Монтелар (10 мг)

МНН: Монтелукаст
Производитель: Такеда Фарма Сп.з о.о.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Montelukast
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121981
Информация о регистрации в РК: 21.01.2016 - 21.01.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Монтелар

Халықаралық патенттелмеген атауы

Монтелукаст

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – натрий монтелукасты 10.400 мг

(10.000 мг монтелукастқа баламалы)

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы, динатрий эдетаты, магний стеараты

үлбірлі қабықтың құрамы: Opadry® Yellow 20А82938 (гипромеллоза, гидроксипропилцеллюлоза, титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы(Е 172), темірдің қызыл тотығы (Е 172))

Сипаттамасы

Дөңгелек, екі жағы дөңес, сарғыш түсті, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларын емдеуге арналған жүйелі пайдаланылатын басқа да препараттар. Лейкотриен рецепторларының антагонистері. Монтелукаст

АТХ коды R03DC03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Монтелукаст ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан жылдам сіңіріледі. Ересек пациенттер 10 мг препаратты аш қарынға ішке қабылдағаннан кейін плазмадағы ең жоғарғы концентрацияға (Cmax) 3 сағат (Tmax) ішінде жетеді. Ішке қабылдаған кезде орташа биожетімділігі 64% құрайды. Стандартты тағам қабылдау биожетімділік және Cmax көрсеткіштеріне ықпал етпейді.

Таралуы

Монтелукаст плазма ақуыздарымен 99%-дан астам байланысады. Монтелукасттың таралу көлемі орташа есеппен 8–11 л құрайды. Гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтуі төмен. Дозаны қабылдағаннан кейін 24 сағаттан соң басқа тіндердегі концентрациясы төмен болды.

Биотрансформациясы

Монтелукаст негізінен P450 2C8 цитохромы жүйесінің қатысуымен қарқынды метаболизденеді. Емдік дозаларды зерттегенде монтелукаст метаболиттерінің ересектер мен балалардағы тұрақты күйде плазмалық концентрациялары анықталмады.

Адам бауырының микросомаларын in vitro зерттеу монтелукасттың емдік плазмалық концентрациялары P450 3A4, 2C9, 1A2, 2A6, 2C19 немесе 2D6 цитохромдарын тежемейтінін көрсетті. Монтелукасттың емдік әсеріне метаболиттердің үлесі төмен.

Шығарылуы

Монтелукасттың дені сау ересектердегі клиренсі шамамен 45 мл/мин құрайды. Радиоактивті-таңбаланған монтелукастты ішке қолданғаннан кейін радиобелсенділіктің 86%-ы 5 күн ішінде нәжіспен және 0.2%-дан төмені несеппен шығарылады. Монтелукастты пероральді қабылдау кезінде биожетімділігін бағалау монтелукаст және оның метаболиттері толық дерлік өт арқылы шығарылатынын көрсетеді.

Пациенттердің түрлі топтарындағы фармакокинетика ерекшеліктері

Егде жастағы немесе жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бауыр функциясының бұзылыстары бар пациенттерде дозаны түзету қажеттілігі жоқ. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттердің қатысуымен зерттеулер жүргізілмеді. Монтелукаст және оның метаболиттері өтпен шығатындықтан монтелукасттың дозасын бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде түзету қажеттілігі болады деп ұйғарылмайды. Бауыр функциясының ауыр түрдегі бұзылыстары бар пациенттерде (Чайлд-Пью шкаласы бойынша >9) монтелукасттың фармакокинетикасына қатысты деректер жоқ.

Монтелукасттың жоғары (ересектерге ұсынылған дозадан 20 және 60 есе асатын) дозаларын қолданғанда теофиллиннің қан плазмасындағы концентрациясының төмендеуі орын алды. Бұл әсер препараттың ұсынылған тәулігіне 1 рет 10 мг дозасын қолданғанда байқалмады.

Фармакодинамикасы

Цистеиндік лейкотриендер (LTC4, LTD4, LTE4) қабынудың эйкозаноидтары болып табылады, олар түрлі жасушалар, оның ішінде жуан жасушалар және эозинофилдер арқылы бөлініп шығады. Осы проастматикалық медиаторлардың әсері олардың адамның тыныс алу жолдарында болатын цистеинил-лейкотриен рецепторларымен (CysLT1) байланысы арқылы жүзеге асады. Демікпеде лейкотриендердің әсерлеріне бронх түйілуі, шырыш бөлінуі, тамыр өткізгіштігінің артуы және эозинофилдердің көшуі кіреді. Аллергиялық ринитте CysLTs аллергеннің ықпалымен мұрынның шырышты қабығынан аллергиялық ринит симптомдарымен реакциялардың ерте, сондай-ақ кеш фазаларында босатылады. CysLTs-мен интраназальді сынама мұрынның тыныс алу жолдары төзімділігінің және мұрын бітелу симптомдарының жоғарылағанын көрсетті. Монтелукаст белсенді түрде және жоғары іріктеумен және химиялық ұқсастықпен CysLT1-рецепторларды бәсекелес байланыстырады және ішке қабылдағаннан кейін 2 сағат ішінде бронхтардың кеңеюін туындатады. Монтелукастпен емдеу антигендерге реакцияны төмендете отырып бронх түйілуін ерте, сондай-ақ кеш сатыларында басады. Монтелукастпен емдеу ересектер мен балалардағы демікпенің клиникалық бақылауын жақсарта отырып, тыныс алу жолдарындағы және шеткергі қандағы эозинофилдер мөлшерін біршама төмендетеді (қақырық талдауымен расталған). Монтелукаст β-адренорецептор агонистерінің әсерін жиынтық күшейтеді.

Ересек пациенттерде жүргізілген плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеулердің деректері бойынша монтелукастты тәулігіне бір рет 10 мг қолданғанда таңертеңгі спирограмма көрсеткіштерін едәуір жақсартады (бастапқы ОФВ12.7%-ға қарсы10.4%, таңертеңгі ең жоғарғы дем шығару жылдамдығы (ЕШЖ) бастапқы 3.3 л/мин-тан 24.5 л/мин құрайды) және β-адренорецептор агонистеріне қажеттілікті едәуір төмендетеді (бастапқыдан 4.6%-бен салыстырғанда 26,1 %-ға төмендейді). Пациенттер хабарлаған демікпе симптомдарының күндізгі және түнгі бағаларының жақсаруы плацебомен салыстырғанда едәуір болды.

Монтелукаст қабылдау ингаляциялық кортикостероидтардың клиникалық әсерін күшейтеді, оның ішінде, монтелукаст пен беклометазонды бірге қабылдау қарқынды дем шығару көлеміне (ҚДК1) ықпалы бойынша беклометазонды жеке қабылдау кезіндегі 1,04 %-бен салыстырғанда 5,43 %; β-адреноблокаторларды осылай қолданғанда тиісінше 8,7 % және 2,64 %.

Беклометазонды аэрозольді қабылдаумен (күніне екі рет 200 мкг) салыстырғанда монтелукаст жылдам бастапқы жауап көрсетті, алайда 12-апталық зерттеу нәтижелері бойынша беклометазон монтелукасттың бастапқы деңгейінен өзгерістің жоғарғы деңгейін көрсетті, тиісті, ҚДК1 үшін: 7,49% 13,3%-ға қарсы; β-блокаторларды пайдаланғанда - 28,28%-ды 43,89%-бен салыстырғанда. Дегенмен, беклометазонды қолданумен салыстырғанда монтелукастпен ем алатын пациенттердің көбі ұқсас клиникалық жауаптарға жетеді (мысалы, беклометазон қабылдайтын 50% пациенттерде ҚДК1 жақсаруы шамамен 11% -ға және бастапқымен салыстырғанда монтелукастпен ем қабылдайтын шамамен 42% пациенттерде тура сол жауап жететін кезде одан жоғарыға жетеді).

Клиникалық зерттеу демікпесі және қатарлас маусымдық аллергиялық риниті бар ересектер мен 15 жастағы және одан үлкен жасөспірімдердегі маусымдық аллергиялық ринитті симптомдық емдеу үшін монтелукастты бағалау мақсатында жүргізілген. Бұл зерттеуде таблеткалар күніне 1 рет қолданылатын 10 мг дозадағы монтелукаст плацебомен салыстырғанда күнделікті ринит симптомдарының көрсеткіштерінің статистикалық маңызды жақсаруын көрсетті. Риниттің күнделікті симптомдарының көрсеткіші күндізгі (орташа, мұрынның бітелуі, ринорея, түшкіру, бітелу, қышыну) және түнгі (орташа, оянғанда мұрынның бітелуі, ұйқы проблемалары, түнде ояну) уақыттағы мұрын симптомдарының орташа көрсеткіштері болып табылады.

Пациенттер мен дәрігерлердің аллергиялық ринитін ауқымды бағалау плацебомен салыстырғанда едәуір жақсарған. Демікпе тиімділігін бағалау аталған зерттеудегі негізгі мақсат емес.

«Аспириндік» демікпесі бар пациенттердегі плацебо-бақыланатын зерттеу барысында монтелукастпен біріктірілімдегі ингаляциялық және/немесе пероральді кортикостероидтармен емдеу демікпені бақылаудың біршама жақсаруына (ҚДК1, 8,55% бастапқыдан -1,74%-ға өзгеруіне және β-агонисін жалпы қабылдаудың -27,78%-ы бастапқыдан 2,09 % өзгеруіне) қол жеткізуге, β-адренорецепторларының агонистерін мәжбүрлі пайдалану қажеттілігінің төмендеуіне мүмкіндік берді.

Қолданылуы

  • ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі персистирлеуші демікпесі бар 15 жастан бастап пациенттер үшін бронх демікпесінің негізгі еміне қосымша ретінде (ингаляциялық кортикостероидтардың және әсері қысқа β- агонистерінің тиімділігі жеткіліксіз болғанда)

- бронх демікпесі бар аспиринге сезімтал пациенттерді емдеу және дене жүктемесінен туындаған бронх түйілуінің алдын алу - бронх демікпесі бар пациенттерде аллергиялық риниттерді емдеу

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке. Таблетканы жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен (мысалы, бір стақан су) жұту керек. 15 жастағы және одан үлкен демікпемен немесе демікпемен және маусымдық аллергиялық ринитпен зардап шегетін пациенттер үшін доза күніне 10 мг бір таблетканы құрайды, ол кешкі уақытта, тамақтануға қарамастан қабылдануы тиіс.

Жалпы ұсынымдар

Монтеларды қабылдағанда демікпе дамуының бақыланатын параметрлеріне қатысты емдік әсері бір күн ішінде дамиды. Пациенттерге бронх демікпесінің симптомдарын бақылауға қол жетсе, сонымен қатар демікпе ағымының нашарлау кезеңінде препаратты қабылдауды жалғастыру ұсынылуы қажет. Монтеларды құрамында сол белсенді зат монтелукаст бар басқа препараттармен біріктіріп қабылдамаған жөн.

Бүйрек функциясы бұзылған немесе жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бауыр функциясы бұзылған пациенттер үшін дозаны түзету қажеттілігі жоқ. Бауыр функциясының ауыр бұзылыстары бар пациенттерге қатысты деректер жоқ. Монтелар дозасы пациенттің жынысына байланысты емес.

Ингаляциялық кортикостероидтар

Монтелармен емдеу ингаляциялық кортикостероидтар және қажет жағдайда әсер етуі қысқа β-агонистер жеткіліксіз клиникалық бақылауды қамтамасыз еткен жағдайда пациенттерде қосымша ем ретінде қолданылуы мүмкін. Монтелар препаратымен ингаляциялық кортикостероидтарды алмастыруға немесе олардың дозасын төмендетуге болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Клиникалық зерттеулерде төменде тізілген жағымсыз әсерлердің жиілігі келесі критерийлерді пайдалану арқылы анықталды: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 1/10 дейін); жиі емес (≥ 1/1000 1/100 дейін); сирек (≥ 1/10000 1/1000 дейін); өте сирек (1/10000 дейін), жиілігі белгісіз (қолжетімді деректер бойынша бағалана алмайды).

Жиі

- бас ауыруы

- іш ауыруы

Постмаркетингтік деректер

Өте жиі

  • жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары *

Жиі

  • диарея***, жүрек айнуы**, құсу**

  • бөртпе ***

  • трансаминазалар (АЛТ, және АСТ) деңгейінің жоғарылауы

  • пирексия* (қызба)

Жиі емес

  • аса жоғары сезімталдық реакциясы, анафилаксияны қоса,

  • патологиялық түстер, оған қоса қорқынышты түс, ұйқысыздық, сомнамбулизм, қозу, озбырлы мінез-құлық пен өшігуді қоса, ажитация, депрессия, мазасыздық, треморды*** қоса психомоторлық гиперактивтілік

  • бас айналуы, ұйқышылдық, парестезия/гипестезия, құрысулар

  • мұрыннан қан кету

  • ауыздың құрғауы, диспепсия

  • қанталау, есекжем, қышыну

  • артралгия, бұлшықет түйілуін қоса, миалгия,

  • астения/шаршау, ісіну

  • балалардағы энурез

Сирек

  • қанағыштыққа бейімділік

  • зейін қоюдың бұзылуы, жады бұзылыстары

  • пальпитация (жүрек қағуы)

аллергиялық ісіну, гематомалар, есекжем, қышыну, бөртпе, анафилаксиялық шок, Квинке ісінуі

Өте сирек

  • бауырдың эозинофильді инфильтрациясы

  • елестеулер, бағдарсыздық, суицидальді ойлар мен мінез-құлық (суицид әрекеттерін қоса)

  • Чердж-Стросс синдромы

  • гепатит, оған қоса холестаздық, гепатоцеллюлярлық гепатит және шығу тегі аралас бауыр зақымдануы

  • мультиформалы эритема, түйінді эритема,

* Аталған жағымсыз құбылыстар клиникалық зерттеулерде монтелукаст қабылдайтын пациенттерде де, плацебо қабылдайтын пациенттерде де «өте жиі» кездесті.

** Аталған жағымсыз құбылыстар клиникалық зерттеулерде монтелукаст қабылдайтын пациенттер тобында да, плацебо қабылдайтын пациенттерде де «жиі» кездесті

*** «Сирек» кездесетін жиілігімен.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің біріне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лаппа лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Монтелукастты демікпені профилактикалауға және ұзақ емдеу үшін пайдаланылатын басқа да препараттармен қолдануға болады.

Дәрілермен өзара әрекеттесу бойынша зерттеулерде ұсынылған монтелукасттың клиникалық дозасында келесі дәрілік препараттардың фармакокинетикасына клиникалық тұрғыдан маңызды әсерлер болмады: теофиллин, преднизон, преднизолон, оральді контрацептивтер (этинилэстрадиол/ норэтиндрон 35/1), терфенадин, дигоксин және варфарин.

Плазмалық концентрацияның қисық астындағы аумағы (AUC) монтелукаст үшін фенобарбиталды бірге қолданатын пациенттерде шамамен 40 % азайды. Монтелукаст Р450 (CYP 3A4, 2С8, 2С9) цитохромымен метаболизденетіндіктен, әсіресе монтелукаст фенитоин, фенобарбитал және рифампицин сияқты Р450 (CYP 3A4, 2С8, 2С9) цитохромының индукторларымен бірге қолданылған кезде балаларға сақ болу қажет.

in vitro зерттеулер монтелукаст Р450 (CYP 2С8) күшті тежегіші болып табылатынын көрсетті. Алайда монтелукаст және росиглитазон дәрілік препарттарының өзара әрекеттесулеріне жүргізілген осы клиникалық зерттеулер (маркерлік субстрат, көбінесе CYP 2C8 метаболизденетін препараттардың өкілі) монтелукаст организмде CYP 2C8 тежемейтінін дәлелдеді. Сондықтан аталған ферменттің қатысуымен метаболизденетін дәрілік препараттардың (мысалы, паклитаксел, росиглитазон және репаглинид) метаболизміне айтарлықтай ықпал ететіні болжанбайды.

Зертханалық зерттеулер монтелукаст CYP 2C8 және аз дәрежеде 2С9 және 3A4 субстраты болып табылатынын көрсетті. Монтелукаст пен гемфиброзил (CYP 2C8, сондай-ақ 2С9 тежегіші) пайдаланылған дәрілік өзара әрекеттесу бойынша зерттеулердің деректері гемфиброзил монтелукасттың жүйелі сенсибилизациясын 4.4 есе жоғарылататын көрсетті. Монтелукастты гемфиброзилбен немесе басқа да күшті CYP 2C8 тежегіштерімен бір уақытта тағайындағанда дозаны түзету талап етілмейді, бірақ дәрігер жағымсыз реакциялардың ықтимал ұлғаюы туралы білуі тиіс. Басқа да белгілі CYP 2C8 тежегіштерімен (мысалы, триметоприммен) клиникалық тұрғыдан маңызды дәрілік әрекеттесулер болжанбайды. Сонымен бірге, монтелукастты тек CYP 3A4 күшті тежегіші болып табылатын итраконазолмен бір уақытта тағайындағанда монтелукасттың жүйелі сенсибилизациясының елеулі жоғарылауына әкелмейді.

Айрықша нұсқаулар

Пациенттерге демікпенің жедел ұстамаларын емдеу үшін ешқашан монтелукаст пайдаланбау керектігін, бұл мақсатта шұғыл көмекке жарамды сәйкес препарат алып жүруін хабарлау керек. Егер шұғыл тұншығу ұстамасы орын алса әсері қысқа ингаляциялық β-агонист пайдалану қажет. Пациенттерге әсері қысқа β-агонист ингаляциясының әдеттегіден үлкен мөлшері қажет болса олар барынша тез дәрігердің кеңесіне жүгінулері тиіс.

Монтелармен бірден ингаляциялық немесе пероральді кортикостероидтарды алмастыруға болмайды. Пероральді кортикостероидтардың дозасы монтелукастты қатар жүретін препарат ретінде қолданғанда төмендетілуі мүмкін болуын айғақтайтын ешқандай деректер жоқ.

Сирек жағдайларда монтелукастты қоса, демікпеге қарсы препараттармен емделіп жатқан пациенттерде кейде пайда болуын көбінесе жүйелі кортикостероидтық еммен байланыстыратын Чердж-Стросс синдромына тән васкулиттің клиникалық симптомдарымен байқалатын жүйелі эозинофилия туындауы мүмкін. Бұл жағдайларда әдетте, бірақ әрқашан емес, пероральді кортикостероидтық терапияны қысқарту немесе одан бас тарту қажет. Лейкотриен рецепторларының антагонистерін қолданудың Чердж-Стросс синдромының дамуымен өзара байланысты жоққа шығарылмаған және анықталмаған. Дәрігерлер эозинофилия, васкулитті бөртпе, өкпе симптомдарының нашарлауы, пациенттердегі жүрек асқынулары және/немесе невропатия байқалуы туралы ескертілуі тиіс. Осы симптомдар пайда болған пациенттер қайта тексерілуі тиіс және олардың емдеу режимдері қайта қаралуы тиіс.

Монтелукастпен емдеу аспирин-индуциялайтын демікпесі бар пациенттерде аспирин немесе басқа да стероидты емес қабынуға қарсы препараттар қабылдаудан аулақ болу қажеттілігіне ықпал етпейді.

Галактоза жақпаушылығы, Лаппа лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек туа біткен аурулары бар пациенттер бұл препаратты қолданбаулары тиіс.

Жүйке-психоздық бұзылыстар

Психика тарапынан болатын бұзылыстар Монтелар қабылдайтын ересектерде, жасөспірімдерде және балаларда байқалды. Психика тарапынан болатын бұзылыстарға мынадай жағымсыз әсерлер кіреді: қозу, озбырлы мінез-құлық, өшпенділік, үрей, депрессия, бағдарсыздық, назар аударудың бұзылуы, патологиялық түстер, елестеулер, ұйқысыздық, ашушаңдық, жадының бұзылуы, мазасыздық, сомнамбулизм, суицидальді ойлар мен әрекеттер (суицидті қоса), тремор. Постмаркетингтік есептердің деректері дәрі-дәрмекпен емдеу барысында алынған клиникалық деректермен салыстырымды. Пациенттер мен медицина қызметкерлеріне жағымсыз құбылыстардың туындау мүмкіндігі туралы білуі керек. Пациенттер өздерінің емдеуші дәрігерлеріне аталған жағымсыз әсерлердің туындағаны туралы хабарлаулары керек. Аталған жағымсыз құбылыстар пайда болғанда Монтелармен емдеуді жалғастыру үшін пайда қауіп арақатынасын бағалау керек.

Жүктілік

Жүктілікке қатысты қолда бар дерекқордағы шектеулі деректер Монтелар қолдану мен мальформация (қол-аяқ ақаулары сияқты) туындауы арасындағы себеп-салдарлық өзара байланыс бар екенін көрсетпейді, бұлар туралы бүкіләлемдік постмаркетингілік қолдану тәжірибесі барысында сирек хабарланған.

Лактация кезеңі

Монтелукасттың емшек сүтіне өтетіні белгісіз.

Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Монтелардың көлік құралдарын және механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын зерттеулер жүргізілмеді. Дегенмен, өте сирек жағдайларда, ұйқышылдықтың және бас айналуының пайда болуы мүмкін, бұларды автокөлікті немесе қозғалмалы механизмдерді басқару кезінде ескеру қажет.

Артық дозалануы

Монтелукастпен артық дозалануды емдеу туралы ешқандай белгілі ақпарат жоқ. Постмаркетингілік және клиникалық зерттеулерде Монтелукастпен жедел артық дозалану туралы хабарламалар кездесті. Оларға ересектер мен 1000 мг жоғары дозамен балалар (42 айлық бала үшін шамамен 61 мг/кг) бойынша есептер кіреді. Клиникалық және зертханалық қадағалау нәтижелері ересектер мен балаларға арналған қауіпсіздік профиліне сай келді. Артық дозалану туралы есептердің көбінде ешқандай жағымсыз оқиғалар болмады.

Ең жиі болатын жағымсыз оқиғалар монтелукасттың қауіпсіздік профилімен сыйымды болды.

Симптомдары: іш ауыруы, ұйқышылдық, шөлдеу, бас ауыруы, құсу, психомоторлық аса жоғары белсенділік.

Емі: Монтелар қолдануды тоқтату, симптоматикалық ем. Монтелукаст перитонеальді диализде немесе гемодиализде бөлініп шығатыны белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Құрамында нейлон/алюминий/ПВХ бар көпқабатты алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7 таблеткадан салынған.

4 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/Қаптаушы

Такеда Фарма Сп.з. о.о., Польша

Тіркеу куәлігінің иесі

Зентива к.с., Чех Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Санофи-авентис Қазақстан» ЖШС

Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы, Фурманов к-сі 187б

телефон: 8-727-244-50-96

факс: 8-727-258-25-96

e-mail: quality.info@sanofi.com

Прикрепленные файлы

191304631477976306_ru.doc 110.5 кб
382775251477977551_kz.doc 104 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники