Монтемак 10

МНН: Монтелукаст
Производитель: Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Montelukast
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022689
Информация о регистрации в РК: 24.08.2021 - 24.08.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Монтемак 10

Халықаралық патенттелмеген атауы

Монтелукаст

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблеткалар

Құрамы

Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 10,40 мг натрий монтелукасты

(10 мг монтелукастке баламалы),

қосымша заттар: лактоза моногидраты (Pharmatose 200 M), микрокристалды целлюлоза (Avicel PH 101), натрий кроскармеллозасы (Ac-di-sol), динатрий эдетаты, магний стеараты, Instacoat Aqua Brown ICG-A10310 қабығы,

қабықтың құрамы: гипромеллоза 2910, гидроксипропилцеллюлоза, титанның қостотығы (Е171), темірдің (III) сары тотығы (Е172), темірдің (III) қызыл тотығы (Е172)

Сипаттамасы

Шаршы пішінді, бұрыштары дөңгелектенген, екі жағы дөңес, бір жағында «CL 26» өрнегі бар ақшыл сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған препараттар. Тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларын емдеу үшін жүйелі пайдалануға арналған басқа да препараттар. Лейкотриенді рецепторлардың антагонистері. Монтелукаст.

АТХ коды R03DC03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Монтелукаст ішу арқылы қолданудан кейін тез сіңіріледі. Үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблеткалар үшін, ересектерге препаратты ашқарынға қолданғаннан кейін қан плазмасындағы орташа ең жоғары концентрацияға (Cmax) 3 сағаттан (Tmax) кейін жетті. Ішу арқылы қолданған кездегі орташа биожетімділігі 64% құрайды. Ішу арқылы қолданғанда әдеттегі тамақты ішу биожетімділігіне және Cmax мәніне ықпал еткен жоқ. Үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблеткаларды қолданған кезде тамақ ішуге байланыссыз қауіпсіздігі мен тиімділігі клиникалық зерттеулерде расталды.

5 мг шайнайтын таблеткаларда, ересектерде ашқарынға қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң Cmax жетті. Ішу арқылы қолданғанда орташа биожетімділігі 73% құрады және стандартты тамақпен бірге қабылдағанда 63%-ға дейін төмендеді.

Таралуы. Монтелукаст қан плазмасы ақуыздарымен 99%-дан астам байланысады. Тепе-тең жағдайда монтелукасттың таралу көлемі орта есеппен 8-11 литр құрайды. Радиоактивті таңбаланған монтелукаст қолданылған зерттеулер гематоэнцефалдық бөгет арқылы өткен кезде ең аз таралатынын көрсетеді. Бұдан бөлек, радиоактивті таңбаланған заттың концентрациялары дозаны қабылдағаннан кейін 24 сағат өткенде басқа тіндердің барлығында ең аз мөлшерде болды.

Метаболизм. Монтелукаст белсенді түрде метаболизденеді. Емдік дозаларды қолданған кезде, қан плазмасындағы монтелукаст метаболиттерінің концентрациялары тепе-тең жағдайда ересектер мен балаларда анықталу шегінен төмен болады. Монтелукасттың метаболизмі, негізінен, P450 2C8 цитохромы жүйесі арқылы жүреді. CYP 3A4 және 2C9 аздаған ықпалын тигізеді, әйтсе де, CYP 3A4 тежегіші болып табылатын итраконазолды тағайындаған кезде тәулігіне 1 рет 10 мг монтелукаст қабылдаған дені сау еріктілердегі монтелукастың фармакокинетикасы өзгерген жоқ. Адам бауырының микросомаларын in vitro киникалық зерттеулер қан плазмасындағы монтелукастың емдік концентрациялары P450 3A4, 2C9, 1A2, 2A6, 2C19 немесе 2D6 цитохромдарын тежемейтінін көрсетті. Монтелукастың емдік әсерінде метаболиттердің рөлі өте аз болады.

Шығарылуы. Дені сау еріктілерде монтелукастың плазмалық клиренсі орта есеппен минутына 45 мл құрайды. Радиоактивті таңбаланған монтелукасты ішу арқылы қолданғаннан кейін радиоактивтіліктің 86%-ы 5 күннің ішінде нәжіспен және <0.2% несеппен шығарылады. Монтелукастың ішу арқылы қолданғаннан кейінгі биожетімділігін ескергенде, бұл монтелукаст және оның метаболиттері іс жүзінде толығымен өтпен шығарылатынын көрсетеді.

Пациенттердің әртүрлі топтарындағы фармакокинетикасының ерекшеліктері

Егде жастағы пациенттерде немесе бауыр функциясының ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бұзылуларында дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттердің қатысуымен зерттеулер жүргізілмеген. Монтелукаст және оның метаболиттері өтпен шығарылатын болғандықтан, бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде монтелукаст дозасын түзету қажет болады деп болжанбайды. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар (Чайлд-Пью шкаласы бойынша >9) пациенттерде монтелукасттың фармакокинетикасына қатысты деректер жоқ.

Монтелукастың жоғары дозаларын (ересектер үшін ұсынылған дозадан 20 және 60 есе асатын) қолданған кезде қан плазмасындағы теофиллин концентрациясының төмендегені байқалды. Бұл әсер препаратты тәулігіне 1 рет 10 мг ұсынылған дозада қолданған кезде байқалған жоқ.

Фармакодинамикасы

Цистеинді лейкотриендер (LTC4, LTD4, LTE4) қабыну эйкозаноидтары болып табылады, олар жуан жасушаларды және эозинофилдерді қоса, әртүрлі жасушалардан бөлініп шығады.

Осы маңызды демікпеалды медиаторлар цистеинді лейкотриен рецепторларымен (CysLT) байланысады. CysLT 1-типінің (CysLT1) рецепторлары тыныс жолдарында (тыныс жолдарының тегіс бұлшық етті жасушаларын және макрофагтарды қоса) және басқа қабынуалды жасушаларында (эозинофилдерді және кейбір миелоидты дің жасушаларын қоса) болады. CysLTs демікпенің және аллергиялық риниттің патофизиологиясымен өзара байланысты. Демікпеде лейкотриендердің әсерлері бронх түйілуін, қақырық сөлінісін, тамырлардың өткізгіштігін және эозинофилдердің мобилизациясын қамтиды. Аллергиялық ринитте CysLTs аллергиялық риниттің симптомдары бар реакцияның ерте және кеш фазаларында да аллергеннің ықпалымен мұрынның шырышты қабығынан босап шығады. CysLTs мұрын ішілік сынамасы мұрынның тыныс жолдарының кедергісі артқанын және мұрынның бітелу симптомдарын көрсетті.

Монтелукаст CysLT1-рецепторларды жоғары талғамдылықпен және химиялық ұқсастықпен бәсекелес түрде байланыстыратын белсенді қосылыс болып табылады. Клиникалық зерттеулер монтелукаст 5 мг дозада тағайындағанның өзінде LTD4 иіскеуден туындайтын бронх түйілуін басатынын және ішке қабылдағаннан кейін 2 сағаттың ішінде бронходилатацияны тудыратынын анықтады. Монтелукаст сондай-ақ β-агонистердің әсеріне аддитивті әсер көрсетеді. Монтелукастпен емдеу антигендерге реакцияны төмендете отырып ерте сатыдағы да, кеш сатыдағы да бронх түйілуін басады. Монтелукастпен емдеу бронх демікпесінің клиникалық ағымын бақылауды жақсартып, тыныс жолдарындағы және шеткері қандағы эозинофилдер мөлшерін (қақырық талдауымен расталған) елеулі түрде төмендетеді.

Қолданылуы

  • ингаляциялық кортикостероидтардың және қысқа әсерлі β-агонистердің тиімділігі жеткіліксіз болғанда, ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі ұзаққа созылған демікпесі бар пациенттерде 15 жастан бастап бронх демікпесінің негізгі еміне қосымша ретінде

  • бронх демікпесі бар аспиринге сезімтал пациенттерді емдеу және дене жүктемесі әсерінен туындаған бронх түйілуінің алдын алу

  • бронх демікпесі бар пациенттерде аллергиялық риниттерді емдеу

Қолдану тәсілі және дозалары

Демікпесі бар немесе демікпемен қатар жүретін масуымдық аллергиялық риниті бар 15 жастағы және одан асқан пациенттер үшін доза тәулігіне 10 мг (1 таблетка) құрайды, кешкі уақытта.

Жалпы нұсқаулар. Монтемак 10 препаратының емдік әсері бронх демікпесі ағымының көрсеткіштеріндегі өзгерістермен 1 күн ішінде дамиды. Пациенттерге, тіпті демікпені бақылауға қол жеткізілсе де, сондай-ақ демікпе ағымының нашарлау кезеңдерінде де, Монтемак 10 қабылдауды жалғастыруы керектігін айтқан жөн. Монтемак 10-ды құрамында дәл осындай әсер етуші зат – монтелукаст бар басқа препараттармен бір мезгілде қабылдамау керек.

Бүйрек функциясы бұзылған немесе бауыр функциясының ауырлығы жеңіл дәрежеден орташа дәрежеге дейінгі бұзылулары бар пациенттер үшін дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бауыр функциясы бұзылуының ауыр түрлері бар пациенттерге қатысты деректер жоқ. Ер балалар мен қыз балалар үшін дозалануы бірдей.

Демікпені емдеудің басқа әдістеріне байланысты, Монтемак 10-мен емдеу.

Монтемак 10 препаратын ингаляциялық кортикостероидтарға қосымша ем ретінде қолданған кезде дозаны күрт төмендетпеу немесе ингаляциялық кортикостероидтарды тоқтатпау керек.

Ингаляциялық кортикостероидтар. Ингаляциялық кортикостероидтарды және қажетіне қарай қысқа әсерлі β-агонистерді қолдану демікпені клиникалық бақылауды жеткілікті түрде қамтамасыз етпеген пациенттерде Монтемак 10-мен емдеуді қосымша ем ретінде қолдануға болады. Монтемак 10 ингаляциялық кортикостероидтарды алмастыра алмайды.

6-дан 14 жасқа дейінгі балалар үшін 5 мг-ден шайналатын таблеткалар шығарылады.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлері олардың пайда болу жиілігі бойынша былайша топтап берілген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 <1/10), жиі емес (≥1/1000 <1/100), сирек (≥1/10000 <1/1000), өте сирек (<1/10000)

Жиі (≥1/100 <1/10)

  • бас ауыруы

  • абдоминальді ауыру

Постмаркетингтік деректер

Өте жиі (≥1/10)

- жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары*

Жиі (≥1/100 <1/10)

- диарея**, жүрек айну**, құсу**

- бөртпе**

- трансаминазалар (АЛТ және АСТ) деңгейінің жоғарылауы

- пирексия*

Жиі емес (≥1/1 000 <1/100)

- анафилаксияны қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары

- қорқынышты түстер көруді қоса, патологиялық түстер, ұйқысыздық, сомнамбулизм, қозу, озбырлықты және өшігушілікті қоса, ажитация, депрессия, ашушаңдықты қоса, психомоторлы гиперреактивтілік, мазасыздық, тремор***

- бас айналу, ұйқышылдық, парестезия/гипестезия, құрысулар

- мұрыннан қан кету

- ауыз ішінің құрғауы, диспепсия

- қанталаулар, есекжем, қышыну

- артралгия, миалгия, бұлшық ет түйілулерін қоса

- астения/шаршау, ісіну

- балалардағы энурез

Редко (≥1/10 000 <1/1 000)

- қанауға бейімділік

- зейін қоюдың бұзылуы, жадының бұзылыстары

- пальпитация

- ангионевроздық ісіну

Өте сирек (<1/10 000)

- бауырдағы эозинофильді инфильтраттар

- елестеулер, бағдардан адасу, суицидтік ниеттер және мінез-құлық (суицид әрекеттерін қоса)

- Чердж-Стросс синдромы

гепатит, холестаздықты, гепатоцеллюлярлық гепатитті қоса және аралас генезді бауыр зақымдары

- мультиформалы эритема, түйінді эритема

*Бұл жағымсыз құбылыстар клиникалық зерттеулерде монтелукаст қабылдаған пациенттерде де, сондай-ақ плацебо қабылдаған пациенттер тобында да «өте жиі» кездесті.

** Бұл жағымсыз құбылыстар клиникалық зерттеулерде монтелукаст қабылдаған пациенттерде де, сондай-ақ плацебо қабылдаған пациенттер тобында да «жиі» кездесті.

*** «Сирек» деген жиілікте кездесті.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация

  • тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Монтелукаст әдетте демікпеге профилактика жасау және ұзақ емдеу үшін пайдаланылатын басқа препараттармен бірге қолдануға болады. Басқа препараттармен өзара әрекеттесуін зерттеулерде монтелукастың ұсынылған клиникалық дозасы келесі дәрілік заттардың: теофиллин, преднизолон, ішілетін контрацептивтер (этинилэстрадиол/норэтиндрон 35/1), терфенадин, дигоксин және варфариннің фармакокинетикаларына клиникалық тұрғыдан елеулі ықпалын тигізген жоқ.

Монтелукасттың қан плазмасындағы концентрация қисығы астындағы ауданы (AUC) фенобарбиталды бір мезгілде қолданған пациенттерде шамамен 40%-ға төмендеді. Монтелукаст CYP 3A4, 2C8 және 2C9 арқылы метаболизденетін болғандықтан, әсіресе балаларға, монтелукасты фенитоин, фенобарбитал және рифампицин сияқты CYP 3A4, 2C8 және 2C9 индукторларымен бір мезгілде сақтықпен тағайындаған жөн.

Іn vitro зерттеулер монтелукасттың CYP 2C8 күшті тежегіші болып табылатындығын көрсетті. Алайда монтелукастты және росиглитазонды (маркерлі субстрат, көбіне CYP 2C8 арқылы метаболизденетін препараттар өкілі) қолдану зерттелген, препараттармен өзара әрекеттесуінің клиникалық зерттеу деректері монтелукасттың in vivo CYP 2C8 тежемейтіндігін көрсетті. Сондықтан монтелукаст осы фермент арқылы метаболизденетін препараттардың (мысалы, паклитаксел, росиглитазон және репаглинид) метаболизміне айқын ықпалын тигізеді деп күтілмейді.

Зертханалық зерттеулер монтелукасттың CYP 2C8 үшін, және аз дәрежеде 2C9 және 3A4 үшін субстрат болып табылатындығын көрсетті. Монтелукаст пен гемфиброзилдің (CYP 2C8 тежегіші, сондай-ақ 2C9 тежегіші) қатысуымен дәрілік өзара әрекеттесуге жүргізілген зерттеу деректері монтелукасттың жүйелік сенсибилизациясын гемфиброзил 4,4 есе арттыратындығын көрсетті.

Монтелукаст үшін дозаны түзету оны гемфиброзилмен немесе басқа әлеуетті CYP 2C8 тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда қажет болмайды, бірақ дәрігерлер жағымсыз реакциялардың артуы мүмкін екендігін ескеруі керек. Белгілі басқа CYP 2C8 тежегіштерімен (мысалы, триметоприммен) клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесу болады деп болжанбайды. Бұдан бөлек, монтелукасты CYP3A4 күшті тежегіші болып табылатын итраконазолмен ғана бір мезгілде қолдану монтелукастың жүйелік сенсибилизациясының елеулі жоғарылауына әкелмейді.

Айрықша нұсқаулар

Пациенттер ішу арқылы қолдануға арналған монтелукастың демікпенің жедел ұстамаларын емдеу үшін ешқашан пайдаланылмайтынын, сондай-ақ шұғыл жәрдем беретін тиісті препараттар әрдайым өздерінде болуы қажеттігін білуі тиіс. Жедел ұстама кезінде қысқа әсерлі ингаляциялық β-агонистерді пайдалану керек. Егер пациенттер қысқа әсерлі β-агонисті әдеттегіден көбірек қажет етсе, дәрігерден мүмкіндігінше тезірек кеңес алуы тиіс.

Монтелукаст ингаляциялық немесе ішуге арналған кортикостероидтарды шұғыл алмастырмауға тиіс.

Ішуге арналған кортикостероидтардың дозасы монтелукасты бір мезгілде қолданғанда төмендетілуі мүмкін екендігін айғақтайтын деректер жоқ.

Монтемак 10 препаратын қоса, демікпеге қарсы препараттармен ем қабылдап жүрген пациенттерде кейде Чердж-Стросс синдромына (жүйелі кортикостероидтармен ем жиі жүргізілетін жай-күй) тән васкулиттің клиникалық көріністері бар жүйелі эозинофилия пайда болуы мүмкін. Кейде бұл жағдайлар ішуге арналған кортикостероидтарды тоқтатумен немесе дозаларын төмендетумен байланысты. Лейкотриен рецепторларының антагонистерімен емдеу және Чердж-Стросс синдромының пайда болуы арасындағы байланысты жоққа шығаруға немесе айғақтауға болмайды. Дегенмен, эозинофилия, васкулярлы бөртпе сияқты симптомдар, өкпе симптомдарының нашарлауы, кардиологиялық асқынулар және/немесе нейропатия пайда болған жағдайда қосымша тексеру жүргізу және емдеу амалын қайта қарастыру қажет.

Аспиринге сезімтал демікпесі бар пациенттерде монтелукастпен емдеу аспиринді немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қолдану қажеттілігіне ықпал етпейді.

Галактоза жақпаушылық, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты туа біткен сирек аурулары бар пациенттер бұл препаратты қолданбауы тиіс.

Жүйке-психикалық бұзылыстар

Психика тарапынан бұзылулар Монтемак 10 қабылдаған ересектерде, жасөспірімдерде және балаларда байқалды. Психика тарапынан болатын бұзылуларға: қозу, озбыр мінез-құлық, өшігушілік, үрейлену, депрессия, бағдардан адасу, зейін қоюдың бұзылуы, патологиялық түстер, елестеулер, ұйқысыздық, ашушаңдық, жадының бұзылуы, мазасыздық, сомнамбулизм, суицидальді ойлар және әрекеттер (суицидті қоса), тремор сияқты жағымсыз әсерлер жатады. Постмаркетингтік есеп беру деректері дәрі-дәрмектік ем барысында алынған клиникалық деректермен салыстырмалы. Пациенттер және медицина қызметкерлері осындай құбылыстардың пайда болуы мүмкін екенін білуі керек.

Пациенттер осы жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда, өзін емдеуші дәрігерге хабарлауға кеңес беріледі. Осындай жағымсыз құбылыстар пайда болғанда Монтемак 10-мен емді жалғастыру үшін пайда-қауіп арақатынасына баға берген жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік: жүктілікке қатысты деректер базасынан алынған шектеулі ақпарат дүниежүзілік постмаркетингтік қолдану тәжірибесі барысында Монтемак 10-ды қабылдау мен мальформацияның (аяқ-қол ақаулары сияқты) пайда болуы арасындағы себеп-салдарлық өзара байланысты көрсетпейді.

Лактация кезеңі: монтелукастың емшек сүтіне өтетіндігі белгісіз.

Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Монтелукаст пациенттің автокөлікті немесе механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етеді деп күтілмейді. Алайда сирек жағдайларда ұйқышылдық немесе бас айналу туралы хабарланған, осыған байланысты автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарған кезде сақ болу керек.

Артық дозалануы

Артық дозаланудың көптеген жағдайларында жағымсыз реакциялар туындаған жоқ.

Симптомдары: абдоминальді ауыру, ұйқышылдық, шөлдеу, бас ауыру, құсу және психомоторлы аса жоғары белсенділік

Емі: препарат қабылдауды тоқтату, симптоматикалық ем. Монтелукасттың перитонеальді диализде немесе гемодиализде шығарылатын-шығарылмайтыны белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольгадан (Alu/Alu) жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Пішінді ұяшықты 3 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы және елі

Macleods Pharmaceuticals Limited

304, Atlanta Arcade, Marol Church Road, Andheri (East), Mumbai – 400 059, India.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Macleods Pharmaceuticals Limited, Үндістан

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

Macleods Pharmaceuticals Limited, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Macleods Pharmaceuticals Limited» ЖШК филиалы, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Төлебаев к-сі 38/61, 5-қабат

Тел./факс. +7 727 2734593

E-mail: danielt@macleodspharma.com.

Прикрепленные файлы

595961541498795353_ru.doc 89.5 кб
073384981498795886_kz.doc 104.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники