Моксилен (500 мг)

МНН: Амоксициллина тригидрат (эквивалентно амоксициллину)
Производитель: Медокеми Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Amoxicillin
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023482
Информация о регистрации в РК: 03.08.2023 - 03.08.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Моксилен

Халықаралық патенттелмеген атауы

Амоксициллин

Дәрілік түрі

Капсулалар, 250 мг және 500 мг

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар - амоксициллин тригидраты - 287.00 мг (250.00 мг амоксициллинге баламалы) және амоксициллин тригидраты - 574.00 мг (500.00 мг амоксициллинге баламалы)

қосымша зат - магний стеараты

250 мг арналған капсула қабығының құрамы

корпусы: титанның қостотығы (Е171), темірдің (III) қара тотығы (Е172), желатин

қақпақ: эритрозин (FD&С Қызыл №3) Е127, темірдің (III) қара тотығы (Е172), темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171), желатин

500 мг арналған капсула қабығының құрамы

корпусы: титанның қостотығы (Е171), желатин

қақпақ: бриллиантты көк FCF (FD&С Көк №1) Е133, эритрозин (FD&С Қызыл №3) Е127, кармоизин Е122, титанның қостотығы (Е171), желатин

Сипаттамасы

Қызғылт түсті қақпағы және сұр түсті корпусы бар өлшемі №2 қатты желатинді капсулалар (250 мг доза үшін).

Қою қызыл қақпағы және ақ түсті корпусы бар өлшемі №0 қатты желатинді капсулалар (500 мг доза үшін).

Капсула ішіндегісі – ақтан ақ дерлік түске дейінгі ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған микробқа қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Бактерияға қарсы бета-лактамды препараттар – пенициллиндер. Әсер ету ауқымы кең пенициллиндер. Амоксициллин.

АТХ коды J01CA04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Амоксициллин рН физиологиялық деңгейімен сулы ерітінділерде толық ериді. Ішке қабылданғаннан кейін асқазан-ішек жолдарынан (АІЖ) жылдам сіңеді. Абсолюттік биожетімділігі шамамен 70%-ды құрайды. Қан плазмасындағы ең жоғары концентрация уақыты (Tmax) 1 сағат болады. Ас ішу препараттың сіңуіне ықпал етпейді.

250 мг-ден 3000 мг-ге дейінгі дозаның диапазонында зерттеулерге сәйкес – биожетімділігі қабылданған дозаға тікелей пропорционалды (Cmax пен AUC ретінде өлшенеді).

Таралуы

Амоксициллиннің жалпы көлемінің 18%-ға жуығы плазмада ақуызбен байланысады. Таралу көлемі шамамен 0,3-тен 0,4 л/кг дейінді құрайды. Амоксициллин өт қалтасында, құрсақ қуысында, теріде, май, бұлшықет тінінде, синовиальді және перитонеальді сұйықтықтарда, өт, ірің бөлінділерінде анықталады. Ми қабықтары қабынғанда жұлынми сұйықтығындағы концентрациясы қан плазмасындағы концентрациясынан шамамен 20%-ды құрайды. Амоксициллин, пенициллиндердің көбісі секілді, ана сүтіне және плацентарлы бөгет арқылы өтеді.

Метаболизмі және шығарылуы

Амоксициллин белсенді емес метаболиттердің түзілуімен ішінара метаболизденеді. Амоксициллиннің жартылай шығарылу кезеңі (Т ½) шамамен 1 сағатты құрайды. Жалпы клиренсі шамамен сағатына 25 л. Амоксициллиннің қабылданған дозасының 50-70%-ы организмнен несеп арқылы, өзгермеген түрде алғашқы 6 сағат ішінде (бір реттік 250 мг немесе 500 мг дозаны енгізгеннен кейін), 10-20% - өтпен шығарылады. Жүргізіліп отырған зерттеулер, амоксициллиннің 24 сағат бойы несеппен шығарылуы 50-85%-ды құрайтынын көрсетті. Шамамен 10-25 % амоксициллин белсенді емес метаболит - пенициллой қышқылы ретінде шығарылады.

Бір мезгілде пробенецидті қолдану амоксициллиннің шығарылуын іркілтеді. Амоксициллин гемодиализде жойылады.

Жасы

Егде жастағы пациенттер бүйрек функциясы бұзылуына бейім, сондықтан дозаны таңдау бүйрек функциясын бақылау арқылы жүргізілуі қажет.

Жынысы

Амоксициллинді пероральді қолданғаннан кейін препараттың фармакокинетикасында маңызды айырмашылық анықталмаған.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Амоксициллиннің жалпы сарысу клиренсі бүйрек функциясының төмендеуінен пропорционалды азаяды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге дозаны сақтықпен, бауыр функциясын тұрақты мониторингтеуін ескерумен тағайындау қажет.

Фармакодинамикасы

Моксиленбактерияның жасушалық қабырғасының құрылымдық компонентінің бактериялық пептидогликанның бір немесе бірнеше ферментінің биосинтезін тежейтін, пенициллиндік қатардың жартылай синтетикалық бета-лактамды бактерияға қарсы препараты. Оны бәсеңдету оның лизисі мен жойылуына әкеп соғатын жасушалық қабырғасының әлсіреуін туындатады. Амоксициллин төзімді бактериялар өндіретін бета-лактамазаларға сезімтал. Сондықтан оның белсенділігі спектріне осы ферменттер өндіретін микроорганизмдер енгізілмеген.

Фармакокинетикалық/фармакодинамикалық байланыс

Ең төменгі бәсеңдеткіш концентрациясының уақыты (T> ТТБК) амоксициллиннің тиімділігін анықтайтын негізгі фактор болып саналады.

Төзімділік механизмдері

Амоксициллинге төзімділігінің негізгі механизмдері мыналар: бактериялық бета-лактамазалармен препараттың белсенділігінің жойылуы және пенициллин байланыстыратын ақуыздар (ПБА) құрылымын өзгертуі, нысанға бактерияға қарсы дәрілердің ұқсастығын азайтуы болып табылады. Бактериялық жасуша өтімділігінің немесе эффлюкстік/помпа насосы механизмінің (препаратты жасушадан сорып шығаратын) бұзылуы, әсіресе грамтеріс бактериялар арасында, сондай-ақ бактериялық төзімділікке ықпал етуі мүмкін.

Амоксициллин үшін бақылаушы нүктелер/ең кіші бәсеңдететін концентрациясының (ЕТБК) шекті мәндері Микробқа қарсы сезімталдығын тестілеу жөніндегі Еуропалық комитеттің (EUCAST) 5.0. нұсқасында белгіленген.

Микроорганизм

ЕТБК бақылау нүктелері (мг/л)

Сезімтал

Төзімді

>

Enterobacteriaceae

81

8

Staphylococcus spp.

ескерту2

ескерту2

Enterococcus spp3

4

8

Streptococcus, А, В, С және G тобы

ескерту4

ескерту4

Streptococcus pneumoniae

ескерту5

ескерту5

Вириданс тобының Streptococci

0,5

2

Haemophilus injluenzae

26

26

Moraxella catarrhalis

ескерту7

ескерту7

Neisseria meningitidis

0,125

1

Clostridium difficile8 –ден басқа грамоң анаэробты микроорганизмдер

4

8

Грамтеріс анаэробты микроорганизмдер8

0,5

2

Helicobacter pylori

0,1259

0,1259

Pasteurella multocida

1

1

Спецификалық түрлеріне байланыссыз бақылау нүктелері10

2

8

1Enterobacteriaceae мутациялық емес түрлері аминопенициллинге сезімтал ретінде жіктеледі. Кейбір елдерде мутациялық емес түрдегі E.coli мен P.mirabilis штамдар аралық төзімділігі бар түрлері ретінде жіктеледі. Бұл жағдайларда ЕТБК S≤ 0,5 мг/л шекті мәнін қолдануға болады.

2Стафилококктардың көптеген бөлігі амоксициллинге төзімді пенициллиназаның продуценттері болып табылады. Метициллин-төзімді штамдар, кейбіреулерін қоспағанда бета-лактамды препараттарға төзімді.

3Амоксициллинге сезімталдығы ампициллин үшін деректердің негізінде болжанады.

4Streptococcus, А, В, С және G тобының пенициллинге сезімталдығы, бензилпенициллинге сезімталдығы деректерінің негізінде болжанады.

5Шектік мәні тек менингитті емес штамдарға жатқызылады. Ампициллинге аралық төзімділігі түріндегі жіктелген штамдар үшін амоксициллиннің пероральді препараттарын тағайындамау керек. Ампициллин ЕТБК негізінде сезімталдығы болжанады.

6 Шектік мәні вена ішіне қолдануға негізделген. Бета-лактамазаны синтездейтін штамдар төзімді болып табылады.

7 Бета-лактамаза продуценттері төзімді болып табылады.

8 Амоксициллинге сезімталдығы бензилпенициллинге сезімталдығы деректерінің негізінде болжанады.

9 Бақылау нүктелері ЕТТК мутациялық емес түрдегі микроорганизмдердің (ECOFF) үлестірімінде ЕТТК жоғары мәніне негізделген, ол мутациялық емес түрдегі штамдарды төмендетілген сезімталдығымен микроорганизмдерден ерекшелендіреді.

10 Спецификалық түрлеріне байланыссыз бақылау нүктелері тәулігіне 3 немесе 4 рет (тәулігіне 1,5-нан 2 г дейін) 0,5 г кем емес дозаларға негізделген.

Жекелеген түрлердің төзімділігінің таралуы географиялық және уақыт өтуімен өзгеруі мүмкін, сондықтан да төзімділік бойынша жергілікті ақпаратты алу ұсынылады, әсіресе ауыр инфекцияны емдеу кезінде. Қажет болғанда, әсіресе төзімділіктің жергілікті таралуы препараттың пайдалылығы күмән тудыратын болса, сарапшының кеңесін алу керек.

Микроорганизмдердің амоксициллинге іn vitro сезімталдығы

Әдетте сезімтал микроорганизмдер

Аэробты грамоң микроорганизмдер:

Enterococcus faecalis, Бета-гемолиздік стрептококктар ( А, B, C және G тобының),

Listeria monocytogenes

Ықтимал жүре пайда болған төзімділігі бар түрлер

Аэробты грамоң микроорганизмдер:

Escherichia coli, Haemophilus injluenzae, Helicobacter pylori, Proteus mirabilis

Salmonella typhi, Salmonella paratyphi, Pasteurella multocida

Аэробты грамоң микроорганизмдер:

Коагулаза теріс стафилококктар

Staphylococcus aureus*, Streptococcus pneumoniae

Вириданс тобының стрептококктары

Анаэробты грамоң микроорганизмдер:

Clostridiumspp.

Анаэробты грамтеріс микроорганизмдер:

Fusobacterium spp.

Басқа да микроорганизмдер:

Borrelia burgdorferi

Әдетте төзімді микроорганизмдер#

Аэробты грамоң микроорганизмдер:

Enterococcus faecium#

Аэробты грамтеріс микроорганизмдер:

Acinetobacter spp., Enterobacter spp., Klebsiella spp., Pseudomonas spp.

Анаэробты грамтеріс микроорганизмдер:

Bacteroidesspp. (Bacteroidesfragilis кейбір штамдары төзімді болып табылады)

Басқалар:

Chlamydia spp., Mycoplasma spp., Legionella spp.

*Төзімділіктің жүре пайда болған механизмі жоқ жағдайда табиғи аралық сезімталдығы

#S.aureus барлық түрлері дерлік пенициллиназа бөліп шығарылуының салдарынан амоксициллинге төзімді болып табылады. Сондай-ақ, метициллинге төзімді барлық штамдар амоксициллинге төзімді болып табылады.

Қолданылуы

- жедел бактериялық синуситте

- жедел ортаңғы құлақ отитінде

- жедел стрептококкты тонзиллит, фарингитте

- созылмалы бронхиттің асқынуында

- ауруханадан тыс пневмонияда

- жедел циститте

- жүктілік кезіндегі симптомсыз бактериурияда

- жедел пиелонефритте

- сүзек және паратифті қызбада

- дентальді абсцесс және флегмонада

- протездеуден кейін буындардың инфекция жұқтыруында

- Helicobacter pylori иррадикациясында (біріктірілген емдеудің құрамында)

- Лайм ауруында

- эндокардиттің профилактикасы

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ас ішуге қарамастан қабылдауға болады. Капсуланы ашпай, бүтіндей, судың жеткілікті мөлшерімен бірге жұту қажет.

Доза микроорганизмнің патогенділігіне, оның бактерияға қарсы препараттарға төзімділігіне, инфекцияның ауырлық және шоғырлану дәрежесіне, пациенттің жасына, дене салмағына, бүйрек функциясына байланысты жеке тағайындалады.

Емдеу курсы инфекцияның түріне, жүргізіліп отырған емге организмнің реакциясымен анықталады және мүмкіндігінше қысқа болуы тиіс. Алайда кейбір инфекциялар емдеудің бұдан ұзағырақ кезеңін қажет етеді.

Жедел бактериялық синуситте, жүктілік кезіндегі симптомсыз бактериурияда: әрбір 8 сағат сайын 250-500 мг немесе әрбір 12 сағат сайын 750 мг-ден 1 г-ге дейін.

Жедел пиелонефритте, дентальді абсцесс және флегмонада, жедел циститте: инфекция ауыр ағымында әрбір 8 ​​ сағат сайын 750 мг-ден 1 г-ге дейін. Жедел циститте 1 күндік курспен 3 г-ден күніне 2 рет қолданулуы мүмкін.

Жедел ортаңғы құлақ отиті, жедел стрептококкты тонзиллит, фарингит, соызлмалы бронхиттің асқынуы: 500 мг-ден әрбір 8 сағат сайын немесе ​​әр 12 сағат сайын 750 мг-ден 1 г-ге дейін; инфекцияның ауыр ағымында 10 күн бойы әрбір 8 ​​ сағат сайын 750 мг-ден 1 г-ге дейін.

Ауруханадан тыс пневмонияда: әрбір 8 сағат сайын 500 мг-ден 1 г-ге дейін.

Сүзек және паратифті қызбада: әрбір 8 сағат сайын 500 мг-ден 2 г-ге дейін.

Протездеуден кейін буындар инфекция жұқтырғанда: әрбір 8 сағат сайын 500 мг-ден 1 г-ге дейін.

Эндокардит профилактикасында: емшараны жүргізерден 30-60 минут бұрын бір рет 2 г-ден.

Helicobacter pylori иррадикациясында: 750 мг-ден 1 г-ге дейін, күніне 2 рет (протондық помпа тежегішімен (мысалы, омепразол, лансопразол) және басқа бактерияға қарсы препаратпен (мысалы, кларитромицин, метронидазол) біріктірілген емдеудің құрамында). Емдеу курсы 7 күн.

Лайм ауруы: аурудың ерте кезеңінде: әрбір 8 сағат сайын 500 мг-ден 1 г-ге дейін. Ең жоғары тәуліктік доза тәулігіне 4 г аспайды. Емдеу курсы шамамен 14 күн (10-нан 21 күнге дейін). Аурудың кеш кезеңінде (жүйелі зақымдануда) әрбір 8 сағат сайын 500 мг-ден 2 г-ге дейін. Ең жоғары тәуліктік доза тәулігіне 6 г-ден төмен емес. Емдеу курсы 10-30 күн.

Егде жастағы пациенттер

Дозаны түзеу қажет емес.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

ШСЖ (мл/мин)

Доза

30-дан аса

Дозаны түзету қажет емес

10-30

Ең жоғары 500 мг-ден тәулігіне 2 рет

10-нан кем

Ең жоғары 500 мг-ден тәулігіне 1 рет

Гемодиализ жүргізілетін пациенттер

Моксилен қан ағымынан гемодиализдің көмегі арқылы шығарылады.

Бір реттік тәуліктік доза тәулігіне 500 мг.

Гемодиализ емшарасының алдында 500 мг қосымша дозаны қабылдау қажет. Гемодиализден кейін қандағы препараттың деңгейін қалпына келтіру үшін 500 мг бір қосымша дозаны қабылдау қажет.

Перитонеальді диализдегі пациенттерде,

Моксиленнің ең жоғары тәуліктік дозасы тәулігіне 500 мг.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде

Моксиленді сақтықпен, бауыр функциясын тұрақты бақылаумен тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (≥ 1/100 <1/10 дейін)

- жүрек айнуы, диарея

- бөртпе

Жиі емес (≥1/1 000 <1/100 дейін)

- құсу

- есекжем, қышыну

Өте сирек (<1/10000)

- тері-шырышты кандидоз

- қайтымды лейкопения (ауыр нейтропенияны немесе агранулоцитозды қоса),

қайтымды тромбоцитопения, гемолиздік анемия, қан кетуі уақытының және протромбинді уақыттың ұзаруы

- ауыр аллергиялық реакциялар, оның ішінде ангионевроздық ісіну,

анафилаксиялық шок, сарысу құю ауруы, васкулит

- бас айналуы, гиперкинезия, құрысулар

- антибиотикпен астасқан колит (оның ішінде жалғанжарғақшалы энтероколит, геморрагиялық колит)

- тілдің қараюы («түкті тілдің» пайда болуы)

- гепатит, холестаздық сарғаю, АСТ және/немесе АЛТ орташа артуы

- тері реакциялары (эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, буллезді және эксфолиативті дерматит, жедел жайылған экзантематозды пустулез сияқты)

- интерстициальді нефрит, кристаллурия

Жиілігі белгісіз (бар деректер бойынша жиілігі бағаланбайды)

- Яриш-Герксхаймер реакциясы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келген компонентіне, пенициллиндер тобының препараттарына жоғары сезімталдық

- анамнезіндегі кез келген басқа бета-лактамды бактерияға қарсы препараттарға (мысалы, цефалоспориндер, карбапенемдер немесе монобактам) жылдам түріндегі аса жоғары сезімталдық реакциясы (мысалы, анафилаксия)

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдерге (капсула қабығында балаларға қолдануға тыйым салынған бояғыштардың болуынан)

- қалқанша безінің патологиясы бар пациенттер (капсула қабығында қалқанша безінің патологиясы бар кезде қолдануға тыйым салынған «эритрозин» бояғышының болуына байланысты)

Дәрілік өзара әрекеттесуі

Амоксициллинді мына препараттарымен бірлесіп қолдануға болмайды:

Пробенецид. Бірлесе қолдану қандағы амоксициллин деңгейінің артуына және ұзаруына әкеп соғады.

Аллопуринол. Бір мезгілде енгізгенде аллергиялық тері реакцияларының пайда болуы артады.

Тетрациклиндер. Тетрациклиндер, басқа бактериостатикалық препараттар сияқты, амоксициллинмен бір мезгілде қолданғанда оның бактерицидті әсерін төмендетеді.

Дигоксин. Бір мезгілде қолданғанда дигоксиннің сіңірілуі артады, ол дигоксин дозасын түзетуді қажет етуі мүмкін.

Антикоагулянттар. Амоксициллинмен кумариндер класының антикоагулянттарын бір мезгілде қолданғанда қан кету уақытының артуына әкеп соғады. Антикоагулянттар дозасын түзету қажет.

Метотрексат. Амоксициллинді метотрексатпен бір мезгілде қолданғанда соңғысының уыттылығы артады (бүйрек клиренсінің азаюы есебінен). Сондықтан бір мезгілде қолданғанда пациенттердің қанындағы метотрексат деңгейін бақылау қажет.

Өзара әрекеттесуінің басқа түрлері

Қарқынды диурез оның шығарылуын артыру жолы арқылы амоксициллиннің қан плазмасындағы концентрациясының төмендеуіне әкеп соғады.

Амоксициллинмен емделу кезінде несепте глюкоза болуын анықтау үшін химиялық әдістерді қолданғанда, жалғаноң нәтижеге әкелуі мүмкін. Сондықтан, глюкозоксидазамен ферменттік әдістерді қолдану ұсынылады.

Амоксициллиннің жоғары концентрациясында қан плазмасындағы глюкоза деңгейі төмендеуі мүмкін.

Амоксициллин жүкті әйелдердің несебіндегі эстриол мөлшерін төмендете алады.

Амоксициллин ақуызды колориметриялық әдіспен анықтау реакциясына ықпал етуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Моксиленмен емдеу басталғанға дейін пациентте анамнезінде пенициллиндерге, цефалоспориндерге немесе басқа бета-лактамды препараттарға аллергиялық реакциялардың бар-жоқтығын анықтау қажет.

Пенициллинмен ем қабылдаған науқастарда аса жоғары сезімталдық реакциясында (анафилактоидты реакциялар) күрделі, кейде өліммен аяқталатын жағдайлары тіркелген. Осы реакциялар анамнезінде пенициллинге жоғары сезімталдығы бар адамдарда және атопиясы бар пациенттерде жиі кездеседі. Аллергиялық реакция дамыған жағдайда, Моксиленмен емдеуді тоқтатып, тиісті альтернативті емдеуді бастау қажет.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде, препараттың жоғары дозаларын қабылдайтын және құрысуға бейім факторлары бар пациенттерде (мысалы, құрысулар және/немесе анамнезінде эпилепсия, менингиттік зақымданулар) құрысу дамуы ықтимал.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде, препараттың дозасы креатинин деңгейіне байланысты түзетілуі қажет.

Препаратпен емделудің басында жайылған эритема, қызба, пустуланың пайда болуы жедел жайылған экзантематозды пустулездің симптомы болуы мүмкін. Ол препараты қолдануды тез арада тоқтатуды қажет етеді және қайта тағайындауға болмайды.

Моксиленді инфекциялық мононуклеозға күмәнді болғанда тағайындамау қажет, өйткені осы ауруда амоксициллинді қолданғаннан кейін қызылша сияқты бөртпе пайда болуы орын алған.

Моксилен қоздырғышы құжатпен расталған амоксициллинмен емдеуге сезімтал немесе сезімтал ретінде белгілі болғанда немесе сезімталдығы жоғары деп болжамдығын қоспағанда инфекцияның кейбір түрлерін емдеу үшін қолданылмайды. Мұны несеп шығару жолдарының инфекцияларын, құлақ, мұрын және тамақтың ауыр инфекцияларын емдеу кезінде ескеру қажет.

Лайм ауруын емдеу кезінде амоксициллиннің қоздырғышқа (Borrelia burgdorferi спирохетасына) тікелей бактерицидті белсенділігінен туындаған Яриш-Герксхаймер реакциясы пайда болуы мүмкін. Пациенттерді бұл Лайм ауруын бактерияға қарсы препараттармен емдегендегі стандартты және, әдетте өздігінен шектелетін салдары екенін ескерту қажет.

Моксилен препаратын ұзақ қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкеп соғуы мүмкін.

Моксиленді қолдану кезінде антибиотикпен астасқан колит дамуы ықтимал, оның ішінде жеңілден өмірге қауіп төндіретінге дейін ауытқуы мүмкін. Мұны науқасқа препаратпен емдеу аяқталғаннан кейін пайда болған диареяға шағымдану пайда болғанда ескеру қажет. Антибиотикпен астасқан колит дамыған жағдайда Моксиленді қолдануды бірден тоқтатып, және тиісті емдеуді бастау қажет. Ішек перистальтикасын төмендететін препараттар бұл жағдайда қарсы көрсетілімді.

Моксиленмен ұзақ емдеу кезінде бүйрек, бауыр, қан түзу жүйесін мезгіл-мезгіл бағалау ұсынылады, өйткені амоксициллинді қолдану кезінде бауыр ферменттері деңгейінің артуы және қан көрсеткіштерінің өзгеруі туралы хабарламалар бар.

Амоксициллинді қабылдаған пациенттерде, протромбиндік уақыттың артуының сирек жағдайлары туралы деректер бар, сондықтан антикоагулянттарды Моксиленмен бір мезгілде тағайындағанда, протромбинді уақытты мониторингтеу қажет, сондай-ақ антикоагулянттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Несеп бөлуі төмендеген пациенттерде, әсіресе парентеральді емдегенде өте сирек жағдайларда кристаллурия пайда болуы мүмкін. Амоксициллиннің жоғары дозаларын қабылдау кезінде сұйықтың жеткілікті мөлшерін қабылдаған және несепті бөлген жөн, кристаллурия дамуын төмендету үшін. Қуығына катетер орналастырылған пациенттерде катетердің өткізгіштігін тұрақты бақылау қажет.

Амоксициллиннің сарысуда және несептегі жоғары деңгейі химиялық әдістерді пайдаланумен зертханалық тесттерді жүргізу кезінде жалған оң нәтижелерге әкеп соғуы мүмкін.

Амоксициллинмен емдеу кезінде несептен глюкоза болуын анықтау қажет болғанда, ферменттік глюкозооксидаза әдісін қолдану ұсынылады. Моксиленді қабылдау жүкті әйелдерде эстриолға талдау жүргізу нәтижелерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін.

Капсула қабығының құрамында бояғыштардың болуы бояғыштарға аллергиялық реакцияларды туғызуы мүмкін.

Жүктілік

Амоксициллин плацентарлық бөгет арқылы өтеді, шарананың қан плазмасындағы препараттың концентрациясы анасының плазмасындағы концентрациясынан шамамен 25-30% құрайды. Амоксициллиннің жүктілік кезеңінде пайдалануы туралы шектеулі деректерінен шаранада/жаңа туылған нәрестедегі туа біткен ақаулар дамуының жоғары қаупін көрсетпеді. Амоксициллинді зор пайдасы емдеумен байланысты зор қауіптерден жоғары болған жағдайда жүктілік кезінде пайдалануға болады.

Лактация кезеңі

Амоксициллин сенсибилизацияның ықтимал қаупімен емшек сүтіне енеді (ана плазмасындағы препарат концентрациясының шамамен 10%). Соның салдары ретінде емшек еметін нәрестеде диарея, шырышты қабықтың зеңдік инфекциясы, бөртпе пайда болуы ықтимал. Сондықтан амоксициллинді бала емізетін әйелдерге пайда/қауіп арақатынасын дәрігер бағалағаннан кейін ғана тағайындайды.

Амоксициллинмен емдеу кезінде бала емізуді тоқтату қажет.

Дәрілік заттың автокөлік жүргізу қабілетіне және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеуіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану кезеңінде бас айналуы, құрысу сияқты жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін. Осы реакциялар пайда болған жағдайда көлік құралын немесе жоғары зейінділікті талап ететін механизмдерді басқарудан уақытша бас тарту қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея, су-электролитті теңгерімнің бұзылуы. Препараттың жоғары дозаларын қабылдайтын бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде бүйрек жеткіліксіздігіне әкеп соғатын құрысу, амоксициллинді кристаллурия пайда болуы ықтимал.

Емі: асқазанды шаю, су-электролиттік теңгерімді сақтау.

Препаратты қаннан гемодиализдің көмегі арқылы шығаруға болады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлорид үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қамтамада 10 капсуладан.

2 пішінді ұяшықты қамтамадан мемлекеттік және орыс тіліндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Медокеми Лтд», КИПР

1-10 ConstantinoupoleosStreet, 3011, Limassol, Cyprus,

tel. 357-25-867600, fax. 357-25-560863

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы және қаптаушы

«Медокеми Лтд», Лимассол. КИПР

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы

Қазақстан Республикасындағы «Медокеми Лтд» өкілдігі

050010 Алматы қ., Қазыбек би к-сі 41, 1 кеңсе

телефон/факс 8(727)321-05-05

e-mail: Kazakhstan@medochemie.com

Прикрепленные файлы

Моксилен_500_каз.doc 0.14 кб
Моксилен_500_рус.doc 0.14 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту