жүргізу керек. Елеулі сусызданғанда көктамыр ішіне енгізу мүмкін болмағанда теріастына немесе ректальді енгізеді.

Жүктілік пен лактация кезеңі

Қатаң көрсетілімдер бойынша қолданылуы мүмкін. Гестоз өршіген жағдайда мұқият дозалау керек.

Көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: натрий хлориді 0,9% ерітіндісінің үлкен мөлшерлерін енгізу хоридті ацидозды және гипергидратацияны туғызуы мүмкін.

Емі: артық дозаланғанда препаратты қолдануды тоқтату және симптоматикалық ем жүргізу керек. Гипергидратацияда осмостық диуретиктермен ем жүргізу керек. Жүректің ауыр жеткіліксіздігінде ісінулерді диализдің көмегімен жоюға болады.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Сыйымдылығы 100 мл, 250 мл және 500 мл инфузиялық ерітіндіге арналған 100 мл, 250 мл және 500 мл ISO 4802/1-1998 бойынша (түссіз немесе сәл боялған) шыны немесе полипропилен құтыларда, резеңке (ONB 005-01-5-15) тығындармен тығындалған және алюминий (ONB 004-01-6-25) қалпақшамен қаусырылған.

Құтыларға заттаңбалық қағаздан жасалған (өздігінен желімделетін) заттаңба жапсырылған.

Топтық және транспорттық ыдыс МемСТ 17768-90 сәйкес.

Картон қорапқа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге салынады.

Қораптағы қақпақ клапаны желімделуі тиіс.

Сақтау шарттары

15°С-ден 30 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

АС «Huashidan», Қытай

No 45, Henan East Road, Urumqi, Xinjiang

Тіркеу куәлігінің иесі

АС «Huashidan», Қытай

No 45, Henan East Road, Urumqi, Xinjiang

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Астана қ-сы, Пушкин көшесі 166/5

телефон: 87172(395225,395883)

факс: 871712(395225)

еmail: u-ka_farm_bz@mail.ru

Прикрепленные файлы

885532271477976277_ru.doc 47.5 кб
131592341477977475_kz.doc 56.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники