Мореназал (спрей)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
МОРЕНАЗАЛ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Мұрын спрейі, 20 мл, 50 мл
Құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – теңіз тұзы (құрғақ затқа шаққанда) – 1,08 г,
натрий – 2,5 мг/мл кем емес,
магний – 0,35 мг/мл кем емес,
кальций – 0,008 мг/мл кем емес,
калий – 0,10 мг/мл кем емес,
гидрокарбонаттар – 0,03 мг/мл кем емес,
қосымша зат – инъекцияға арналған су
Сипаттамасы
Мөлдір немесе сәл бозаңданған түссіз ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Мұрын препараттары. Жергілікті қолдануға арналған антиконгестанттар және басқа да мұрын препараттары. Мұрын ауруларында жергілікті қолдануға арналған басқа да препараттар. Басқа да препараттар.
АТХ коды R01AX10
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Фармакокинетикасы жөнінде деректер жоқ.
Фармакодинамикасы
Мореназал – құрамында табиғи минералдар мен микроэлементтер бар табиғи теңіз тұзының инъекцияға арналған судағы изотониялық стерильді ерітіндісі, ол мұрын спрейі түрінде қолданылады.
Мореназал дәрілік препараты мұрын қуысын белсенді түрде өңдеуге, шаюға және тазалауға, мұрынмен еркін дем алуды қалпына келтіруге, жоғарғы тыныс жолдарындағы инфекцияларды емдеуге, профилактикасына арналған.
Препарат мұрын қуысының шырышты қабығының қалыпты физиологиялық жағдайын демеуге, шырыштың сұйылуына, шырышты қабықтың бокал тәрізді жасушаларында оның түзілуінің қалыпқа келуіне мүмкіндік жасайды.
Препараттың құрамына кіретін микроэлементтер қабынуға қарсы әсер етеді, реперативті үдерістерді ынталандырады, кірпікшелі эпителий функциясын жақсартады, ол мұрын қуысының шырышты қабығының ауру тудырғыш бактерияларға және вирустарға төзімділігін күшейтеді.
Мореназал:
- аллергендер мен ауру тудырғыш микробтарды; шамадан тыс артық шырышты, қабыршақтарды, шаңды және мұрын жолдарын бітеп тастайтын және тыныс алуды қиындататын ұсақ бөлшектерді шығарады
- операциядан кейін, қан кету қаупінсіз, қабыршақтарды және қабықтарды шығаруға мүмкіндік береді
- бөлінділерді азайтады, мұрын шырышының ісінуін қайтарады және еркін дем алуды қалпына келтіреді
- отиттің пайда болу қаупін төмендетеді
- жергілікті дәрілік заттарды қолдану тиімділігін арттырады
- респираторлы ауруларды емдеу кезеңін қысқартады
- құрамында консерванттар жоқ.
Аллергиялық және вазомоторлы риниттерде аллергендер мен гаптендердің мұрынның шырышты қабығынан шайылуына және жойылуына, жергілікті қабыну үдерісін азайтуға мүмкіндік береді.
Гигиеналық мақсатта қолданғанда Мореназал шырышты қабықты оған қонған көшедегі және үйдегі шаңдардан тазалауға мүмкіндік береді.
Мореназалдың изотониялығы мұрын қуыстарында мұрынға арналған гипертониялық ерітінділерді тамызған кезде білінетін ауыруға жол бермейді.
Қолданылуы
- балалар мен ересектерде жедел ағымды ринитте (симптоматикалық дәрі ретінде)
- инфекциялық, аллергиялық және атрофиялық ринитте, риносинуситте, ринофарингитте
- гайморитте, фронтитте, синуситте
- мұрын қуысына басқа дәрілік заттарды енгізуге дайындауға (олардың сіңуін жақсарту үшін)
- балалардағы аденоидтарда
- мұрын қуысына жасалған хирургиялық операциядан кейінгі кезеңде
- аллергиялық және вазомоторлы риниттерде (әсіресе дәрілік препараттарға сезімталдығы жоғары немесе оған бейім болатын адамдарға)
- күз-қыс кезеңінде мұрын қуысындағы инфекциялардың профилактикасында
- мұрынның шырышты қабығы құрғағанда
Препаратты ауасы кондиционирленетін және/немесе орталықтан жылытылатын бөлмелерде тұратын және жұмыс жасайтын адамдарға (өзгермеген микроклимат жағдайында шырышты қабықтың физиологиялық сипатын сақтау мақсатында), сондай-ақ жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығы ұдайы әсерге ұшырайтын (шылымқорлар, көлік жүргізушілері, ыстық және шаң цехтарда жұмыс жасайтын, сондай-ақ суық климат жағдайында өмір сүретін) адамдарға тағайындайды.
Мұрын қуысын шаю үшін гигиеналық дәрі ретінде қолданады.
Қолдану тәсілі және дозалары
Мұрын ішіне (мұрын жолдарына).
1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларға: сәбиді жатқан қалыпта ұстап, басын бір жағына қарай қисайту керек; препаратты жоғарғы жағындағы әр мұрын қуысына бүрку керек. Сәбиді отырғызып, мұрнын тазалау керек. Емшараны мұрынның екінші қуысына қайталау керек.
Ересектерге және 2 жастан асқан балаларға: басын бір жағына қарай қисайтып, препаратты жоғарғы жағындағы әр мұрын қуысына бүрку керек. 2-3 минуттан кейін сіңбіріп тастау керек. Емшараны мұрынның екінші қуысына қайталау керек.
Препараттың тиісті бір реттік дозасы (әр мұрын қуысына бүркілетін мөлшері) және тәулігіне қолдану саны кестеде берілген.
Пациенттердің жасы |
Емдік мақсатта қолданылуы |
Гигиеналық мақсатта қолданылуы |
1 жастан 2 жасқа дейінгі балалар |
Әр мұрын қуысына тәулігіне 2-4 рет 1 бүрку |
Әр мұрын қуысына тәулігіне 1-2 рет 1 бүрку |
2 жастан 7 жасқа дейінгі балалар |
Әр мұрын қуысына тәулігіне 4 рет 2 бүрку |
Әр мұрын қуысына тәулігіне 1-3 рет 1-2 бүрку |
Балалар және 7 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер |
Әр мұрын қуысына тәулігіне 4-6 рет 2 бүрку |
Әр мұрын қуысына тәулігіне 2-4 рет 2 бүрку |
Ересектер және 16 жастан асқан жасөспірімдер |
Әр мұрын қуысына тәулігіне 4-8 рет 2-3 бүрку |
Әр мұрын қуысына тәулігіне 3-6 рет 2-3 бүрку |
1 жасқа дейінгі балаларға – мұрын тамшыларын қолданады.
Барлық жағдайларда емдеу курсы 2-4 аптаны құрауы мүмкін.
Ластайтын жиналған қабыршықтарды және мұрындағы бөлінділерді жұмсарту және шығару үшін препаратты қажетіне қарай қолданады.
Препараттың, әрбір мұрын жолына жағдай қаншасын қажет етсе, соншасын бүркеді, ағып шыққан артық сұйықтықты мақтаның немесе мұрын орамалының жәрдемімен сүртіп тазалайды.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа және оның компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- 1 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препарат организмге жүйелік әсер етпейтіндіктен, басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі байқалған жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Риниттерді емдеген кезде басқа да дәрілік заттар бір мезгілде қолданылуы мүмкін.
Жүктілік және лактация
Препарат жүктілік және лактация кезеңінде көрсетілімдері бойынша қолданылуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Мореназалдың автомобильді басқаруға немесе механизмдермен жұмыс жасауға ықпалын тигізуі туралы мәліметтер болған жоқ.
Артық дозаланғанда
Препараттың артық дозалану жағдайлары жөнінде күні бүгінге дейін айтылмаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Бүріккіш-қондырмасы бар полимер құтыда 20, 50 мл-ден.
Әрбір құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші/Қаптаушы
«Синтез» ААҚ.
640008, Ресей Федерациясы, Қорған қ., Конституция даңғылы, 7
Тел./факс (3522) 48-16-89
E-mail: real@kurgansintez.ru
Интернет-сайт: www.kurgansintez.ru
Тіркеу куәлігін ұстаушы
«Синтез» ААҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Deсalog» ЖШС, 050050, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Глазунов к-сі, 41 А-1
тел. 2944221, тел. 8 7017315218
E-mail: deсalog@nur.kz
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы
«Deсalog» ЖШС, 050050, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Глазунов к-сі, 41 А-1
тел. 2944221, тел. 8 7017315218
E-mail: deсalog@nur.kz