Навельбин (30 мг)

МНН: Винорелбин
Производитель: Пьер Фабр Медикамент Продакшн
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Vinorelbine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020163
Информация о регистрации в РК: 12.10.2013 - 12.10.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Навельбин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Винорелбин

Дәрілік түрі

20 мг, 30 мг жұмсақ капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында:

белсенді зат – 27.70 мг, 41.55 мг винорелбин тартраты

20.00 мг, 30.00 мг винорелбинге баламалы

қосымша заттар – глицерол, сусыз этанол, тазартылған су, макрогол 400

жұмсақ желатинді капсулалар құрамыжелатин, глицерол 85%, ANIDRISORB 85/70 (сорбитол – сорбитан – 1.4 – маннитол – жоғары молекулалық спирттер), темірдің (III) сары тотығы (Е172) немесе темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171), триглицеридтер, орташа тізбекті триглицеридтер, PHOSAL 53 MCT қоспасы және орташа тізбекті триглицеридтер (99.6/0.4)

тағамдық сиялар құрамы - гипромеллоза, пропиленгликоль, кармин қышқылы (Е120)

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, тегіс жылтыр беткейлі, біртекті ашық-қоңыр түсті, қызыл түсті сиямен түсірілген «N20» жазуы бар, 3 өлшемді жұмсақ мөлдір емес желатин капсулалар (20 мг доза үшін).

Ұзынша пішінді, тегіс жылтыр беткейлі, біртекті қызғылт түсті, қызыл түсті сиямен түсірілген «N30» жазуы бар, 3 өлшемді жұмсақ мөлдір емес желатин капсулалар (30 мг доза үшін)

Капсуланың ішінде – көрінетін бөлшектерсіз ашық-сарыдан қызыл-сары – сары түске дейінгі тұтқыр, мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Өсімдік текті алкалоидтар. Қабіршөп алкалоидтары және оның аналогтары. Винорелбин.

АТХ коды L01CA04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Ішке қабылдағаннан кейін винорелбин жылдам сіңеді және 80 мг/м² дозасынан кейін қандағы ең жоғары 130 нг/мл-ге жуық концентрациясымен (C max) 1.5-тен 3 сағатқа дейінгі уақыт аралығында Т max мәніне жетеді. 40%-ға жуық абсолютті биологиялық жетімділігі және бір мезгілде ас ішу винорелбин әсерін баяулатпайды.

Ішке қабылданатын 60 және 80 мг/м² дозалары қан көрсеткіштеріне көктамырішілік инфузиялар үшін ерітінді дайындауға арналған Навельбин® концентратының 25 және 30 мг/м² дозалары сияқты әсер етеді.

Таралуы

Таралу көлемі ауқымды, орта есеппен, 21.2 л.кг-¹ (ауқымы: 7.5 – 39.7 л.кг-¹), бұл тіндерде таралу ауқымдылығын көрсетеді.

Қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы төмен (13.5%), винорелбин қан жасушаларымен, әсіресе, тромбоциттермен берік байланысады (78%).

Биоөзгерісі

Винорелбин метаболиттерінің бәрі, әдетте карбоксилестеразалармен түзілген 4-О-деацетилвинорелбинді қоспағанда, Р450 цитохромдарының CYP 3A4 изоформасымен түзілген. 4-О-деацетилвинорелбин бірден-бір белсенді метаболит және қанда байқалатын басты метаболиттердің біреуі болып табылады.

Шығарылуы

Организмнен винорелбиннің орташа жартылай шығарылу кезеңі 40 сағатқа жуық құрайды. Бауыр қан ағымына жеткенде қанның тазалануы жоғары болады – 0.72 л/сағ./кг (ауқымы: 0.32-1.26 л/сағ./кг).

Бүйрекпен шығарылуы төмен (<5% қабылданған дозасы). Өтпен шығару негізгі қалпына келтіруші компонент – өзгермеген винорелбинді және оның метаболиттерін шығарудың басым жолы болып табылады.

Фармакодинамикасы

Навельбин® - винкаалкалоидтар тобына жататын ісікке қарсы препарат.

Жасушалық митоз үдерісінде тубулин полимеризациясының тежелісіне байланысты цитостатикалық әсер көрсетеді. Навельбин® G2 +M фазада митозды бөгейді (митоздық өрім ақуызының синтезі, құраушы ақуызы - тубулин) және интерфазада немесе келесі митозда жасушылар ыдырауын туғызады. Препарат көбінесе митоздық ұсақ түтікшелерге әсер етеді; жоғары дозаларда қолданылғанда аксондық ұсақ түтікшелерге де ықпалын тигізеді. Навельбин® препараты туындататын тубулин спирализациясының әсері винкристиндегіден әлсіз көріністелген.

Қолданылуы

- ұсақ жасушалы емес өкпе обыры

- метастаздалатын сүт безі обыры.

Қолдану тәсілі және дозалары

Навельбин® жұмсақ капсуласы тек ішу арқылы қабылдау жолымен қолданылуы тиіс. Капсуланы аздаған су мөлшерімен ішіп, жұтып қойған жөн, капсуланы шайнамайды және сормайды. Капсуланы ас ішумен бірге қабылдау ұсынылады.

Монотерапияда:

Алғашқы үш қолданылатын дозасы - 60 мг/м² дене беткейі ауданына аптасына бір рет қабылданады. Үшінші қолданғаннан кейін, нейтрофильдер саны 500/мм³ төмен күрт азаятын емделушілерді қоспағанда, Навельбин® дозасын аптасына бір рет 80 мг/м² дейін немесе 60 мг/м² дозасын алғашқы үш қабылдау кезінде 500 және 1000/мм³ арасында бір реттен көбірек арттыру ұсынылады.

Біріктірілген режимде:

Дене беткейі ауданына 80 мг/м² ішке қабылданатын доза көктамыр ішіне енгізуге арналған 30 мг/м2 дозаға сәйкес келеді, дене беткейі ауданына 60 мг/м² ішке қабылданатын доза көктамыр ішіне енгізуге арналған 25 мг/м2 дозаға сәйкес келеді. Бұл емделушіге ыңғайлы болу үшін ішке қабылдауға және көктамыр ішіне енгізудің біріктірілген режиміне негіз болып табылады.

Жағымсыз әсерлері

Жұқпалы және паразитарлық аурулар

Өте жиі

- нейтропениясыз бактериялық, вирустық немесе зең аурулары

Жиі

- сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуі және/немесе иммундық жүйе бұзылуы салдарынан туындайтын және кейіннен дұрыс емделгенде қайтымды болатын бактериялық, вирустық немесе зең аурулары (нейтропения кезіндегі жұқпалы ауру)

- нейтропения кезіндегі жұқпалы ауру

Белгісіз

- нейтропениялық сепсис

Қан түзу жүйесі және лимфатикалық жүйе жағынан бұзылулар

Өте жиі

- нейтропениямен сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуі

- лейкопения

- анемия

- тромбоцитопения

Жиі

- дене температурасының 38 ºС-ден жоғары көтерілуімен байланысты нейтропения, фебрильді нейтропенияны қоса

- гранулоцитопения

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Белгісіз

- гипонатриемия

Жүйке жүйесі жағынан бұзылулар

Өте жиі

- нейросенсорлы бұзылулар (сіңірлік рефлекс)

- ұзақ уақыт емделуден кейін аяқ бұлшықеттерінің қатты шаршауы байқалуы мүмкін

Жиі

- жүйке-қозғалыс бұзылуы

- бас ауыру, бас айналу

- дәм сезу бұзылыстары

- ұйқысыздық

Жиі емес

- атаксия

Көру мүшесі тарапынан бұзылулар

Жиі

- анық көрмеу

Жүрек-қантамыр жүйесі жағынан бұзылулар

Жиі емес

- жүректің салдануы және жүрек аритмиясы

Белгісіз

- ауру тарихында жүрек аурулары бар немесе жүрекке әсер ететін қауіп факторлары бар миокард инфарктісі

Тамыр жүйесі жағынан бұзылулар

Жиі

- артериялық гипертензия

- артериялық гипотензия

Тыныс алу ағзалары тарапынан бұзылулар

Жиі

- ентігу

- жөтел

Ас қорыту жүйесі жағынан бұзылулар

Өте жиі

- жүрек айну, құсу, диарея, іш қату

- анорексия

- стоматит

- абдоминальді ауыру

Жиі

- эзофагит

- дисфагия

Жиі емес

- салданған ішек бітелісі

Белгісіз

- асқазан-ішектен қан кету

Бауыр және өт айдайтын жолдар тарапынан бұзылулар

Жиі

- бауыр аурулары

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- алопеция

Жиі

- тері реакциясы

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар

Жиі

- артралгия, жақсүйек ауыруын қоса

- миалгия

Несеп шығару жүйесі жағынан бұзылулар

Жиі

- дизурия

- басқа да несеп-жыныс бұзылулары

Жалпы бұзылулар және препарат енгізілген жердің жағдайы

Өте жиі

- қажу, дисфория

- температураның көтерілуі

Жиі

- ауыру, ісік шоғырланған жердің ауыруын қоса

- қалтырау

Зертханалық және аспаптық деректер

Өте жиі

- салмақ жоғалту

Жиі

- салмақ қосу

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- винорелбинге немесе басқа да қабіршөп алкалоидтарына немесе қосымша заттардың біріне аса жоғары сезімталдық

- сіңірілуге елеулі әсер ететін аурулар

- асқазанға немесе тік ішекке жасалған алдыңғы хирургиялық операциялар

- нейтрофильдер саны < 1500/мм³

- тромбоциттер саны < 100000/мм³

- бауыр қызметінің күрделі бұзылулары

- жүктілік және лактация кезеңі

- айқын нейтропения

- соңғы екі апта ішіндегі жедел жұқпалы ауру

- ұзақ мерзімді оттегімен емдеуді қажет ететін емделушілерге

- гепатитке қарсы вакцинамен үйлестіріп

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Барлық цитоуытты препараттарға ортақ дәрілік өзара әрекеттесулер:

Ісік аурулары жағдайында тромбоз қатерінің жоғарылауына орай антикоагулянттар жиі қолданылады. Ауру кезінде қан ұюының ішкі жекеше өзгергіштігінің және ішке қабылданатын антикоагулянттар мен химиялық ем арасындағы өзара әрекеттесу ықтималдығының деңгейі жоғары, егер емделушіні ішке қабылданатын антикоагулянттармен емдеу шешімі қабылданған жағдайда ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) мониторинг жасау жүйелілігін арттыру қажет.

Вакцинадан болатын өліммен аяқталу қатеріне орай, гепатитке қарсы вакцинамен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Вакцина туындататын аурулардың даму қаупімен және өліммен аяқталу мүмкіндігімен байланысты құрамында тірі әлсіретілген микроорганизмдер бар вакциналармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Қауіп қатарлас иммунодепрессиялық аурулары бар емделушілерде жоғарылайды. Белсенділігі жойылған вакциналар қолдануға кеңес беріледі (полиомиелит).

Фенитоин: цитоуытты препаратпен фенитоиннің көп сіңірілуінен болатын құрысулардың өршу қаупі немесе уыттанудың арту қатері немесе бауырдағы фенитоин метаболизмінің ұлғаюы салдарынан цитоуытты препарат тиімділігінің төмендеуі.

Мағлұматтануға арналған бір мезгілде қолданылуы:

Циклоспорин, такролимус: лимфопролиферация қатерімен иммундық тапшылықтың жоғарылауы.

Қабіршөп алкалоидтарына тән дәрілік өзара әрекеттесулер:

Бауыр метаболизмінің төмендеуі салдарынан қабіршөп алкалоидтары нейроуыттылығының артуына орай, итраконазолмен біріктіру ұсынылмайды.

С митомицинімен бір мезгілде қолданғанда бронх түйілу және ентігу қатерінің артатынын назарға алу қажет, сирек жағдайларда интерстициальді пневмонит сипатталған.

Винка-алкалоидтар Р-гликопротеинге тән субстрат ретінде белгілі болғандықтан, толық зерттеудің болмауына орай, Навельбинді® осы жарғақшалық тасымалдағыштың күшті модуляторларымен бір мезгілде қабылдағанда сақтандыру шаралары қабылдануы тиіс.

Винорелбинге тән дәрілік өзара әрекеттесулер:

Навельбин® сүйек кемігіне уытты әсер ететіні белгілі басқа дәрілік заттармен бірге қабылданғанда миелосупрессиялық жағымсыз әсері өршуі мүмкін.

Навельбинді® цисплатинмен біріктіріп қабылдағанда бірнеше рет қолдану циклдары ішінде екіжақты фармакокинетикалық өзара әрекеттесу байқалмайды. Дегенмен де, Навельбинді® цисплатинмен біріктіріп қабылдаумен байланысты гранулоцитопенияның пайда болу жағдайлары Навельбинмен® монотерапия кезіндегіден жоғары.

Навельбинді® кейбір басқа да химиялық ем препараттарымен (ішке қабылдауға арналған паклитаксел, доцетаксел, капецитабин және циклофосфамид) біріктіріп қабылдағанда елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер болмаған.

3А4 цитохромы винорелбин метаболизмінде әрекет ететіндіктен, осы изоферменттің күшті тежегіштерімен (кетоконазол, итраконазол сияқты) бір мезгілде қолдану қандағы винорелбин концентрациясының ұлғаюына апарады және осы изоферменттің күшті индукторларымен (рифампицин, фенитоин сияқты) бір мезгілде қолдану қандағы винорелбин концентрациясының төмендеуіне әкеледі.

Құсуға қарсы дәрілік заттар - 5НТ3 антагонистері (ондансетрон, гранисетрон сияқты) Навельбин® жұмсақ капсулаларының фармакокинетикасын өзгертпейді («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Ас ішу винорелбин фармакокинетикасына әсер етпейді.

Айрықша нұсқаулар

Навельбин® препаратын цитоуытты дәрілерді бақылау үшін арнайы құрал-жабдықпен химиялық ем қолдану тәжірибесі бар дәрігер тағайындауы тиіс.

Егер емделуші қателесіп капсуланы шайнап немесе сорып қойса, сұйықтық тітіркендіргіш әсер көрсетеді. Аузыңызды сумен немесе физиологиялық ерітіндімен (0.9 % натрий хлориді) шайыңыз. Егер капсула қиылған немесе бүлінген жағдайда сұйықтық тітіркендіргіш әсер береді және онымен жанасқанда теріге, шырышты қабыққа немесе көзге зиян тигізеді. Бүлінген капсуланы қолдануға болмайды, капсуланы талапқа сай жою үшін дәріханаға немесе дәрігерге қайтару қажет. Егер сұйықтықпен жанасу орын алса, тиіп кеткен жерді дереу сумен немесе физиологиялық ерітіндімен мұқият жуып-шаю қажет.

Препарат қабылдағаннан кейін бірнеше сағат ішінде құсу орын алған жағдайда оны қолдануды тоқтату қажет. 5НТ₃ антагонистері сияқты құсуға қарсы дәрілермен (мысалы, ондансетрон, гранисетрон) демеуші емдеу винорелбин әсерін төмендетуі мүмкін («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Ішке қабылданатын Навельбин® жұмсақ капсулалары инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған Навельбин® концентратын көктамыр ішіне енгізу кезіндегіден жиірек жүрек айну/құсуды туындатады. Алдын алу мақсатында құсуға қарсы дәрілер қабылдауға кеңес беріледі.

Препарат құрамында сорбитол бар болғандықтан, капсулаларды сирек тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылық синдромы бар емделушілерге қолдану ұсынылмайды.

Зертханалық көрсеткіштерді бақылау

Навельбин® препаратымен емделу кезінде толық гематологиялық бақылау (әр кезекті инъекция немесе ішке қабылдау алдында гемоглобин деңгейін, лейкоциттер, нейтрофильдер және эритроциттер санын анықтау) жүргізу қажет.

Препарат дозасы гематологиялық бақылау нәтижелері бойынша белгіленуі тиіс.

Егер нейтрофильдер саны 1500 /мм³ төмен және/немесе эритроциттер саны 100000/мм³ төмен болса, онда емдеуді қан көрсеткіштері қалпына келгенше кейінге қалдыру қажет.

Үшінші қабылдаудан кейін дозаны аптасына 60-тан 80 мг/м² дейін арттырған жағдайда - «Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз.

Егер 80 мг/м² препаратты қабылдау кезінде нейтрофильдер саны 500/мм³ төмен немесе 500 және 1000/мм³ арасында бір реттен көп болып шықса, препарат қабылдауды кейінге қалдырып, дозаны аптасына 60 мг/м² дейін азайту керек. Дозаны аптасына 60-тан 80 мг/м² дейін арттыру қажет болса, «Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз.

Клиникалық сынақтар нәтижесінде, бастапқы 80 мг/м² дозамен емделу кезінде, әсер ету деңгейі жоғары болмағандарды қоса, кейбір емделушілерде шектен тыс нейтропениялық асқынулар байқалды. Осы себепті, егер доза «Қолдану тәсілі және дозалары» бөліміндегі сипаттамасына сай келген жағдайда, 60 мг/м² дозадан бастап, 80 мг/м² дозаға дейін арттыру ұсынылады.

Егер емделушіде жұқпалы ауруды айғақтайтын белгілер немесе симптомдар пайда болса, шұғыл түрде тексеруден өту керек.

Емделушіде қолдану кезіндегі айрықша сақтандыру шаралары

Препарат тағайындалған кезде мынадай:

- сыртартқыдағы ишемиялық жүрек ауруы есепке алынатын («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз)

- қанының гематологиялық көрінісі қанағаттандырмайтын

емделушілерде айрықша сақтандыру шаралары қабылдануы тиіс.

Егер сәулелену аумағына бауыр кіретін болса, Навельбин® препараты мен сәулемен емдеуді бір мезгілде тағайындауға болмайды.

Навельбин® препаратын гепатитке қарсы вакцинамен бір мезгілде тағайындау қарсы көрсетілімді, әрі құрамында тірі әлсіретілген микроорганизмдер бар вакциналармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Навельбин® препаратын CYP3A4 күшті тежегіштерімен немесе индукторларымен бір мезгілде қолданған кезде сақтану шараларын қабылдау қажет («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Фенитоинмен (барлық цитоуытты препараттар сияқты) және итраконазолмен (барлық қабіршөп алколоидтары сияқты) біріктіріп қолдануға болмайды.

Бауыр қызметі бұзылған емделушілерде қолдану

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде Навельбин® препаратын мына дозаларда ішу арқылы қабылдау зерттелді:

- 60 мг/м² бауыр жеткіліксіздігі жеңіл емделушілерде (билирубин жоғарғы қалып шегінен < 1.5 есе, ал АлАТ және/немесе АсАТ жоғарғы қалып шегінен 1.5-тен 2.5 есеге дейін көбірек);

- 50 мг/м² бауыр жеткіліксіздігі ауыр емделушілерде (АлАТ және АсАТ деңгейіне қарамастан, билирубин жоғарғы қалып шегінен 1.5-тен 3 есеге дейін көбірек)

Зерттелген дозалар емделушілердегі винорелбин фармакокинетикасы мен қауіпсіздігі жөніндегі деректердің өзгерістерін көрсетпеген.

Навельбин® препаратын ішу арқылы қабылдаудың ауыр сипатты бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде зерттелмеуіне орай, сондықтан емделушілердің осы тобында препаратты қолдану қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар», «Фармакокинетикасы» бөлімдерін қараңыз).

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде қолдану

Фармакокинетика тұрғысынан бүйрекпен шығарылу деңгейі жоғары болмағандықтан, бүйрек қызметі бұзылған емделушілерге Навельбин® препаратының дозаларын азайтуға ешқандай негіздеме жоқ («Фармакокинетика» бөлімін қараңыз).

Педиатрияда қолданылуы

Навельбин® препаратын балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген, сондықтан препаратты балаларда қолдануға болмайды.

Бала туу жасындағы әйелдер

Бала туу жасындағы әйелдерге емделу кезінде және ем аяқталғаннан кейін 3 ай ішінде контрацепция әдістерін пайдалану қажет.

Фертильділікке әсері

Навельбин® препаратымен емдеу курсынан өтетін ерлерге емдеу курсынан кейін кемінде үш ай ішінде әке болуға кеңес берілмейді.

Емдеу курсы басталғанша винорелбинмен емделуден кейін болашақ сәбиге теріс әсерсіз келесі ұрықтандыруға дейін шәһуетті консервациялау ұсынылады.

Дәрілік заттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуіне зерттеулер жүргізілмеген. Фармакодинамикалық қасиеттерінің негізінде винорелбин көлік құралын жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді. Алайда, винорелбинмен емдеу жағымсыз әсерлерге алып келетіндіктен, алдын ала сақтандыру шараларын қабылдауға болады.

Артық дозалануы

Симптомдары: жедел артық дозалану жұқпалану, қызба және ішек парезі қаупі жоғары болатын сүйек кемігі гипоплазиясын туындатады.

Емі: қан құюмен және әсер ету ауқымы кең антибиотиктер қолданумен қатар жүргізілетін жалпы демеуші емді дәрігер белгілейді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

1 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

2 ºС-ден 8 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндірушінің атауы және елі

Пьер Фабр Медикамент Продакшн, Франция

Тіркеу куәлігінің иесі

Пьер Фабр Медикамент Продакшн

45 пл. Абель Ганс 92100 Булонь, Франция

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«EUROMEDEX» өкілдігі

050026, Алматы қ., Гоголь к-сі, 180/2 - 13

Тел./Факс: +7(727) 378-70-91 e-mail: office.kz@euromedex.com

 

Прикрепленные файлы

506341511477976855_ru.doc 105 кб
169998841477978012_kz.doc 124.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники