Мускомед

МНН: Тиоколхикозид
Производитель: Зентива Саглык Юрюнлери Сан. ве Тидж. А.Ш.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Тиоколхикозид
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121914
Информация о регистрации в РК: 09.06.2021 - 09.06.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Мускомед

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тиоколхикозид

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған крем 0,25 %, 30 г

Сипаттамасы

Ашық сары түсті біртекті крем

Құрамы

1 г кремнің құрамында

белсенді зат: 2,5 мг тиоколхикозид,

қосымша заттар: жөке эссенциясы, натрий альгинаты, натрий лаурилсульфаты, полисорбат 80, гидрогенделген ланолин, цетил спирті, цетилэфир балауызы, стеарин қышқылы, метилпарагидроксибензоат, этилпарагидроксибензоат, тазартылған су

Фармакотерапиялық тобы

Миорелаксанттар. Орталық әсер ететін басқа да миорелаксанттар. Тиоколхикозид.

АТХ коды M03BX05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда іс жүзінде жүйелі қан ағымына өтпейді. Белсенді заттың шамамен 70%-ы препаратты жаққан жерде шоғырланады. Ақуыздармен байланысуы (негізінен альбуминмен) 13% құрайды. Тиоколхикозид пен оның метаболиттері көбінесе нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Мускомед құрамында белсенді зат ретінде тиоколхикозид, колхикозидтің табиғи гликозидінен алынған жартылай синтетикалық миорелаксант бар. Гамма-аминмай қышқылы (ГАМК) және глицин рецепторларына селективтік аффинділік көрсетеді, бұл жергілікті сипаттағы түйілулерде де, шығу тегі орталық түйілулерде де жүйке жүйесінің түрлі деңгейлерінде препараттың әсеріне байланысты. Орталық жүйке жүйесі тарапынан әсер етумен байланысты бұлшықет түйілулерін орташа төмендетеді немесе басады. Түйілетін бұлшықет гипертониясында бұлшықеттің созылуға қарсыласуын пассивті төмендетеді немесе ауырсынатын еріксіз бұлшықет түйілулерін төмендетеді. Мускомед кураре тәрізді әсер көрсетпейді, салдану туғызбайды және жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелеріне әсер етпейді.

Қолданылуы

- ауырсынатын бұлшықет түйілулерін симптоматикалық емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Мускомед кремін сыртқа қолданады.

Ересектер мен 15 жастан асқан балаларда Мускомед кремі емдеуші дәрігердің бақылауымен тәулігіне 2-3 рет қолданылады. Кремнің жолағын теріге жағып, сәл ысқылайды. Қолданылатын препараттың мөлшері ауырысыну аумағының өлшеміне байланысты.

Препаратты жаққаннан кейін қолды жуу керек.

Емдеу ұзақтығы емнің көрсетілімдері мен тиімділігіне байланысты.

Жағымсыз әсерлері

- жанаспалы дерматит, бөртпе, есекжем, бронх демікпесі, ангионевроздық ісіну

- бас айналу, ұйқышылдық

- жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, іш өту

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- тері жабындары бүтіндігінің бұзылуы

- бұлшықет гипотониясы

- жеңіл салдану

- антикоагулянттармен емдеу және қан құйылуларға бейімділік

- жүктілік және лактация кезеңі

- 15 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ. Алайда басқа да миорелаксанттармен бір мезгілде қабылдағанда сақ болу керек.

Орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін препараттармен, соның ішінде алкогольмен, гипертензияға қарсы дәрілермен, кураре тәрізді препараттармен бір мезгілде қолданғанда миорелаксация күшеюі және ОЖЖ бәсеңдеуі, гипотония дамуы мүмкін.

Антикоагулянттармен бір мезгілде қолданғанда қан кету қаупі артады

Айрықша нұсқаулар

Аса жоғары сезімталдық реакциялары дамыған жағдайда препаратпен емдеуді тоқтату керек.

Мускомед кремін ашық жараларға түсуін болдырмай, тек зақымдалмаған теріге жағу керек. Жаққаннан кейін окклюзиялық таңғышты салмау керек. Препараттың көзге және шырышты қабықтарға түсуін болдырмау керек.

Препараттың құрамында этилпилпарабен, этилпарабен, метилпарабен бар. Бұл заттар бронх түйілуін, есекжемді, дерматитті туғызуы мүмкін, баяулатылған типтегі аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. Препараттың құрамына кіретін сусыз ланолин, цетилстеарилді спирт жергілікті тері реакцияларының (мысалы, жанаспалы дерматит) дамуына әкелуі мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезеңінде автокөлік жүргізгенде және жоғары зейін шоғырландыруды және психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін басқа да қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысқанда сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.

Емі: симптоматикалық және демеуші ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г препараттан алюминий сықпаларға салынған.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Зентива Саглык Юрюнлери Санайи ве Тиджарет А.Ш.», Түркия

(Кючюккарыштыран Мевкии, 39780 Люлебургаз, Кыркларели)

“Zentiva Sağlık Ürünleri Sanayi ve Ticaret A.Ş.”, Turkey

(Küçükkarıştıran Mevkii, 39780 Lüleburgaz, Kırklareli)

Тіркеу куәлігінің иесі

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР, Алматы, Түрксіб ауданы, Сүйінбай д-лы, 222б

Тел/факс: 8 (7272) 529090

 

Прикрепленные файлы

647546011477976300_ru.doc 54 кб
243143771477977547_kz.doc 59 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники