Назоферон (спрей назальный, 100000 МЕ/мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
НАЗОФЕРОН
Халықаралық патенттелмеген атауы
Интерферон альфа
Дәрілік түрі
100000 ХБ/мл мұрын спрейі, 5мл
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат – адамның рекомбинантты альфа-2 b интерфероны - 100000 ХБ кем емес,
қосымша заттар: трометамол, трометамол гидрохлориді, гипромелоза, динатрий эдетаты, лизин гидрохлориді, калий хлориді, метилпарагидроксибензоат, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Иммуномодуляторлар. Иммуностимуляторлар. Интерферондар.
Интерферон альфа-2 b.
ATХ коды L03A B05
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Зерттелмеген.
Фармакодинамикасы
НАЗОФЕРОН – вирусқа қарсы, қабынуға қарсы, иммунитет модуляциялайтын, антипролиферативті дәрі. Вирусқа қарсы механизмі транскрипция және трансляция үдерістеріне тежегіш әсерінің есебінен вирустар репликациясын бәсеңдету (аденовирустардың, тұмау вирустарының және т.б.) болып табылады; антипролиферативтік – жасушалардың көбеюін бәсеңдетеді (көптеген ДНҚ- және РНҚ-құрамды вирустардың). Интерферон спецификалық фермент – протеинкиназа синтезіне түрткі болады, осы үдеріске түрткі болатын факторлардың біреуінің фосфорлануы арқасында трансляцияға кедергі болады; вирустың матрицалық РНҚ зақымдайтын спецификалық рибонуклеазаны белсендіреді. Интерферон әсеріне, сондай-ақ мыналар жатады: басқа да цитокиндер өнімдерін көтермелеу, спецификалық ферменттер индукциясы, жасушалар пролиферациясын бәсеңдету, иммуномодуляция (макрофагтардың фагоцитарлық белсенділігін және лимфоциттердің нысана жасушаларға қатысты спецификалық цитоуыттылығын күшейту). Интерферон иммунитет медиаторы болып табылады және айқын тіндік өзгешелігі бар. Өзіндік әсерінің арқасында интерферон организмді жұқпалы аурулар қоздырғыштарынан (вирустардан, бактериялардан, микоплазмалардан, патогендік зеңдерден және т.б.) сақтайды.
Қолданылуы
ЖРВЖ, суық тию ауруларының алдын алу және емдеу:
-
1 жастан бастап балаларда және ересектерде;
-
жоғарғы тыныс жолдары ауруларымен жиі және ұзақ ауыратын емделушілерде;
-
аурудың маусымдық жоғарылауы кезінде ұйымдасқан ұжымдарда (балалар және ересектер), «қауіп» контингенттері– медициналық қызметкерлер, мұғалімдер және т.б. арасында, әсіресе эпидемия кезеңінде.
Қолдану тәсілі және дозалары
ЖРВЖ ауруларының алғашқы белгілерінде (5 күн бойы)
1-ден 3 жасқа дейінгі балаларға – 2 спрей-дозадан әрбір мұрын жолына күніне 3-4 рет (бір реттік доза – 20000 ХБ, тәуліктік доза: – 60000-80000 ХБ);
3-тен 14 жасқа дейінгі балаларға – 2 спрей-дозадан күніне 4-5 рет (бір реттік доза – 20000 ХБ, тәуліктік доза – 80000-100000 ХБ);
Ересектерге – 3 спрей-дозадан күніне 5-6 рет (бір реттік доза – 30000 ХБ, тәуліктік доза – 150000-180000 ХБ).
Респираторлық вирустық жұқпалардың алдын алу үшін
Науқастармен қарым-қатынас және мұздап қалу кезінде – жасына қарай дозалануына сәйкес күніне 2 рет 5-7 күн бойы. Қажет болған жағдайда профилактикалық курстар қайталанады. Бір реттік қарым-қатынас кезінде бір бүрку жеткілікті.
Аурудың маусымдық жоғарылауы кезінде – жасына қарай дозалануына сәйкес бір рет таңертең 1-2 күн аралықпен.
Жағымсыз әсерлері
Бірлі-жарым жағдайларда:
-
терідегі бөрту
-
мұрын жолдары шырышты қабығының құрғауы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
интерферон альфа-2b және препарат құрамына кіретін басқа да компоненттерге аса жоғары сезімталдық
-
сыртартқыдағы аллергиялық аурулардың ауыр түрлері.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
НАЗОФЕРОН препаратын асқынбаған жағдайларда қолданғанда қосымша симптоматикалық ем талап етілмейді (парацетамол, сульфаниламидтер, мұрынға тамыр тарылтатын тамшыларды). Жоғары дене температурада препарат қабынуға қарсы препараттарды бірге қабылдаумен жүргізіледі. Мұрын шырышты қабығын құрғататындықтан, мұрынға тамызуға арналған тамыр тарылтатын препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайды.
Айрықша нұсқаулар
Әрбір мұрын жолына қолдану тәсілі мен дозалауға сәйкес енгізеді.
Мұрын спрейін пайдалану сызбасы: