Миостат®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Миостат®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Карбахол
Дәрілік түрі
Интраокулярлы 0,01% 1,5мл ерітінді
Құрамы
1мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – 0,1 мг карбахол
қосымша заттар - натрий хлориді, калий хлориді, кальций хлориді дигидраты, магний хлориді гексагидраты, натрий ацетат тригидраты, натрий цитрат дигидраты, хлорсутек қышқылы және/немесе натрий гидроксиді (рН реттеу үшін), инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Түссіз, мөлдір ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Глаукомаға қарсы препараттар және миотиктер. Парасимпатомиметиктер
АТЖ коды S01EB02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Карбахолдың интраокулялық ерітіндісін енгізгеннен кейін адамдарда плазмадағы карбахол деңгейі анықталмаған. Жануарларға зерттеулер жүргізгенде карбахолды көктамыр ішіне енгізгенде плазмадан жылдам шығатынын көрсетті. Жануарларда шығарылуы негізінен несеппен іске асады. Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін плазмада карбахол метаболиті – холин анықталады.
Фармакодинамикасы
Карбахол – ол парасимпатомиметик, оның холинергиялық әсері нұрлы қабық сфинктер-бұлшықеттерінің қозғалыс жүйкесінің миозына әкеледі. Белсенді холиномиметиктер нұрлы қабықтың және цилиарлы дененің жиырылуын туғызады, ол нәтижесінде интраокулярлық қысымның төмендеуіне әкеледі.
Қолданылуы
Интраокулярлық хирургия жүргізген кезде миозға жылдам және толық жету үшін. Ең жоғарғы миозға әдетте енгізгеннен кейін бірнеше минуттан соң жетеді.
Қолдану тәсілі және дозалары
Тек интраокулярлық түрде қолдану үшін!
Бір құты бір емделушіге пайдалану үшін
Препараттың пайдаланбаған қалдығын тастау керек!
Құтыны стерильді астауға келесі бетіндегі блистерлік қаптамадағы қағазды жолақты жұлып алып ассептикалық тұрғыда ауыстырыңыз. Құты ішіндегісін құрғақ стерильді еккішке тартып алыңыз. Интраокулярлық ирригация жүргізу үшін инені атравматикалық канюляға ауыстырыңыз. Миостатты® 0,5мл-ден асырмай алдыңғы камераға абайлап енгізіңіз. Миостаттың әсері операциядан кейін 24 бойы сақталады.
Жағымсыз әсерлері
Жергілікті
Жиі (> 1/100-ден <1/10-ға дейін):
-
цилиарлық бұлшықеттің түйілуі
-
цилиарлық дененің гиперемиясы
-
конъюнктива гиперемиясы
-
жарықтан қорқу
-
бұлыңғырланып көріну
Жиі емес (> 1/1000-нан <1/100-ге дейін):
-
нұрлы қабық қантамырларының өзгеруі (қантамрыларының кеңеюі)
Сирек (> 1/10 000-нан <1/1000-ға дейін):
-
тор қабықтың ажырауы
-
мөлдір қабық дегенерациясы (оның ішінде буллездің кератопатия)
-
ириттер/увеиттер
-
мөлдір қабықтың бұлыңғырлануы
-
мөлдір қабықтың ісінуі
Жүйелі
Жиі (> 1/100-ден <1/10-ға дейін):
-
бас ауыруы
Жиі емес (> 1/1000-нан <1/100-ге дейін):
-
гиперемия
-
құрсақ қуысы маңының ауыруы
-
эпигастральді аймақтың жайсыздығы
-
қатты тершеңдік
-
несепті ұстап тұра алмау
Келесі жағымсыз әсерлердің жиілігін мәліметтердің жеткіліксіздігіне байланысты анықтау мүмкін емес:
Жергілікті
-
мөлдір қабықтың бұлыңғырлануы
-
алдыңғы камераның қабынуы
-
көздің қабынуы
-
бұлыңғырланып көру
Жүйелі
-
жүрек айнуы
-
құсу
Қолдануғы болмайтын жағдайлар
абсолютті:
- сыртартқысында карбахолға немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балаларға
салыстырмалы:
- жедел жүрек жеткіліксіздігі
- бронхтық демікпе
- жүректің ишемиялық ауруы
- асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасы
- гипертиреоидизм
- асқазан-ішек түйілуі
- несеп шығару жолдарының обструкциясы
- Паркинсон ауруы
- иридоциклит, ирит және/немесе увеит (оның ішінде сыртартқысында)
- мөлдір қабық бүтіндігінің механикалық бұзылуы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Белгілі бір жағдайда холинергиялық агонистер деполяризациялайтын миорелаксанттардың әсерін ұзартуы, тұрақтандырғыш миорелаксанттардың әсерін төмендеуті немесе жүрек гликозидтерінің теріс хронотроптық әсерін ұзартуы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Миостатты® пайдалану интраокулярлық қабынуды (нұрлы қабық гиперемиясын) туғызуы мүмкін.
Гипотония кезінде көзіші қысымының қосымша төмендеуінен аулақ болу керек.
Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі
Бүйрек және бауыр қызметіне препараттың әсер етуін бағалау бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ. Себебі карбахолдың жүйелі әсер етуі интраокулярлық енгізген кезде аз болғандықтан, бүйрек және бауыр қызметінің бұзылуы бар емделушілер үшін препарат дозасын реттеудің қажеті жоқ.
Егде жастағы адамдар
Егде жастағы емделушілер үшін дозаны түзетудің қажеті жоқ.
Педиатрияда қолдану
Балаларға Миостатты® пайдалану ұсынылмаған, өйткені балаларға препаратты қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі анқталмаған.
Жүктілік және лактация
Жүкті әйелдерге баламалы және жақсы бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ. Препарат бір рет және аздаған дозада енгізілетіндігін назарға ала отырып, әдеттегі енгізу тәсілі кезінде жоғары қауіп төмен деп бағаланады. Сонда да Миостатты® жүкті әйелдерге оны қолданғаннан күтілетін пайда тек ұрық үшін қауіп елеулі артқан жағдайда ғана пайдалану ұсынылады.
Карбахол емшек сүтіне өту-өтпеуі осы уақытқа дейін анықталмағандықтан, емшек емізетін аналар препаратты сақтықпен қолдану керек.
Дәрілік заттың көлікті және механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Миостатты® пайдалану арқылы хирургиядан кейін уақытша бұлыңғырланып көрінуі мүмкін. Көлікті немесе басқа қауіпті механизмдерді басқарудың алдында емделушілер көру қалпына келгенге дейін біраз уақыт күте тұру ұсынылады.
Артық дозалануы
Симптомдары: Миостатты® ұсынылған дозадан арттырған кезде холинестераза тежегіштеріне тән симптомдарды туғызуы мүмкін: бас ауыруы, сілекей бөлінуі, естен тану, жүрек жеткіліксіздігі, іш шаншуы, жүрек айнуы, демікпе мен диарея.
Емі: атропин сульфатын (1-ден 2 мг-ге дейін) тері астына немесе бұлышқет ішіне енгізу ұсынылады. Қажет кезінде енгізуді әр 2 – 4 сағат сайын қайталауға болады. Құрысуларды қысқа әсер ететін барбитураттармен бақылауға болады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Алюминий қақпақпен қаусырылған және резеңке тығынмен тұмшаланып жабылған, шыны құтыларға 1,5 мл препараттан құйылған.
Полиэтиленнен жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 1 құтыдан салынған.
12 қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
15 ºC-ден 30 ºC-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Alcon Laboratories, Inc.,
Fort Worth, Texas 76134, АҚШ
Тіркеу куәлігінің иесі
Alcon Laboratories, Inc., АҚШ
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Алкон Фармасьютикалc, Лтд.» өкілдігі
Тел.: +7 (727) 256 02 05
Факс: +7 (727) 256 06 81
Электронды поштасы: Tatyana.Yem@AlconLabs.com