Напрофф (550 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Напрофф
Халықаралық патенттелмеген атауы
Напроксен
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған 275 мг және 550 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: 275 мг және 550 мг натрий напроксені,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, повидон К30, тальк, магний стеараты.
қабықтың құрамы: Ақ опадрай (Y-1-7000)
құрамы
Сипаттамасы
Дөңгелек, екі жақ беті дөңес, үлбірлі қабықпен қапталған, ақ түсті таблеткалар (275 мг доза),
Сопақша, екі жақ беті дөңес, екі жақ бетінде де бөлетін сызығы бар, үлбірлі қабықпен қапталған, ақ түсті таблеткалар (550 мг доза)
Фармакотерапиялық тобы
Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер. Пропион қышқылының туындылары.
АТЖ коды М01АЕ02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағаннан кейін натрий напроксені асқазан-ішек жолынан тез және толық сіңеді. Биожетімділігі 95% құрайды. Напроксеннің жартылай шығарылу кезеңі 12-17 сағатты құрайды.
Ас қабылдау қандағы напроксеннің концентрациясына ықпалын тигізбейді. Қанда натрий напроксені ең жоғары концентрацияға 1-2 сағаттан соң жетеді.
Таралу көлемі дене салмағының әр кг-на шаққанда 0,16 л құрайды. Емдік концентрацияларда қабылдаған кезде белсенді заттың 99%-ы ақуыздармен байланысады.
Напроксен бауырда 6-О-десметилнапроксенге дейін метаболизденеді. Содан кейін напроксен де, және 6-О-десметилнапроксен де конъюгация реакциясына түседі.
Напроксеннің клиренсі минутына 0,13 мл/кг құрайды. Напроксеннің шамамен 95%-ы несеппен бірге өзгермеген напроксен, 6-О-десметилнапроксен және олардың конъюгаттары түрінде бөлініп шығады.
Фармакодинамикасы
Напрофф қабынуға қарсы стероидты емес препарат болып табылады.
Қабынуға қарсы, ауыруды басатын және ыстықты түсіретін айқын әсер береді.
Напроффтың әсер ету механизмі лейкоциттер миграциясының тежелуінде, лизосомдар және қабыну медиаторлары белсенділігінің төмендеуінде болып табылады. Препарат липооксигеназа тежегіші болып табылады, арахидон қышқылының синтезі бөгейді. Бұдан басқа, арахидон қышқылының ЦОГ-1 және ЦОГ-2 белсенділігін тежейді, ол простагландиндердің аралық өнімдері синтезінің тежелуіне әкеледі. Тромбоциттердің бірігуін тежейді. Натрий напроксені есірткілік анальгетик болып табылмайды және орталық жүйке жүйесіне ықпалын тигізбейді.
Қолданылуы
Тірек-қимыл аппаратының қабыну және дегенеративті ауруларында:
- ревматоидты, подагралық артритте, шорбуынданатын спондилоартритте (Бехтерев ауруында), остеоартрозда
- ауыру синдромында: миалгияда, оссалгияда, невралгияда, артралгияда, радикулитте, подаграда, бас және тіс ауырғанда, тендинитте, онкологиялық ауруларда, жарақаттан кейінгі және операциядан кейінгі қабыну қатарласатын ауыру синдромында, альгодисменореяда, аднекситте
Айқын ауыру синдромы бар ЛОР ағзаларының жұқпалы-қабыну ауруларында (кешенді ем құрамында): фарингитте, тонзиллитте, отитте
- "салқын тиген" және жұқпалы аурулардағы қызба синдромында
- бас сақинасында
- 6 жастан асқан балалардағы жасөспірімдік артритте.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке. Таблеткаларды сұйықтықпен ішіп, бүтіндей қабылдаған жөн, тамақтану кезінде қабылдауға болады.
Тірек-қимыл аппаратының қабыну және дегенеративті ауруларында препаратты 550-1100 мг дозада 12 сағат аралықпен күніне екі рет тағайындайды. Демеуші ем үшін тәуліктік дозасы 2 қабылдауға (таңертең және кешке) 550 мг құрайды.
Альгодисменореяда – алғашқы доза 550 мг, содан кейін 3-4 күн бойы әрбір 6-8 сағат сайын 275 мг-нан.
Ауыру синдромында препаратты бастапқыда 550 мг дозада, содан кейін әрбір 6-8 сағат сайын 275 мг дозада тағайындайды. Тәуліктік доза 1375 мг-нан аспауы тиіс.
Қажет болған кезде асқазан-ішек жолында аурулары жоқ емделушілерде, ауыруды өте тиімді жансыздандыруға қол жеткізу мақсатында, тәуліктік доза біршама уақыт 1650 мг-ға дейін арттырылуы мүмкін. Подагра ұстамаларында бастапқы доза 825 мг, содан кейін ұстама аяқталғанға дейін әрбір 8 сағат сайын 275 мг құрайды.
Бас сақинасы ұстамаларына жол бермеу үшін препаратты тәулігіне 2 рет 550 мг дозада тағайындайды. Алайда емдеу, егер бас сақинасының ұстамаларының жиілігі, қарқындылығы және ұзақтығы 4-6 апта ішінде азаймаса, тоқтатылуы тиіс. Бас сақинасы ұстамаларының алғашқы белгілерінде 825 мг, ал қажет болған кезде 30 минуттан кейін тағы 275-550 мг қабылдаған жөн.
Айқын ауыру синдромы бар ЛОР ағзаларының жұқпалы-қабыну ауруларында: фарингитте, тонзиллитте, отитте; "салқын тию" және жұқпалы аурулардағы қызба синдромында препаратты қосымша дәрі ретінде пайдаланған кезде бастапқы дозаны 1 таблеткадан (275 және 550 мг) тағайындайды, әрі қарай әрбір 6 – 8 сағат сайын ½ таблеткадан (275 және 550 мг) қабылдайды.
Ең жоғары тәуліктік доза – 1650 мг.
6 жастан асқан балалардағы жасөспірімдік артритте препараттың тәуліктік дозасы дене салмағының әр кг-на шаққанда 10 мг құрайды.
Емдеу ұзақтығы және курстарды қайталау аурудың сипатына және ауырлығына байланысты және оны емдеуші дәрігер белгілейді.
Жағымсыз әсерлері
- жүректің айнуы, құсу, қыжыл, іш қату, диарея, эрозивті-ойық жаралы зақымданулары, асқазан-ішектік қан кетулер және АІЖ тесілуі
- бас ауыру, ұйқышылдық, құлақ ішінің шуылдауы, бас айналу, әлсіздік, реакция шапшаңдығының баяулауы
- жүректің лүпілдеуі, лейкопения, тромбоцитопения, анемия, гранулоцитопения.
- аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, есекжем, ангионевротикалық ісіну
- естудің нашарлауы
- бүйрек және бауыр қызметтерінің бұзылуы.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне асқын сезімталдықта
- бронх демікпесінде, уртикарияда, ацетилсалицил қышқылын немесе т.б. ҚҚСЕД қабылдаумен байланысты басқа да аллергиялық реакцияларда
- мұрын мен мұрын маңы қуыстарындағы қайталанатын полипозда және АСҚ немесе басқа да ҚҚСЕП жақпаған жағдайда (оның ішінде сыртартқыда болса)
- бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі <30 мг/мин)
- бауыр қызметінің айқын жеткіліксіздігінде немесе бауыр ауруының өршу сатысында
- асқазанның және он екі елі ішектің эрозивті-ойық жаралы зақымдануының өршу сатысында, асқазан-ішектік қан кетуде
- ҚТШ (қолқа–тәждік қантамырларын шунттау) жүргізгеннен кейінгі жағдайда, айғақталған гиперкалиемияда
- жүктілікте және лактация кезеңінде
- 6 жасқа дейінгі балаларға.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар фенитоиннің, сульфаниламидтердің, метотрексаттың плазмалық концентрацияларын арттырады.
Әсері тікелей емес антикоагулянттармен бір мезгілде қолданған кезде антикоагулянттар әсерінің аздаған күшею жағдайлары болғаны айтылған.
Бір мезгілде тағайындаған кезде Напрофф фуросемидтің натрийуретикалық әсерін азайтуы мүмкін.
Препарат бета-адренобөгегіштердің гипотензивті әсерін, литий иондарының шығарылуын төмендетеді және олардың плазмадағы концентрациясын арттырады.
Преднизолонмен бір мезгілде қолданған кезде преднизолонның қан плазмасындағы концентрациялары едәуір жоғарылауы мүмкін; пробенецидпен бірге – оның жартылай шығарылу кезеңінің жоғалуына байланысты напроксеннің плазмадағы концентрациясы артады.
Айрықша нұсқаулар
Ұсынылған дозаларды арттырмаған жөн.
Бауыр және бүйрек ауруларында, асқазан-ішек жолының аурулары сыртартқыда болғанда, диспептикалық симптомдар бар болған жағдайда абайлап қолданады. Напроксенді хирургиялық араласымға дейінгі 48 сағат ішінде қабылдамаған жөн.
Емдеу үдерісінде бауыр және бүйрек қызметтерін, шеткергі қан көрінісін жүйелі түрде бақылап отыру қажет.
Цирроздың созылмалы алкогольдік және басқа да түрлерінде байланыспаған напроксен концентрациясы жоғарылайды, сондықтан мұндай емделушілерге өте төмен дозалар ұсынылады.
Напроффты, дәрігердің тағайындауымен болмаса, қабынуға қарсы және ауыруды басатын басқа да препараттармен бірге қабылдамаған жөн.
17-кетостероидтардың концентрацияларын анықтау қажет болған кезде напроксенді зерттеуден 48 сағат бұрын тоқтатқан жөн.
Егде жастағы емделушілерге өте төмен дозалар ұсынылады.
Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Напроффты қолдану кезеңінде зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың жоғары шапшаңдығын қажет етуімен байланысты қауіпті қызмет түрлерін тоқтата тұрған жөн.
Артық дозаланғанда
Симптомдары: ұйқышылдық, қыжыл, жүректің айнуы, құсу.
Емдеу: өзіне тән ерекше у қайтарғысы жоқ. Асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір – 0,5 г/кг.
Гемодиализ тиімді емес.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.
Пішінді ұяшықты 1 немесе 2 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25ᴼС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Сауда маркасының және тіркеу сертификатының иесі «РОТАФАРМ» компаниясы болып табылады, ҰЛЫБРИТАНИЯ
Өндіруші «Биофарма Илач Сан. ве Тидж. А.Ш. », Түркия
(Акпынар Махаллеси Фатих Джаддеси, № 17, 34885 Самандыра – Санджактепе – Стамбул /Түркия).
Тіркеу куәлігінің иесі
«РОТАФАРМ», ҰЛЫБРИТАНИЯ
Тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
ҚР, Алматы, Түрксіб ауданы, Сүйінбай д-лы, 222б
Тел/факс: 8 (7272) 529090