МИРАМИСТИН-А

МНН: Мирамистин
Производитель: ЧАО "Фармацевтическая фирма "Дарница"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Четвертичные аммониевые соединения
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024278
Информация о регистрации в РК: 29.08.2019 - 29.08.2024

Инструкция

Саудалық атауы

МИРАМИСТИН-А

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған ерітінді 0,01 %, 50 мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамындабелсенді зат - 0,1 мг мирамистин

қосымша зат - тазартылған су.

Сипаттамасы

Түссіз немесе сарғыштау реңді, сілкіген кезде көпіршитін мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Төрттік аммоний біріктірілімдері.

АТХ коды D08AJ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сыртқа және жергілікті қолданғанда мирамистин тері мен шырышты қабықтар арқылы сіңірілмейді.

Фармакодинамикасы

Мирамистин әсерінің негізінде олардың бөлшектенуі мен ыдырауына алып келетін микроорганизмдер жарғақшалары липидтерімен тікелей молекуланың гидрофобты өзара әрекеттесуі жатады. Сонымен қатар, мирамистин молекуласының бір бөлігі, жарғақшаның гидрофобты аумағына ене отырып, жарғақшаүстілік қабатты бұзып, жарғақшаны жұмсартады, оның жоғары молекулалы заттар үшін өткізгіштігін арттырады, ферменттік жүйелерді тежей отырып, микроб жасушасының ферменттік белсенділігін өзгертеді, бұл микроорганизмдердің тіршілікке қабілетінің кемуіне және олардың цитолизіне алып келеді.

Басқа антисептиктерге қарағанда, мирамистин микроорганизмдерге қатысты жоғары іріктеп әсер етеді, яғни, іс жүзінде адам жасушаларының қабықтарына әсер етпейді. Бұл әсері адам жасушалары жарғақшаларының басқаша құрылымымен (мирамистиннің жасушалармен өзара гидрофобты әрекеттесуі мүмкіндігін күрт шектейтін липидтік радикалдардың едәуір ұзындығымен) байланысты.

Мирамистин аурухана штамдарын қоса, моноөсірінділер мен микробтар қауымдастықтары түріндегі грамоң және грамтеріс, аэробты және анаэробты, спора түзетін және аспорогендік бактерияларға қатысты микробқа қарсы айқын әсерге ие.

Жыныстық жолмен берілетін аурулардың қоздырғыштарына: гонококтарға, бозғылт трепонемаларға, трихомонадаларға, хламидияларға, сондай-ақ, герпес, адам иммунтапшылығы вирустарына әсер етеді. Aspergillus тектес және Penicillium тектес аскомицеттерге, ашытқылық (Rhodotorula rubra, Torulopsis gabrata) және ашытқытәрізді (Candida albicans, Candida tropicalis, Candida krusei) зеңдерге, дерматофиттерге (Trichophyton rubrum, Trichophyton mentagrophytes, Trichophyton verrucosum, Trichophyton schoenleini, Trichophyton violaceum, Epidermophyton Kaufman-Wolf, Epidermophyton floccosum, Microsporum gypseum, Microsporum canis), сондай-ақ, моноөсірінділер мен микробтар қауымдастықтары түріндегі басқа патогендік зеңдерге (мысалы, Pityrosporum orbiculare (Malassezia furfur)) қарсы әсер береді. Мирамистиннің әсерінен микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігі төмендейді.

Қолданылуы

Профилактика және емдеу үшін кешенді ем құрамында:

- хирургия және травматологияда іріңді жараларда, тірек-қимыл аппаратының іріңді-қабыну үдерістерінде

- акушерлік және гинекологияда босанғаннан кейінгі жарақаттарда, шап пен қынаптың іріңдеген жараларында, босанғаннан кейінгі инфекцияларда, қабыну ауруларында (вульвовагинитте, эндометритте)

- II және IIIA дәрежелі беткейлік және терең күйіктерде, комбустиологияда күйіктен болған жараларды дерматопластикаға дайындауда

- дерматологияда пиодермиялар мен дерматомикоздарда, тері мен шырышты қабықтардың кандидозарында, табан микоздарында

- венерологияда созда, хламидиозда, трихомониазда, гениталий герпесінде, гениталий кандидозында

- урологияда шығу тегі спецификалық және спецификалық емес уретриттер мен уретропростатиттерде (хламидиозда, трихомониазда, созда)

- оториноларингологияда жедел және созылмалы отиттерде, гаймориттерде, тонзиллиттерде, ларингиттерде

- стоматологияда стоматиттерде, гингивиттерде, пародонтиттерде, периодонтиттерде және алынбалы протездерді гигиеналық өңдеу үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге жергілікті қолдану керек.

Хирургия, травматология, комбустиология. Профилактикалық және емдік мақсатта, жаралар мен күйіктердің бетін Мирамистин-А препаратымен бүрку, жара мен жыланкөз жолдарына босаң тампондар салу, антисептикпен шыланған дәке тампондарын бекемдеу керек. Емдеу шарасын 3-5 күн бойы тәулігіне 2-3 рет қайталау керек. Жаралар мен қуыстарды, тәулігіне 1 л жуық дәрілік зат жұмсай отырып белсенді дренаждау әдісі тиімді болып табылады.

Акушерлік және гинекология. Босанғаннан кейінгі инфекцияның профилактикасы мақсатында босанғанға дейін (5-7 күн) қынапқа бүркулер түрінде және 50 мл дәрілік затқа шыланған қынапішілік тампондар түрінде, босанғаннан кейін 5 күн бойы 2 сағат экспозициямен қолдану керек.

Әйелдердің жыныс мүшелерінің қабыну ауруларын емдеуді дәрілік затқа шыланған тампондарды 2 апта бойына қынап ішіне енгізу, сыртқы жыныс мүшелерінің терісін өңдеу, сондай-ақ, дәрілік затпен электрофорез жолымен жүргізу керек.

Дерматология. Тері мен шырышты қабықтардың кандидамикоздарын, табан мен ірі қыртыстардың микоздарын емдеуді бүріккіш қондырманың көмегімен тәулігіне 3-4 рет басып бүрку немесе 2-4 реттік аппликациялары арқылы жүзеге асыру керек.

Венерология. Жыныстық жолмен берілетін аурулардың дербес профилактиасы үшін, мирамистин ерітіндісі, егер ол жыныстық актіден кейін 2 сағаттан кешіктірмей қолданылса тиімді болады. Құтының ішіндегісін уретралық қондырманың көмегімен несеп шығару өзегіне – 2-3 мл-ден (ерлерге), 1-2 мл-ден (әйелдерге), қынапқа – 5-10 мл-ден 2-3 минутқа енгізу керек. Емшарадан кейін 2 сағат бойы қуықты босату ұсынылмайды. Санның, қасағаның ішкі беткейлерінің, сыртқы жыныс мүшелерінің терісін өңдеу керек.

Оториноларингология. Іріңді гаймориттер жағдайында пункция кезінде үстіңгі жақсүйек қойнауын 10 мл дәрілік затпен шаю керек. Тонзиллиттер мен ларингиттерді емдеуде тамақты Мирамистин-А ерітіндісімен бірнеше рет шаю керек. Отиттер кезінде дәрілік затқа шыланған тампонды сыртқы есту жолына 10-14 күн бойы тәулігіне 4-6 рет енгізу керек.

Стоматология. Пародонтиттерді емдеуде мирамистин ерітіндісін пародонт қалталарына білтелермен енгізіп, кейіннен қызыл иектерге 15 минут бойы аппликациялар жасайды. Өршулер жағдайында пародонт қалталарын шприцтің көмегімен Мирамистин-А препаратымен шаю және абсцесс қуысына дәрілік затқа шыланған білтені енгізу керек. Вестибулопластика және френулэктомия жүргізілгеннен кейін дәрілік затты амбулатория жағдайларында ванночкалар түрінде қолданады. Алынбалы протездерді гигиеналық өңдеу мақсатында оларды түні бойы мирамистин ерітіндісінде қалдырып, пайдаланар алдында протездерді ағынды сумен әбден жуып-шаю керек.

Балалар.

Мирамистин ерітіндісінің балаларды емдеу үшін қолданылуының жеткілікті тәжірибесі болмағандықтан, оны педиатриялық тәжірибеде қолданбаған дұрыс.

Жағымсыз әсерлері

Жекелеген жағдайларда қысқамерзімді ашыту сезімі болуы мүмкін, ол 15-20 секундтан соң өздігінен жойылады және дәрілік затты қолдануды тоқтатуды қажет етпейді.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары, соның ішінде, терінің жергілікті тітіркену құбылыстары: қышыну, гиперемия, ашыту сезімі, терінің құрғауы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Мирамистинге жекелей сезімталдық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Антибиотиктерді мирамистинмен біріктіріп қолданғанда, микроорганизмдердің антибиотиктерге резистенттілігінің төмендегені байқалады.

Айрықша нұсқаулар

Венерология. Несеп шығару өзегін, қынапты, санның ішкі бетін, қасағаны және сыртқы жыныс мүшелерін Мирамистин-А препаратымен өңдеуден кейін, 2 сағат бойы кіші дәретке бару ұсынылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде қолданылуы.

Іс жүзінде дәрілік заттың резорбциясы болмайтындықтан, Мирамистин-А препаратын жүктілік немесе бала емізу кезінде қолдануға рұқсат етіледі.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік заттың қолданылуы автокөлік басқару немесе зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор басқа қызмет түрлерімен шұғылдану қабілетіне әсерінің жоқтығымен сипатталады.

Артық дозалануы

Артық дозаланған жағдайлары байқалмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полимер құтыларда 50 мл препараттан.

Құтыларға өздігінен желімденетін жабыны бар қағаздан жасалған заттаңба жабыстырылады.

Уретралық қондырмасы бар 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қорапшаға салынады.

Қосымша, қорапшаға қондырмасы бар құтыны пайдалану жөніндегі пациенттерге арналған ақпараттың салынуына жол беріледі.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармацевтикалық фирма «Дарница» ЖАҚ

Украина, 02093, Киев қ., Борисполь к-сі, 13.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«АлиС Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

«АлиС Фарм» ЖШС,

Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Тополевская к-сі, 157К

тел./факс: +7(727) 246 70 94

эл. пошта: ip_samenova.mk@mail.ru

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

«АлиС Фарм» ЖШС,

Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Тополевская к-сі, 157К

тел./факс: +7(727) 246 70 94

эл. пошта: ip_samenova.mk@mail.ru

Прикрепленные файлы

ИМП_Мирамистин_-13_08_19.doc 0.06 кб
Мирамистин_А_каз.doc 0.07 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту