Назол® Кидс

МНН: Фенилэфрин
Производитель: Иституто Де Анжели С.р.л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Phenylephrine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012278
Информация о регистрации в РК: 23.12.2017 - 23.12.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 545.78 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Назол® Кидс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фенилэфрин

Дәрілік түрі

Мұрын спрейі

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар - 2.5 мг фенилэфрин гидрохлориді,

қосымша заттар: бензалконий хлориді, цинеол (эвкалиптол), глицерол, макрогол 1500, динатрий гидрофосфаты дигидраты, калий дигидрофосфаты, динатрий эдетеат дигидраты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Эвкалиптің әлсіз иісі бар түссізден ашық сары түске дейінгі мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Антиконгестанттар және жергілікті қолдануға арналған басқа назальді препараттар. Симпатомиметиктер. Фенилэфрин.

АТХ коды R01AA04.

Фармакологиялық қасиеттері

Фенилэфрин гидрохлориді мұрынның шырышты қабықтарында 1-рецепторларының стимуляциясы есебінен тамыр тарылтқыш әсер ететін 1-адренергиялық рецепторлардың (симпатомиметиктердің) агонисі болып табылады.

Фенилэфрин гидрохлориді шырышты қабықтардың ісінуі мен тіндердің гиперемиясын төмендетеді, мұрын аймағындағы ісіну мен іркілу құбылыстарын басады, сондай-ақ мұрын тыныс жолдарының өткізгіштігін жақсартады. Жергілікті қолданғанда фенилэфриннің жүйелі сіңірілуі төмен.

Эвкалиптол шырышты қабықтардың рецепторларына ынталандырушы әсер етеді; жергілікті қабынуға қарсы және антисептикалық белсенділікке ие, мұрын шырышты қабығын шамадан тыс құрғап кетуден қорғайды.

Глицерин мұрын қуысының тітіркенген шырышты қабығына жұмсартушы және ылғалдандырушы әсер етеді.

Препарат әсері 3-5 минуттан соң басталып, 6 сағатқа жуық созылады.

Қолданылуы

Мұрын арқылы тыныс алуды жеңілдету және жергілікті антисептикалық әсерді қамтамасыз ету үшін:

  • суық тию ауруларында, тұмауда

  • пішен қызбасында немесе жедел ринитпен немесе синуситпен қатар жүретін жоғарғы тыныс жолдарының басқа аллергиялық ауруларында

  • жедел ортаңғы отитте (мұрын-жұтқыншақ шырышының ісінуін азайтуға арналған қосымша дәрі ретінде)

Қолдану тәсілі мен дозалары

Әр мұрын жолына бүркіңіз, бүрку кезінде басыңызды аса кейін шалқайтпаңыз.

4-тен 6 жасқа дейінгі балаларға: әр мұрын жолына 1-2 бүркуден күніне 3 рет;

6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға: әр мұрын жолына 2-3 бүркуден күніне 3 рет;

Пайдаланғаннан кейін құтының бүркетін қондырмасын сүртіңіз.

Емдеу курсының ұзақтығы 3 күннен артық емес.

Жағымсыз әсері

Кейде

- мұрынның ашуы, шымылдауы, шаншуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат ингредиенттеріне жеке жоғары сезімталдық

- жүрек-қан тамырлары жүйесінің, қалқанша бездің ауыр сипатты аурулары

- қант диабеті

- артериялық гипертензия

- тиреотоксикоз

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тамырды тарылтатын басқа заттармен, сондай-ақ антидепрессанттармен (моноаминоксидаза тежегіштерімен) бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Жұқпаның таралуына жол бермес үшін бір ғана құтыны бірнеше тұлғаға пайдалануға болмайды.

3 тәулік пайдаланғаннан кейін де мұрынмен тыныс алудың ауырлығы сақталса, дәрігерге қаралу керек.

Құтыны тік ұстап қысқанда ерітінді спрей түрінде; ал төңкеріп қысса - тамшы түрінде бөлінеді.

Назол Кидсті моноаминоксидаза тежегіштерін тоқтатқаннан кейін 2 апта ішінде тағайындамаған жөн.

Препаратты 4 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.

Артық дозалануы

Мұрынға жергілікті пайдаланғанда артық дозалану кейде тамыр соғуының жиілеуі (тахикардия) және артериялық қысымның көтерілуі, қозу сияқты жүйелі әсерлерге әкеледі. Артық дозаланған жағдайда медициналық жәрдемге жүгіну қажет.

Емдеу: белгісіне қарай.

Шығарылу түрі

15 мл препараттан төмен және жоғары тығыздықты полиэтилен қоспасынан жасалған, төмен тығыздықты полиэтиленнен жасалған бүріккіші бар (ұштық және түтік) және бұралатын полипропилен қақпағы бар құтыларға құяды.

10 мл-ден полиэтиленді қақпақпен полипропиленді мөлшерлегіш бүркуіші бар тығыздығы жоғары полиэтиленді құтыларда

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Иституто Де Анжели С.р.л.,

50066 Реггелло (Флоренция), Лок Прулли 103/c, Италия.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Байер Консьюмер Кэр АГ, Швейцария

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасындағы «Байер Каз» ЖШС,

050057, Алматы, Тимирязев 42, Экспо-Сити, 15 пав.

Тeл.: + 7 (727) 258 80 40 (148)

kz.claims@bayer.com

Прикрепленные файлы

784348691477976890_ru.doc 47.5 кб
664508501477978054_kz.doc 42.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники