Назацис-ксило
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Назацис-ксило
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ксилометазолин
Дәрілік түрі
Мұрынға тамызатын дәрі 0,05%, 0,1% 10 мл
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - ксилометазолин гидрохлориді 0,5 мг немесе 1 мг,
қосымша заттар: динатрий гидрофосфаты додекагидраты, натрий дигидрофосфат дигидраты, натрий хлориді, динатрий эдетаты, бензалконий хлориді (10 % ерітінді түрінде), тазартылған су.
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыштау сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Мұрынға арналған препараттар. Жергілікті қолдануға арналған антиконгестанттар мен мұрынға арналған басқа препараттар. Симпатомиметиктер. Ксилометазолин
АТХ коды R01AA07
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ұсынылған дозада жергілікті қолданған кезде препарат іс жүзінде сіңбейді, плазмадағы концентрациясы өте аз болғандықтан, оны қазіргі заманғы аналитикалық әдістермен анықтау мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Имидазолин туындысы тобына жататын альфа-адреномиметик. Төмен концентрацияларда α2-адренорецепторларға әсер етеді, жоғары концентрацияда α1-адренорецепторларға әсер етеді. Жергілікті қолданған кезде мұрынның шырышы қабығы қан тамырларының тарылуын туғызады, веналық синустарда қан ағысты азайтады, осылайша мұрынның шырышты қабығының ісінуін және гиперемиясын баса отырып, сөл бөлу мөлшерін азайтады, мұрын жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіреді, мұрынмен тыныс алуды жеңілдетеді.
Емдік концентрацияда шырышты тітіркендірмейді, гиперемияны туғызбайды. Әсер етуі 5 - 10 минуттан соң байқалады, және 6-8 сағат бойы сақталады, қантамырлардың түйілуі 8-12 сағатқа дейін сақталады.
Қолданылуы
Суық тиюмен, көп жылдық және аллергиялық ринитпен, синуситпен (оның ішінде пішен қызбасымен) байланысты мұрынның бітелуін жеңілдету үшін.
Қолдану тәсілі және дозалары
6 жастан бастап балаларға (05% мұрынға тамызатын дәрі).
Ересектер және 12 жастан асқан балалар (0,1% мұрынға тамызатын дәрі)
Әр мұрын жолына 1 немесе 2 тамшыдан күніне 1 немесе 2 рет.
Дәрігердің кеңесінсіз 5 күннен артық қолдануға болмайды. Егер емдеу кезінде баланың жағдайы нашарласа, ата-аналары немесе қамқоршылары дәрігерге жүгінуі тиіс.
24 сағат ішінде 2 дозадан аспайтындай берілуі тиіс.
Қолдану тәсілі: мұрынға қолдану
Көрсетілген дозадан асырмаңыз
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек
Жағымсыз әсерлері
жиі:
- жиі немесе ұзақ қолданған кезде мұрын шырышты қабығының тітіркенуі немесе құрғауы, мұрын шырышының артрофиясы, шымылдап ашыту, түшкіру, тәуелділік, гиперсекреция, созылмалы ринит болуы мүмкін
жиі емес:
- жүрек қағуы, жүрек ырғағының бұзылуы, артериялық қысымның жоғарылауы
- жүрек айнуы, құсу
- аллергиялық реакция (Квинке ісінуі, есекжем, қышыну)
- депрессия (жоғары дозада ұзақ уақыт қолданғанда)
- көрудің бұзылуы
өте сирек:
- қозу
- бас ауыруы
- шаршағыштық, ұйқышылдық, мәңгіру
- ұйқысыздық
- елестеулер және құрысулар (әсіресе балаларда)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- атрофиялық ринит
- жабық бұрышты глаукома
- ми қыртыстарына хирургиялық араласулар (сыртартқысында)
- гипертиреоз
- қант диабеті
- айқын атеросклероз
- артериялық гипертония
- тахикардия
- көздің ауыр аурулары
- феохромацитома
- порфирия
- қуық асты безі гиперплазиясы
- моноаминооксидаза тежегіштерін бір мезгілде қабылдау және оларды қолдануды аяқтағаннан кейін 14 күнге дейінгі кезең
- 6 жасқа дейінгі балалар (0,05% Назацис-ксило үшін)
- 12 жасқа дейінгі балалар (0,1% Назацис-ксило үшін)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Моноаминооксидаза (МАО) тежегіштерімен және оны тоқтатқаннан кейін 14 күн бойы, сондай-ақ трициклды антидепрессанттармен бірге қолданғанда артериялық қысымды жоғарылатуы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Өз еркіңізбен ұсынылған дозадан арттыруға және препаратты 5 – 7 күннен артық қолдануға болмайды.
Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) кезінде абайлап қолдану керек.
Балалар
Балаларға тек дәрігердің ұсынысымен ғана қолданылады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Қолдану тәжірибесінің жеткіліксіздігіне байланысты ұсынылмайды. Жүктілік және лактация кезеңінде препарат, анасы үшін болжанатын пайда бала мен шарана үшін потенциальді қауіптен асып түскен жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат ұсынылған дозада көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: үрейлену сезімі, қозу, елестеулер және құрысулар; гипотермия, летаргия, ұйқышылдық, кома; миоз, мидриаз, қатты тершеңдік, қызба, тері жабындысының бозаруы, цианоз, жүрек айнуы және құсу, тахикардия, брадикардия, жүрек аритмиясы, жүректің тоқтап қалуы, пальпитация, гипертензия, шокқа ұқсас гипотония, өкпенің ісінуі, тыныстың тарылуы және апноэ, психикалық бұзылулар. Балаларда артық дозаланудан кейін негізінен ОЖЖ тарапынан, құрысуды қоса, кома, брадикардия, апноэ және гипертензия симптомдары дамиды, ол гипотонияға ауысуы мүмкін.
Уыттанудың клиникалық көрінісі жасырын болуы мүмкін, өйткені ОЖЖ стимуляциялану фазасы ОЖЖ бәсеңдету фазасымен кезектесіп ауысады.
Емі: белсенділендірілген көмір (абсорбент), натрий сульфаты (іш жүргізетін дәрі) немесе асқазанды шаю бірден тағайындалады. Артериялық қысым төмендеген кезде селективті емес альфа-блокаторлар тағайындалады. Вазопрессорлар қолдануға болмайды. Қажет болғанда ыстық түсіретін, құрысуға қарсы ем және өкпені жасанды желдету жүргізіледі.Шығарылу түрі және қаптамасы
Алғашқы ашылуы бақыланатын қалпақшамен тығындалған, пластик тамшылатқыш-құтыда 10 мл препараттан. Әрбір құтыға заттаңба жапсырылады. Бір құтыдан мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі 3, тел.: (727) 253-03-88
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Sabipharm» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Әл Фараби даңғ., 19, «Нұрлы Тау» БО, 1 б, 202 кеңсе, тел.: 8 (727)3110591, A.Karkitbaeva@v-trade.kz
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)
«Sabipharm» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.-сы, Әл Фараби даңғ., 19, «Нұрлы Тау» БО, 1 б, 202 кеңсе, тел.: 8 (727)3110591, A.Karkitbaeva@v-trade.kz