Мореназал (капли)

МНН: Морская вода
Производитель: Биосинтез ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018099
Информация о регистрации в РК: 05.09.2016 - 05.09.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Мореназал

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Мұрын тамшысы, 10 мл

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – теңіз тұзы ПРОМОМЕД

(құрғақ затқа шаққанда) – 1,08 г,

қосымша заттар – инъекцияға арналған су – 100 мл-ге дейін

Ерітіндінің құрамы: натрий – 2,5 мг/мл кем емес,

магний – 0,35 мг/мл кем емес,

кальций – 0,008 мг/мл кем емес,

калий – 0,10 мг/мл кем емес,

гидрокарбонаттар – 0,03 мг/мл кем емес,

Сипаттамасы

Мөлдір немесе сәл бозаңданған түссіз ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Мұрын препараттары. Жергілікті қолдануға арналған антиконгестанттар және басқа да мұрын препараттары. Мұрын ауруларында жергілікті қолдануға арналған басқа да препараттар. Басқа да препараттар.

АТХ коды R01AX10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фармакокинетикасы жөнінде деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Мореназал – құрамында табиғи минералдар мен микроэлементтер бар табиғи теңіз тұзының инъекцияға арналған судағы изотониялық стерильді

ерітіндісі, ол мұрын тамшысы (мұрын тамшысы) түрінде қолданылады.

Мореназал мұрын қуысының шырышты қабығының қалыпты физиологиялық жағдайын демеуге, шырыштың сұйылуына, шырышты қабықтың бокал тәрізді жасушаларында оның түзілуінің қалыпқа келуіне мүмкіндік жасайды.

Препараттың құрамына кіретін микроэлементтер қабынуға қарсы әсер етеді, үдерістердің қалпына келуін ынталандырады, кірпікшелі эпителий функциясын жақсартады, ол мұрын қуысының шырышты қабығының ауру тудырғыш бактерияларға және вирустарға төзімділігін күшейтеді, оның тазаруына ықпал етеді.

Аллергиялық және вазомоторлы риниттерде аллергендер мен гаптендердің мұрынның шырышты қабығынан шайылуына және жойылуына, жергілікті қабыну үдерісін азайтуға мүмкіндік береді.

Гигиеналық мақсатта қолданғанда Мореназал шырышты қабықты оған қонған көшедегі және үйдегі шаңдардан тазалауға мүмкіндік береді.

Қолданылуы

  • аденоидтарда

  • жедел, аллергиялық, вазомоторлы ринитте

  • климат жағдайы өзгерген кезде күз-қыс кезеңінде мұрын қуысындағы инфекциялардың профилактикасы үшін (ауасы кондиционирленетін және/немесе орталықтан жылытылатын бөлмелерде)

  • атмосфералық ауа ластанғанда (шылымқорлар, көлік жүргізушілер, ыстық және шаң цехтарда)

  • мұрын қуысына басқа дәрілік заттарды енгізуге дайындауға (олардың сіңуін жақсарту үшін)

  • мұрын қуысын және мұрынның қосалқы қойнауларындағы жарақаттарды шаю үшін және операциялық араласулардан кейін

  • мұрын қуысына гигиеналық емшара үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Мұрын ішіне (мұрын жолдарына).

Мореназал тамшысы 1 жасқа дейінгі балаларды да қоса ерте жастағы (6 жасқа дейінгі) балаларға арналған, тіпті ересек жастағы балаларға да қолданылуы мүмкін.

1 жастан асқан пациенттерге Мореназал мұрын спрейі тағайындалуы мүмкін.

Емдеу мақсатымен

Мореназал мұрын тамшысын 1 жасқа дейінгі балаларға әр мұрын қуысына тәулігіне 1-3 рет 1-2 тамшыдан; 1 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға – әр мұрын қуысына тәулігіне 4 рет 2 тамшыдан; 7-ден 16 жасқа дейінгі балаларға - тәулігіне 4-6 рет 2 тамшыдан; ересектерге - тәулігіне 4-8 рет 2-3 тамшыдан тағайындайды.

Емдеу курсы 2-4 тамшыны құрайды. Емдеу курсын бір айдан соң қайталау ұсынылады.

Гигиеналық мақсатпен

Мұрындағы бөлінділерді жұмсарту және шығару үшін – тамшыны қажет мөлшерде әр мұрын қуысына тамызып, мұрыннан ағып шыққан артық сұйықтықты мақтаның немесе орамалдың жәрдемімен сүртіп тазалайды. Емшараны мұрын жолдарындағы қабықшықтар жұмсарғанға және шыққанға дейін бірнеше рет қайталауға болады.

1 жасқа дейінгі балаларға мұрын қуысы шырышты қабығына оның физиологиялық сипатын сақтау үшін тазалық жүргізуге әр мұрын қуысына тәулігіне 1-2 тамшыдан 2-3 рет Мореназал тамшысы ретінде ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат организмге жүйелік әсер етпейтіндіктен, басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі байқалған жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Риниттерді емдеген кезде басқа да дәрілік заттар бір мезгілде қолданылуы мүмкін.

Жүктілік және лактация

Препарат жүктілік және лактация кезеңінде көрсетілімдері бойынша қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Мореназалдың автомобильді басқаруға немесе механизмдермен жұмыс жасауға ықпалын тигізуі туралы мәліметтер болған жоқ.

Артық дозаланғанда

Препараттың артық дозалану жағдайлары жөнінде күні бүгінге дейін айтылмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Тығындалған-тамшылатқышы және бұрандалы қалпақшасы (полимерлі тамшылатқыш-құты) бар полимерлі құтыда 10 мл-ден.

Әрбір құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы

«Синтез» ААҚ.

640008, Ресей Федерациясы, Қорған қ., Конституция даңғылы, 7

Тел./факс (3522) 48-16-89

E-mail: real@kurgansintez.ru

Интернет-сайт: www.kurgansintez.ru

Тіркеу куәлігін ұстаушы

«Синтез» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Deсalog» ЖШС, 050050, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Глазунов к-сі, 41 А-1

тел. 2944221, тел. 8 7017315218

E-mail: deсalog@nur.kz

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы

«Deсalog» ЖШС, 050050, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Глазунов к-сі, 41 А-1

тел. 2944221, тел. 8 7017315218

E-mail: deсalog@nur.kz

Прикрепленные файлы

060067761477976132_ru.doc 49.5 кб
693767081477977473_kz.doc 59 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники