Моксимак

МНН: Моксифлоксацин
Производитель: Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Moxifloxacin
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№003618
Информация о регистрации в РК: 15.07.2022 - 15.07.2032
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 464.14 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Моксимак

Халықаралық патенттелмеген атауы

Моксифлоксацин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 400 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 400 мг моксифлоксацинге баламалы 436.33 мг моксифлоксацин гидрохлориді

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (рН101), лактоза моногидраты, L-гидроксипропилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза (рН102), натрий кроскармеллозасы (Ac-di-sol), магний стеараты,

қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, полиэтиленгликоль 6000, титанның қостотығы (Е 171), тальк, темірдің (III) қызыл тотығы (Е172).

Сипаттамасы

Капсула пішінді, екі жақ беті дөңес, кірпіш-қызыл түсті қабықпен қапталған, екі жақ беті де тегіс таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Микробтарға қарсы препараттар – хинолон туындылары. Фторхинолондар. Моксифлоксацин.

АТХ коды J01МA14

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі және биожетімділігі

Ішке қабылдағанда моксифлоксацин жылдам және толық дерлік сіңіріледі. Абсолюттік биожетімділігі шамамен 91 % құрайды.

Моксифлоксацин фармакокинетикасы бір рет 50-ден 1200 мг дейінгі дозада, сондай-ақ 10 күн бойы тәулігіне 600 мг дозада ішке қабылдағанда дозаға байланысты. Тепе-тең күйге 3 күн ішінде жетеді.

400 мг моксифлоксацинді бір рет тағайындағаннан кейін қандағы ең жоғарғы концентрациясына (С max) 0.5-4 сағат ішінде жетеді және 3.1 мг/л құрайды. Плазмадағы ең жоғарғы және ең төменгі концентрациясы тұрақты күйде (күнделікті бір рет 400 мг) тиісінше 3,2 және 0,6 мг/л болды.

Моксифлоксацинді аспен бірге қабылдағанда Сmax жету уақытының аздаған ұлғаюы (2 сағатқа) және Сmax аздап төмендеуі (шамамен 16 %) байқалды, бұл ретте абсорбция ұзақтығы өзгермейді. Алайда, бұл деректердің клиникалық маңызы жоқ, өйткені AUC/MIC арақатынасы хинолондардың микробқа қарсы белсенділігін көбірек болжамдайды. Демек, препаратты ас қабылдауға қарамастан қабылдауға болады.

Таралуы

Моксифлоксацин тамырішілік арнада өте жылдам таралады. Моксифлоксациннің тепе-тең таралу көлемі (Vss) шамамен 2 л/кг AUC фармакокинетикалық қисығы астының (AUCnorm = 6 кг*сағат/л) үлкендігі байқалды. Моксифлоксациннің сілекейдегі ең жоғарғы концентрациясы плазмадағыдан жоғары. 0,02-ден 2мл/л дейінгі концентрациялар диапазонындағы ин-витро және ин-виво зерттеулерде моксифлоксациннің ақуыздармен байланысы препарат концентрациясына қарамастан шамамен 45 % құрайды.

Моксифлоксацин негізінен плазма альбуминдерімен байланысады.

Көлемнің төмендігіне байланысты бос концентрацияның ең жоғарғы шыңы > 10xMIC байқалды.

Плазмадағы жоғарғы концентрациялардан басым препараттың жоғарғы концентрациялары өкпе тінінде (эпителий сұйықтығы, альвеолярлы макрофагтар, биологиялық тін), мұрын қойнауларында және полиптерде, қабыну ошақтарында түзіледі. Сілекейде, интерстициальді сұйықтықта (бұлшықетаралық және тері астылық) препараттың еркін күйдегі жоғарғы концентрациясы анықталады.

Оған қоса, препараттың жоғарғы концентрациялары іш қуысы ағзаларында және перитонеальді сұйықтықта, сондай-ақ әйелдердің жыныс органдарында анықталады.

Моксифлоксациннің бір реттік 400 мг дозасынан кейін енгізудің екі жолында да түрлі нысана-тіндердегі плазмалық концентрациялармен салыстырғанда салыстырмалы ең жоғары концентрациялары байқалды.

Метаболизмі

Биотрансформацияның 2-ші фазасы өткеннен кейін моксифлоксацин организмнен бүйрек және асқазан-ішек жолы (АІЖ) арқылы өзгермеген күйде де, сондай-ақ белсенді емес сульфоқосылыстар (М1) және глюкуронидтер (М2) түрінде де шығарылады. Аталған метаболиттер адам организміне қатысты ғана қолданылады және микробқа қарсы белсенділігі жоқ. Басқа препараттармен метаболизмдік фармакокинетикалық әрекеттесулерін зерттеу моксифлоксацин Р450 цитохромының микросомальді жүйесімен биотрансформацияға ұшырмайтынын көрсетті.

Қолдану тәсіліне қарамастан М1 және М2 метаболиттері қан плазмасында өзгермеген моксифлоксациннің концентрациясына қарағанда төменірек концентрацияларда анықталады.

Шығарылуы

Препараттың плазмадан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 12 сағатты құрайды. 400 мг дозада қабылдағаннан кейін орташа жалпы клиренсі 179-дан 246 мл/мин дейін. Шамамен 24-53 мл/мин құрайтын бүйректік клиренсі препараттың бүйректегі ішінара өзекшелік реабсорбциясы арқылы жүреді. Ранитидин мен пробенецидті бірге қолдану препараттың бүйректік клиренсіне ықпал етпейді. Енгізу жолына қармастан бастапқы зат моксифлоксацин оксидативтік метаболизм белгілерінсіз метаболизмнің II сатысындағы метаболиттеріне дейін толық дерлік 96-98 % метаболизденеді.

Пациенттердің түрлі топтарындағы фармакокинетикасы

Егде жастағы пациенттер

Моксифлоксациннің фармакокинетикасындағы айырмашылықтары анықталмаған.

Жынысы. Ер және әйел жынысты адамдар арасындағы фармакокинетикасында (AUC, Cmax) айырмашылықтар (33 %) анықталған. AUC және Cmax бойынша анықталған айырмашылықтар жынысқа қарағанда дене масссасындағы айырмашылықтармен түсіндіріледі. Осылайша, олар клиникалық тұрғыдан маңызды емес.

Этникалық айырмашылықтар

Ықтимал этносаралық айырмашылықтар европеоидтық, жапондық, негроидтық және басқа да этникалық топтарда зерттелді. Моксифлоксацин фармакокинетикасында клиникалық тұрғыдан маңызды айырмашылықтар анықталмады.

Балалар

Балалардағы моксифлоксацин фармакокинетикасы зерттелмеді.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясы бұзылған (креатинин клиренсі < 30 мл/мин/1,73 ш.м пациенттерді қоса) және үздіксіз гемодиализдегі және ұзақ амбулаторлық перитонеальді диализдегі пациенттерде моксифлоксацин фармакокинетикасында маңызды өзгерістер анықталмады.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясы жеңілден ауыр дәрежеге дейінгі пациенттерде (Чайлд-Пью бойынша А сатысынан С сатысына дейін) қан плазмасындағы моксифлоксацин концентрациясын зерттеу тиісінше дені сау еріктілермен немесе бауыр функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда клиникалық тұрғыдан маңызды айырмашылықтар анықталмады («Айрықша нұсқаулар» бөліміндегі бауыр циррозы бар пациенттерде қолданылуын қара).

Фармакодинамикасы

Моксимак – белсенділігі және бактериялық әсері кең ауқымды 8-метокси-фторхинолонды антибиотик. Моксимактың грамоң және грамтеріс организмдердің көбіне, анаэробты организмдердің, қышқылға төзімді бактериялардың және атипиялық формалардың, мысалы Chlamidia spp., Mycoplasma spp. және Legionella spp қарсы «ин витро» белсенділігі бар.

Препараттың бактерицидтік әсері ДНҚ топологиясын бақылайтын (ДНҚ микробтық жасушасының репликациясына, репарациясына және транскрипциясына жауап беретін) маңызды ферменттер II және IV бактериялық топоизомеразаларын тежеумен негізделеді.

Моксифлоксациннің бактерицидтік әсері оның концентрациясына байланысты. Препараттың ең төменгі бактерицидтік концентрациялары тұтастай алғанда ең төменгі тежегіш концентрацияларға жақын.

Моксимак β-лактамдарға және макролидтерге төзімді бактерияларға бактерицидтік әсер көрсетеді.

Төзімділік

Пенициллиндерге, цефалоспориндерге, аминогликозидтерге, макролидтерге және тетрациклиндерге төзімділіктің дамуына әкелетін механизмдер препараттың бактерияға қарсы белсенділігін бұзбайды. Бактерияға қарсы препараттардың осы топтары мен Моксимак арасындағы айқаспалы төзімділік белгіленбеді. Плазмидке байланысты төзімділік осы уақытқа дейін байқалмады.

Препарат құрылымындағы C8-метокси-топ грамоң микроорганизмдерге қарсы белсенділікті арттыратыны және C8-H-тобымен салыстырғанда төзімді грамоң бактериялар селекциясы мутанттарының дамуын төмендетуге ықпал ететіні анықталған. Азабицикл құрылымының С7 қалпында болуы құрылымда белсенді эффлюкстің (яғни фторхинолонның жасушадан белсенді шығарылым), микроорганизмдердің фторхинолондарға тұрақтылығының дамуы негізінде жатқан механизмнің алдын алады.

Моксимакқа төзімділік көптеген мутациялар арқылы баяу дамиды. Тұрақтылық дамуының жалпы жиілігі өте төмен (10-7 – 10-10). Препараттың микроорганизмдерге ең төменгі тежегіш концентрациядан (ЕТТК) төмен концентрацияларда көп реттік ықпал етуі ЕТТК аздаған ұлғаюымен ғана қатар жүрді.

Хинолондарға айқаспалы тұрақтылық жағңдайлары байқалды. Дегенмен, басқа хинолондарға тұрақты кейбір грамоң және анаэробты микроорганизмдер Моксимакке сезімталдықты сақтайды.

Адамның ішек флорасына ықпалы

Моксимакты ішке қабылдағаннан кейін ішек флорасының келесі өзгерістері байқалды: E.Coli, Bacillus spp., Bacteroides vulgatus, Enterococci және Klebsiella spp., сондай-ақ анаэробты Bifidobacterium, Eubacterium және Peptostreptococcus төмендеуі. Бұл өзгерістер екі апта ішінде кетті. Токсин Clostridium difficile анықталмаған.

Ин витро сезімталдығы туралы деректер

Сезімтал микроорганизмдер:

Грамоң бактериялар:

- Gardnerella vaginalis

- Streptococcus pneumoniae (мультирезистентті Streptococcus pneumoniae (MDRSP) шаммдарын қоса, PRSP ретінде белгілі (пенициллинге төзімді St. Pneumoniae) штаммдарды және екі және одан көп антибиотиктерге төзімді штаммдар: пенициллин (MIC ≥ 2 мкг/мл), цефалоспориндердің екінші буыны (мысалы, цефуроксим), макролидтер, тетрациклиндер және триметоприм/ сульфаметоксазол

- Streptococcus pyogenes (А тобы)*

- Streptococcus milleri тобы (S. anginosus*, S. constellatus* және S. intermedius*)

- Streptococcus viridans тобы (S. viridans, S. mutans, S. mitis, S. sanguinis, S. salivarius, S. thermophilus, S. constellatus)

- Streptococcus agalactiae

- Streptococcus dysgalactiae

- Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал штаммдар)*

- коагулаза-теріс стафилококктар (S. cohnii, S. epidermidis, S. haemolyticus, S. hominis, S. saprophyticus, S. simulans) метициллинге сезімтал штаммдар

Грамтеріс бактериялар

- Haemophillus influenzae (β-лактамазаны өндіретін және өндірмейтін штаммдарды қоса) *

- Haemophillus parainfluenzae*

- Moraxella catarrhalis (β- лактамазаны өндіретін және өндірмейтін штаммдарды қоса) *

- Bordetella pertussis

- Legionella pneumophilia Acinetobacter baumanii

- Proteus vulgaris

Анаэробы:

- Fusobacterium spp, Porphyromonas spp, Prevotella spp, Propionibacterium spp.

Атипиялық:

Chlamydia pneumoniae*, Chlamydia trachomatis**, Mycoplasma pneumoniae*, Mycoplasma hominis, Mycoplasma genitalium, Legionella pneumophila*, Coxiella burnetti

Аралық микроорганизмдер:

Грамоң бактериялар:

- Enterococcus faecalis* (тек ванкомицинге және гентамицинге сезімтал штаммдар)

- Enterococcus avium*

- Enterococcus faecium*

Грамтеріс бактериялар:

- Escherichia coli *

- Klebsiella pneumoniae *

- Klebsiella oxytoca

- Citrobacter freundii*

- Enterobacter species (E. aerogenes, E. intermedius, E. sakazaki)

- Enterobacter cloacae *

- Pantoea agglomerans

- Pseudomonas fluorescens

- Burkholderia cepacia

- Stenotrophomonas maltophilia

- Proteus mirabilis * 

- Morganella morganii

- Neisseria gonorrhoea **

- Providencia species (P. rettgeri, P. stuartii)

Анаэробтар:

- Bacteroides sp (B. fragilis*, B. distasoni*, B. thetaiotaomicron*, B. ovatus*, B. uniformis*, B. vulgaris*)

- Peptostreptococcus spp. *

- Clostridium sp *

Төзімді

Грамоң:

- Staphylococcus aureus -метициллин/офлоксацинге төзімді штаммдар.

(Моксимакты қолдану метициллинге төзімді Staphylococcus aureus (MRSA) туындатқан инфекцияларды емдегенде ұсынылмайды. Инфекция осы штаммдардан (MRSA) туындағанына күдік болса немесе расталса емді тиісті антибиотикпен бастау қажет).

- коагулаза-теріс стафилококктар (S. cohnii, S. epidermidis, S. haemolyticus, S. hominis, S. saprophyticus, S. simulans) метициллинге төзімді штаммдар

Грамтеріс

- Pseudomonas aeruginosa

*/** Моксимакқа сезімталдық клиникалық деректермен расталған.

Микроорганизмдердің кейбір штаммдарына қатысты пайда болған төзімділік жиілігі географиялық аймаққа байланысты уақыт өте түрленуі мүмкін.

Әсіресе ауыр инфекцияларды емдеу кезінде микроорганизмдердің жергілікті төзімділігі туралы ақпарат болғаны дұрыс.

Қолданылуы

Моксимак таблеткалары препаратқа сезімтал микроорганизмдер туындатқан келесі бактериялық инфекцияларды емдеу үшін қолданылады:

- тыныс алу жолдарының инфекциялары, оның ішінде созылмалы бронхиттің асқынуы, ауруханадан тыс, оған қоса мультирезистентті штаммдар туындатқан* пневмония

- жедел синусит

- тері мен жұмсақ тіндердің асқынбаған инфекциялары

- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары, жұқпа жұқтырған «диабеттік табанды» қоса

- кіші жамбас ағзаларының асқынбаған қабыну аурулары (әйелдердің жыныс жолдарының жоғарғы бөлімдерінің инфекциялары, сальпингитті және эндометритті қоса)

- асқынған интраабдоминальді инфекциялар, полимикробты инфекцияларды, оның ішінде ішперделік абсцесстерді қоса

* Мультирезистентті Streptococcus pneumoniae (MDRSP) PRSP (пенициллинге төзімді S. Pneumoniae) ретінде белгілі изоляттар және келесі екі және одан көп антибиотиктерге төзімді штаммдар кіреді: пенициллин (MIC ≥ 2 мкг/мл), цефалоспориндердің екінші буыны (мысалы, цефуроксим), макролидтер, тетрациклиндер және триметоприм/сульфаметоксазол.

Бактерияға қарсы препараттарды тиісті пайдалану жөніндегі ресми ұсынымдарды назарға алу керек.

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблетканы жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішіп, тұтастай жұту керек. Ас қабылдауға қарамастан қабылдауға болады.

Ересектер

Моксимактың ұсынылған дозасы жоғарыда көрсетілген көрсетілімдер үшін күніне 1 рет 400 мг (1 таблетка) құрайды және одан асырылмауы тиіс.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы көрсетілімдердің ауырлығымен немесе клиникалық әсермен анықталады.

Жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларын емдеу үшін келесі жалпы ұсынымдар бар:

Созылмалы бронхиттің асқынуы - 5 күн.

Ауруханадан тыс пневмония - 10 күн.

Жедел синусит - 7 күн.

Тері мен жұмсақ тіндердің асқынбаған инфекциялары - 7 күн.

Кіші жамбас ағзаларының асқынбаған қабыну аурулары – 14 күн.

Тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары – Моксимакпен сатылы емнің (артынша ішке қабылдаумен препаратты вена ішіне енгізу) жалпы ұзақтығы 7-21 күнді құрайды.

Асқынған ішперделік инфекциялар - сатылы емнің (артынша ішке қабылдаумен препаратты вена ішіне енгізу) жалпы ұзақтығы 5-14 күнді құрайды.

Ұсынылған емдеу ұзақтығынан асыруға болмайды.

Пациенттердің ерекше санаттары бойынша қосымша ақпарат

Балалар мен жасөспірімдер

Балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде Моксимактың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

Егде жастағы пациенттер

Егде пациенттерде дозалау режимін өзгерту талап етілмейді.

Этникалық айырмашылықтар

Этникалық топтарда дозалау режимін өзгерту талап етілмейді.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде дозалау режимін өзгерту талап етілмейді.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде (креатинин клиренсін < 30 мл/мин/1,73 ш.м. қоса), сондай-ақ созылмалы диализдегі пациенттерде, мысалы гемодиализдегі және ұзақ амбулаторлық перитонеальді диализдегі пациенттерде дозалау режимін өзгерту талап етілмейді.

Жағымсыз әсерлер

«Жиі» санатына жатқызылған жағымсыз құбылыстар, жүрек айнуы мен диареядан өзге 3 %-дан кем пациентте байқалды.

Жиі (> 1/100 және 1/< 10 %)

- кандидозды суперинфекциялар

- бас айналуы, бас ауыруы

- гипокалиемиясы бар науқастарда ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы

- жүрек айнуы, құсу, іш ауыруы, диарея

- қандағы трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы

- инъекция және инфузия орнындағы реакциялар

Жиі емес ( > /1 000 және <1/10 %)

- анемия, лейкопения, нейтpопения, тробоцитопения, тpомбоцитоз, пpотpомбиндік уақыттың ұзаруы және халықаралық қалыптасқан қатынас көрсеткішінің ұлғаюы

- аллергиялық реакциялар, есекжем, қышыну, бөртпе, эозинофилия

- гиперлипидемия

- үрей сезімі, психомоторлық белсенділіктің жоғарылауы, ажитация

- парестезия/дизестезия

- дәм сезудің бұзылуы, оның ішінде агевзия (дәм сезудің жоғалуы) өте сирек жағдайларда

- сананың шатасуы, бағдарсыздық, ұйқының бұзылуы, бас айналуы, тремор, сомноленция

- көрудің нашарлауы, әсіресе ОЖЖ тарапынан болатын реакциялармен біріккенде

- пациенттерде ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы, жүрек қағуы, тахикаpдия, вазодилатация

- ентігу, оның ішінде демікпе жағдайы

- тәбеттің төмендеуі, іш қату, диспепсия, метеоризм, гастроэнтерит (эрозивті гастроэнтериттен басқа)

- амилаза, билирубин деңгейінің жоғарылауы, бауыр функциясының бұзылуы, оның ішінде лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы, гамма-глутамилтрансфераза және сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы

- артралгия, миалгия

- сусыздану (диареядан немесе сұйықтық қабылдаудың төмендеуінен туындаған)

- жалпы дімкәстану, спецификалық емес сипаттағы ауыру, тершеңдік

- инфузия орнындағы тромбофлебиттер

Сирек ( > 1/10 0000 және 1/1 000)

- тpомбопластин концентрациясының өзгеруі

- анафилаксиялық/анафилактоидтық реакциялар, аллергиялық/ ангионевроздық ісінулер, оның ішінде көмейдің ісінуі (өмірге аса қауіпті)

- гипергликемия, гиперурикемия

- эмоциялық құбылу, депрессия (өте сирек жағдайларда суицидтік ойлар немесе әрекеттер сияқты өзін-өзі зақымдау үрдісімен мінез-құлықта қатты байқалатын), елестеулер

- гипостезия, иіс сезудің бұзылуы, аносмияны қоса

- патологиялық түстер, қимыл үйлесімінің бұзылуы (жүрістің бұзылуын қоса, негізінен бас айналуы немесе вертиго салдарынан (құлау нәтижесінде жарақатқа апаратын, әсіресе егде жастағы пациенттерде өте сирек жағдайларды), клиникалық белгілері әр түрлі құрысу ұстамалары (оның ішінде жайылған), назар аударудың бұзылуы, сөйлеудің бұзылуы, амнезия

- шеткері невропатия және полинейропатия

- құлақтың шулауы, естудің бұзылуы, оның ішінде кереңдік (әдетте, қайтымды)

- естен тану, гипотензия, гипертензия, қарыншалық тахиаритмия

- дисфагия, стоматиттер, жалған жарғақшалы колит (өте сирек жағдайларда өмірге қауіп төндіретін асқынулармен астасқан), сарғаю, гепатит (көбінесе холестаздық)

- тенденит, бұлшықет тонусының жоғарылауы және бұлшықет құрысуы, бұлшықет әлсіздігі

- бүйрек функциясының бұзылуы, бүйрек жеткіліксіздігі (сусыздану нәтижесінде, әсіресе бүйрек функциясы қатарлас бұзылған егде пациенттерде)

- ісінулер

Өте сирек (<1/10 000)

- пpотpомбин концентрациясының жоғарылауы және халықаралық қалыптасқан қатынас көрсеткішінің төмендеуі немесе пpотpомбин көрсеткішінің және халықаралық қалыптасқан қатынас көрсеткішінің ұлғаюының өзгеруі.

- анафилаксиялық/анафилактоидтық шок (оның ішінде өмірге аса қауіпті)

- гипогликемия

- өзін-өзі танымау, психоздық реакциялар, өзін-өзі зақымдауға үрдіспен мінез-құлықта қатты байқалатын

- гиперестезия

- көрудің транизиторлық бұзылуы, әсіресе ОЖЖ тарапынан болатын реакциялармен біріккенде

- спецификалық емес аpитмия, «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардия, жүрек тоқтауы, көбінесе клиникалық тұрғыдан маңызды брадикардия, жедел миокард ишемиясы сияқты жағдайлары бар аритмияларға бейім адамдарда

- өмірге аса қауіпті бауыр жеткіліксіздігіне әкелетін, оның ішінде өліммен аяқталатын шұғыл дамитын гепатит

- буллезді тері реакциялары, мысалы, Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермальді некролиз (өмірге аса қауіпті)

- сіңірлердің үзілуі, артриттер, бұлшықет, сіңір немесе буын үзілуінің салдарынан жүрістің бұзылуы, миастения симптомдарының өршуі

Келесі жағымсыз құбылыстар Моксимак ерітіндісімен/Моксимак таблеткаларымен сатылы емделіп жатқан науқастар тобында байқалған:

Жиі

- гамма-глутамилтрансфераза деңгейінің жоғарылауы

Жиі емес

- қарыншалық тахиаритмия, артериялық гипотензия, антибиотиктер туындатқан ісінулер, жалған жарғақшалы колит (өте сирек жағдайларда өмірге қауіпті асқынулармен астасқан), клиникалық белгілері әр түрлі құрысу ұстамалары (оның ішінде жайылған), елестеулер, бүйрек функциясының бұзылуы және бүйрек жеткіліксіздігі (сусыздану нәтижесінде, әсіресе бүйрек функциясы қатарлас бұзылған егде пациенттерде)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- моксифлоксацинге немесе басқа хинолондарға, сондай-ақ препараттың кез келген компоненттеріне белгілі аса жоғары сезімталдық

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Атенололмен, ранитидинмен, құрамында кальций бар қоспалармен, теофиллинмен, пероральді контрацепциялық дәрілермен, глибенкламидпен, итраконазолмен, дигоксинмен, морфинмен, пробеницидпен бірге қолданғанда дозаны түзету талап етілмейді (Моксимакпен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесудің жоқтығы расталған).

Антацидтік дәрілер, поливитаминдер және минералдар

Моксимакты антацидтік дәрілермен, поливитаминдермен және минералдармен бір уақытта қабылдау ішке қабылдағаннан кейін, осы препараттардың құрамындағы көп валентті катиондар хелаттық кешеннің түзілуі салдарынан моксифлоксацин сіңірілуінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Нәтижесінде плазмадағы моксифлоксацин концентрациясы қалаулы концентрациядан едәуір төмен болуы мүмкін. Демек, антацидтік препараттар, антиретровирустық препараттар (мысалы, диданозин) және құрамында магний немесе алюминий бар басқа препараттар, сукральфат және құрамында темір немесе мырыш бар басқа препараттар Моксимакты ішке қабылдауға дейін 4 сағат бұрын немесе одан кейін 2 сағаттан соң тағайындалуы керек.

Варфарин

Варфаринмен біріктіріп қолданғанда фармакокинетикасы, протромбиндік уақыт және қан ұюның басқа да параметрлері өзгермейді.

ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) мәнінің өзгеруі

Антибиотиктермен, оның ішінде Моксимакпен біріктіріп антикоагулянттар қабылдайтын пациенттерде қан ұюға қарсы препараттардың антикоагуляциялық белсенділігінің жоғарылауы жағдайлары байқалған. Қауіп факторлары инфекциялық аурудың болуы (және қатар қабыну үдерісі), пациенттің жасы және жалпы жағдайы болып табылады. Моксимак пен варфарин арасындағы әрекеттесу анықталмайтынына қарамастан осы препараттармен біріктіріп ем алып жатқан пациенттерде ХҚҚ мониторингілеу және қажет жағдайда пероральді қан ұюға қарсы препараттардың дозасын түзету керек.

Дигоксин

Моксимак және дигоксин бір-бірінің фармакокинетикалық параметрлеріне елеулі ықпал етпейді. Моксимактың қайталама дозаларын тағайындағанда дені сау адамдарда дигоксиннің ең жоғарғы концентрациясы шамамен 30 % жоғарылады, бұл ретте қисық астындағы аудан «концентрация – уақыт» арақатынасы (AUC) мен дигоксиннің ең төменгі концентрациясы өзгермейді.

Белсендірілген көмір

Белсендірілген көмір мен Моксимакты ішке 400 мг дозада бір уақытта қолданғанда препараттың жүйелі биожетімділігі оның абсорбциясының тежелуі нәтижесінде 80 % астам төмендейді. Артық дозалану жағдайында сіңірілудің ерте сатысында белсендірілген көмірді қолдану жүйелі әсердің әрі қарай жоғарылауына кедергі жасайды.

Тағам және сүт өнімдері

Тағаммен (сүт өнімдерін қоса) бір уақытта қабылдағанда препараттың сіңірілуі өзгермейді. Моксимак препаратын ас қабылдауға қарамастан қолдануға болады.

Айрықша нұсқаулар

Кейбір жағдайларда препаратты алғаш қолданғаннан кейін-ақ аса жоғары сезімталдық және аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін, бұл туралы дереу дәрігерге хабарлау керек.

Анафилаксиялық реакциялар өте сирек өмірге қауіпті анафилаксиялық шокқа дейін өршуі мүмкін, кейбір жағдайларда препаратты бірінші қолданғаннан кейін. Бұл жағдайларда Моксимак қолдануды тоқтатып, қажетті емдік шаралар (оның ішінде шокқа қарсы) қабылдау керек.

Хинолондық қатардағы препараттарды қолдану құрысу ұстамаларының ықтимал даму қаупімен ұштасқан. Моксимакты ОЖЖ аурулары және ОЖЖ бейімдікке қатысты күдікті, құрысу ұстамаларының туындауына бейім немесе құрысу белсенділігі ақауын төмендететін жағдайлары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Моксимакты кейбір пациенттерде қолданғанда электрокардиограммада QT аралығының ұзаруы байқалған.

Еркектермен салыстырғанда әйелдерде QT аралығының ұзару үдерісі бар екенін ескеріп, олар QT аралығының ұзаруына ықпал ететін препараттарға сезімтал болуы мүмкін. Егде жастағы пациенттер де мұндай препараттарға сезімтал болуы мүмкін.

QT аралығының ұзару дәрежесі препарат концентрациясының жоғарылауымен өсуі мүмкін, сондықтан ұсынылған дозаны және инфузия жылдамдығын (60 минутта 400 мг) асырмаған жөн. Алайда пневмониясы бар пациенттерде қан плазмасындағы препарат концентрациясы мен QT аралығының ұзаруы арасындағы байланыс анықталмаған. QT аралығының ұзаруы «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияны қоса, қарыншалық аритмияның жоғарғы қаупімен ұштасқан. Препаратты қабылдағанда кардиоваскулярлық асқынулар және QT аралығының ұзаруымен байланысты өлім жағдайлары байқалған жоқ. Алайда, аритмияға бейім белгілі бір жағдайлары бар пациенттерде, Моксимакты қолданғанда қарыншалық аритмиялардың даму қаупі ұлғаюы мүмкін.

Осыған байланысты келесі пациенттерде препарат тағайындаудан аулақ болу керек, өйткені бұл пациенттерде Моксимакты қолдану тәжірибесі шектеулі:

- QT аралығының ұзаруымен

- емделмеген гипокалиемиямен

- IA класты (хинидин, прокаинамид) немесе III класты (амиодарон, соталол) аритмияға қарсы препараттар қабылдайтын

Моксимакты сақтықпен қолдану керек, өйткені моксифлоксациннің аддитивті әсері келесі жағдайларда жоққа шығарылуы мүмкін:

- QT аралығын ұзартатын препараттармен (цизаприд, эритромицин, антипсихоздық препараты, үшциклдық антидепрессанттар) қатар ем қабылдайтын пациенттерде

- аритмияға бейім клиникалық тұрғыдан маңызды брадикардия, жедел миокард ишемиясы сияқты жағдайлармен паиенттерде

- бауыр циррозы бар пациенттерде, өйткені оларда QT аралығы ұзаруының болуы жоққа шығарылмауы мүмкін

- QT аралығын ұзартатын препараттарға сезімтал болуы мүмкін әйелдер мен егде жастағы пациенттерде

Моксимакты қолданғанда шұғыл дамитын гепатиттің дамуы, өмірге қауіпті бауыр жеткіліксіздігіне айқын әкелетін, оның ішінде өліммен аяқталатын жағдайлары туралы хабарланды. Бауыр жеткіліксіздігінің белгілері пайда болғанда емді жалғастыру алдында пациенттерге дереу дәрігерге қаралу керек.

Буллезді тері реакциялары, мысалы, Стивенс-Джонсон синдромының немесе уытты эпидермальді некролиздің (өмірге аса қауіпті) даму жағдайлары туралы хабарланды. Тері және/немесе шырышты қабықтар тарапынан реакциялар пайда болғанда да емді жалғастыру алдында пациенттерге дереу дәрігерден кеңес алу керек.

Моксимакты қоса, әсер ету ауқымы кең бактерияға қарсы препараттарды қолдану антибиотиктерді қабылдаумен астасқан жалған жарғақшалы колиттің даму қаупімен ұштасқандықтан, бұл диагнозды препаратпен емделу аясында ауыр диарея байқалған пациенттерде назарға алу керек. Бұл жағдайда дереу тиісті ем тағайындалуы тиіс. Ауыр диарея байқалған пациенттерге ішек перистальтикасын тежейтін препараттар қарсы көрсетілген.

Моксимак препаратын миастениясы бар науқастарда сақтықпен қолдану керек, өйткені препарат аталған аурудың симптомдарын асқындыруы мүмкін.

Фторхинолонадармен, оның ішінде Моксимакпен емдеу аясында, әсіресе глюкокортикостероидтар қабылдайтын егде жастағы пациенттерде тендиниттің дамуы және сіңірлердің үзілуі мүмкін; ем аяқталғаннан кейін бірнеше ай ішінде жекелеген даму жағдайлары орын алды. Зақымданған орындағы ауыру мен қабынудың алғашқы симптомдарында препарат қабылдауды тоқтату және зақымданған жерді босату керек.

Хинолондарды қолданғанда фотосезміталдық реакциялары байқалды. Алайда Моксимакты қолданғанда арнайы әзірленген клиникалық зерттеулерде де, қарапайым клиникалық практика жағдайларында да фотосезімталдық реакциялары байқалмады. Дегенмен, препарат қабылдайтын пациенттер тікелей күн сәулесінен және ультракүлгін сәуледен аулақ болуы тиіс.

Вена ішіне енгізу қарсы көрсетілген кіші жамбас органдарының асқынған қабыну аурулары (мысалы, тубоовариальді немесе жамбас абсцесімен байланысты) бар пациент әйелдер үшін таблетка түріндегі Моксимакты 400 мг дозада қабылдау ұсынылмайды.

Моксимак метициллинге сезімтал алтын түсті стафилококк (МРЗС) туындатқан инфекцияларды емдеу үшін ұсынылмайды. Аталған инфекцияға күдік болғанда немесе ол расталғанда тиісті бактерияға қарсы препаратты қолданудан бастау керек («Фармакодинамикалық қасиеттері» бөл.қар.).

Моксифлоксациннің «ин витро» белсенділігін зерттеу микобактериялық өсімнің супрессиясына байланысты Mycobacterium өсіріндісімен өзара әрекеттесу мүмкін екенін көрсетті, бұл Моксимак қабылдайтын пациенттерден алынған үлгілердегі жалған-теріс нәтижеге әкелуі мүмкін.

Хинолондарды, оның ішінде Моксимакты қолданғанда парестезияға, гипоэстезияға, дисэстезияға немесе әлсіздікке әкелетін сенсорлық және сенсомоторлық полинейропатияның даму жағдайлары хабарланды. Моксимакпен ем алып жатқан пациенттерде ауыру, шымылдату, шаншу, жансыздану немесе әлсіздік сияқты нейропатия симптомдары дамығанда емді жалғастыру алдында пациенттерге дереу дәрігерге қаралу керек.

Психикалық реакциялар Моксимакты қоса, фторхинолондық қатардағы препараттарды алғаш қолданғаннан кейін-ақ пайда болуы мүмкін.

Өте сирек жағдайларда депрессия немесе психоздық реакциялар өзін-өзі зақымдау үрдісімен суицидтік ойлардың немесе мінез-құлықтың дамуына дейін өршіген («Жағымсыз әсерлер» бөл.қар.).

Егер пациентте аталған реакциялар дамыса Моксимакпен емді тоқтату және тиісті шаралар қабылдау қажет. Препаратты психозы бар пациенттерде немесе анамнезінде психиатриялық аурулары бар пациенттерде қолданғанда сақтық таныту ұсынылады.

Neisseria gonorrhoeae инфекциясының фторхинолонрезистентті формаларының кең таларғандығын және жиілігінің өсуін ескере отырып, N. gonorrhoeae фторхинолондарға төзімділігін жоққа шығарғаннан кейін кіші жамбас органдарының қабыну аурулары бар пациенттерде Моксимакпен монотерапия тағайындау ұсынылады.

Егер Neisseria gonorrhoeae инфекциясының фторхинолондарға төзімділігі жоққа шығарылуы мүмкін болмаса, Моксимакпен емдеуге қосымша N. gonorrhoeae қарсы әсер ететін тиісті антибиотик (мысалы, цефалоспориндер) тағайындлау мәселесін қарастыру керек.

Натрий мөлшері төмен диета ұстайтын пациенттер үшін (іркілісті жүрек жеткіліксіздігінде, бүйрек жеткіліксіздігінде, нефроздық синдромда және т.б.) натрийді инфузияға арналған ерітіндімен қосымша қабылдауды назарға алу керек.

Дисгликемия

Моксимакты, сондай-ақ басқа фторхинолондарды қабылдау қандағы қант деңгейінің ауытқуын туындатуы мүмкін: гипогликемияның және гипергликемияның даму жағдайлары туралы хабарланды. Моксимакпен емдегенде дисгликемия негізінен қант диабетімен ауыратын егде жастағы және ішілетін гипогликемиялық препараттармен (мысалы, сульфонилмочевина) немесе инсулинмен ем қабылдайтын пациенттерде туындайды.

Қант диабетімен пациенттерге қандағы қант деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.

Препаратты сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза (Лапп типті) тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы бар пациенттерде қабылдау ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Моксимактың жүктілік кезіндегі қауіпсіздігі анықталмаған. Буындардың қайтымды зақымдануы кейбір хинолонды антибиотиктер қабылдаған балаларда сипатталған, алайда шаранаға әсерден туындаған осындай әсер туралы хабарланбады. Адамдар үшін потенциалды қауіп белгісіз.

Демек, Моксимакты жүктілік кезеңінде қолдану қарсы көрсетілген.

Моксимакты әйелдерде лактация және бала емізу кезеңінде қолдану туралы деректер жоқ. Сондықтан Моксимакты бала емізетін әйелдерде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері.

Фторхинолондар, Моксимакты қоса, ОЖЖ тарапынан болатын реакциялардың салдарынан автокөлікті немесе механизмдерді басқару қабілетінің бұзылуына әкелуі мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары – артық дозалану туралы шектеулі деректер бар. Моксимакты дені сау адамдарда бір рет 1200 мг дейінгі дозада және 10 күннен астам 600 мг дозада қолданғанда қандай да бір жағымсыз әсерлер байқалмаған.

Емі - артық дозалану жағдайында клиникалық көрініске қарау және ЭКГ-мониторингпен симптоматикалық демеуші ем жүргізу керек. Таблеткаларды қабылдаудан кейін дереу белсендірілген көмір қабылдау моксифлоксациннің жүйелі әсерінің шамадан тыс ұлғаюының алдын алуға көмектеседі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/қаптаушы

Macleods Pharmaceuticals Limited

304, Atlanta Arcade, Marol Church Road, Andheri (East), Mumbai – 400 059, India.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Macleods Pharmaceuticals Limited, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Macleods Pharmaceuticals Limited» ЖШК филиалы, Қазақстан Республикасы

Алматы қ-сы, Төлебаев к-сі 38/61, 5 қабат

Тел./факс. +7 727 2734593

E-mail: danielt@macleodspharma.com.

Прикрепленные файлы

Моксимак,_табл._400_мг_рус_.doc 0.11 кб
моксимак_каз.doc 0.15 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники