Момедерм® (крем 1 мг/г)

МНН: Мометазон
Производитель: Фармзавод Jelfa А.О.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Mometasone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020118
Информация о регистрации в РК: 04.09.2013 - 04.09.2018
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 925.73 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Момедерм®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Мометазон

Дәрілік түрі

1 мг/г, 30 г крем.

Құрамы

1 г препараттың құрамында

белсенді зат – 1.00 мг мометазон фуроаты,

қосымша заттар: гексиленгликоль, пропиленгликоль монопальмитостеараты, стеарил спирті және цетеарет-20, октенилсукцинатының алюминий крахмалы, титанның қостотығы, араның ақ балауызы, ақ жұмсақ парафин, фосфор қышқылы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Гексиленгликольға тән иісі бар ақ немесе ақ дерлік біртекті масса.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруын жергілікті емдеуге арналған глюкокортикостероидтар. Белсенді глюкокортикостероидтар (III топ). Мометазон.

ATХ коды D07AC 13

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Мометазон фуроаты терінің мүйізгекті қабатына оңай еніп, жиналады. Теріде метаболизденбейді. Организмге сіңгеннен кейін негізінен бауырда биотрансформацияланады. Несеппен бірге, аз мөлшерде, өтпен бірге, негізінен, глюкурон қышқылымен қосылыс түрінде және аздаған мөлшерде өзгермеген күйінде шығарылады.

Мометазон фуроатының тері арқылы сіңуі қыртыс аймағындағы нәзік теріге немесе бет терісіне, эпидермисі зақымданған немесе қабыну үдерісінен зақымданған теріге қолданғанда артады. Терінің температурасын және ылғалдылығын арттыратын окклюзиялық таңғыштарды қолдану да мометазон фуроатының сіңуін арттырады. Бұдан басқа, дәрілік препаратты жиі пайдаланғанда немесе терінің ауқымды бетіне жаққаннан кейін де сіңуі арта түседі. Жас адамдардың терісі арқылы сіңуі ересектерге қарағанда көбірек білінеді.

Фармакодинамикасы

Момедерм® кремі сыртқа қолдануға арналған синтетикалық глюкокортикостероид болып табылады. Препарат қабынуға қарсы, қышуға қарсы, аллергияға қарсы әсер етеді және қантамырын тарылтады. Липофильді қасиеттері бар және организмге тері арқылы оңай сіңеді. Мометазон фуроатының қабынуға қарсы әсер ету механизмі A­2 фосфолипаза белсенділігінің баяулауы нәтижесінде простагландиндер мен лейкотриендер өнімінің басылуы және жасушалық қабықтардың фосфолипидтерінен арахидон қышқылының босап шығуының азаюы болып табылады. Жергілікті аллергиялық реакциялардың дамуын басады. Қантамырларды жергілікті тарылтатын әсерінің нәтижесінде экссудативті реакцияларды азайтады. Ақуыздардың синтезін, коллагеннің түзілуін төмендетеді. Теріде ақуыздардың ыдырауын жылдамдатады және пролиферациялық үдерістерді бәсеңдетеді.

Қолданылуы

  • глюкокортикостероидтармен емдеуге жауап беретін, псориаз және атопиялық дерматит сияқты қышытатын қабыну дерматоздарын қысқа уақыттық жергілікті емдеуге

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер

Кремнің аздаған мөлшерін терінің зақымданған жеріне, тәулігіне 1 реттен асырмай, жұқа етіп жағады. Кремді окклюзиялық таңғыш астына қолданбаған жөн.

Егер 2 аптаның ішінде жақсару байқалмаса, емдеуді қайта қарастыру қажет. Бет терісіне 5 күннен артық жағуға болмайды.

Балалар

2 жастағы және одан үлкен балаларға Момедерм® кремін азғантай тері бетінің зақымданған жеріне күніне бір рет жұқа қабат етіп жағады. Ұсынылатын емдеу ұзақтығы 5 күнді құрайды. Бет терісіне қолдануға болмайды.

Кремді окклюзиялық таңғыштың астына қолданбаған жөн.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек

  • ашу, шаншу және қышу түріндегі жергілікті реакциялар

  • парестезия

  • жолақтар мен тер бөртпелер

  • терінің тітіркенуі және құрғауы, гипертрихоз немесе шаштың түсуі, тері депигментациясы немесе пигментациясы

  • аллергиялық жанаспалы дерматит

  • безеу бөртпелер, стероидтан кейінгі пурпура, эпидермистің өсуінің тежелуі, теріасты шелмайы атрофиясы, фолликулит, тері атрофиясы

  • периоральді дерматит, телеангиэктазиялар

  • екіншілік жұқпалар

  • ісінулер, артериялық гипертензиялар түріндегі резорбтивті әсерлер, организмнің жұқпаларға қарсылығының төмендеуі, гипергликемия, глюкозурия, Кушинг синдромы

Балаларда, ересектерге қарағанда, дене беті мен салмағының арақатынасы көбірек болуы салдарынан, гипоталамустық, гипофизарлық, бүйрекүсті безі функциясы бұзылуының және Кушинг синдромының пайда болу қаупі оларда жоғары.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • мометазон фуроатына немесе басқа да глюкокортикостероидтарға және негіз компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • бактериялық (мысалы, импетиго, пиодермиялар), вирустық (мысалы, қарапайым ұшық, белдемелі теміреткі, желшешек, өрескел сүйелдер, өткір ұшты кондиломалар, контагиозды моллюска), паразиттік және зеңдік (мысалы, кандидоз немесе дерматофиттер) жұқпалар, соның ішінде тері туберкулезі, мерез

  • қарапайым, өрескел және қызғылт безеулер

  • периоральді дерматит

  • перианальді және генитальді қышыну

  • тері атрофиясы

  • жөргектік дерматит

  • окклюзиялық таңғыш астына

  • тері жаралары немесе ойық жаралы зақымдануы

  • вакцинациядан кейінгі жағдай

  • жүктіліктің I триместрі және лактация кезеңі

  • 2 жасқа дейінгі балалар

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Глюкокортикостероидтарды жергілікті қолданған кезде дәрілік өзара әрекеттесу жағдайларының болған-болмағаны белгісіз.

Алайда емделушілерге желшешекке қарсы, әсіресе терінің ауқымды бетіне үнемі қолданғанда, тиісті антиденелердің пайда болуы түрінде талапқа сай иммунологиялық жауаптың болмауы мүмкін екендігін ескеріп, вакцинация және иммунизацияның басқа да түрін жасауға болмайтынын есте ұстаған жөн.

Момедерм® кремі иммуносупрессивті дәрілік заттардың әсерін күшейтуі және иммунитетті стимуляциялаушы дәрілердің әсерін бәсеңдетуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Егер препаратты жаққанда тітіркену симптомдары немесе терінің аллергиялық реакциялары (терінің қышуы, ашу сезімі немесе қызару) қатар жүрсе, емдеуді дереу тоқтатқан жөн.

Үзіліссіз 2 аптадан артық қолдануға болмайды.

Кремді қолданған жерде жұқпалар пайда болған жағдайда бактерияларға қарсы немесе зеңге қарсы тиісті ем жүргізген жөн.

Препаратты дененің ауқымды бетіне, зақымданған теріге қолданбаған, жоғары дозаларда және балаларға пайдаланбаған жөн. Кортикостероидтар тері арқылы сіңетін болғандықтан, осы препаратты қолдану гипоталамус-гипофизарлы-бүйрек үсті безі жүйесінің тежелуін қоса алғанда (Кушинг синдромын, глюкозурияны, гипергликемияны, ісінуді, гипертензияны, иммунитеттің төмендеуін қоса есептегенде), глюкокортикостероидтардың жағымсыз әсерлерінің пайда болу қаупімен байланысты.

Препаратты әсіресе дененің ауқымды бетіне немесе жоғары дозаларда қолданған кезде, бүйрекүсті безін АКТГ-мен стимуляциялағаннан кейін қандағы және несептегі кортизол концентрациясын анықтап, бүйрекүсті безінің функциясына ұдайы бақылау жасау керек.

Препараттың шырышты қабықтармен жанасуына жол бермеген жөн. Препаратты көз айналасындағы теріге қолдануға болмайды және көзге тигізіп алмау керек.

Дерматиттің (акне тәрізді зақымдануға ұқсас), периоральді дерматиттің, тері атрофиясының және акненің пайда болу қаупіне байланысты, препаратты бет терісіне жақпау керек.

Препаратты шап және қолтық астындағы теріге тек ерекше жағдайларда ғана және дәрігердің нұсқауымен ғана, жақсы сіңетіндігін және тіпті ұзақ қолданбағанның өзінде жағымсыз әсерлерінің (соның ішінде жүйелік) пайда болу қаупінің жоғары болатындығын ескере отырып, жаққан жөн.

Теріастылық шелмайы атрофиясы бар, әсіресе қартаң жастағы адамдарға қолдану ұсынылмайды.

Псориазы бар емделушілерге аса сақтықпен қолдану керек, өйткені псориазда төзімділіктің, пустулезді псориаздың жайылу қаупінің және тері қызметінің бұзылуынан жүйелік уыттанудың пайда болуына байланысты аурудың қайталануы салдарынан, глюкокортикостероидтарды жергілікті қолдану қауіпті болуы мүмкін.

Егер глюкокортикостероидтық әсер ету симптомдары пайда болса, емдеуді тоқтату қажет.

Препарат цетостерил спиртінің болуына байланысты жергілікті тері реакциясын (мысалы, жанаспалы дерматит) тудыруы мүмкін.

Препарат құрамында пропиленгликоль болғандықтан теріні тітіркендіруі мүмкін.

Педиатрияда қолданылуы

Балаларда ересек емделушілерге қарағанда жергілікті кортикостероидтардың әсерімен сыртқы кортикостероидтық әсерлердің пайда болуы және гипоталамус-гипофизарлы-бүйрек үсті безі жүйесінің тежелу белгілерінің едәуір жиі көрініс беруі мүмкін, ол балаларда дене салмағының және тері беткейі ауданы арақатысының үлкен мөлшерінің салдарынан препараттың едәуір жоғары мөлшерде сіңуіне байланысты болады.

Осыған байланысты жергілікті кортикостероидтарды балаларға қолдану препараттың барынша аз тиімді мөлшерімен және барынша аз қолдану кезеңімен шектелуі тиіс. Созылмалы кортикостероидты емдеу баланың өсуінің және дамуының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.

Момедермді® жаялықтың немесе су өткізбейтін трусилердің астындағы тері бөліктеріне жағуға, және жаялыққа ораудан туындаған дерматиттерді емдеу үшін қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Момедерм® кремі әйелдерге жүктіліктің ІІ және ІІІ триместрлерінде, қолданудың ана үшін күтілетін пайдасы ұрыққа келетін қауіптен басым болған жағдайда ғана, қолданылуы мүмкін. Момедерм® кремі гематоплацентарлы бөгет арқылы өтуі және тератогенді әсер етуі мүмкін.

Жүктілік кезінде осы топтың препараттарын үлкен дозаларда және ұзақ уақыт қолданбаған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Момедерм® автокөлікті басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу кезінде реакция жылдамдығына әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: мометазон фуроатын терінің ауқымды бетіне ұзақ немесе шамадан тыс қолданғанда гипофизарлы-бүйрек үсті безі жүйесі функциясы тежелуі мүмкін, ол бүйрек үсті безі қыртысы қызметінің салдарлық жеткіліксіздігінің пайда болуына себеп болуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық. Қажет болған кезде электролиттік теңгерімнің бұзылуын түзету керек. Дәрілік затты біртіндеп тоқтатқан немесе өте әлсіз глюкокортикостероидтарды пайдаланған жөн.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 г немесе 30 г препарат жарғақшасы және бұрандалы (ПЭНД) пластик қалпақшасы бар, сырт жағынан баспа-таңбалы эмальмен қапталған, ішкі жағынан химиялық тұрақты лакпен (эпоксидті лак) қапталған алюминий сықпаға салынған.

Әрбір сықпа медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

25oC-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Ашқаннан кейін 4 аптадан асырмай қолдану керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Фармзауыт Jelfa А.Қ.

58-500, Еленя Гура, В.Поля к-сі, 21, Польша.

Тіркеу куәлігі иесі

«Валеант» ЖШҚ, Мәскеу, Ресей

Тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Валеант» ЖШҚ ҚР өкілдігі

Қазақстан, 050059, Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғылы,

17 үй, Блок 4Б, ғимарат 4-4Б-11

Телефон 3 111 516 Факс 3 111 517

Элетронды пошта Office.KZ@valeant.com

 

Прикрепленные файлы

910142641477976797_ru.doc 68.5 кб
228121411477977960_kz.doc 80 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники