МультиМакс® ДОЛГОЛЕТИЕ

Производитель: Юнифарм, Инк
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины в других комбинациях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014196
Информация о регистрации в РК: 24.07.2014 - 24.07.2019

Инструкция

Саудалық атауы

МультиМакс ® Долголетие

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

     

А витамині (ретинол ацетаты)

1.03

мг1

D3 витамині (холекальциферол)

5.00

мкг2

Е витамині (dl-альфа токоферол ацетаты)

10.00

мг3

С витамині (аскорбин қышқылы)

60.00

мг

В1 витамині (тиамин гидрохлориді)

1.50

мг

В2 витамині (рибофлавин)

1.70

мг

В6 витамині (пиридоксин гидрохлориді)

2.00

мг

В12 витамині (цианокобаламин)

2.00

мкг

Биотин

15.00

мкг

Фолий қышқылы

150.00

мкг

Никотинамид

15.00

мг

Кальций пантотенаты

6.00

мг

К1 витамині (фитоменадион)

70.00

мкг

Фосфор (кальций гидрофосфаты)

22.00

мг

Кальций (кальций карбонаты)

35.50

мг

Мыс (мыс тотығы)

2.00

мг

Йод (калий йодиді)

150.00

мкг

Темір (темір фумараты)

9.00

мг

Магний (магний тотығы)

10.00

мг

Мырыш (мырыш тотығы)

15.00

мг

Калий (калий хлориді)

20.00

мг

Хлоридтер (калий хлориді)

20.00

мг

Марганец (марганец сульфаты)

2.50

мг

Селен (натрий селенаты)

30.00

мкг

Хром (хром хлориді)

12.50

мкг

Молибден (натрий молибдаты)

12.50

мкг

Қалайы (қалайы хлориді)

5.00

мкг

Ванадий (натрий метаванадаты)

5.00

мкг

Никель (никель сульфаты)

2.50

мкг

Кремний (натрий метасиликаты)

5.00

мкг

Гинкго билоба жапырағының ұнтағы

20.00

мг

Лютеин

100.00

мкг

1 - А витамині белсенділігінің 3000 ХБ баламалы

2 - D3 витамині белсенділігінің 200 ХБ баламалы

3 - Е витамині белсенділігінің 10 ХБ баламалы

қосымша заттар: магний стеараты, кремнийдің қостотығы, натрий кроскармеллозасы, микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы,

қабығы: гипромеллоза, Опадрай II сұр 40L17589 (титанның қостотығы (Е171), полидекстроза, гипромеллоза, триацетин, полиэтиленгликоль, индигокармин (Е132), сары FD&C бояғыш # 6 (E110), қызыл FD&C бояғыш # 40 (E129)).

Сипаттамасы

Ақшыл-сұрдан күңгірт-сұр түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған екі беті дөңес дөңгелек таблеткалар. Өзіне тән иісінің болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Поливитаминдер. Басқа да біріктірілімдегі поливитаминдер.

АТХ коды A11AВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі, метаболизмі, таралуы мен шығарылуы препарат құрамына енетін жекелеген компоненттердің қасиеттеріне сәйкес келеді.

Фармакодинамикасы

Егде жастағы адамдардың физиологиялық қажеттілігін ескере отырып жасалған өсімдік құрамды витамин-минералдар жиынтығы.

Препарат организмге витаминдердің, макро-және микроэлементтердің теңдестірілген түсуін қамтамасыз етеді. Қалыпты зат алмасуын демеуге ықпал етеді, организмнің иммундық қорғанысын көтермелейді, жоғары дене және ой жүктемелерінен кейін организмнің қалпына келуіне көмектеседі, стресс, қоршаған ортаның жағымсыз факторлары, толыққанды емес және теңдестірілмеген тамақтану жағдайларында бейімделу мүмкіндіктерін жақсартады.

Кешен құрамына енетін лютеин антиоксидантты қасиеттерге ие, көз торқабығындағы дистрофиялық үдерістерді баяулатады, торқабықтың бос радикалдардың әсерінен зақымдану қаупін төмендетеді, көру жүктемелері жоғарылағанда (күн сәулесінің, компьютердің, теледидардың және т.б. артық әсерінде) көру өткілігінің сақталуына ықпал етеді, көздің жас келуіне байланысты ауруларының алдын алу үшін қажетті; Гинкго билоба дәрілік өсімдігі ми, шеткергі қанайналымын жақсартуға, ми қызметін ынталандыруға ықпал етеді, есте сақтау қабілеті бұзылғанда тиімді.

А витамині - иммунитеттің тиімді стимуляторы болып табылады, ісікке қарсы, вирусқа қарсы қорғанысты, аутоиммунды және иммунитет тапшылығы жағдайына төзімділікті қамтамасыз ететін T-лимфоциттері мен макрофагтардың цитоуытты қызметін белсенділендіреді.

D витамині - сүйек тінінің минерализациясына қатысады, кальций мен фосфор метаболизмі кезінде жалпы зат алмасуға ықпал етеді.

Е витамині - жасушалық жарғақшалар тұрақтылығын демеп, оларды бұзылудан қорғайды, күшті табиғи анитоксидант болып табылады. Организм тіндерінің қартаюын баяулатады.

С витамині - алмасу үдерістеріне қатысады, тамыр қабырғаларын нығайтады, сүйек пен шеміршек тіндерінің регенерациялану үдерісіне қатысады, эндокриндік бездердің қызметін көтермелейді.

В1 витамині - орталық, шеткергі жүйке жүйелерінің, жүрек-қантамыр және эндокринді жүйелер қызметін қалпына келтіреді; көмірсу алмасуына қатысады.

В2 витамині- қуат алмасуы мен биологиялық тотығу үдерістеріне қатысады, көз тор қабығын ультракүлгін сәулесінің артық әсерінен қорғайды, жүйке жүйесінің, терінің, шырышты қабықтардың жұмысын жақсартады.

В6 витамині - орталық және шеткергі жүйке жүйелерінің қалыпты қызмет етуі үшін қажет.

В12 витамині - нуклеин қышқылдарының синтезіне қатысады, қан түзу үдерістеріне әсер етеді, жүйке жүйесінің қызмет етуіне ықпал етеді; бауырдағы май алмасуына жақсы ықпал етеді.

Биотин - алмасу үдерістеріне қатысады, глюкозаның, май қышқылдарының, стероидтық қосылыстар мен аминқышқылдарының синтезі реакцияларында маңызды рөл атқарады.

Фолий қышқылы - қан түзілу үдерістеріне қатысады, бауырдағы май алмасуына, холестерин және бірқатар витаминдердің алмасуына оңды ықпал етеді.

Никотинамид - организмде тотығу-тотықсыздану үдерістерін реттейді, жасушалық тыныс алу үдерістерін реттеуге қатысады, жүрек бұлшықетінің метаболизмін жақсартады, миокардтың жиырылғыштық қабілетін жақсартады.

Кальций пантотенаты – май қышқылдары метаболизміне қатысады, липидтік алмасуды қалпына келтіреді, тіндердің дамуы мен дифференциялануын қамтамасыз етеді.

К1 витамині - қанның ұю үдерістері үшін қажет, тамыр қабырғалары төзімділігінің артуына ықпал етеді.

Фосфор – қуатты тасымалдауға қатысады, ДНҚ мен РНҚ құрамына кіреді, көміртегінің алмасуын реттейді, D витаминімен және кальциймен бірге сүйектің қалыптасуына қатысады.

Кальций - сүйек тінін қалыптастырады және демеп тұрады, жүйке-бұлшықет өткізгіштігін, жүректің жиырылу ырғағын, қан тамырларының тонусын қамтамасыз етеді. Организмде темірдің метаболизміне ықпал етеді.

Мыс - тіндерге оттегі тасымалдануына ықпал етеді, гемоглобиннің пайда болуы мен эритоциттердің түзілуіне жауапты, ақуыздар мен көмірсулардың сіңуін көтермелейді, организмге келіп түсетін темірдің гемоглобинге айналуы үшін қажет, қалқанша бездің қызметін жақсартады.

Йод - қалқанша без гормондарының синтезін қамтамасыз етеді, барлық тіндер жасушаларының өсуі мен дифференцациясына, метаболизмінің барлық түріне қатысады.

Темір - электрондар мен оттегінің тасымалына жауапты, тотығу-тотықсыздану реакциясын қамтамасыз етеді, гемоглобиннің құрамына кіреді.

Магний - сүйек тінінің құрылымын қалпына келтіреді, организмнің қорғаныс күшін арттырады, қандағы холестерин деңгейін төмендетеді.

Мырыш - инсулин мен басқа да гормондардың синтезін көтермелейді, орталық жүйке жүйесінің қызметіне оң ықпал етеді.

Калий - жасушаларға аминқышқылдары мен глюкозаны тасымалдайды, жүйке импульстерінің өткізгіштігіне жауапты, бұлшықеттің (оның ішінде миокардтың) жиырылуын реттейді, артериялық қысымның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Хлоридтер – организмде калий, натрий және кальций хлоридтері түрінде болады, онда қалыпты осмостық қысымды демей отырып, жасушаларда су-тұз алмасуының реттегіштері рөлін атқарады.

Марганец - сүйек пен шеміршек тінінің қалыптасуы мен минерализациясына ықпал етеді, майдың қалыпты метаболизміне, холестерин және нуклеотидтердің (ДНҚ) синтезіне жауапты.

Селен - антиоксидант, организмнің қорғану күштерін көтермелейді.

Хром - қандағы қанттың реттелуіне қатысады.

Молибден - пуриндердің алмасуын және несеп қышқылының өндірілуін қамтамасыз етеді.

Қалайы - темірдің алмасуына қатысатын ферменттердің белсенділігіне ықпал етеді.

Ванадий - көмірсу алмасуын реттеуге қатысады, инсулиннің белсенділігін арттыра отырып, глюкозаның пайдаға асырылуын көтермелейді.

Никель - тіндердегі тотығу үдерістерін күшейтеді, көмірсу мен липидтер алмасуына қатысады.

Кремний - сүйек жүйесінің қалыптасуында маңызды рөл атқарады.

Қолданылуы

  • егде жастағы адамдардың витаминге жоғары қажеттілігімен қатар жүретін жай-күйлерінде (оның ішінде ұзақ аурудан, оның ішінде маусымдық аурулардан кейінгі сауығу кезеңінде, операциядан кейінгі кезеңде, бактерияға қарсы емнен кейін)

  • дене және ой жүктемелерінің артуында

  • теңдестірілмеген немесе толыққанды емес тамақтануда

  • экологиялық қолайсыз аудандарда тұру кезінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге тамақтанудан кейін күніне 1 таблеткадан. Емдеу курсы 1 ай. Қайталау курстары – дәрігердің тағайындауы бойынша.

Ең жоғары бір реттік және тәуліктік дозасы күніне 1 таблетка.

Препаратты қолданудың алдында дәрігермен кеңесу қажет.

Жағымсыз әсерлері

  • препараттың компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

  • 18 жасқа дейінгі балалар

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қазіргі кезге дейін МультиМакс® ДОЛГОЛЕТИЕ препаратының басқа да дәрілік заттармен елеулі клиникалық өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Басқа да витамин-минералды кешендермен бір мезгілде тағайындағанда гипервитаминоз түріндегі асқынулар дамуы мүмкін.

МультиМакс® ДОЛГОЛЕТИЕ препаратының құрамында темір мен кальций бар, сондықтан тетрациклиндер тобындағы антибиотиктермен және микробқа қарсы дәрілер – фторхинлон туындыларымен бір мезгілде қабылдағанда, асқорыту жолында олардың сіңуінің іркілісі пайда болады.

МультиМакс® ДОЛГОЛЕТИЕ препаратының құрамына енетін С витамині сульфаниламидтер тобының микробқа қарсы препараттарының фармакологиялық әсері мен жағымсыз әсерлерін күшейтеді.

Құрамында алюминий, кальций, магний, сондай-ақ холестерамин бар антацидтік препараттармен бір мезгілде қолданғанда МультиМакс® ДОЛГОЛЕТИЕ препаратының құрамына кіретін темірдің сіңірілуі төмендейді.

МультиМакс® ДОЛГОЛЕТИЕ препараты мен тиазидтік диуретиктерді бір мезгілде қолданғанда гиперкальциемияның даму қаупі жоғарылайды.

Айрықша нұсқаулар

Ұсынылған дозадан асырмау керек. Артық дозалануды болдырмас үшін, ұқсас басқа да поливитаминді-минералды кешендермен бір мезгілде қолдануға болмайды.

А витаминін жоғары дозаларда ұзақ уақыт қолдану остеопороздың дамуы және сүйектің сынуы қаупін жоғарылатады.

Несептің сары түске боялуы, нәжістің күңгірт түске боялуы мүмкін, бұл препаратта, сәйкесінше, рибофлавин және темірдің болуына байланысты.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

МультиМакс® ДОЛГОЛЕТИЕ препаратын ұсынылған дозалар мен емдеу ұзақтығында қолданғанда артық дозалану құбылысы сипатталмаған. Кездейсоқ артық дозаланғанда дереу дәрігерге қаралу қажет.

Артық дозалану жағдайында симптоматикалық ем ұсынылады.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

30 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеде.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 10 °С-ден 30 °С-ге дейінгі температурада сақтау қажет.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Юнифарм, Инк., АҚШ

Тіркеу куәлігінің иесі

Юнифарм, Инк., АҚШ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Юнифарм, Инк.» (АҚШ) өкілдігі

Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе

Телефон нөмірі: +7 (727) 244-50-04

Факс нөмірі: +7 (727) 244-50-06

Электронды поштасы: info@unipharm.kz

 

 

Прикрепленные файлы

439452651477976702_ru.doc 77 кб
755479871477977846_kz.doc 94 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники