Найз®

МНН: Капсаицин, Левоментол, Метилсалицилат, Нимесулид
Производитель: Д-р Редди'с Лабораторис Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004901
Информация о регистрации в РК: 17.03.2022 - 17.03.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Найз®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

1% 20 г гель

Құрамы

1 г құрамында

белсенді зат - 10 мг нимесулид, 100 мг метилсалицилат, 50 мг ментол, 0,250 мг капсаицин

қосымша заттар: диэтилфталат, диэтиленгликоль моноэтил эфирі, гидрогенизделген полиоксил майсана майы (40), пропиленгликоль, натрий бензоаты, динатрий эдетаты, бутилденген гидрокситолуол, карбомер-980, трометамол, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік гель

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппаратын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар

АТЖ коды М02АХ10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гель жағылған аймақтың тіндерінде таралуы – 70%, биожетімділігі– 30%. Ең жоғары концентрациясына жетуге қажетті уақыт (ТСmax) 1,5 – 2,5 сағатты, ең жоғары концентрациясы (Сmax) 3,5 – 6,5 мг/мл құрайды. Плазма ақуыздарымен – 95%, эритроциттермен – 2%, липопротеидтермен – 1% байланысады. Дозаны өзгерту байланысу дәрежесіне әсер етпейді. Қандағы бос фракцияның үлесі 1%-ды құрайды. Таралу көлемі – 0,19 – 0,35 л/кг. Қабыну ошағының қышқыл ортасына (40%), синовиальді сұйықтығына (43%) жақсы өтеді. Гистогематикалық бөгет арқылы оңай өтеді.

Фармакодинамикасы

Нимесулид – сульфонанилидтер класының қабынуға қарсы стероидты емес препараты (ҚҚСП), қабынуға қарсы, ауыруды басатын және антиагрегантты әсері бар. Нимесулид – циклооксигеназа 2 селективті тежегіші, нимесулидтің әсер ету механизмі С протеинкиназа, IV типті фосфодиэстераза және протеиназаның тежелуімен, гистаминді тежеумен және босап шығуымен (TNF-α), тромбоциттердің белсендіру факторы (ФАТ) синтезделуімен байланысты.

Құрамында метилсалицилат, ментол, капсаицин бар Найз гелі ауыруды басатын зат ретінде тиімді болып саналады.

Препараттың құрамына кіретін Капсаицин шеткергі жүйке жүйесінен орталық жүйке жүйесіне ауыруды және қышыну сезімін көшіру үшін нейромедиатор болып табылатын Р затын жояды. Содан соң нейронсыз Р заттарының синтезі мен тасымалдануы бөгеледі.

Метилсалицилат салицил қышқылының туындысы болып табылады және тітіркендіруші әсері бар, ол нейрондардан Р субстанциясының босап шығуына әкеп соқтырады. Жүйке ұштарында Р субстанциясы жинақталуының азаюы ауыру сезімінің азаюына әкеп соқтырады. Метилсалицилат теріге жаққанда ауыруды басатын әсерді және эфферентті жүйке ұштарының әсеріне тәуелсіз бұлшықет тініндегі болатын рецепторлардың есебінен бұлшықет ширығуының төмендеуін туындатады. Метилсалицилат циклооксигеназаларды бәсеңдету нәтижесінде простагландиндер синтезін тежейді, ол қабынған тіндердің ісінуі мен инфильтрациясын азайтады.

Ментолдың салқындатушы рецепторларды тітіркендіру есебінен «салқындатушы» әсері бар.

Сыртқа қолданғанда нимесулид, метилсалицилат, капсаицин, ментол жылдам сіңіріледі және тері асты клетчаткасына, бұлшықет тініне, буын капсуласына және тікелей буын қуысына өтеді.

Жергілікті қолданғанда клиникалық әсеріне 4 аптадан кейін жетеді.

Қолданылуы

- шорбуынданатын спондилоартритте

- түбіршектік синдромы бар остеохондрозда

- радикулитте

- ишиаста

- люмбагода

- остеоартрозда

- шығу тегі әртүрлі артриттерде (оның ішінде ревматоидты, псориаздық)- артралгияда (оның ішінде ревматизм және подагра кезінде)- шығу тегі ревматикалық және ревматикалық емес миалгияда- байламдардың, сіңірлердің қабынуы, бурситтер- жұмсақ тіндер және қимыл-тірек аппаратының жарақаттан кейінгі қабынулары (байламдардың зақымдануы мен үзілулері, соғылулар)

- шығу тегі әр түрлі ауыру синдромы (оның ішінде операциядан кейінгі кезеңде, жарақаттарда, альгодисменорея)

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті тағайындалады. Найз гельді шамамен 3 см сығып шығарып, зақымданған аймаққа гельді тәулігіне 3 – 4 рет біркелкі етіп, ысқыламай жағады. Гельді таза және құрғақ тері беткейіне жағады.

Гель мөлшері және қолдану жиілігі өңделетін жердің көлеміне және емделушінің реакциясына байланысты өзгереді, тәулігіне 4 реттен асырмау керек.

Ең жоғары тәуліктік дозасы 5 мг/кг (тәулігіне 1 сықпа) құрайды. Препаратты қолданудың ұзақтығы 10 күнді құрайды.

Жағымсыз әсерлері

жергілікті реакциялар

- терінің тітіркенуі, тері бөртпесі, қабыршықтану, тері қышымасы, тері түсінің транзиторлы өзгеруі, эритема, терінің қабыршықтануы, жанаспалы дерматит

жүйелі реакциялар

- қыжыл, жүрек айнуы, құсу, диарея, гастралгия, асқазан-ішек жолдары шырышты қабығының ойық жаралануы

- сұйықтықтың іркілуі

- тромбоцитопения, лейкопения, агранулоцитоз, анемия

- «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің артуы

- қан кету уақытының ұзаруы

- гематурия

- анафилактикалық шок

- бронх демікпесінде тыныс алудың бұзылуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- нимесулидке және препараттың басқа да компоненттеріне, ацетилсалицил қышқылына және басқа да ҚҚСП жоғары сезімталдық

- дерматоздар, эпидермистің зақымдануы, қолдану аймағындағы тері жұқпалары (гель үшін)

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі белсенді заттардың концентрациясы өте төмен болғандықтан іс жүзінде байқалмайды. Фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі плазма ақуыздарымен байланысуы деңгейінде жүреді: найз гелі плазма ақуыздарымен байланысуы үшін бәсекелесетін дәрілік заттар - дигоксин, фенитоин, литий препараттары, диуретиктер, гипотензивті препараттар, басқа да ҚҚСП, антикоагулянттар, циклоспорин, метотрексат, ішу арқылы қабылданатын гипогликемиялық препараттардың концентрациясын арттырады.

Миелоуытты дәрілік заттар гемауыттылықтың күшеюін туындатады.

Айрықша нұсқаулар

Жергілікті тітіркену пайда болғанда гельдің қолданылуы тоқтатылуы және симптоматикалық ем тағайындалуы тиіс.

Гельді көздің айналасына, шырышты беткейге, дененің басқа да ашық жерлеріне, жара беткейлеріне, дерматиттер кезінде жағуға болмайды. Гельді қолмен тері бетінің сезімтал жерлерін ұстауға болмайды. Гельді ауа өткізбейтін таңғыштармен бірге қолданбаған жөн. Гельді жаққаннан кейін қолды сабынмен жуу керек. Гельді пайдаланғаннан кейін сықпаны тығыздап жабу керек.

Препаратты толық ысқылып жаққаннан кейін күюлер болуы мүмкін. Әдетте күюлер препаратты қолдануды тоқтатқаннан кейін бірнеше күннен соң кетеді.

Нимесулид гелін салицилаттарды қабылдауға байланысты жағымсыз әсерлер даму қаупі жоғары науқастарға сақтықпен қолдану керек.

Ұзақ қолданғанда бүйрек қызметінің жүйелі бақылануы қажет. Гельдің құрамына кіретін 1% және одан да көп концентрациядағы белсенді капсаицин нейроуыттылықты және термиялық гипералгезияны туындатуы мүмкін. Гельді қолданғаннан кейін пайда болған шымылдап ашыту сезімі, қызару гельдің құрамына кіретін капсаицинге байланысты.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты гель түрінде жергілікті қолдану автокөлік жүргізуге және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 г гель препараттан ламинацияланған алюминий сықпаға салынады.

Әрбір сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші

«Д-р Редди’с Лабораторис Лимитед»

7-1-27 Амиирперт, Хайдерабад-500 016, Үндістан

Тіркеу куәлігі иесінің атауы

«Д-р Редди’с Лабораторис Лимитед», Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Д-р Редди’с Лабораторис Лимитед» компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

050057 Алматы қ., 22 желі к-сі,45

тел: 8(727)3941688

факс: 8(727)3941294

Прикрепленные файлы

785170681477977067_ru.doc 58.5 кб
234781931477978236_kz.doc 64 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники