МОТЕРИС

МНН: Аскорбиновая кислота
Производитель: "Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ascorbic acid
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024427
Информация о регистрации в РК: 15.01.2020 - 15.01.2025

Инструкция

Саудалық атауы

МОТЕРИС

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аскорбин қышқылы

Дәрілік түрі

Қынаптық таблеткалар, 250 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: аскорбин қышқылы 250 мг,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, гипромеллоза Е15, гипромеллоза Е5, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты

Сипаттамасы

Сопақша, екі беті дөңес, теңбілдері бар, ақтан ақшыл сары реңді ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Несеп-жыныс жүйесі және жыныс гормондары. Гинекологиялық инфекцияға қарсы және антисептикалық препараттар. Инфекцияға қарсы және антисептикалық препараттар, кортикостероидтармен біріктірілімдерді қоспағанда. Органикалық қышқылдар. Аскорбин қышқылы

АТХ коды G01AD03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакодинамикасы

Аскорбин қышқылы қынаптың рН-ын төмендетіп, рН 4,0-ке тең ортада ары қарай көбейе алмайтын бактериялардың өсуін тежейді.

Лактобактериялар сияқты бактериялар, рН 4.0 төмен кезде де бұрынғыдай көбеюі мүмкін және қынап рН төмендеуі есебінен бәсеңдемейді деуге болады (немесе мүлдем). Осылайша қынаптың қалыпты микрофлорасы (Додерлейн талшығы, лактобактериялар) бірнеше күннен соң қалпына келеді.

С дәруменімен қышқылдану, әсіресе жағымсыз анаэробты микроорганзмдерге қатты тежегіш әсер береді. Керісінше ашытқы зеңдері тежелмейді; олар рН көрсеткіштері төмен кезде бұрынғыдай көбейе алады. Қынаптың микрофлорасына С дәруменінің бактериостатикалық және бактерицидтік әсер ету механизмі көбіне рН төмендетумен байланысты.

Фармакокинетикасы

Жүйелі қан ағымында аз мөлшерде байқалады. Бүйрек арқылы шығарылады.

Қолданылуы

- қынаптың бұзылған микрофлорасын қалпына келтіру үшін анаэробты флорамен байланысты (қынаптың рH өзгеруіне байланысты) созылмалы немесе қайталанатын вагинит (бактериялық вагиноз, спецификалық емес вагинит)

Қолдану тәсілі және дозалары

Стандартты ем күніне 250 мг Мотерис 1 қынаптық таблеткасын құрайды.

Қынаптық таблетканы дұрысы кешкісін қынапқа терең енгізеді. Қынаптық флораның жеңіл және орташа бұзылуы кезінде емді 6 күн бойы қолдану жеткілікті. Қынаптық флорасының бұзылуы ауыр және лактобактериялар мүлде жоқ пациенттерге немесе жүктілік кезінде емді бірнеше апта бойы жалғастыру ұсынылады.

Қажет болғанда емдеу курсын анағұрлым ұзақ мерзімге ұзартуға болады.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакцияларды бағалауда мынадай санаттар пайдаланылады: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10 000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10 000), белгісіз (жиілігін қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).

Өте сирек

  • препарат компоненттерінің біріне аса жоғары сезімталдық

Жиі емес

  • қынаптағы ашыту немесе қышыну

  • шырышты бөліністердің күшеюі

  • гиперемия

  • вульваның ісінуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың белсенді затына немесе кез келген басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық

  • кандидозды вульвовагинит

  • тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

С дәрумені несепте глюкозаны ферменттік анықтау кезінде, сондай-ақ сарысуда трансаминазаны, сарысуда лактатдегидрогеназаны және билирубинді анықтауда көрсеткішті бұрмалауы мүмкін. Салицил қышқылы С дәруменінің шығарылуын күшейтеді. Эстрогендер С дәруменінің биожетімділігін жоғарылатады. С дәрумені антикоагулянттар белсенділігін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Етеккір немесе етеккір арасындағы қан кетулер кезінде Мотерис препаратымен емдеуді тоқтатудың қажеті жоқ. Басқа да қатар жүрген ауруларда немесе жүйелі инфекциялық ауруларда Мотерис препаратын қолдану үшін қарсы көрсетілім болып табылмайды және керісінше С дәруменін қосымша қабылдау тіпті дұрыс болуы да мүмкін, өйткені организмнің стресс жағдайында С дәруменінің жоғары деңгейі қажет етіледі.

Педиатрияда қолдану

Препаратты жыныстық қатынас өмірі басталғанға дейін қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік немесе лактация кезеңінің кез келген уақытында Мотерис препаратын қолдануға қатысты қауіп жоқ.

Инфекцияның пайда болу қаупін болдырмау үшін Мотерис препаратын қолданудың алдында қолды мұқият жуу қажет.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары хабарланбаған.

Симптомдары: кез келген жағымсыз әсерлері пайда болған кезде препаратты қабылдауды тоқтату және дәрігерге қаралу керек.

Емі – симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

6 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

1 пішінді қаптамадан қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.»

15 Теммуз Мах., Джами Йолу Джад. №50 Гюнешли, Багджылар/Стамбул, Түркия

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«УОРЛД МЕДИЦИН ЛТД.», Тбилиси/Грузия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«TROKA-S PHARMA» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы, Түрксіб ауданы, Сүйінбай даңғ., 222 б

Тел/факс: 8 (7272) 529090, www.worldmedicine.kz

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«TROKA-S PHARMA» ЖШС, Алматы қ., Түрксіб ауданы, Сүйінбай даңғ., 222 б

Ұялы тел: +7 701 786 33 98 (24 сағат қолжетімді)

e-mail: pvpharma@worldmedicine.kz

Прикрепленные файлы

Мотерис_Рус.docx 0.02 кб
КАЗ_Мотерис1.docx 0.02 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту