Мупобел (крем, 2%)

МНН: Мупироцин
Производитель: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Mupirocin
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022607
Информация о регистрации в РК: 07.10.2020 - 07.10.2030

Инструкция

Саудалық атауы

Мупобел

Халықаралық патенттелмеген атауы

Мупироцин

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған крем 2%, 15 г

Құрамы

1 г кремнің құрамында

белсенді зат 23.43 мг мупироцин кальций дигидраты (20.00 мг мупироцинге баламалы)

қосымша заттар: сұйық парафин, полоксиэтиленгликоль 1000 моноцетил эфирі, стеарил спирті, цетил спирті, феноксиэтанол, бензил спирті, ксантан шайыры, тазартылған су.

Сипаттамасы

Жұмсақ консистенциялы ақ немесе ақшыл түсті бөтен қоспалардан бос біртекті крем

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған бактерияға қарсы препараттар және микробқа қарсы препараттар. Жергілікті қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Жергілікті қолдануға арналған басқа да бактерияға қарсы препараттар. Мупироцин.

АТХ коды D06AХ09

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Мупироциннің зақымданбаған тері арқылы жүйелік сіңірілуі мардымсыз.

Метаболизмі

Мупироцин тек қана жергілікті қолдануға арналған; ол зақымданған тері арқылы сіңірілген жағдайда мупироцин белсенді емес метаболиті – моний қышқылына дейін жылдам метаболизденеді. Мупироциннің эпидермис пен дерманың терең қабаттарына енуі терінің жарақатты зақымдануы кезінде және окклюзиялық таңғышты ораған кезде артады.

Шығарылуы

Мупироцин организмнен белсенді емес метаболит моний қышқылы түрінде бүйрек механизмі арқылы жылдам шығарылады.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Мупобел – Pseudomonas fluorescens ферментациясы арқылы алынған жаңа дәуірдің антибиотигі. Мупобел изолейцил-трансфер-РНҚ-синтетазасының тежелуі арқылы ақуыз синтезін және РНҚ бактерияларын бәсеңдетеді.

Препаратты ең төмен тежейтін концентрацияда пайдаланған кезде Мупобел бактериостатикалық; ал концентрациясы жоғарылағанда - бактерицидтік әсер етеді.

Әсер етудің осы механизмінің және химиялық құрылымының арқасында Мупобел препаратының басқа антибиотиктермен айқаспалы резистенттілігі жоқ, сондай-ақ препаратты ұсынымдарға сәйкес қолданған кезде резистенттіліктің елеусіз даму қаупі бар.

Мупобел препаратына келесі микроорганизмдер сезімтал:

In vivo

- Staphylococcus aureus (метициллин-резистентті штаммдарды қоса)

- S. epidermidis

- β-гемолиздік Streptococcus

In vitro

Грамоң аэробтар:

- Staphylococcus aureus (бета-лактамаза өндіретін штаммдарды қоса, метициллинге төзімді штаммдар)

- Staphylococcus epidermidis (бета-лактамаза өндіретін штаммдарды қоса, метициллинге төзімді штаммдар)

  • Басқа да коагулаза-теріс стафилококктар (метициллинге төзімді штаммдарды қоса)

  • Streptococcus species

Грамтеріс аэробтар:

Мупобел препараты сирек жағдайда тері инфекцияларымен астасқан грамтеріс микроорганизмдерге қатысты белсенді:

Haemophilus influenzae

Neisseria gonorrhoeae

Neisseria meningitidis

Moraxella catarrhalis

Pasteurella multocida

Proteus mirabilis

Proteus vulgaris

Enterobacter cloacae

Enterobacter aerogenes

Citrobacter freundii

Bordetella pertussis

Сезімтал микроорганизмдер:

Staphylococcus aureus1

Staphylococcus epidermidis1

Коагулаза-теріс стафилококктар1

Streptococcus species1

Haemophilus influenzae

Neisseria gonorrhoeae

Neisseria meningitidis

Moraxella catarrhalis

Pasteurella multocida.

линикалық тиімділігі бекітілген көрсетілімдер шеңберінде қолданған кезде дәлелденген

Сезімтал емес микроорганизмдер

Corynebacterium species

Enterobacteriaceae

Грамотеріс таяқшалар

Micrococcus species

Анаэробтар

Резистенттіліктің даму механизмі

Препараттың 8-ден 256 мкг/мл-ге дейінгі ең төмен тежейтін концентрацияларында стафилококктар резистенттілігінің төмен даму деңгейі тРНҚ изоцейлил синтетаза табиғатының өзгеруі нәтижесінде анықталған.

Препараттың ≥512 мкг/мл-ге дейінгі ең төмен тежейтін концентрацияларында стафилококктар резистенттілігінің жоғары даму деңгейі тРНҚ изоцейлил синтетазаның ерекше құрылымына байланысты байқалады.

Грамтеріс микроорганизмдердің елеулі резистенттілігі (Enterobacteriaceae) препараттың бактериялық жасуша ішіне енуінің төмен деңгейімен байланысты.

Қолданылуы

Терінің екінші қайтара жұқпа жұқтырған жарақатты зақымдануын жергілікті емдеу:

- шағын жаралар

- тігілген жаралар

- сыдырулар

Қолдану тәсілі және дозалары

Кремнің аздаған мөлшерін терінің зақымданған аумағына жұқа қабаттап таза мақта немесе дәкенің көмегімен жағады. Өңделген аумаққа таңғышты қоюға болады.

Мупобелді мупироцин еруінің және тұрақтылығының төмендеуіне байланысты басқа препараттармен бірге жағуға болмайды, бұл бактерияға қарсы әсердің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Теріні өңдегеннен кейін кремнің қалдығы қалмау үшін қолды жуу керек.

Емдеу аяқталғаннан кейін препараттың кез-келген пайдаланылмаған қалдығы жойылуы тиіс.

Ересектер/балалар/егде жастағы пациенттер

Препаратты күніне 3 рет жағады. Жүргізіліп жатқан емнің клиникалық жауабына байланысты емдеу ұзақтығы– 10 күнге дейін.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Төменде көрсетілген жағымсыз әсерлер анатомиялық-физиологиялық жіктеуге және кездесу жиілігіне байланысты келтірілген. Кездесу жиілігі келесідей анықталады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 және <1/10), жиі емес (≥1/1000 және <1/100), сирек (≥1/10 000 және <1/1 000), өте сирек (<1/10 000, жекелеген жағдайларды қоса), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде жиілігін анықтау мүмкін емес). Жиілік санаттары препараттың клиникалық зерттеулерінің негізінде қалыптастырылды.

Жиі

- терінің аса жоғары сезімталдық реакциялары

Өте сирек

- жүйелік аллергиялық реакциялар (жайылған бөртпе, есекжем, тамырдың ісінуі)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- мупироцинге немесе препараттың басқа компоненттеріне белгілі аса жоғары сезімталдық

- интраназальді және интраокулярлық пайдалану

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттармен бір уақытта жағуға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Сирек жағдайларда аса жоғары сезімталдық реакциялары дамыған немесе ауыр жергілікті тітіркену бар болса, жүргізіліп жатқан емді дереу тоқтатып және кремді жуып-шаю керек, әрі қарай инфекцияны емдеу үшін басқа препаратпен емдеуге ауысады.

Басқа да антибиотиктер сияқты, препаратты ұзақ қолдану сезімтал емес флораның өсуіне әкелуі мүмкін.

Бактерияға қарсы препаратты пайдаланған кезде ауырлық деңгейі әр түрлі (жеңілден өмірге қауіп төндіретін) жалған жарғақшалы колиттің даму жағдайлары анықталған. Осылайша, антибиотиктерді қолдану кезінде немесе одан кейін пациентте диарея дамыған жағдайда осы диагноздың ықтималдығын қарастыру қажет. Мупироцинді сыртқа пайдаланған кезде колиттің пайда болу ықтималдығы тіптен мардымсыз болса да, ұзақ немесе ұзаққа созылған диарея және іштің аумағында түйілу пайда болған жағдайда Мупобелмен емдеу дереу тоқтатылуы және пациент әрі қарай тексерілуге жіберілуі тиіс.

Көзге түсуіне жол бермеген жөн. Крем көзге түскен жағдайда, оны крем толығымен кеткенге дейін сумен жуып тастау керек.

Интраназальді қолдану қажет болған жағдайда Мупобелді мұрынға арналған жақпамай түрінде пайдаланыңыз.

Жүктілік және лактация кезеңі

Фертильділік

Адамның фертильділігіне әсер етуі туралы деректер жоқ.

Жүктілік

Мупобел препаратын жүкті әйелдерде қолдану бойынша деректер жоқ, сондықтан препараттың зор пайдасы мүмкін болатын қауіптен жоғары болғанда ғана қолданады.

Лактация

Препараттың емшек сүтіне енуі бойынша деректер жоқ. Егер Мупобелді емшек ұшының жарылуын емдеу үшін қолданса, емшек емізер алдында емшекті кремнің қалдығын қалдырмау үшін жуу керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын басқару және қозғалыстағы механикалық жабдықтарға қызмет көрсету қабілетіне ықпал ететін жағымсыз әсерлер байқалмаған.

Артық дозалануы

Мупобел препаратының уыттылығы өте төмен. Препаратты кездейсоқ ішке қабылдаған жағдайда симптоматикалық ем қолданылады.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

15 г препаратты пластик қақпақпен тығындалған алюминий сықпаларға салады.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынады

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ-сы, Шевченко к-сі 162 Е.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электрондық пошта мекенжайы nobel@nobel.kz

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электрондық пошта мекенжайы nobel@nobel.kz

7

Прикрепленные файлы

Мупобел_крем_инструкция_рус.doc 0.09 кб
Мупобел_крем_инструкция_каз.doc 0.09 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники