Миранистадин-ШФ

МНН: Хлоргексидина биглюконата 20 % раствор
Производитель: ТОО Шаншаров-Фарм
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Chlorhexidine
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023436
Информация о регистрации в РК: 22.12.2017 - 22.12.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Миранистадин-ШФ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Хлоргексидин

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған ерітінді, 0,05 %

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат – хлоргексидин биглюконаты 20 % ерітіндісі 0,25 мл (0,05 г)

қосымша зат – тазартылған су

50 мл препараттың құрамында

белсенді зат – хлоргексидин биглюконаты 20 % ерітіндісі 0,125 мл (0,025 г)

қосымша зат – тазартылған су

Сипаттамасы

Иісі жоқ, түссіз, мөлдір немесе сәл бозаңданатын сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Бигуанидтер және амидиндер. Хлоргексидин.

АТХ коды D08AC02

Фармакологиялық қасиеттері

Антисептикалық дәрі. Препарат грамтеріс және грамоң бактериялардың вегетативті түрлеріне, сондай-ақ ашытқыларға, дерматофиттер мен липофильді вирустарға қатысты белсенді, бактерия спораларына тек жоғары температурада әсер етеді. Теріні зақымдануын туындатпай, тазалайды және дезинфекциялайды.

Қолданылуы

- жанасудан кейін венералогиялық аурулардың профилактикасында (мерез, соз, трихомониаз, хламидиоз, генитальді герпес). - гинекология және акушерия, хирургия, урологияда инфекция профилактикасы үшін

- ЛОР және стоматология бөлімшелеріндегі операциядан кейінгі науқастарға күтім жасағанда

- іріңді жарақаттар, инфекцияланған күйіктер, стоматологиядағы тері және шырышты қабықтардың бактериялық және зеңдік аурулары (гингивит, стоматит, афта, парадонтит, альвеолит)

Қолдану тәсілі және дозалары

Миранистадина-ШФ жанасудан кейінгі профилактика кезінде жыныстық қатынастан кейін 2 сағаттан кешіктірмей, несеп шығарудан және гениталийді сабын қолданбай жылы сумен өңделгеннен кейін қолдану қажет. Құты ішіндегісінің инесі жоқ шприцтің көмегімен ерлердің несеп шығару өзегіне 2-3 мл, әйелдерге 1-2 мл және 2-3 минутқа қынапқа 5-10 мл енгізу керек. Сондай-ақ сан, қасаға сүйек, жыныс мүшелері ішкі беткейлерінің терісін өңдеу қажет. Ем-шарадан кейін 2 сағ. ішінде кіші дәретке отырмау керек.

Әйелдерге қынапты бүркіп шаю үшін медициналық қызметкерлердің қатысуымен құтының түбіне басу арқылы 2-3 минутқа 5-10 мл ерітіндісін бүрку керек.

ЛОР және стоматология бөлімшелеріндегі операциядан кейінгі науқастарға күтім жасағанда ерітіндіні тәулігіне 2-3 рет шаю түрінде тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- қол терісінің 3-5 мин бойы жабысқақтығы

Сирек

- терінің құрғауы және қышуы

- дерматит

- тіс түсінің өзгеруі

- тіс тасының шөгуі

- дәм сезінудің бұзылуы (гингивиттерді емдеу кезінде)

Өте сирек

  • аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі)

  • фотосенсибилизация.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • хлоргексидинге жоғары сезімталдық

  • дерматиттер

  • аллергиялық реакцияларға бейімділік

  • 3 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бейтарап ортада қолданылады: рН 5-8 кезінде белсенділігіндегі айырмашылығы көп емес, рН 8-ден жоғарырық болғанда шөгінді түзіледі. Йод препараттарымен бір мезгілде қолданған кезде дерматиттер дамуы мүмкін. Сабынмен, сілтілермен фармацевтикалық үйлесімсіз. Этанол препараттың тиімділігін күшейтеді. Хлорамфениколға, канамицинге, неомицинге, цефалоспоринге бактериялардың сезімталдығын жоғарылатады.

Құрамында катион тобы (бензалконий хлориді, цетримоний бромиді) бар препараттармен үйлесімді.

Айрықша нұсқаулар

Конъюнктиваны өңдеу үшін және дене қуыстарын шаю, терең жараларды, күйіктерді шаю үшін хлоргексидин ерітіндісін пайдаланбаған дұрыс. Көздің шырышты қабығына түскен жағдайда, оны тез арада сумен мұқият жуу керек. Бактерицидтік әсері ерітінді температурасының жоғарылауымен күшейеді. 100°С асатын температурада препарат ішінара ыдырайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Аллергиялық реакциялардың даму қаупіне байланысты бала емізетін аналар мен жүкті әйелдерге сақтықпен қолдану керек!

Қолдану тәжірибесі болмауына байланысты балаларға қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: препаратпен артық дозалану жөнінде деректер жоқ.

Емі: кездейсоқ ішке түскен кезде сіңірілмейді, мұндай жағдайда сүтті, шикі жұмыртқаны, желатинді немесе судың көп мөлшерін пайдалана отырып асқазанды шаю және адсорбенттер қабылдау керек: 10-20 таблетка белсендірілген көмір. Қажет болғанда симптоматикалық ем жүргізу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 және 50 мл-ден бұрандалы полиэтилен қақпағы бар полимер құтыларда.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қорабтық картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2.5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ., Б. Бұлқышев к-сі, 4е

Тіркеу куәлігінің иесі

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Алматы қ.,

Б. Бұлқышев к-сі, 4е

тел./факс +7727233-27-58

E-mail: farm-4@mail.ru

4

Прикрепленные файлы

Миранистадин-ШФ_каз.doc 0.07 кб
Миранистадин-ШФ_рус.doc 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту