Мульти-табс® Перинатал

МНН: Витамин E, Никотинамид, Пиридоксина гидрохлорид, Ретинола ацетат, Рибофлавин, Фолиевая кислота, Холекальциферол, Цианокобаламин
Производитель: Пфайзер Консьюмер Мэнюфэкчуринг Италия С.Р.Л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины с другими минеральными веществами
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023149
Информация о регистрации в РК: 03.08.2017 - 03.08.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Мульти-табс® Перинатал

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір үлбірлі қабықпен қапталған таблетканың құрамында

белсенді заттар:

Ретинол ацетаты

ретинолға (А дәрумені) шаққанда 800 мкг 2667 ХБ сай келеді

Холекальциферол (D3 дәрумені) 5 мкг 200 ХБ сай келеді

Альфа-токоферол ацетаты

d-альфа-токоферолға (Е дәрумені) шаққанда 10 мг 14,90 ХБ сай келеді

Тиамин мононитраты

тиамин гидрохлоридіне (В1 дәрумені) шаққанда 2,1 мг

Рибофлавин (В2 дәрумені) 2,4 мг

Пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені) 3 мг

Цианокобаламин (В12 дәрумені) 2 мкг

Никотинамид 27 мг

Пантотен қышқылы (кальций пантотенаты түрінде) 9 мг

Фолий қышқылы (фолий қышқылы гидраты түрінде) 400 мкг

Аскорбин қышқылы (С дәрумені) 90 мг

Кальций (кальций карбонаты түрінде) 160 мг

Магний (магний тотығы түрінде) 75 мг

Темір (темір фумараты түрінде) 14 мг

Мырыш (мырыш тотығы түрінде) 15 мг

Мыс (сусыз мыс сульфаты түрінде) 2 мг

Марганец (марганец сульфаты моногидраты түрінде) 2,5 мг

Хром (хром хлориді гексагидраты түрінде) 50 мкг

Селен (сусыз натрий селенаты түрінде) 50 мкг

Йод (калий йодиді түрінде) 150 мкг

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, сусыз кальций гидрофосфаты, натрий кроскармеллозасы, өсімдік текті магний стеараты, желатин, кремнийдің қостотығы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, глицерол 85%, өсімдік текті стеарин қышқылы, аскорбин қышқылы.

Қабығы: Опадрай ақ: гипромеллоза (Е464), титанның қостотығы, полидекстроза, тальк, мальтодекстрин, орташа тізбекті триглицеридтер.

Сипаттамасы

Сопақша, екі жақ беті дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Таблетканың көлденең қимасында әр түсті теңбілі бар сұр реңді ақ ядро.

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Дәрумендер. Құрамында басқа да минералдар және олардың біріктірілімдері бар полидәрумендер

АТХ коды A11AA03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың әсері оның компоненттерінің жинақтық қасиеттерімен анықталады, сондықтан клиникалық қадағалаулар жүргізу мүмкін болмай отыр; компоненттердің барлығы бірге маркерлердің немесе био-зерттеулердің көмегімен қадағалануы мүмкін емес. Осы себептен препараттың метаболиттерін анықтау мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Мульти-табс® Перинатал - дәрумендер мен минералдар кешенінен тұратын біріктірілген препарат. Әсері препарат құрамына кіретін дәрумендердің қасиеттерімен анықталады.

А дәрумені (ретинол)

А дәрумені қаңқаның қалыптасуына қатысады, эпителиальді тіннің құрылымы үшін қажет. Иммундық жүйенің қалыптасуында маңызды орын алады, организмнің түрлі инфекцияларға төзімділігін арттырады. А дәруменінің жеткіліксіздігінде қараңғылық адаптациясының (ымырттық көру) бұзылыстары пайда болады. Организмнің антиоксидантты қорғанысының маңызды компоненті болып табылады.

D3 дәрумені (колекальциферол)

Сүйектер мен тістердің дұрыс қалыптасуына қажет. Плазмадағы бейорганикалық фосфор мен кальций деңгейін демейді және остеопенияның дамуын алдын алып жіңішке ішектегі кальций сіңірілуін арттырады.

С дәрумені (аскорбин қышқылы)

Коллаген деп аталатын ақуыздың түзілуінде маңызды орын алады, ол дәнекер тіндердің, сүйектердің, сіңірлердің, тістер мен тері материалының едәуір бөлігін құрайды. Қанның иммунокомпетентті жасушаларының қызмет етуі үшін маңызды, организмнің түрлі инфекцияларға төзімділігінің артуына ықпал етеді. Аскорбин қышқылы бейорганикалық темірдің ас қорыту жолынан сіңірілуіне ықпал етеді. Одан өзге, антиоксидантты қасиеттерге ие.

Е дәрумені (альфа-токоферол)

Антиоксидант бос-радикалды реакциялардың дамуын тежейді, жасушалық және субжасушалық жарғақшаларды зақымдайтын асқын тотық түзілуінің алдын алады, бұл организмнің дамуы, жүйке және бұлшықет жүйелерінің қалыпты функциялары үшін аса маңызды. Селенмен бірге қанықпаған май қышқылдарының (электрондарды микросомальді тасымалдау жүйесінің компоненті) тотығуын тежейді, эритроциттер гемолизінің алдын алады. Кейбір ферменттік жүйелердің кофакторы болып табылады.

В1 дәрумені (тиамин)

Энергетикалық алмасудағы ең маңызды дәрумендердің бірі. Кетоқышқылдардың декарбоксилденуі үшін коэнзимнің құрамдас бөлігі ретінде көмірсу алмасуының қажетті компоненті болып табылады; ақуыз және май алмасуында да маңызды орын алады, холинергиялық синапстарда жүйке қозуын жүргізуге ықпал етеді.

В2 дәрумені (рибофлавин)

Майлар, ақуыздар және көмірсулар утилизациясына қатысады, организмнің өсу үдерістерінде теңдесі жоқ. B2 дәрумені орталық және шеткері жүйке жүйесінің жағдайын реттейді, көз көруіне оң ықпал етеді. Метаболизмдік әсер етеді; тотығу-тотықсыздану үдерістерін реттей отырып, тіндік тыныс алуға қатысады.

В6 дәрумені (пиридоксин)

Нуклеин қышқылдарының синтезіне қатысады, фосфор-кальций алмасуын реттейді, бауыр функциясын жақсартады, қан түзуге қатысады. Орталық және шеткері жүйке жүйесінің қалыпты функциясы үшін маңызды орын алады.

В12 дәрумені (цианокобаламин)

Эритропоэзге және түрлі ферменттердің түзілуіне қатысады, олар организмде зат алмасуының әр түрлерін реттейді, жүйке жүйесінің қалыпты қызмет етуіне ықпал етеді.

Никотинамид

Жасушадағы тотығу-тотықсыздану үдерістеріне қатысады, тіндік тыныс алу үдерістерін тұрақтандырады. Май және көмірсу алмасуына және амин қышқылдарының метаболизмінде рөл атқарады.

Пантотен қышқылы (кальций пантотенаты түрінде)

Пантотен қышқылы ацетилдену және тотығу үдерістерінде маңызды рөл атқара отырып, А коэнзимінің құрамына кіреді, көмірсу және май алмасуына, ацетилхолин және стероидты гормондардың синтезіне қатысады. Миокардтың жиырылу функциясының энергетикалық қамтамасыз етілуін жақсартады, регенерация үдерістерін жеделдетеді.

Фолий қышқылы

Түрлі метаболизмдік үдерістерге қатысады. Мегалобласттардың жетілуіне және нормобласттардың түзілуіне қажет. Эритропоэзді көтермелейді, амин қышқылдарының (оның ішінде глицин, метионин), нуклеин қышқылдарының, пуриндерінің, пиримидиндердің синтезіне, холин, гистидин алмасуына қатысады.

Кальций

Сүйек тінінің қалыптасуына қатысады және минерализациясына ықпал етеді; жүйке және бұлшықет жүйесінің қалыпты жұмысын ұстап тұрады; жүрек-қантамыр жүйесінің қызметін реттейді; қан ұю жүйесіне қатысатын ферменттерді қоса, бірқатар ферменттер белсенділігіне қатысады; эндокриндік (әсіресе қалқанша маңы) бездердің функциясына ықпал етеді; қабынуға қарсы және десенсибилизациялайтын әсер көрсетеді.

Магний

Жиырылу функциясын реттеуге және миокард жасушаларының электрлік тұрақтылығын қамтамасыз етуге маңызы зор. Ми нейропептидтерінің синтезіне қатысады және шеткері жүйкелер мен бұлшықеттерге тежеу сигналдарының берілуі үшін жауап береді.

Темір

Организмде оттегінің тасымалдануына қатысады және анемия, оның ішінде, жүктілік кезеңінде дамуының алдын алады. Жасушалық тыныс алу үдерістеріне қатысады және тотығу-тотықсыздану ферменттерінің құрамына кіреді.

Мырыш

Темірмен біріктіргенде қан түзілуін қосымша көтермелейді. Организмнің көптеген ферменттерінің құрамына кіреді. Мырыш жеткіліксіздігі бойдың аласалығымен, иммунитет төмендеуімен, аурушаңдық деңгейінің жоғарылауымен астасқан. Мырыш шарана қаңқасының дұрыс қалыптасуы үшін қажет, жыныс гормондарының синтезіне ықпал етеді, инсулярлық аппараттың функционалдық күйіне жауап береді, бірқатар құрсақішілік аномалиялар ықтималдығын төмендетеді.

Мыс

Гемоглобин және эритроциттер түзілуіне энергия алмасу үдерістеріне қатысады.

Марганец

Марганец иммуноглобулиндердің синтезін көтермелейді және сондай-ақ организмді асқын тотықты радикалдардың зиянды әсерлерінен қорғауда маңызды орын алатын супероксид-дисмутазаның компоненті болып табылады.

Хром

Инсулин синтезі үдерісіне қатысады.

Жасуша жарғақшаларын тұрақтандырады, оттегінің белсенді формаларымен, бос радикалдармен өзара әрекеттеседі. Липидтердің асқын тотықты тотығу өнімдерінің мөлшерін азайтады.

Селен

Селен – ферменттік жүйе болып табылатын биологиялық жарғақшаларды бос радикалдардың зақымдаушы әсерінен қорғайтын глутатионпероксидаза құрамына кіреді.

Йод

Йод қалқанша безін қоса, шарананың мүшелері мен жүйелерінің қалыптасу кезеңі болып табылатын жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде аса маңызды. Негізін йод құрайтын қалқанша без гормондары (тироксин, трийодтиронин) өмірлік маңызды функцияларды орындайды: ми қызметін, жүйке жүйесін, жыныс және сүт бездерін, организмнің өсуін және дамуын реттейді.

Қолданылуы

Жүктілікке дайындық кезеңінде, жүктілік және лактация уақытында гиповитаминоздың және минералды заттар тапшылығының профилактикасында.

Дәрумендер мен минералды заттардың тапшылығымен негізделген шарана дамуының туа біткен кемістіктерінің профилактикасында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Күніне 1 таблеткадан. Ас қабылдаумен бір уақытта немесе одан соң бірден ішке қабылданады.

Жағымсыз әсерлері

Сирек жағдайларда препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Препарат компоненттеріне жеке жақпаушылық, А немесе D гипервитаминозы.

Құрамында сахароза болуына байланысты сирек туа біткен фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі проблемалары бар пациенттер препаратты қабылдамаулары тиіс.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Деректер жоқ

Айрықша нұсқаулар

Мульти-табс Перинатал қабылдау уақытында артық дозаланудың алдын алуды мақсатында басқа полидәруменді препараттар қабылдау ұсынылмайды. Көрсетілген тәуліктік дозаны арттыруға болмайды.

Жүктілік және лактация

Препарат жүктілік және лактация уақытында қолдануға арналған.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары хабарланбаған. Тәуліктік дозаны біршама арттыру жағдайында мыналар ұсынылады: белсендірілген көмір ішу, асқазанды шаю, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

15 таблеткадан поливинилхлорид үлбірден және ламинацияланған Аклар үлбірінен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

4 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Пфайзер Консьюмер Мэнюфэкчуринг Италия С.Р.Л.», Виа Неттуненсе 90, 04011 Априлия (ЛТ), Италия.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Пфайзер Инновации» ЖШҚ, Пресненская жағалауы, 10 үй, Мәскеу қ., Ресей.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:

Pfizer Export B.V. (Пфайзер Экспорт Би.Ви.) компаниясының Қазақстан Республикасындағы филиалы: 050000, Алматы қ., Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 100/4, тел. 8(727)250-42-94

7

Прикрепленные файлы

Мульти-табс_перинатал_КАЗ.docx 0.04 кб
Мульти-табс_Перинатал_рус.doc 0.07 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту