Милдрокард

МНН: Мельдоний
Производитель: НИКО ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний сердца
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020810
Информация о регистрации в РК: 06.08.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Милдрокард

Халықаралық патенттелмеген атауы

Мельдоний

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді 100 мг/мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат: мельдоний дигидраты - 100.00 мг

қосымша зат: инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек-қантамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер. Басқа да кардиотониялық препараттар.

АТХ коды С01ЕВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Биожетімділігі 100 % құрайды. Организмде бүйрекпен шығарылатын 2 негізгі метаболит түзе отырып метаболизденеді. Жартылай шығарылу кезеңі 3–6 сағатты құрайды және дозасына тәуелді болады.

Фармакодинамикасы

Цитопротекторлық, антиангинальді, гипоксияға қарсы, ангиопротекторлық дәрі. Гамма-бутиробетаин карнитин ізашарының құрылымдық аналогы бола отырып және гамма-бутиробетаин-гидроксилаза карнитинінің биосинтезіне жауапты рецепторлар үшін қайтымды бәсекелесе отырып, гамма-бутиробетаин құрамын арттырады және жасушадағы карнитин концентрациясын төмендетеді, бұл азот тотығы синтезінің индукциясына және митохондрийдегі ұзынтізбекті май қышқылдары тасымалының шектелуіне алып келеді. Цитоплазмадағы май қышқылдарының құрамын арттырады, тотықпаған май қышқылдарының (ацилкарнитин мен ацилкоэнзим А) белсенділенген түрлерінің жинақталуына кедергі келтіреді. Ишемия жағдайларында оттегі жеткізілуі мен оның тұтынылуы арасындағы теңгерімді қалпына келтіреді, аденозинтрифосфор қышқылы тасымалы бұзылуының алдын алады, қосымша оттегі тұтынылуынсыз гликолизді белсенділендіреді, креатинфосфат құрамын арттырады. Глюкоза-гексокиназа және пируватдегидрогеназаның аэробты тотығуы цикліндегі маңызды ферменттердің белсенділігін арттырады, лактат түзілуін азайтудың есебінен ацидоздың алдын алады.

Нәтижесінде метаболизмдік алмасу оңтайлыланады, бос радикалды реакциялардың қарқындылығы төмендейді, бұл митохондрий жарғақшалары зақымдалуының азаюына, тотығудың фосфорилденумен астасуының жоғарылауына және аденозинтрифосфор қышқылы синтезінің артуына алып келеді.

Милдрокард тамырлар тонусын қалыптандырады, қан реологиясын жақсартады, қан ағымының мидағы ишемияланған аймақтарға таралуына ықпал етеді, миокардта некрозды аймақ түзілуін баяулатады, торқабық тамырларының дистрофиялық өзгерістеріне оң әсер береді.

Жүрек жеткіліксіздігі кезінде препарат миокардтың жиырылғыштығын, дене жүктемесіне толеранттылықты арттырады, стенокардия ұстамаларының жиілігін төмендетеді. Энергетикалық қорларды тез қалпына келтіре отырып, организмнің дене және ақыл-ой жүктемелеріне төзу қабілетін арттырады. Созылмалы маскүнемдікке шалдыққан науқастарда абстиненция синдромы кезінде жүйке жүйесінің функционалдық бұзылуларын қайтарады.

Қолданылуы

Мынадай жағдайларда кешенді емде:

- жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларында: тұрақты кернеулі стенокардия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (NYHA І – ІІІ функциональді класс), кардиомиопатия, жүрек-қантамыр жүйесінің функциональді қызметінің бұзылуларында

- ми қанайналымының жедел және созылмалы ишемиялық бұзылуларында

- еңбекке қабілеттіліктің төмендеуінде, физикалық және психоэмоциялық жүктемелерде

- цереброваскулярлық бұзылулардан, бас жарақатынан және энцефалиттен кейін қалпына келу кезеңінде

Қолдану тәсілі мен дозалары

Жүрек-қантамыр аурулары. Кешенді ем құрамында көктамыр ішіне 5-10 мл (0,5 – 1 г) тағайындайды, 10 күн бойы барлық дозаны бірден қолданады немесе дозаны тәулігіне 2 қабылдауға бөледі, сосын дәрілік заттың ішу арқылы қабылданатын түрлеріне ауысады.

Ми қанайналымының жедел бұзылуы.

Кешенді ем құрамында 10 күн бойы тәулігіне 1 рет көктамыр ішіне 5 мл тағайындайды, сосын дәрілік заттың ішу арқылы қабылданатын түрлеріне ауысады.

Еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі және дене жүктемелері. 10-14 күн бойы тәулігіне 1 рет көктамыр ішіне 5 мл. Қажет болса, емдеуді 2-3 аптадан соң қайталайды.

Ампуламен жұмыс жасау тәртібі.

 

(1 сурет) (2 сурет) (3 сурет) (4 сурет)

1. Бір ампуланы блоктан бөліп алыңыз және оны мойнынан ұстап тұрып сілкіңіз (1 сурет).

2. Ампуланы қолмен қысып (бұл кезде препарат бөлініп шықпауы тиіс) және айналдыра қозғалтып бастиегін бұраңыз және жұлып алыңыз (2 сурет).

3. Қалыптасқан тесік арқылы еккішті дереу ампуламен жалғаңыз (3 сурет).

4. Ампуланы төңкеріңіз және оның ішіндегісін еккішке баяу сорып алыңыз (4 сурет).

5. Инені еккішке кигізіңіз.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- аллергиялық реакциялар*

- бас ауыруы*

- диспепсия*

Сирек:

- жоғары сезімталдық, аллергиялық дерматит, есекжем, ангионевроздық ісінулер, анафилактикалық реакциялар

- қозу, қорқыныш сезімі, ойдан кетпейтін ойлар, ұйқының бұзылуы

- «дененің жыбырлауын» сезіну, тремор, гипестезия, құлақтағы шуыл, вертиго, бас айналуы, жүріп-отырудың бұзылуы, естен тану алдындағы жайкүйлер, естен тану

-жүрек ырғағының өзгеруі, жүрек қағуы, тахикардия/синустық тахикардия, жүрекшелік фибрилляция, аритмия, кеудедегі жайсыздықты сезіну/кеудедегі ауыру

- қан қысымының жоғарылауы/төмендеуі, гипертензивті криз, гиперемия, бозаңдану

- тамақтың қабынуы, жөтел, диспноэ, апноэ

- дисгевзия (ауызда металл тату), тәбеттің болмауы, құсық келу, жүрек айнуы, құсу, газдың жинақталуы, диарея, іштің ауыруы

- бөртуелер, жалпы/макулезді/папулезді бөртулер, қышыну

- арқаның ауыруы, бұлшықеттердің әлсіздігі, бұлшықеттердің түйілуі

- поллакиурия

- жалпы әлсіздік, қалтырау, астения, ісіну, беттің ісінуі, аяқтың ісінуі, ысынуды сезіну, суынуды сезіну, мұздай тер

- электрокардиограммадағы (ЭКГ) ақаулар, жүрек жұмысының жылдамдауы, эозинофилия*

* Ертеректе жүргізілген бақыланбайтын клиникалық зерттеулерде байқалған жағымсыз әсерлер.

Мельдонияны қолданумен байланысты, сондай-ақ іштің жоғарғы бөлігінде және бас сақинасы туралы хабарлар болған.

Еегер Сізде қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілмеген қандай да бір жағымсыз әсерлер немесе ескертілген қандайда бір айқын жағымсыз әсерлер, әсіресе қатты байқалса, дәрігерге қаралуларыңызды сұраймыз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • мельдонияға аса жоғары сезімталдық

  • бауырдың және/немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

  • бассүйекішілік қысымның жоғарылауы (көктамырлық қан ағымы бұзылуында және бассүйекішілік ісіктерде)

  • жүктілік және емшек емізу кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Милдрокардты антиангинальді дәрілермен, антикоагулянттармен, антиагреганттармен, аритмияға қарсы дәрілермен, жүрек гликозидтерімен, диуретиктермен, бронхолитиктермен бір мезгілде қолдануға болады. Милдрокард орташа тахикардияны және артериялық қысымның төмендеуін туғызуы мүмкін, сондықтан препаратты антигипертензиялық дәрілермен және шеткергі вазодилататорлармен біріктіргенде сақ болу керек.

Милдрокард коронаролитиктердің, гипотензиялық дәрілердің, жүрек гликозидтерінің әсерін әлеуеттендіреді.  

Айрықша нұсқаулар

Қоздырғыштық әсері дамуы мүмкін болғандықтан, препаратты күннің бірінші жартысында қолданады. Милдрокард жедел коронарлық синдромды емдеуде алдыңғы қатарлы препарат болып табылмайды.

Бауыр және/немесе бүйрек ауруларында, әсіресе ұзақ уақыт бойы сақтықпен қолданады.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Қоздырғыштық әсері дамуы мүмкін болғандықтан, қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс жасағанда және автокөлік басқаруда сақ болу керек.

Артық дозалануы

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар, аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Полиэтилен ампулаларда 5 мл-ден.

10 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

"НИКО" ЖШҚ, Украина, 86123, Донецк обл., Макеевка қ., Таёжная к-сі, 1-1.

Тіркеу куәлігінің иесі

"НИКО" ЖШҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Өтегенова Б.А.» ЖК, 010000, Астана қ., Рамазан к-сі, 33/9,

тел: + 7 701 707 61 81; электронды поштасы: b.utegenova_ip@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

609914401477976667_ru.doc 181.5 кб
040824751477977811_kz.doc 193.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники