Мульти-табс® Юниор (Таблетки жевательные с фруктовым вкусом)

Производитель: Ферросан А/С
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины с микроэлементами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005232
Информация о регистрации в РК: 21.02.2018 - 21.02.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Мульти-Табс® Юниор

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таңқурай-құлпынай немесе жеміс дәмді шайнайтын таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

Ретинол ацетаты ретинолға шаққанда (А витамині) 800 мкг

Холекальциферол (D3 витамині) 5 мкг

α-токоферол ацетаты (Е витамині) 10 мг

Тиамин мононитраты (В1 витамині) 1,4 мг

Рибофлавин (В2 витамині) 1,6 мг

Пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині) 2 мг

Цианокобаламин (В12 витамині) 1 мкг

Никотинамид 18 мг

Пантотен қышқылы (кальций пантотенаты) 6 мг

Фолий қышқылы 100 мкг

Аскорбин қышқылы (С витамині) 60 мг

Темір (темір фумараты түрінде) 4 мг

Мырыш (мырыш тотығы түрінде) 15 мг

Мыс (мыс тотығы түрінде) 2 мг

Марганец (марганец сульфаты түрінде) 2,5 мг

Хром (хром хлориді түрінде) 50 мкг

Селен (натрий селенаты түрінде) 50 мкг

Йод (калий йодиді түрінде) 150 мкг

қосымша заттар: ксилитол, микокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы, кальций дигидрофосфаты дигидраты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, метилцеллюлоза, моно-, ди және триглицеридтер, хош иістендіргіш А, лимон қышқылының моногидраты, аспартам, желатин, глицерин 85 %, аскорбин қышқылы, жүгері крахмалы, тазартылған су.

А - 1) Таңқурай-құлпынай: таңқурай хош иістендіргіші 54.428 + құлпынай хош иістендіргіші 52311

2) Жеміс: жеміс хош иістендіргіші 051.880 АР + жеміс хош иістендіргіші 050.377 АР

Сипаттамасы

Таңқурай-құлпынай немесе жеміс дәмімен, түсі әртүрлі теңбілдері бар, дөңгелек пішінді, беті тегіс, сұр реңді ақшыл-сары түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Поливитаминдер және микроэлементтер.

АТХ коды А11АА04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Мульти-табсâ Юниор препаратының әсері оның құрамдастарының тұтас әсері арқылы білінеді, сондықтан оның әсеріне клиникалық бақылау жүргізу мүмкін емес; маркерлердің немесе био-зерттеулердің көмегімен барлық құрамдастарына тексеру жүргізіле алмайды. Осы себептен препарттар метаболиттерін анықтауға мүмкіндік жоқ.

Фармакодинамикасы

Мульти-табсâ Юниор – құрамында витаминдер мен минералдар кешені бар біріктірілген препарат. Оның әсері құрамына кіретін витаминдер мен минералдар қасиеттері арқылы анықталады.

А витамині организмінің дұрыс өсуі мен дамуына мүмкіндік жасайды. Иммундық жүйені қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, организмнің әр түрлі жұқпаларға қарсылығын арттырады. Көздің қалыпты көру қызметін қамтамасыз етеді. Ағзаның антиоксидантты қорғанышының маңызды компоненті болып табылады. Тері және шырыш жағдайының қалыпқа келуін демейді.

D витамині өсіп келе жатқан организмде сүйектер мен тістердің дұрыс қалыптасуы үшін қажет. Қан плазмасында органикалық емес фосфор мен кальцийдің деңгейлерін сақтайды, рахит пен остеомаляцияның дамуына жол бермейді.

С витамині коллаген деп аталатын ақуыздың түзілуінде маңызы зор, ол дәнекер тіндердің, сүйектердің, шеміршектердің, тістердің және теріні түзететін материалдардың едәуір бөлігін құрайды.

Иммунды жүйе және ақ қан жасушаларының қызмет атқаруы үшін маңызды мәнге ие, организмнің әр түрлі жұқпаларға қарсылығының артуына мүмкіндік береді. Асқазан-ішек жолынан органикалық емес темірдің сіңуіне ықпал етеді. Одан басқа антиоксидантты қасиетке ие.

Е витамині иммундық жүйенің жағдайын көтермелейді және жақсартады. Табиғи антиоксидант. Бұлшықет жүйесінің қалыпты қызметін жүзеге асырып, оның қызмет жағдайын, денеге түскен күшке деген төзімділігін жақсартады.

В1 витамині кетоқышқылдың декарбоксилденуі үшін коэнзимнің құрамды бөлігіне кіретін көмірсу алмасуының қажетті құрамдасы болып табылады; ақуыз, көмірсу және май алмасуларында маңызды рөл атқарады, синапстерде жүйке қозғыштығын өткізуге қатысады.

В2 витамині көмірсулардың, ақуыздардың және майлардың алмасуында, гемоглобиннің синтезінде үлкен маңызға ие. Жарақаттанғанда және кесіп алғанда тіндердің регенерациясына ықпал етеді, шырышты қабықтар мен терінің қалыпты құрылымы мен қызметін сақтайды. Орталық пен шеткергі жүйке жүйесінің жағдайын реттейді, көруге оң ықпал етеді.

В6 витамині орталық және шеткі жүйке жүйесінің қызметінің қалыпты болуы үшін аса маңызды. Фосфорлы-кальцийдің алмасуын реттейді, бауыр қызметін жақсартады, қан түзілуіне қатысады.

В12 витамині жүйке жүйесі қалыпты қызмет ету үшін қажет, зейін мен жады назарлығын жақсартады. Эритропоэзді көтермелейді.

Никотинамид жалпы холестериннің деңгейін тиімді төмендетеді. Май және көмірсу алмасуында, амин қышқылының метаболизмінде маңызы зор.

Жоғары жүйке жүйесін және ас қорыту ағзаларының қызметін реттейді және микроайналымды жақсартады. Жасушада тотығу-қалпына келтіру үдерісіне қатысады, тыныс алудың тіндік үдерісін тұрақтандырады.

Пантотен қышқылы тотығу және ацетилдену үдерістерін реттеуде үлкен рөл атқарады. Көмірсулар мен майлардың алмасуына, ацетилхолиннің және стероидты гормондар синтезіне қатысады, антидененің синтезін жақсартады. Антибиотиктермен емдеген кезде пайда болатын жағымсыз және уытты әсерлерді төмендетеді. Миокардтың жиырылу қызметінің қуатпен қамтамасыз етілуін жақсартады, регенерация үдерісін жылдамдатады.

Фолий қышқылы жасушалардың, соның ішінде қанның формалық элементтерінің қалыпты бөлінуіне, амин қышқылдарының (оның ішінде глициннің, метиониннің), нуклеин қышқылдарының, пиримидиндердің синтезіне қатысады, эритроциттерде гемоглобиннің пайда болуында үлкен маңызға ие.

Темір қан түзу үрдістеріне қатысады, жасушалық жергілікті иммунитеттің қалыпты жұмыс жасауына мүмкіндік береді.

Мырыш эритроциттердің және қанның басқа формалық элементтерінің түзілуі үшін қажет. Организмнің иммундық үдерістерін тұрақтандырады. Организмнің көптеген ферменттер құрамына кіреді. Мырыш жеткіліксіздігі аз өсумен, иммунтитеттің төмендеуімен, ауру деңгейінің жоғарылауымен астасады.

Мыс өмірлік қажетті микроэлемент болып табылады. Метаболикалық үдерістерде үлкен рөл атқарады, гемоглобиннің түзілуіне қатысады.

Марганец иммуноглобулиндер синтезін көтермелейді, асқын тотықты радикалдардың қауіпті әсер етуінен организмді қорғауда маңызды рөл атқарады.

Хром инсулиннің синтезделу үдерісіне қатысады. Адам организмінде хром мөлшерінің төмендеуі қандағы қант мөлшерінің күрт өзгеруін тудыруы және диабеттің дамуына мүмкіндік жасауы мүмкін.

Селенантиоксидант, иммундық жүйесін қорғайтын әсері бар, организмге зақым келтіретін бос радикалдардың түзілуіне жол бермейді. Организмде синтезделмейді.

Йод қалқанша бездің гормондарының құрамына кіреді. Мидың, жүйке жүйесінің, жыныстық және сүт бездерінің қызметтерін, организмнің өсуі мен дамуын реттейді. Организмде синтезделмейді.

Қолданылуы

4 жастан 11 жасқа дейінгі балаларда гиповитаминоздың және минералды заттардың жеткіліксіздігінің алдын алу үшін:

  • қарқынды өсу кезеңінде витаминдер мен минералдарға қажеттілік жоғары болған кезде

  • ойлау және дене жүктемесі жоғары кезде

  • ауруды өткергеннен кейін қалпына келтіру кезеңінде

  • теңдестірілмеген немесе толыққанды тамақтанбаған кезде

Қолдану тәсілі және дозалары

4 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға - күніне 1 таблеткадан. Тамақпен бір мезгілде немесе тамақтанып болысымен маусымдық курспен қабылдау керек.

Курстың ұзақтығы 1-2 ай.

Жағымсыз әсерлері

- сирек жағдайларда препараттың компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың жеке компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • А немесе D гипервитаминозы

  • 4 жасқа дейінгі балаларға

  • құрамында аспартам болғандықтан, фенилкетонуриясы бар емделушілер препаратты қолдануға болмайды

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Мульти-Табс® Юниор препаратының құрамына темір бар, сондықтан тетрациклиндер тобының антибиотиктерін қолданғанда және микробтарға қарсы дәрілерді – фторхинолондар туындыларын бір мезгілде қолданғанда соңғыларының АІЖ-ден сіңуі баяулайды. С витамині сульфаниламид тобының микробтарға қарсы дәрінің жағымсыз әсерін және фармакологиялық тиімділігін күшейтеді. Құрамында алюминий, кальций, магний бар антацидтік препараттарды бір мезгілде қолданғанда Мульти-табс® Юниор препаратының құрамына кіретін темірдің сіңуі төмендейді.

Айрықша нұсқаулар

Мульти-Табс® Юниорды қабылдау кезінде, әсіресе майда еритін витаминдермен (А, Д және Е) организмде жинақталуынан артық дозалануды болдырмау үшін басқа поливитаминдік препараттарды қабылдамаған жөн. Көрсетілген күндізгі дозадан арттырмаған жөн.

Артық дозалануы

Ұсынылған дозада қолданған кезде артық дозалану белгілері байқалмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Таңқурай-құлпынай немесе жеміс дәмді шайнайтын таблеткалар

Ламинацияланған алюминий (алюминий/алюминий) фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан. 3 немесе 6 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

“Ферросан А/С”, Дания

DК-2860, Сэборг, Сюдмаркен 5.

Тіркеу куәлігінің иесі

“Ферросан А/С”, Дания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Интерфармасьютикал» ЖШС, Қаскелең қ., Бокин к-сі 58 үй

тел : 8 727 273 83 08

e – mail : info@ferrosan.kz

Прикрепленные файлы

220181681477976924_ru.doc 66.5 кб
235278301477978080_kz.doc 68.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники