Натрия тиосульфат (30%)

МНН: Натрия тиосульфат
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Thiosulphate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№021441
Информация о регистрации в РК: 15.01.2018 - 15.01.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 91.02 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Натрий тиосульфаты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді 30 %, 10 мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат: натрий тиосульфаты 300 мг

қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Басқа терапиялық өнімдер. Антидоттар.

АТХ коды V03AВ06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін жасуша сыртындағы сұйықтыққа таралады. Организмнен несеппен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 0,65 сағатты құрайды.

Фармакодинамикасы

Кешен түзетін дәрі.

Дезинтоксикациялық, қабынуға қарсы, десенсибилизациялайтын әсер көрсетеді, галоидтардың препараттарын залалсыздандырады (йод). Мырыш, сынап, қорғасын қосындыларымен улануда, уытты емес сульфиттер түзеді. Цианидтермен улануда уыттылығы аздау родандық қосылыстар түзеді. Қышқыл ортада күкірт пен күкіртті ангидридті түзумен ыдырайды, олар паразиттерге қарсы әсер көрсетеді.

Қолданылуы

- мышьяк, сынап, қорғасын (уытты емес сульфиттер түзеді) қосындыларымен, синильді қышқыл және оның тұздарымен (уыттылығы аздау родандық қосылыстар түзіледі), йод тұздарымен, броммен улануда.

Төмендегілермен кешенді емде:

- аллергиялық аурулар

- невралгия

- диабеттік полинейропатиялар

- артриттер

Қолдану тәсілі және дозалары

Көктамыр ішіне баяу 5-10 мл ерітіндіден 300 мг/мл (уыттанудың ауырлығына байланысты), цианисті қосындылармен зақымдануда – 50 мл-ден 30% ерітінді.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың құрамына кіретін компоненттерге аса жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Натрий тиосульфатының нитраттармен, калий перманганатымен жанасуына мүлдем жол беруге болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Цианидтермен улануда натрий гипосульфиті мен натрий нитритін бір мезгілде тағайындау керек.

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты балаларда қолданудың тәжірибесі жоқ.

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану

Жүктілік және лактация кезеңінде препарат тек өмірлік көрсетілімдеріне қарай, анасы үшін күтілген пайдасы ұрық /балаға деген қауіптен асып түскен жағдайда ғана қолданылады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

10.0 мл препараттан бейтарап шыныдан жасалған ампулаларға құйылады.

Әрбір ампулаға заттаңбалық немесе жазатын қағаздан жасалған заттаңбалар жапсырылады немесе мәтіні тікелей ампулаға шыны бұйымдарға арналған терең баспалы бояумен жазылады.

5 ампуладан поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. Пішінді ұяшықты қаптамаға ампулалық скарификатор салынған.

Кертігі, сақинасы және сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптағанда скарификаторлар салынбайды.

1 немесе 2 пішінді қаптамалар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге қораптық картоннан жасалған қорапшаларға салынады. Әрбір қорапшаға ампулалық скарификатор салынған. Кертігі, сақинасы және сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптағанда скарификаторлар салынбайды.

Пішінді ұяшықты қаптамаларды (картоннан жасалған қорапшаға салмастан) картонды қорапқа салуға жол беріледі. Әрбір қорапқа қаптама санына қарай медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтар салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ-сы, Рашидов к-сі, 81

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ-сы, Қазақстан Республикасы,

Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электрондық поштасы infomed@santo.kz

Прикрепленные файлы

211401051477976483_ru.doc 55 кб
925517081477977648_kz.doc 66 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники