Монкаста® (4 мг, КРКА-ПОЛЬСКА Сп.з.о.о.)

МНН: Монтелукаст
Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Montelukast
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022663
Информация о регистрации в РК: 14.10.2021 - 14.10.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Монкаста®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Монтелукаст

Дәрілік түрі

Шайнайтын таблеткалар, 4 мг және 5 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – натрий монтелукасты 4,16 мг (4 мг монтелукастқа баламалы) немесе 5,2 мг (5 мг монтелукастқа баламалы),

қосымша заттар: маннитол, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилцеллюлоза, аспартам, темірдің қызыл тотығы (Е172), шиенің хош иістендіргіші, магний стеараты.

Сипаттамасы

Бір жағында «4» таңбасы және ойығы бар, екі беті аздап дөңес, теңбілдерімен қызғылт түсті, дөңгелек пішінді таблеткалар (4 мг доза үшін).

Бір жағында «5» таңбасы және ойығы бар, екі беті аздап дөңес, теңбілдерімен қызғылт түсті, дөңгелек пішінді таблеткалар (5 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларын емдеуге арналған препараттар. Тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларын емдеуге арналған жүйелі қолданылатын басқа да препараттар. Лейкотриенді рецепторлардың антагонистері. Монтелукаст.

АТХ коды R03DC03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Монтелукастты пероральді қолданғаннан кейін жылдам сіңіріледі. Үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблеткалар үшін қан плазмасындағы орташа ең жоғарғы концентрациясына (Cmax) препаратты ересектер аш қарынға қолданғаннан кейін 3 сағаттан соң жетті (Tmax). Пероральді қолданғанда орташа биожетімділігі 64% құрайды. Әдеттегі тамақтану пероральді қолдану кезіндегі биожетімділігіне және Cmax ықпал етпеді. Қауіпсіздігі мен тиімділігі ас қабылдауға қарамастан үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблеткалар қолданылған клиникалық зерттеулерде расталған.

5 мг шайнайтын таблеткалар үшін Cmax ересектер аш қарынға қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң жетті. Пероральді қолданғанда орташа биожетімділігі 73% және стандартты тағаммен қабылдау кезінде 63% төмендеді.

4 мг шайнайтын таблеткаларды 2-ден 5 жасқа дейінгі пациенттер аш қарынға қабылдағаннан кейін Cmax 2 сағаттан соң жетеді. 10 мг таблетка қабылдайтын ересектерге қарағанда орташа Cmax 66% жоғары, орташа Cmin төмен.

Таралуы

Монтелукаст қан плазмасының ақуыздарымен 99% артық байланысады. Монтелукасттың тепе-тең күйдегі таралу көлемі орташа 8-11 литрді құрайды. Радиоактивті-таңбаланған монтелукастты қолданумен болған зерттеулер гематоэнцефалдық бөгет арқылы өту кезінде ең төменгі таралуын көрсетеді. Одан өзге, радиоактивті-таңбаланған заттың концентрациялары дозаны қабылдағаннан кейін 24 сағаттан соң барлық басқа тіндерде төмен болды.

Метаболизмі

Монтелукаст белсенді метаболизденеді. Емдік дозаларды қолданумен болған зерттеулерде монтелукаст метаболиттерінің қан плазмасындағы концентрациялары тепе-тең күйдегі ересектер мен балаларда анықталу шегінен төмен болды. Монтелукасттың метаболизмі негізінен, P450 2C8 цитохромы жүйесі арқылы жүреді. CYP 3A4 және 2C9 аздаған ықпал көрсетеді, алайда CYP3A4 тежегіші болып табылатын итраконазолды тағайындағанда монтелукасттың тәулігіне 1 рет 10 мг монтелукаст қабылдайтын дені сау еріктілерде фармакокинетикасы өзгермеді. Адам бауырының микросомаларын in vitro клиникалық зерттеулер монтелукасттың қан плазмасындағы емдік концентрациялары P450 3A4, 2C9, 1A2, 2A6, 2C19 немесе 2D6 цитохромдарын тежемейтінін көрсетті. Монтелукасттың емдік әсеріндегі метаболиттердің рөлі төмен болып табылады.

Шығарылуы

Монтелукасттың дені сау еріктілердегі плазмалық клиренсі орташа 45 мл/мин құрайды. Радиоактивті таңбаланған монтелукастты пероральді қолданғаннан кейін 86% радиобелсенділік 5 күн ішінде және <0,2% несеппен шығарылады. Пероральді қолданғаннан кейін монтелукасттың биожетімділігін ескере отырып, бұл монтелукаст және оның метаболиттері іс жүзінде толығымен өтпен шығарылатынын көрсетті.

Пациенттердің түрлі топтарындағы фармакокинетика ерекшеліктері

Егде жастағы пациенттерде немесе ауырлықтың жеңілден орташа дәрежесіне дейінгі бауыр функциясының бұзылуында дозаны түзету қажеттілігі жоқ. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер қатысқан зерттеулер жүргізілмеді. Монтелукаст және оның метаболиттері өтпен шығарылатындықтан бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде монтелукаст дозасын түзету қажет деп болжанбайды. Ауыр түрдегі (>9 Чайлд-Пью шкаласы бойынша) бауыр функциясы бұзылған пациенттерде монтелукаст фармакокинетикасына қатысты деректер жоқ.

Монтелукасттың жоғарғы дозаларын (ересектер үшін ұсынылған дозадан 20 және 60 есе артық) қолдану кезінде қан плазмасындағы теофиллин концентрациясының төмендеуі байқалды. Бұл әсер препаратты ұсынылған тәулігіне 1 рет 10 мг дозада қолдану кезінде байқалмады.

Фармакодинамикасы

Цистеинді лейкотриендер (LTC4, LTD4, LTE4) жуан жасушалар мен эозинофилдерді қоса, түрлі жасушалардан бөлініп шығатын қабыну эйкозаноидтері болып табылады. Бұл проастмалық медиаторлардың әсері адамның тыныс алу жолдарында болатын цистеинді лейкотриендік рецепторлар (CysLT) арқылы жүзеге асырылады және бронх түйілуімен, шырыш бөлінуімен, тамыр өткізгіштігінің артуымен және эозинофилдердің жылжуымен қатар жүреді.

Монтелукаст белсенді қосылыс болып табылады, ол жоғарғы талғағыштықпен және химиялық ұқсастықпен CysLT1-рецепторларды бәсекелес түрде белсенді байланыстырады. Клиникалық зерттеулер монтелукаст тіпті 5 мг дозада тағайындалғанда да LTD4 дем алудан туындаған бронх түйілуін басатынын және ішке қабылданғаннан кейін 2 сағат ішінде бронходилатация туындататынын көрсеткен. Монтелукаст сондай-ақ β- агонистерінің тиімділігіне аддитивті әсер көрсетеді. Монтелукастпен емдеу бронх түйілуін антигендерге реакцияны төмендете отырып ерте кезеңде де, кеш кезеңде де басады. Монтелукастпен емдеу бронх демікпесінің клиникалық ағымын бақылауды жақсарта отырып тыныс алу жолдарындағы және шеткері қандағы эозинофилдердің мөлшерін едәуір төмендетеді (қақырық талдаумен расталған).

Қолданылуы

4 мг доза үшін

  • ингаляциялық кортикостероидтармен және талап бойынша әсері қысқа β- агонистермен емдеуден клиникалық әсер жеткіліксіз болғанда ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі персистирлейтін демікпесі бар 2-5 жас аралығындағы пациенттер үшін бронх демікпесінің негізгі еміне қосымша ретінде

  • жеңіл дәрежедегі персистирлейтін демікпесі бар пациенттерде ингаляциялық кортикостероидтардың төменгі дозаларының орнына 2-5 жастағы балаларда демікпені баламалы емдеу тәсілі (пероральді кортикостероидтар қабылдауды талап ететін бронх демікпесінің күрделі ұстамаларынсыз)

  • дене жүктемелерімен байланысты бронх түйілуі ұстамаларының профилактикасы

5 мг доза үшін

  • ингаляциялық кортикостероидтармен және талап бойынша әсері қысқа β- агонистермен емдеуден клиникалық әсер жеткіліксіз болғанда ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі персистирлейтін демікпесі бар 6 жастан бастап пациенттер үшін бронх демікпесінің негізгі еміне қосымша ретінде

  • бронх демікпесі бар аспиринге сезімтал пациенттерді емдеу және дене жүктемелерімен бронх түйілуінің алдын алу

  • бронх демікпесі бар пациенттерде аллергиялық риниттерді емдеу

Қолдану тәсілі және дозалары

Балалар дәріні тек ересектердің қадағалауымен қабылдауы қажет.

Таблеткаларды жұтқанға дейін шайнау қажет.

2-ден 5 жасқа дейінгі балалар үшін доза кешке, тәулігіне 1 рет 4 мг 1 шайнайтын таблетканы құрайды.

6-дан 14 жасқа дейінгі балалар үшін доза кешке, тәулігіне 1 рет 5 мг 1 шайнайтын таблетканы құрайды.

Монкаста® препаратын ас қабылдауға дейін 1 сағат бұрын немесе ас қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң қабылдау керек.

Бұл жас топтарында дозаны түзету қажеттілігі жоқ.

Жалпы ұсынымдар

Монкаста® препаратының емдік әсері бронх демікпесі ағымының көрсеткіштерінің өзгеруімен 1 күн бойы дамиды. Пациенттерге тіпті демікпені бақылауға қол жеткенде де, сондай-ақ демікпе ағымының нашарлау кезеңдерінде де Монкаста қабылдауды жалғастыру керек екенін хабарлау керек.

Бүйрек функциясы бұзылған немесе ауырлықтың жеңілден орташа дәрежесіне дейін бауыр функциясы бұзылған пациенттер үшін дозаны түзету қажеттілігі жоқ. Ауыр түрдегі бауыр функциясы бұзылған пациенттерге қатысты деректер жоқ. Ұлдар мен қыздар үшін доза бірдей.

Монкаста® ауырлығы жеңіл дәрежедегі персистирлейтін демікпе кезінде ингаляциялық кортикостероидтардың төменгі дозаларының орнына баламалы емдеу тәсілі ретінде

Монкаста® ауырлық дәрежесі орташа персистирлейтін демікпесі бар пациенттер үшін монотерапия ретінде ұсынылмаған. Монтелукастты ауырлық дәрежесі жеңіл персистирлейтін демікпесі бар балаларда төмен дозалы ингаляциялық кортикостероидтарға балама ретінде қолдануды соңғы уақытта пероральді кортикостероидтар қабылдауды талап ететін демікпенің күрделі ұстамалары болмаған және ингаляциялық кортикостероидтар пайдалануға қабілетсіз пациенттер үшін ғана қарастыру керек. Ауырлық дәрежесі жеңіл персистирлейтін демікпе – демікпе симптомдарының аптасына 1 реттен жиі, бірақ күніне 1 реттен сирек туындауы, түнгі симптомдардың айына 2 реттен жиі, бірақ аптасына 1 реттен сирек туындауы ретінде анықталған, көріністер арасындағы кезеңде өкпе функциясы қалыпты. Егер бақылау тексерілуіне дейін демікпенің жеткілікті бақылауына қол жеткізілмесе (әдетте 1 ай бойы) демікпені емдеудің бірізді жүйесін негізге ала отырып қосымша немесе басқа қабынуға қарсы ем қажеттілігін анықтау керек. Пациенттердің демікпені бақылауға қатысты жай-күйін мезгіл-мезгіл бағалау керек.

Демікпені емдеудің басқа тәсілдеріне байланысты Монкастамен емдеу.

Егер Монкастаны ингаляциялық кортикостероидтармен емдеу кезінде қосымша ем ретінде қолданатын болса ингаляциялық кортикостероидтарды Монкаста® препаратымен күрт алмастыруға болмайды.

15 жастағы және одан асқан балалар үшін және ересектер үшін 10 мг дозалы үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар шығарылады.

Жағымсыз әсерлер

Жиі (≥1/100 <1/10)

  • бас ауыруы

  • шөл

  • абдоминальді ауыру

Маркетингтен кейінгі деректер

Өте жиі (≥1/10)

  • жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары*

Жиі (≥1/100 <1/10)

  • диарея**, жүрек айнуы**, құсу**

  • бөртпе**

  • трансаминазалар (АЛТ және АСТ) деңгейінің жоғарылауы

  • пирексия*

Жиі емес (≥1/1000 <1/100)

  • аса жоғары сезімталдық реакциялары, анафилаксияны қоса

  • патологиялық түстер, оған қоса қорқынышты түстер, ұйқысыздық, сомнамбулизм, қозу, ажитация, оған қоса озбырлық және өшпенділік, депрессия, психомоторлық аса жоғары сезімталдық, оған қоса ашушаңдық, мазасыздық, тремор***

  • бас айналуы, ұйқышылдық, парестезия/гипестезия, құрысулар

  • мұрыннан қан кету

  • ауыздың құрғауы, диспепсия

  • қанталаулар, есекжем, қышыну

  • артралгия, миалгия, оған қоса бұлшықет түйілуі

  • астения/шаршау, ісіну

  • балалардағы энурез

Сирек (≥1/10 000 <1/1 000)

  • қанағыштыққа бейімділік

  • зейін қоюдың бұзылуы, жадының бұзылыстары

  • пальпитация

  • ангионевроздық ісіну

Өте сирек (<1/10 000)

  • бауырдағы эозинофильді инфильтраттар

  • елестеулер, бағдардан жаңылу, суицидтік пиғылдар және мінез-құлық (суицид әрекеттерін қоса)

  • Чердж-Стросс синдромы

  • гепатит, оған қоса холестаздық, гепатоцеллюлярлық гепатит және шығу тегі аралас бауыр зақымдануы

  • мультиформалы эритема, түйіндік эритема

*Аталған жағымсыз әсерлер монтелукаст қабылдаған пациенттерде, сондай-ақ клиникалық зерттеулерде плацебо қабылдаған пациенттер тобында да «өте жиі» кездесті.

** Аталған жағымсыз әсерлер монтелукаст қабылдаған пациенттерде, сондай-ақ клиникалық зерттеулерде плацебо қабылдаған пациенттер тобында да «жиі» кездесті.

*** «Сирек» жиілігімен кездесті

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • фенилкетонурия

- 2 жасқа дейінгі балалар, 4 мг таблеткаларды қолданған жағдайда

- 6 жасқа дейінгі балалар, 5 мг таблеткаларды қолданған жағдайда

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Монтелукаст әдетте демікпенің профилактикасы және ұзақ емдеу үшін пайдаланылатын басқа препараттармен қолдануға болады. Басқа препараттармен өзара әрекеттесулерін зерттеулерде монтелукасттың ұсынылған клиникалық дозасы келесі дәрілік заттардың фармакокинетикасына клиникалық тұрғыдан маңызды ықпал көрсетпеді: теофиллин, преднизон, преднизолон, пероральді контрацептивтер (этинилэстрадиол/ норэтиндрон 35/1), терфенадин, дигоксин және варфарин.

Монтелукасттың қан плазмасындағы «концентрация-уақыт» қисық астындағы ауданы (AUC) фенобарбиталды бір уақытта қабылдаған пациенттерде шамамен 40%-ға төмендеді. Монтелукаст CYP 3A4, 2C8 және 2C9 арқылы метаболизденетіндіктен монтелукастты, әсіресе балаларға фенитоин, фенобарбитал және рифампицин сияқты CYP 3A4, 2C8 және 2C9 индукторлармен бір уақытта сақтықпен тағайындау керек.

in vitro зерттеулер монтелукаст CYP 2C8 күшті тежегіші болып табылатынын көрсетті. Алайда монтелукаст пен росиглитазонды (маркерлік субстрат, көбінесе CYP 2C8 арқылы метаболизденетін препараттардың өкілі) қолдану зерттелген препараттармен өзара әрекеттесулердің клиникалық зерттеу деректері монтелукаст CYP 2C8 in vivo тежемейтінін көрсетті. Сондықтан монтелукаст осы фермент (мысалы, паклитаксел, росиглитазон және репаглинид) арқылы метаболизденетін препараттардың метаболизміне айқын ықпал ететіні күтілмейді.

Зертханалық зерттеулер монтелукаст CYP 2C8 үшін және аз дәрежеде 2C9 және 3A4 субстрат болып табылатынын көрсетті. Монтелукаст пен гемфиброзилды (CYP 2C8, сондай-ақ 2C9 тежегіші сияқты) пайдалану арқылы дәрілік өзара әрекеттесулерді зерттеу бойынша зерттеу деректері гемфиброзил монтелукасттың жүйелі сенсибилизациясын 4,4 есе арттыратынын көрсетті. Оны гемфиброзилбен немесе басқа CYP 2C8 потенциалды тежегіштерімен бір уақытта қолдану кезінде дозаны түзету талап етілмейді, бірақ дәрігерлерге жағымсыз реакциялардың ұлғаю мүмкіндігін есте ұстау керек. Басқа белгілі CYP 2C8 тежегіштерімен (мысалы, триметоприммен) клиникалық тұрғыдан маңызды дәрілік өзара әрекеттесулер болжанбайды. Оған қоса, монтелукастты күшті CYP3A4 тежегіші болып табылатын итраконазолмен бір уақытта қолдану монтелукасттың жүйелі сенсибилизациясының елеулі жоғарылауына әкелмейді.

Айрықша нұсқаулар

Пациенттер пероральді қолдануға арналған Монтелукаст ешқашан демікпенің жедел ұстамаларын емдеу үшін пайдаланылмайтынын білуі тиіс, сондай-ақ олар өздерімен бірге әрқашан тиісті шұғыл жәрдем препаратын алып жүруі керек. Жедел ұстамада әсері қысқа ингаляциялық β-агонистерді пайдалану керек. Пациенттер әсері қысқа β-агонисін әдеттегіден көп мөлшерде керек етсе олар барынша жылдам дәрігерден кеңес алуы тиіс.

Монтелукаст ингаляциялық немесе пероральді кортикостероидтарды бірден алмастырмауы тиіс.

Пероральді кортикостероидтардың дозасы монтелукастты бір уақытта қолданғанда төмендеуі мүмкін екендігін растайтын деректер жоқ.

Демікпеге қарсы препараттармен, оған қоса Монтелукастпен емделіп жүрген пациенттерге, кейде Чердж-Стросс синдромына тән васкулиттің клиникалық белгілерімен (жүйелі кортикостероидтармен жиі ем жүргізілетін жай-күй) жүйелі эозинофилия туындауы мүмкін. Кейде бұл жағдайлар пероральді кортикостероидтарды тоқтатумен немесе дозасын төмендетумен байланысты. Лейкотриен рецепторларының антагонистерімен емдеу мен Чердж-Стросс синдромының туындауы арасындағы байланысты жоққа шығаруға немесе растауға болмайды. Дегенмен, эозинофилия, бөртпе, өкпе симптомдарының нашарлауы, кардиологиялық асқынулар және/немесе нейропатия сияқты симптомдар пайда болғанда қосымша тексеру және емдеу тәсілдерін қайта қарау қажет.

Монткаста® құрамында аспартам (Е 951) бар, ол фенилаланиннің көзі болып табылады. Фенилкетонуриясы бар балаларға зиян тигізуі мүмкін.

Жүйке-психикалық бұзылыстар

Психика тарапынан болған бұзылыстар монтелукаст қабылдаған ересектерде, жасөспірімдерде және балаларда байқалды. Психика тарапынан болған бұзылыстарға мына жағымсыз әсерлер кіреді: қозу, озбырлық мінез-құлық, өшпенділік, мазасыздық, депрессия, бағдардан жаңылу, зейін қоюдың бұзылуы, патологиялық түстер, елестеулер, ұйқысыздық, ашушаңдық, есте сақтау қабілетінің бұзылуы, мазасыздық, сомнамбулизм, суицидтік ойлар және әрекеттер (суицидті қоса) және тремор. Постмаркетингтік есептердегі деректер дәрі-дәрмекпен емдеу кезінде алынған клиникалық деректермен салыстырмалы. Пациенттер және медицина қызметкерлері осындай құбылыстардың туындау мүмкіндігі туралы білуі тиіс. Пациенттерге аталған жағымсыз әсерлер туындау кезінде өз емдеуші дәрігеріне хабарлау ұсынылады. Монкастамен емдеуді жалғастыру үшін аталған жағымсыз әсерлер туындаған жағдайда пайда қауіп арақатынасын бағалау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік: жүктілікке қатысты қолда бар дерекқордағы шектелген ақпарат бүкіләлемдік постмаркетингтік қолдану тәжірибесі барысында сирек хабарланған Монтелукастты қолдану мен мальформацияның туындауы (аяқ-қол ақаулары сияқты) арасындағы себеп-салдарлық байланысты көрсетпейді.

Емшек емізу: монтелукаст емшек сүтіне өтетіні белгісіз.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері.

Пациенттің автокөлікті немесе механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуі күтілмейді. Алайда сирек жағдайларда ұйқышылдық немесе бас айналуы туралы хабарланды, осыған байланысты автокөлікті немесе потенциальді қауіпті механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту керек.

Артық дозалануы

Артық дозаланудың көптеген жағдайларында жағымсыз реакциялар туындаған жоқ. Симптомдары: абдоминальді ауыру, ұйқышылдық, шөл, бас ауыруы, құсу және психомоторлық аса жоғары белсенділік.

Емі: препарат қабылдауды тоқтату, симптоматикалық ем. Монтелукаст перитонеальді диализ немесе гемодиализ кезінде бөлініп шыға ма, белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

7 таблеткадан полиамидті/алюминий/поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

4 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 30 ºС-ден аспайтын температурада, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/қаптаушы

КРКА-ПОЛЬСКА Сп. з о.о., Польша

Рувнолегла к-сі 5, 02-235 Варшава, Польша

Тіркеу куәлігінің иесі

КРКА, д.д. Ново место, Словения

Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«КРКА Казахстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғылы 19, корпус 1 б, 2-қабат, 207 кеңсе

тел.: +7 (727) 311 08 09

факс: +7 (727) 311 08 12

info.kz@krka.biz

Прикрепленные файлы

099825171498795358_ru.doc 103 кб
449034091498795890_kz.doc 42.62 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники