Мукосол (сироп, 120 мл)

МНН: Карбоцистеин
Производитель: Медикал Юнион Фармасьютикалс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Carbocisteine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011518
Информация о регистрации в РК: 20.08.2019 - 20.08.2024
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 528.41 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Мукосол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Карбоцистеин

Дәрілік түрі

Шәрбат

Құрамы

100 мл шәрбаттың құрамында

белсенді зат - 5 г карбоцистеин,

қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, сахароза, глицерин, 70% сорбитол ерітіндісі, карамель, құлпынай хош иістендіргіші, натрий гидроксиді, тазартылған су

Сипаттамасы

Тәтті және құлпынайдың хош иісімен жағымды дәмі бар, күңгірт-қоңыр түсті мөлдір шәрбат

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдары мен жөтелді қайтаруға арналған препараттар. Mуколитиктер. Карбоцистеин

АТХ коды R05CB03

Фармакологиялық әсері

Фармакокинетикасы

Карбоцистеин ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан жылдам және жақсы сіңіріледі. Қан плазмасында шектік концентрациясы ішіп қабылдаудан кейін 90-120 минут өткен соң байқалады. Карбоцистеин өкпе тініне және тыныс алу жолы шырышты қабығына өтеді. Сарысудағы ең жоғары концентрациясына қабылданғаннан кейін 1 - 1.7 сағаттан кейін жетеді және 1.5 г дозадан кейін 13.38 мг/л құрайды. Плазмадан жартылай шығарылу кезеңі 1.33 сағатты құрайды. Таралу көлемі шамамен 60 л.

Карбоцистеин жергілікті әсер ете отырып, өкпе тіндеріне және тыныс алу органдарының шырышты қабығына өтеді.

Фармакодинамикасы

Карбоцистеин муколитикалық препарат болып табылады, гликопротеидтердің дисульфидтік байланысын бұза отырып, эндобронхиальдік секреттің гель сатысына әсер етеді, осылайша секрет тұтқырлығын азайтады және секрет созылғыштығын арттырады. Карбоцистеин сондай-ақ бронх шырышты қабығының бокал тәрізді жасушаларының ферменті – сиал трансферазасын белсендіріп, қышқыл және бейтарап сиаломуциндер сандық арақатынасын қалыпқа түсіреді, бұл шырыш тұтқырлығы мен созылғыштығын қалыпқа келтіреді. Карбоцистеин шырышты қабықтың регенерациясына ықпал етеді, оның құрылымын дұрыстайды, кірпікшелі эпителийдің қызметін белсендіреді, иммунологиялық белсенді IgA секрециясын қалпына келтіреді, мукоциллиарлы клиренсті жақсартады.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

- тыныс алу жолдары созылмалы ауруларында (бронхит, эмфизема, демікпелі бронхит, бронхоэктаз, туберкулез, пневмокониоз, силикоз және т.б.)

- жедел респираторлық ауруларда (бронхит, пневмония, жедел демікпелі ұстамалар)

- науқасты бронхоскопия мен бронхографияға дайындауда қақырықтың түсуін жеңілдету үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Мукосолды жылы судың мол мөлшерімен тамақтанудан кейін қабылдау керек.

15 жастан асқан балаларға және ересектерге: қабылдауды күніне 3 рет

1 ас қасықтан (15 мл) бастау керек. Демеуші доза күніне 3 рет 2 шай қасық (10 мл) түрінде тағайындалады.

15 жастан кіші балаларға Мукосол, балаларға арналған шәрбатты тағайындау ұсынылады.

Емдеу курсы 7 күн.

Жағымсыз реакциялары

- аллергиялық реакциялар: қышыну, тері бөртпесі, ангионевратикалық ісіну

- асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар: жүрек айну, құсу, диарея, эпигастрийдің ауыруы, метеоризм

- бас айналу, әлсіздік, дімкәстік

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- асқазан және 12 елі ішектің ойық жара ауруы

- жүктілік, лактация кезеңі

- 15 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Карбоцистеин жоғары және төменгі тыныс жолдары қабыну ауруларын глюкокортикостероидты және антибактериялық емдеудің тиімділігін арттырады.

Карбоцистеин теофиллиннің бронхолитикалық әсерін күшейтеді.

Жөтелге қарсы және М-холиноблокаторлық дәрілік заттар карбоцистеиннің белсенділігін әлсіретеді.

Айрықша нұсқаулар

Препарат сыртартқысында пептикалық ойық жара диагнозы қойылған емделушілерге сақтықпен пайдаланылуы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: гастралгия, жүрек айнуы, диарея

Емі: асқазанды шаю. Симптоматикалық ем

Шығарылу түрі және қаптамасы

120 мл-ден құтыға бекітілген өлшеуіш ыдысы бар янтарь-сары түсті пластик құтыда. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші: Медикал Юнион Фармасьютикалс, Мысыр.

Мохамед Хасан Эль-Гамаль к-сі 36, 6-шы аудан, Наср Сити, Каир 11471, А/ж 7010.

Тіркеу куәлігінің иесі

Медикал Юнион Фармасьютикалс, Мысыр

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Медикал Юнион Фармасьютикалс» компаниясының ҚР өкілдігі.

Мекенжайы: Алматы қ. 050040, Шашкин 36-а, 1 пәтер;

тел./факс: 8(727) 263 56 00;

эл. поштасы: office@mupkz.com

Прикрепленные файлы

186054241477976720_ru.doc 45 кб
113121621477977872_kz.doc 66.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники