Мяты перечной настойка
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Бұрыш жалбыз тұндырмасы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозалануы
Тұндырма
Фармакотерапиялық тобы
Асқорыту жүйесі және зат алмасу. Функционалдық асқазан-ішек бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар.
АТХ коды А03
Қолданылуы
- асқазан-ішек жолының түйілуінде
- жүрек айнуы, құсуда
- метеоризмде
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- жүктілік, лактация кезеңі
- бауыр аурулары
- анамнезінде эпилепсия және құрысу синдромы (фибрильді құрысуларды қоса)
- алкоголизммен ауыратын адамдарға
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Егер препарат көзге түссе, оларды жеткілікті мөлшерде сумен жақсылап шайыңыз. Препаратты қолданғаннан кейін қолыңызды жуу керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Арнайы ескертулер
Препараттың көзге, шырышты қабықтарға, терінің зақымданған жерлеріне түсуіне жол бермеу керек.
Педиатрияда қолдану
Препаратты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды
Жүктілік, лактация кезеңі
Қолдануға болмайды
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалану режимі
Бұрыш жалбыз тұндырмасын тамақтануға дейін қабылдайды. Ересектерге ¼ стақан суға 10-15 тамшыдан күніне 2-3 рет тамақтануға дейін 15-20 минут бұрын қабылдау ұсынылады.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Симптомдары – жағымсыз реакциялардың күшеюі.
Емі – асқазанды шаю, симптоматикалық ем.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда: препаратты қабылдауды тоқтатып Сіздің емдеуші дәрігермен кеңескен жөн.
Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
- аллергиялық реакциялар (қышыну, гиперемия), бас ауыру, брадикардия
- қыжыл, жүрек айнуы, ауыз қуысын күйдіруін сезінуі болуы мүмкін
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыныз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
1 л препараттың құрамында
белсенді заттар: жалбыз жапырақтары 50.0 г
бұрыш жалбыз майы 50.0 г
қосымша зат – 90 % этанол 1 л-ге дейін
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жалбыздың иісі мен дәмі бар, жасыл түсті мөлдір сұйықтық
Шығарылу түрі және қаптамасы
25 мл-ден полиэтилен тығындармен және бұрандалы қақпақтармен тығындалған немесе нығыздағыш элементі бар полиэтилен қақпақтармен мойны бұралатын шыны массадан жасалған құтыларда.
Құтыларға өзі желімделетін заттаңбалар немесе заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңбалар жапсырылады.
Құтылар саны сәйкесінше медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге орауыш қағаздан жасалған бумаға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтаушарттары
Жарықтан қорғалған жерде 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.,
Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.,
Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар(ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекен-жайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.,
Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru