Натацин

МНН: Натамицин
Производитель: Рубикон ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Natamycin
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023965
Информация о регистрации в РК: 16.02.2024 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Натацин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Натамицин

Дәрілік түрі

Қынаптық суппозиторийлер, 100 мг

Құрамы

1 суппозиторийдің құрамында

белсенді зат - натамицин 100 мг,

қосымша заттар: цетил спирті, сорбитан триолеаты, полисорбат 80, адипин қышқылы, натрий гидрокарбонаты, қатты май

Сипаттамасы

Сары реңді ақ түстен қоңыр реңді ашық-сары түске дейінгі торпедо пішінді суппозиторийлер. Ұңғыма тәрізді ойық болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Несеп-жыныс жүйесі және жыныс гормондары. Гинекологиялық инфекцияға қарсы және антисептикалық препараттар, кортикостероидтармен біріктірілімдерін қоспағанда. Бактерияға қарсы препараттар. Натамицин.

АТХ коды G01АА02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Натамицин – жергілікті әсер ететін препарат, іс жүзінде шырышты қабықтар арқылы сіңірілмейді.

Фармакодинамикасы

Әсер ету ауқымы кең макролидтер тобының зеңге қарсы полиенді антибиотигі. Фунгицидті әсер етеді. Натамицин жасушалық жарғақшалардың тұтастығын және функциясын бұза отырып, стеролдарды байланыстырады, бұл микроорганизмдердің қырылуына әкеледі. Натамицинге көптеген патогендік ашытқы зеңдері, әсіресе Candida albicans сезімтал. Натамицинге дерматофиттер сезімталдығы төменірек. Натамицинге резистенттілік клиникалық практикада кездеспейді.

Қолданылуы

- негізінен Candida зеңдері туындатқан вагинит, вульвит, вульвовагинит.

Қолдану тәсілі және дозалары

1 суппозиторийден 3-6 күн бойына тағайындайды.

Суппозиторийлерді қынапқа жатқан күйде, барынша тереңірек енгізеді, түнге қарай тәулігіне 1 рет.

Candida albicans туындатқан вульвовагиниттердің қатты ағымында таблеткаларды ішке қосымша тағайындайды (7-10 күн ішінде тәулігіне 4 рет 1 таб.).

Жағымсыз әсерлері

- аздап тітіркену, шымылдату сезімі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 14 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Натамициннің дәрілермен өзара әрекеттесуі сипатталмаған. Пероксидтер, перманганат, йод, гипохлориттер және т.б. сияқты тотықтыру қасиеттері бар заттар натамициннің белсенділігін жоюы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Қынаптық суппозиторийлер көлемді таралатын көбікті масса түзе отырып, дене температурасының әсерімен жылдам ериді, бұл белсенді субстанцияның біркелкі таралуына ықпал етеді.

Қынаптық суппозиторийлердің құрамына кіретін цетил спирті аллергиялық реакция туындатуы мүмкін. Етеккір кезінде емді тоқтатады. Суппозиторийлерді қолданғанда жыныстық қатынасты тоқтатудың қажеттілігі жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болады.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді

Артық дозалануы

Қазіргі уақытта препараттың артық дозалану жағдайлары хабарланбаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

3 суппозиторийден пішінді ұяшықты қаптамада.

1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші:

«Рубикон» ЖШҚ, Беларусь Республикасы, 210002, Витебск қ-сы, М.Горький к-сі, 62 Б, тел/факс: +375 (212) 34-06-29,

www.rubikon.by, e-mail:secretar@rubikon.by

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы:

«Рубикон» ЖШҚ, Беларусь Республикасы, 210002, Витебск қ-сы, М.Горький к-сі, 62 Б, тел/факс: +375 (212) 34-06-29,

www.rubikon.by, e-mail:secretar@rubikon.by

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

Қазақстан Республикасындағы «Рубикон» ЖШҚ өкілдігі, Қазақстан Республикасы, Алматы, Пушкин к-сі, 2/76, 905 кеңсе, тел/факс:+77017865802, email: Rubikon.kz@mail.ru

Прикрепленные файлы

Инструкция_Натацин_ИТОГ.doc 0.05 кб
натацин_105140.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту