Момат (крем)

МНН: Мометазон
Производитель: Гленмарк Фармасьютикалз Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Mometasone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014779
Информация о регистрации в РК: 19.02.2021 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 919.91 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Момат

Халықаралық патенттелмеген атауы

Мометазон

Дәрілік түрі

Крем, 5 г, 15 г

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Кортикостероидтар, дерматологиялық препараттар. Қарапайым кортикостероидтар. Белсенділігі айқын кортикостероидтар (III топ). Мометазон.

АТХ коды D07AC13

Қолданылуы

Момат кремі псориаз (кең таралған түйіндақты псориазды қоспағанда) бен атопиялық дерматиттің қабынумен және қышынумен жүретін көріністерін емдеуге арналған.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- беттегі розацеа

- кәдімгі безеу

- тері атрофиясы

- периоральді дерматит

- жөргектік дерматит

- перианальді, гениталий қышынуы

- бактериялық (импетиго, пиодермия), вирустық (Herpes simpleх, Herpes zoster және желшешек, кәдімгі сүйелдер, үшкір кондиломалар, контагиоздық моллюск), паразиттік немесе зеңдік (Candida немесе дерматофития) тері инфекциясы

- туберкулез

- мерез

- вакцинадан кейінгі реакциялар

- тері жабыны бүтіндігінің бұзылуы

- 2 жасқа дейінгі балаларға

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Момат кремін көзге тигізбеу керек.

Егер Момат кремін пайдаланғанда тітіркену немесе сезімталдық дамыса, емдеу тоқтатылуы және сәйкесінше ем тағайындалуы тиіс.

Инфекция дамыған жағдайда, тиісінше зеңге қарсы немесе бактерияға қарсы дәріні пайдалану керек.

Терінің ауқымды бөліктеріне ұзақ уақыт бойы жаққан жағдайда, әсіресе, окклюзиялық таңғыштар қолданылған кезде, мометазонның жүйелі әсері дамуы мүмкін. Осыны ескере отырып, науқастар гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесі функциясының бәсеңдеуі және Кушинг синдромының дамуы белгілеріне қатысты қадағалануы тиіс.

Стеарил спирті терінің жергілікті реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматитті) туғызуы мүмкін.

Препараттың құрамына кіретін пропиленгликоль, жаққан жерде тітіркену туғызуы мүмкін, ондай жағдайларда Момат кремін қолдануды тоқтату және тиісінше ем тағайындау керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Момат кремінің басқа препараттармен өзара дәрілік әрекеттесулерін зерттеулер жүргізілген жоқ.

Арнайы ескертулер

Құрамында глюкокортикостероид бар препараттар терінің кейбір ауруларының көріністерін өзгертуге қабілетті екендігін, ол диагноз қоюды қиындатуы және бұдан өзге, жаралардың жазылуының тежелуіне себеп болуы мүмкіндігін ескеру керек.

Момат кремімен ұзақ уақыт емдеген кезде емдеудің күрт тоқтатылуы терінің қатты қызаруымен және ашыту сезімімен жүретін дерматит түрінде көрініс беретін рикошет синдромының дамуына алып келуі мүмкін. Сондықтан, ұзақ емдеу курсынан кейін препаратты тоқтатуды біртіндеп, мысалы, оны толықтай тоқтатардың алдында интермиттирлейтін емдеу кестесіне көше отырып жүзеге асыру керек.

Өте сирек жағдайда қарапайым глаукоманың немесе субкапсулалық катарактаның туындауы қаупіне байланысты, Момат кремі қабақтарды қоса, офтальмологияда қолдануға арналмаған.

Көрудің бұзылуы

Кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті қолданғанда көру бұзылғаны туралы хабарланған. Егер пациентте анық көрмеу сияқты симптомдар немесе көрудің бас бұзылулары байқалса, катарактаны, глаукоманы немесе орталықтық сероздық хориоретинопатия сияқты сирек ауруларды қамтуы мүмкін ықтимал себептерін бағалауы үшін, оны офтальмологқа жолдау керек.

Педиатрияда қолданылуы

Тек дәрігердің тағайындауымен қолданылады.

Ересектердегіге қарағанда, балаларда тері беткейінің ауданы мен дене салмағы арақатынасының шамасы көбірек екендігіне байланысты, балалар жергілікті әсері бар глюкокортикостероидтардың кез келгенін қолданғанда гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесі функциясының бәсеңдеуі мен Кушинг синдромының дамуы қаупіне көбірек ұшырайды. Балаларда крем жағылатын бөліктің ауданы тері беткейінің жалпы ауданының 10 %-ынан аспауы тиіс.

Балаларда Момат кремімен ұзақ уақыт емдеу олардың өсуі мен дамуының бұзылуларына алып келуі мүмкін. Емдеу ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс.

Балалар препараттың әсеріне қол жеткізу үшін қажетті ең аз дозасын қабылдауы тиіс, окклюзиялық таңғыштарды қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік кезінде Момат кремімен емдеуді тек, дәрігердің тағайындауы бойынша ғана жүргізу керек. Кремді тері беткейінің ауқымды бөліктеріне және ұзақ мерзім бойына қолданбау керек.

Мометазон фуроатының жүкті әйелдерге ықпалы жеткілікті бақыланған зерттеулер жоқ, сондықтан, адам шаранасы үшін жағымсыз әсерлердің даму қаупі белгісіз. Алайда, жергілікті қолданылатын барлық глюкокортикоидтардағы сияқты, глюкокортикоидтардың плацентарлық бөгет арқылы өтуі мүмкіндігін ескеру керек. Сондықтан адам шаранасының өсуінде аздаған тежеліс қаупі болуы мүмкін. Жергілікті қолданылатын басқа глюкокортикоидтар сияқты, Момат кремі жүкті әйелдерге тек, егер ықтимал пайдасы ана немесе шарана үшін ықтимал қаупінен асып түсетін болса ғана қолдануға болады.

Лактация

Кортикостероидтарды жергілікті қолдану олардың емшек сүтіндегі мөлшерін анықтау үшін жеткілікті жүйелі сіңірілуіне алып келу-келмеуі мүмкіндігі белгісіз. Момат кремін бала емізетін аналарға тек, пайдасы/қаупі арақатынасын мұқият зерттегеннен кейін ғана тағайындау керек. Егер жоғарырақ дозаларымен емдеу немесе ұзақ қолдану көрсетілсе, бала емізуді тоқтату керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Анықталмаған.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Егде жастағы пациенттер мен балаларды қоса, ересектерге

Момат кремін терінің зақымданған бөліктеріне күніне бір рет жұқа қабаттап жағу керек.

Балалар

Момат кремі 2 жасқа толмаған балаларда қолдану үшін ұсынылмайды.

Енгізу әдісі мен жолы

Сыртқа қолдануға арналған

Емдеу ұзақтығы

Момат кремін бет аймағына қолданғанда емдеу ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс. Препаратты балаларда қолданғанда емдеу ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Жергілікті кортикостероидтарды шамадан тыс, ұзақ уақыт пайдалану гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі функциясын бәсеңдетуі мүмкін, бұл бүйрекүсті бездерінің салдарлы жеткіліксіздігіне алып келуі мүмкін, ол әдетте қайтымды.

Егер ГГБ осінің бәсеңдегені білінсе, препаратты тоқтату, немесе қолдану жиілігін азайту немесе күші аздау стероидқа алмастыру керек.

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіруі үшін дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгіну қажет.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

Жиі емес

- терінің құрғауы, тітіркенуі, дерматит, периоральді дерматит, тері мацерациясы, тербөртпе, телеангиэктазиялар

Өте сирек

- фолликулит, шымылдатып ашыту сезімі, қышыну

Белгісіз

- инфекция, фурункул

- парестезия

- жанаспалы дерматит, терінің гипопигментациясы, гипертрихоз, стриялар, акне тәрізді дерматит, тері атрофиясы

- жаққан жердің ауыруы, жаққан жердегі реакциялар

- анық көрмеу.

Кортикостероидтармен ұзақ уақыт емдеу балалардың өсуі мен дамуының баяулауына алып келуі мүмкін.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

100 г кремнің құрамында

белсенді зат - мометазон фуроаты, 0.1 г,

қосымша заттар: ақ жұмсақ парафин, стеарил спирті, пропиленгликоль моностеараты, брий 58, араның ақ балауызы, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, пропиленгликоль, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақ түсті крем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 г немесе 15 г кремнен алюминий сықпаға салынған.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәлімет

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд

Өндірістік алаңның мекенжайы: ПЛОТ № Е 37,39, МИДС Ареа, Сатпур, Насик – 422007, Махараштра, Үндістан.

Тел.: + 91-1795-393200,

Факс: + 91-1795-393210,

Эл. пошта: webmaster@glenmark.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд

Мекенжайы: Гленмарк Хаус, ХДО-Корпорэйт Билдинг, Винг – А, Б.Д. Савант Марг, Чакала, Офф Вестерн Экспресс Хайвэй, Андхери (И), Мумбай – 400 099, Үндістан

Тел.: + 0091-22-4018 9999

Факс: + 0091-22-4018 9986

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

"GLENMARK PHARMACEUTICALS LIMITED (ГЛЕНМАРК ФАРМАЦЕВТИКАЛС ЛИМИТЕД)" Компаниясының Өкілдігі

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050005, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы, 7, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, 4 А блогы, 12 кеңсе.

Тел: + 7(727) 311 04 41,

Эл. пошта: Safety.KZ&UZ@glenmarkpharma.com

Прикрепленные файлы

Момат_крем_рус.docx 0.05 кб
Момат_крем_каз.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники