Назол®

МНН: Оксиметазолин
Производитель: Иституто Де Анжели С.р.л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Oxymetazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№007918
Информация о регистрации в РК: 02.07.2018 - 02.07.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Назол®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Оксиметазолин

Дәрілік түрі

Мұрын спрейі

Құрамы

1мл препараттың құрамында:

белсенді зат – 0,5 мг оксиметазолин гидрохлориді;

қосымша заттар – бензалконий хлориді, макрогол 400, повидон, пропиленгликоль, динатрий фосфатының дигидраты, натрий дигидрофосфатының дигидраты, динатрий эдетатының дигидраты, концентрацияланған хлорлы сутегі қышқылы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір, иіссіз ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Антиконгестанттар және басқа да жергілікті қолдануға арналған мұрын препараттары. Симпатомиметиктер. Оксиметазолин.

АТХ коды R01АА05

Фармакологиялық қасиеттері

Оксиметазолин гидрохлориді синтетикалық адреномиметик болып табылады. Қантамырларының a-адренорецепторларын көтермелей отырып, ол қантамырларына ұзақ тарылтатын әсер етеді. Тіндер гиперемиясын және мұрын қуысының, қосалқы қойнаулары мен евстахиев түтігінің шырышты қабаттарының ісінуін азайтады, сонысымен тұмау, суық тию және аллергиялық аурулар кезінде бұзылған мұрынмен тыныс алуды қалпына келтіреді.

Мұрынмен тыныс алудың жеңілдеуі мұрын қуысына бүріккеннен кейін 5-10 минуттан соң басталып, 12 сағатқа жуық созылады.

Препараттың құрамындағы гликолдар мұрын қуысының тітіркенген шырышты қабығына жұмсартқыш әсер етеді және оны шамадан тыс құрғап кетуден қорғайды.

Қолданылуы

Суық тию аурулары, тұмау, ЖРВЖ, аллергиялық ринит, синуситтер кезінде мұрынмен тыныс алудың қиындауында.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Әр танауға кезекпен бүркіңіз, бүрку кезінде басыңызды аса кейін шалқайтпаңыз.

Ересектер мен 12 жастан асқан балалардың әр танауына 2 рет бүркеді.

6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға (ересектердің қадағалауымен) 1 бүркуден. Бүркуді 12 сағаттан ерте қайталауға болмайды.

Әдетте емдеу ұзақтығы 3 күннен аспайды. Емдеу курсының ұзақтығы дәрігердің бақылауымен күніне екі рет 7-10 күнге дейін созылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Кейде мұрын қабықтарының ашытуы немесе құрғауы, түшкіру, мұрыннан секрет бөлінуінің ұлғаюы. Сирек жағдайларда – препаратты қолданудан болатын әсер басылғаннан кейін мұрын «бітелісінің» күшті сезілуі (реактивтік гиперемия).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат ингредиенттеріне жоғары жеке сезімталдық

  • гипертониялық ауру, айқын атеросклероз, жүрек ырғағының бұзылулары

  • қант диабеті, гипертиреоз

  • бөліп шығару қызметі бұзылған бүйрек аурулары, қуық асты безінің гипертрофиясы салдарынан несеп шығарудың қиындауы

  • 6 жасқа дейінгі балалық кезең

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Үшциклдық антидепрессанттарды немесе МАО тежегіштерін оксиметазолинмен бір мезгілде немесе тікелей оны қолдануға дейін қабылдау артериялық қысымның көтерілуіне әкелуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Жұқпаның таралуына жол бермеу үшін құтыны әркімнің жеке пайдалануы ұсынылады.

Үш күндік емдеуден кейінгі сақталып қалған ісіну мұрын қалқасы бұзылулары, жақ үсті іріңді синусит, аденоидтар, аллергиялық ринит, созылмалы бактериялық жұқпа немесе айқындалмаған басқа да аурулардың бар екендігін білдіруі ықтимал. Бұл жағдайда тексеруді жалғастыру және арнайы ем алу үшін дәрігерге қаралу ұсынылады.

Жүктілік және лактация

Ұсынылған дозалаудан асыруға болмайды. Препаратты тек дәрігермен кеңесіп, әрі ана мен ұрық үшін пайда және қатер арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Ұсынылған дозадан асыру ауыру немесе ашыту, түшкіру және мұрын жолдары бөліністерінің ұлғаюын туғызуы ықтимал. Шамадан тыс дозаларда, әсіресе ұзақ уақыт қолданғанда тахикардия (тамыр соғуының жиілеуі), артериялық қысымның көтерілуі байқалуы мүмкін.

Емі симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 мл препараттан бұралатын полипропилен қалпақшасы мен тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған спрей адаптері (қондырма және батырылатын түтік) бар тығыздығы төмен және жоғары полиэтилен қоспасынан жасалған құтыларға құйылады.

10 мл полипропилен бүріккіші бар дозатор және полиэтилен қақпақпен жабдықталған тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған құтыда.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Иституто Де Анжели С.р.л.,

50066 Реггелло (Флоренция), Лок. Прулли 103/c, Италия.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Байер Консьюмер Кэр АГ, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы Қазақстан Республикасындағы «Байер Каз» ЖШС,

050057, Алматы қ., Тимирязев к-сі 42, Экспо-Сити, 15 пав.

Тeл.: + 7 (727) 258 80 40 (148)

kz.claims@bayer.com

 

 

 

 

4

 

Прикрепленные файлы

470839251477976842_ru.doc 44 кб
030769501477977996_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники