Микофенолата Мофетил Аккорд (250 мг)

Производитель: Интас Фармасьютикалс Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Mycophenolic acid
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022860
Информация о регистрации в РК: 15.03.2017 - 15.03.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Микофенолат Мофетил Аккорд

Халықаралық патенттелмеген атауы

Микофенол қышқылы

Дәрілік түрі

250 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат: 250 мг микофенолат мофетилі,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Авицел РН 101), гидроксипропилцеллюлоза, повидон К 90, натрий кроскармеллозасы, тальк, магний стеараты, тазартылған су, натрий додецилсульфаты, FD & C Көк 2 бояғышы 132), титанның қостотығы (Е 171), желатин, темірдің қызыл тотығы (Е 172), темірдің сары тотығы (Е 172).

Сипаттамасы

№ 1 өлшемді, қақпақшасында 'MMF' және корпусында '250' деген қара сиямен түсірілген жазулар бар, қақпағы ашық көк түсті және корпусы шабдалы түсті қатты желатин капсулалар. Капсуланың ішінде – ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар және иммуномодуляторлар. Иммунодепрессанттар. Іріктелген иммунодепрессанттар.

Микофенол қышқылы

АТХ коды L04AA06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жалпы, бүйрегі мен жүрегін ауыстырып салудан кейін науқастарда микофенолат мофетилінің (ММФ) фармакокинетикалық бейіні бірдей. Бауырын ауыстырып салған және 1,5 г дозада ММФ қабылдаған пациенттерде трансплантациядан кейінгі ерте кезеңде микофенол қышқылының концентрациялары (МФК) 1 г дозада ММФ қабылдайтын бүйрегін ауыстырып салудан кейінгі науқастарда бірдей.

Сіңуі

Ішу арқылы қабылдаудан кейін тез және толық сіңуі жүреді, микофенолат мофетилі бауыр арқылы алғаш өткенде белсенді метаболит - микофенол қышқылына (МФҚ) айналады. Ас ішу микофенолат мофетилінің сіңу дәрежесіне (AUCМФҚ) ол бүйрек трансплантациясынан кейінгі науқастарға тәулігіне екі рет 1,5 г тағайындалғанда ықпал етпейді. Алайда, препаратты тамақтану кезінде қабылдағанда МФҚ ең жоғары концентрациясы 40% төмендейді. Ішу арқылы қабылданатын микофенолат мофетилінің биожетімділігі, AUCМФҚ (концентрация-уақыт қисығы астындағы ауданы) шамасына сәйкес, оны вена ішіне енгізу кезіндегіден, орта есеппен, 94% құрайды.

Трансплантациядан кейінгі ерте кезеңде (бүйрегін, жүрегін және бауырын ауыстырып салудан кейін 40 күнге дейін) AUCМФҚ орта шамалары, трансплантациядан кейінгі кеш кезеңде (ауыстырып салудан кейінгі 3-6 ай) шамамен 30% төмен, ал ең жоғары концентрациялары шамамен 40% төмен.

Таралуы

Препаратты қабылдаудан кейін шамамен 6-12 сағаттан соң, әдетте, плазмада МФҚ концентрацияларының салдарлы жоғарылауы байқалады, бұл препараттың бауыр-ішектегі кері айналымын айғақтайды. Бір мезгілде холестирамин тағайындалғанда AUCМФҚ шамамен 40% төмендейді, бұл бауыр-ішек айналымында үзіліс болғанын айғақтайды. МФҚ клиникалық мәнді концентрацияларында плазма альбуминімен 97% байланысады.

Метаболизмі

МФҚ негізінен глюкуронилтрансфераза әсер етуімен метаболизденіп, фармакологиялық тұрғыда белсенді емес МФҚ фенолды глюкуронидін (МФҚГ) түзеді. In vivo МФҚГ бауыр-ішек айналымы барысында МФҚ бос күйіне айналады.

Шығарылуы

Микофенолат мофетилін ішу арқылы қабылдаудан кейін алынған дозадан 93% несеппен, ал 6% нәжіспен бөлініп шығады. Енгізілген дозаның басым бөлігі (87% жуық) МФҚГ түрінде несеппен шығарылады. Препараттың мардымсыз мөлшері (<1% доза) МФҚГ түрінде несеппен шығарылады.

Клиникалық тұрғыда айқындалатын МФҚ және МФҚГ концентрациялары гемодиализ арқылы шығарылмайды. Алайда, жоғарырақ МФҚГ концентрацияларында (>100 мкг/мл) оның аздаған бөлігі шығарылуы мүмкін. Холестирамин типті өт қышқылдарының секвестранттары AUCМФҚ төмендетіп, бауыр-ішек кері айналымын тоқтатады.

Ауыр созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда (шумақтық сүзіліс жылдамдығы <25 мл/мин/1,73м2) бүйрек зақымдануы аз білінетін науқастардағыдан AUCМФҚ 28-75% көбірек болды. Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр науқастарда бір реттік дозасын қабылдаудан кейін AUCМФҚГ 3-6 есе көбірек, бұл бүйрекпен МФҚГ шығарылуы туралы белгілі деректерге сай келеді.

Ауыр созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде микофенолат мофетилін көп рет енгізуге қатысты зерттеу жүргізілмеген.

Ауыстырып салудан кейін бүйрек трансплантаты функциясының кідірісі бар науқастарда МФҚ үшін AUC0-12 трансплантат ауыстырып салудан кейін кідіріссіз жұмыс істей бастаған науқастардағы осындаймен салыстырмалы, ал плазмадағы МФҚГ орташа AUC0-12 мәні 2-3 есе көбірек болды.

Бауыры зақымданған науқастар. ММФ ішу арқылы қабылданған соң алкогольдік бауыр циррозына шалдыққан пациенттерде МФҚ және МФҚГ фармакокинетикасында өзгерістер анықталмаған, бұл бауыр паренхимасы зақымдануының ММФ тағайындауға қарсы көрсетілімді емес екенін көрсетеді. Бауыр патологиясының осы үдеріске ықпалы нақты бір ауруға байланысты болуы ықтимал. Өт жолдарының зақымдануы басым болатын бауыр ауруы жағдайында (мысалы, бастапқы билиарлы цирроз) әсері басқаша болуы мүмкін.

Егде және қарттық жастағы науқастарда (≥65 жас) фармакокинетикасы зерттелмеген.

Фармакодинамикасы

Микофенолат Мофетил Аккорд инозинмонофосфатдегидрогеназа тежегіші - иммунодепрессант түрінде болады. Микофенолат мофетилінің (ММФ) әсер етуші заты микофенол қышқылының (МФҚ) 2-морфолиноэтил эфирі түрінде болады. МФҚ – гуанозин нуклеотидтерінің синтезін de novo бәсеңдететін инозинмонофосфатдегидрогеназаның (ИМФДГ) қуатты, іріктелген, бәсекелі емес және қайтымды тежегіші. ИМФДГ ферменттік белсенділігін МФҚ бәсеңдету механизмі, сірә, МФҚ-ның никотинамиддинуклеотидфосфат кофакторы ретінде де, су молекуласын катализдеуші ретінде де құрылымдық имитация жасауымен байланысты. Бұл гуанозивті нуклеотидтер биосинтезінің маңызды сатысы – ксантоз-5-монофосфатқа ИМФ тотығуын кедергілейді. МФҚ лимфоциттерге, басқа жасушаларға қарағанда, айқындау цитостатикалық әсерін көрсетеді, өйткені Т және В-лимфоциттер пролиферациясы пуриндер синтезіне өте күшті тәуелді болады, ал осы тұста басқа типті жасушалар сияқты метаболизмнің айналма жолдарына ауысуы мүмкін.

Бүйрек, жүрек және бауырды ауыстырып салудан кейінгі ажырау профилактикасы, ауыстырып салынған бүйректің рефрактерлі ажырауын емдеу үшін ММФ циклоспоринмен және кортикостероидтармен біріктірілімде тағайындалады.

Бүйрек трансплантациясында Микофенолат Мофетил Аккордтың кортикостероидтармен және циклоспоринмен біріктірілімі транплантациядан және ем барысында гистологиялық дәлелденген ажыраудан кейінгі алғашқы алты айда емнің тиімсіз болу жиілігін төмендетеді, бүйрек трансплантациясынан кейінгі 12 ай ішінде тәулігіне 2 г дозада трансплантат жарамсыздығы мен өлімге ұшыраудың жинақталған жиілігін төмендетеді, бірақ тәулігіне 3 г дозада кез келген себеппен зерттеуден мерзімінен бұрын шығарылу жиілігін арттырады.

Микофенолат Мофетил Аккорд кортикостероидтармен және циклоспоринмен біріктірілімде жедел ажырауды өте тиімділікпен болдырмайды және бауырын алғаш ауыстырып салған науқастардың тіршілік қабілетін қамтамасыз етеді.

Микофенолат Мофетил Аккорд емі бүйрегін ауыстырып салған, рефрактерлі трансплантаттың жедел, жасуша арқылы ажырауы болған пациенттерде ем басталған соң 6 ай өткенде трансплантаттың істен шығу немесе өліммен аяқталу жиілігін 45% төмендетеді (P=0.062).

Қолданылуы

Микофенолат Мофетил Аккорд циклоспоринмен және глюкокортикостероидтармен біріктірілген ем түрінде қолданылады:

бүйрегін, жүрегін, бауырын аллогенді ауыстырып салудан кейінгі науқастарда трансплантаттың жедел ажырау профилактикасында

Қолдану тәсілі және дозалары

Бүйрек трансплантының ажырау профилактикасы

Микофенолат Мофетил Аккорд трансплантациядан кейін 72 сағат ішінде ішке тағайындалады. Бүйрек трансплантаты бар науқастарға тәулігіне екі рет 1,0 г (тәуліктік доза 2 г) қабылдау ұсынылады.

Жүрек трансплантатының ажырау профилактикасы

Микофенолат Мофетил Аккорд трансплантациядан кейін 5 күн ішінде ішке қабылдану керек. Ұсынылатын дозалау режимі – циклоспоринмен және кортикостероидтармен біріктірілген ем құрамында тәулігіне 2 рет 1,5 г (тәуліктік доза 3 г).

Бауыр трансплантатының ажырау профилактикасы

Микофенолат Мофетил Аккорд бауыр трансплантациясынан кейін алғашқы 4 күн ішінде вена ішіне енгізілу керек, сондай-ақ бұл мүмкін болған бойда трансплантациядан кейін бірден ішке тағайындалады. Ұсынылатын дозалау режимі – тәулігіне 2 рет 1,5 г (тәуліктік доза 3 г).

Ерекше жағдайларда дозалануы

Егде жастағы пациенттер

Бүйрек трансплантациясы жасалған егде жастағы пациенттерде ұсынылатын доза тәулігіне екі рет 1 г, ал жүрек немесе бауырды ауыстырып салудан соң тәулігіне екі рет 1,5 г құрайды.

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Трансплантациядан кейінгі жуық кезеңді және транспланттың жедел немесе рефрактерлі ажырау себебімен емделуден кейінгі кезеңді қоспағанда, ауыр дәрежедегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда (шумақтық сүзіліс жылдамдығы 25мл/мин/1.73м2 аз) бүйрек трансплантациясында тәулігіне 2 рет 1 г-ден жоғары дозалардан сақтану керек. Бұл пациенттер мұқият бақылауда болуы тиіс.

Операциядан кейінгі бүйрек трансплантаты функциясының кідірісі бар науқастарға дозаны түзету қажет емес. Препаратты жүрегін немесе бауырын ауыстырып салған, ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану деректері жоқ.

Бауырының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрегін ауыстырып салған және бауыр паренхимасының ауыр зақымдануы бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Препаратты жүрегін ауыстырып салған, бауыр паренхимасының ауыр зақымдануы бар пациенттерде қолдану деректері жоқ.

Трансплантат ажырауын емдеу

Микофенол қышқылы (МФҚ) микофенолат мофетилінің белсенді метаболиті болып табылады. Бүйрек трансплантатының ажырауы МФҚ фармакокинетикасының өзгерістеріне әкелмейді, сондықтан Микофенолат Мофетил Аккорд дозасын азайту немесе емін тоқтату қажет емес. Трансплантат ажырауы тоқтаған соң Микофенолат Мофетил Аккорд дозасын түзетуге негіз жоқ. Бауыр трансплантатының ажырауы кезіндегі фармакокинетикалық деректері жоқ.

Қолдану жөніндегі айрықша нұсқаулар

Егеуқұйрықтар мен үй қояндарына жасалған тәжірибеде микофенолат мофетилі тератогенді әсер танытқандықтан, Микофенолат Мофетил Аккорд капсулалары бүтіндігін бұзуға болмайды. Препарат капсулалары құрамындағы ұнтақты ішке тартудан немесе оның теріге немесе шырышты қабықтарға тікелей түсіп кетуінен сақтану қажет. Егер бұл орын алса, осы бөлікті сабынды сумен, ал көзді жай сумен мұқият жуып-шаю керек.

Кез келген пайдаланылмаған препаратты және/немесе оның қалдықтарын жергілікті талаптарға сәйкес жою керек.

Жағымсыз әсерлері

Бүйрегін, жүрегін және бауырын ауыстырып салудан соң циклоспоринмен және кортикостероидтармен біріктірілімде ММФ қабылдаған науқастарда анықталған жағымсыз құбылыстар жүйе-ағза кластары бойынша бөлінген және келесі санаттарды пайдаланып, жиілігін көрсетумен тізбеленген:

өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100-ден <1/10 дейін); жиі емес (≥ 1/1000-нан <1/100 дейін); сирек (≥ 1/10000-нан <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес). Әр топта жағымсыз құбылыстар күрделілігінің кему ретімен берілген.

Жүйе-ағза класы

Жиілігі

Дәрілік препаратқа жағымсыз реакциялар

Инфекциялық және паразиттік аурулар

Өте жиі

Сепсис, асқазан-ішек кандидозы, несеп шығару жолдарының инфекциялары, қарапайым герпес вирусы, белдемелі теміреткі

Жиі

Пневмония, тұмау, тыныс алу жолдарының инфекциялары, тыныс алу жолдарының кандидозы, асқазан-ішек инфекциялары, кандидоз, гастроэнтерит, инфекциялар, бронхит, фарингит, синусит, терінің зеңді инфекциялары, тері кандидозы, қынаптық кандидоз, ринит

Қатерсіз, қатерлі және нақтыланбаған жаңа түзілімдер, кисталар мен полиптерді қоса

Өте жиі

-

Жиі

Тері обыры, терінің қатерсіз жаңа түзілімдері

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Лейкопения, тромбоцитопения, анемия

Жиі

Панцитопения, лейкоцитоз

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Өте жиі

-

Жиі

Ацидоз, гиперкалиемия, гипокалиемия,

гипергликемия, гипомагниемия, гипокальциемия,

гиперхолестеринемия, гиперлипидемия,

гипофосфатемия, гиперурикемия, подагра, анорексия

Психикалық бұзылыстар

Өте жиі

-

Жиі

Ажитация, сананың шатасуы, депрессия, мазасыздық, патологиялық ойлау, ұйқысыздық

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

-

Жиі

Құрысулар, гипертония, тремор, ұйқышылдық, миастениялық синдром, бас айналу, бас ауыру, парестезиялар, дәм сезудің бұзылуы

Жүрек тарапынан бұзылулар

Өте жиі

-

Жиі

Тахикардия

Тамырлар тарапынан бұзылулар

Өте жиі

-

Жиі

Артериялық гипотензия, артериялық гипертензия, вазодилатация

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар

Өте жиі

-

Жиі

Плевралық жалқық, ентігу, жөтел

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Өте жиі

Құсу, іштің ауыруы, диарея, жүрек айну

Жиі

Асқазан-ішектен қан кету, перитонит, ішек бітелісі, колит, асқазан ойық жарасы, он екі елі ішектің ойық жарасы, гастрит, эзофагит, стоматит, іш қату, диспепсия, метеоризм, кекіру

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Өте жиі

-

Жиі

Гепатит, сарғаю, гипербилирубинемия

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Өте жиі

-

Жиі

Тері гипертрофиясы, бөртпе, акне, алопеция

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар

Өте жиі

-

Жиі

Артралгия

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Өте жиі

-

Жиі

Бүйрек жеткіліксіздігі

Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі реакциялар

Өте жиі

-

Жиі

Ісінулер, гипертермия, қалтырау, ауыру, дімкәстану, астения

Зертханалық зерттеулер

Өте жиі

-

Жиі

Бауыр ферменттерінің, қан креатининінің, қан сарысуындағы лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы, қан сарысуында мочевина концентрациясының, қандағы сілтілік фосфатазаның артуы, дене салмағының төмендеуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– микофенолат мофетиліне, микофенол қышқылына немесе препараттың кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • гипоксантин-гуанин фосфорибозилтрансфераза тапшылығы (Леш-Найен және Келли-Зигмиллер синдромдары).

  • балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге.

  • жоғары тиімді контрацепция әдістерін пайдаланбайтын бала туу жасындағы әйелдер.

  • жүктілік кезінде алдын ала көздеусіз пайдаланылғанын жоққа шығару үшін жүктілікке тексерілуінің теріс нәтижесі әзірге алынбаған бала туу жасындағы әйелдер.

  • жүктілік, препараттың тератогенді және мутагенді қасиеттері себепті

бала емізу кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ацикловир

Ацикловир мен микофенолат мофетилін бір мезгілде қабылдағанда, препараттардың әрқайсысын бөлек қабылдаумен салыстырғанда, плазмада ацикловирдің жоғары концентрациялары байқалған. МФҚГ (МФҚ фенолды глюкурониді) фармакокинетикасының өзгерістері тым аз болды (МФҚГ 8% артуы) және клиникалық мәнді болмады. Бүйрек жеткіліксіздігінде плазмадағы МФҚГ концентрациясы ацикловир концентрациясы сияқты ұлғаятындықтан, осы екі препараттың да өзекшелік секрецияға немесе олардың ізашар дәрілеріне, мысалы, валацикловирге қатысты бәсекелесу ықтималдығы бар, бұл екі дәрілік зат концентрациясының әріқарай ұлғаюына әкелуі мүмкін.

Антацидтер және протонды помпа тежегіштері (ППТ)

Микофенолат мофетилін (ММФ) магний және алюминий гидроксидтері және ППТ сияқты антацидтермен, соның ішінде лансопразолмен және пантопразолмен қабылдағанда МФҚ әсері төмендеген. ММФ және ППТ қабылдайтын пациенттер мен ППТ қабылдамайтын пациенттер арасында трансплантаттың ажырау немесе трансплантат жоғалту жиілігінде елеулі айырмашылық анықталмаған. Бұл деректер осы нәтиженің барлық антацидтерге тән таралуын растайды, өйткені магний және алюминий гидроксидтерімен ММФ бірге қабылданғанда әсерінің төмендеуі бірге ММФ және ППТ енгізу кезіндегіден едәуір аз.

Холестирамин

Алдын ала 4 күн бойы тәулігіне 3 рет 4 г холестирамин қабылдаған дені сау еріктілерге 1,5 г микофенолат мофетилінің бір реттік дозасын тағайындаудан кейін МФҚ AUC 40% азаюы байқалды. Микофенолат мофетилінің тиімділігін төмендетуі мүмкін екендіктен, қатарлас қабылдауды абайлап жүргізген жөн.

Бауыр-ішек кері айналымына ықпал ететін дәрілік препараттар

Микофенолат мофетилі тиімділігінің төмендеу мүмкіндігі себепті бауыр-ішек айналымын бөгейтін дәрілік заттарды абайлап қолдану керек.

Циклоспорин А

Циклоспорин А (СsА) фармакокинетикасы микофенолат мофетилін қабылдауға байланысты емес. Бірақ, циклоспоринмен қатарлас емделуді тоқтатқанда МФҚ AUC шамамен 30% артуы мүмкін. CsA МФҚ бауыр-ішек айналымына бөгет болады, бұл микофенолат мофетилі мен CsA қабылдаған бүйрек трансплантациясынан кейінгі науқастарда, сиролимус немесе белатасепт және микофенолат мофетилінің осыған ұқсас дозаларын қабылдаған пациенттермен салыстырғанда, МФҚ әсерінің 30-50% төмендеуіне әкеледі. Ал керісінше, пациенттер CsA-дан бауыр-ішектегі МФҚ айналымына бөгет болмайтын иммунодепрессанттардың біреуіне ауыстырылғанда МФҚ әсерінің өзгеруін күту керек.

Телмисартан

Бір мезгілде телмисартан мен микофенолат мофетилін қабылдауҚ концентрациясының шамамен 30% төмендеуіне әкелді. Телмисартан PPAR гамма (пероксись пролифераторымен белсендірілетін гамма-рецептор) синтезін күшейту арқылы МФҚ шығарылуын өзгертеді, өз кезегінде, бұл UGT1A9 синтезі мен белсенділігінің күшеюіне әкеледі. Телмисартанды қатарлас қабылдаумен және онсыз микофенолат мофетилін алатын пациенттер арасында трансплантаттың ажырау жиілігін, трансплантат жоғалту немесе қолайсыз оқиғалар жиілігін салыстырғанда, фармакокинетикалық өзара әрекеттесуінің клиникалық зардаптары білінбеген.

Ганцикловир

Бүйрек жеткіліксіздігінің микофенолат мофетилі мен ганцикловир фармакокинетикасына белгілі әсері есепке алынатын микофенолат мофетилінің және в/і ганцикловирдің ұсынылатын дозалары бір рет ішу арқылы қабылданатын зерттеудің нәтижелері бойынша осы екі препаратты (өзекшелік секреция үдерісінде бәсекелесетін) бір мезгілде қолдану МФҚГ және ганцикловир концентрациясының ұлғаюына әкеледі деп жорамалдауға болады. МФҚ фармакокинетикасының елеулі өзгерістері күтілмейді, сондықтан Микофенолат Мофетил Аккорд дозасын түзету керек емес. Егер Микофенолат Мофетил Аккорд, ганцикловир және оның валганцикловир сияқты аналогтары бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға тағайындалса, ганцикловир үшін ұсынылатын дозалау режимін ұстанып, науқастарды мұқият қадағалау қажет.

Ішуге арналған контрацептивтер

Микофенолат мофетилі бір мезгілде қолданғанда ішуге арналған контрацептивтер фармакокинетикасына және фармакодинамикасына ықпал етпейді.

Рифампицин

Циклоспорин қабылдайтын пациенттерде бір мезгілде микофенолат мофетилі мен рифампицин қабылдау МФҚ әсерінің (AUC 0-12 сағ.) 18%-дан 70% дейін төмендеуіне әкеледі. Бір мезгілде рифампицин қолданылғанда клиникалық тиімділігін сақтай отырып, МФҚ деңгейлерін бақылау және микофенолат мофетилі дозасын реттеу ұсынылады.

Севеламер

Севеламер мен микофенолат мофетилін бір мезгілде қолдану клиникалық зардаптарсыз (яғни, трансплантат ажырауынсыз), тиісінше, МФҚ Сmax және AUC0-12 30% және 25% төмендетті. МФҚ сіңірілуінің әсерін азайта түсу үшін севеламер қабылдаудан, кем дегенде, бір сағат бұрын немесе одан кейін үш сағаттан соң Микофенолат Мофетил Аккорд қабылдау ұсынылады. Микофенолат мофетилінің, севеламерді қоспағанда, басқа да фосфат байланыстыратын препараттармен өзара әрекеттесу деректері жоқ.

Триметоприм/ сульфаметоксазол

МФҚ биожетімділігіне әсері байқалмаған.

Норфлоксацин және метронидазол

Дені сау еріктілерде микофенолат мофетилін норфлоксацинмен бір мезгілде және бөлек метронидазолмен қабылдағанда елеулі өзара әрекеттесу байқалмаған. Бірақ, норфлоксацинмен және метронидазолмен біріктірілімде бір мезгілде МФҚ тағайындау микофенолат мофетилін бір рет қабылдаудан кейінгі МФҚ әсерін 30% төмендетеді.

Ципрофлоксацин және амоксициллин клавулан қышқылымен біріктірілімде

Бүйрек трансплантациясынан кейінгі пациенттерде клавулан қышқылымен біріктірілімде ципрофлоксацин немесе амоксициллинді ішу арқылы қабылдаудан кейінгі күндерде МФҚ ең төмен концентрациясының 50% төмендеуі байқалады. Осы әсер бактерияға қарсы емді жалғастырғанда төмендейді, ал емді тоқтатқан соң басылады. Егер МФҚ жалпы экспозициясының өзгерістерінің дәл көрсетілуі болмаса, МФҚ дозасын өзгерту қажет емес. Осылайша, трансплантат дисфункциясының клиникалық белгілері болмаса, Микофенолат Мофетил Аккорд дозасын өзгерту қажет емес. Дегенмен де, антибиотиктермен біріктірілгенде және олармен емделуден кейін бірден клиникалық бақылау жүргізілуі тиіс.

Такролимус

Бауырын ауыстырып салудан кейін пациенттерде МФҚ бір мезгілде тағайындалғанда AUC және Сmax мәніне ықпалы анықталмаған. Бауырын ауыстырып салудан соң науқастарда тәулігіне 2 рет 1,5 г дозада көп рет МФҚ қабылдаудан кейін такролимус AUC шамамен 20% ұлғайды. Бүйрек трансплантациясынан кейінгі пациенттерде микофенолат мофетилін тағайындау такролимус концентрациясына ықпал етпеген.

Басқа да өзара әрекеттесулер

Маймылдарға пробенецид пен микофенолат мофетилін бір мезгілде тағайындағанда плазмада МФҚГ AUC 3 есе ұлғаюы білінген. Осылайша, өзекшелік секрецияға ұшырайтын басқа дәрілік заттар МФҚГ-мен бәсекелесуі мүмкін, бұл МФҚГ немесе өзекшелік секрецияға ұшырайтын басқа препараттың да плазмалық концентрациясының артуына алып келеді.

Тірі вакциналар

Иммунитеті әлсіреген пациенттерге енгізілмеуі тиіс. Басқа вакциналарға жауап ретінде антидене түзілуі төмендеуі мүмкін.

Балалар

Өзара әрекеттесу зерттеулері тек ересектер арасында жүргізілді.

Айрықша нұсқаулар

Қатерлі жаңа түзілімдер

Жалпы біріктірілген иммуносупрессия аясында да, Микофенолат Мофетил Аккорд иммуносупрессиялық сызба компоненті ретінде тағайындалғанда да, әсіресе, терінің лимфомалары және басқа да қатерлі жаңа түзілімдерінің жоғары даму қаупі бар. Бұл қауіп, сірә, қандай да бір осындай препаратты қолданумен емес, иммуносупрессия қарқынымен және ұзақтығымен байланысты. Тері обырының қаупін азайтуға арналған стандартты нұсқау сәйкесті жабық киім кию және қорғаныс факторының мәні жоғары күннен қорғайтын кремдер пайдалану арқылы күннің және УК сәулелерінің әсерін шектеу болып табылады.

Инфекция

Иммунодепрессанттар, соның ішінде Микофенолат Мофетил Аккорд қабылдаған пациенттер оппортунистік инфекциялардың (бактериялық, зеңдік, вирустық және протозойлық), өлімге соқтыратын инфекциялардың және сепсистің жоғары пайда болу қаупіне ұшырайды. Оппортунистік инфекциялар арасында В немесе С гепатиті вирусының қайта белсенділенуі сияқты жасырын вирустық қайта белсенділену және, өз кезегінде, үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатиямен байланысты Джон Каннингем вирусымен астасқан полиомавирустар (1 адам полиомавирусы (ВК вирусы) туғызған инфекциялар көбірек жиі кездеседі. Иммунодепрессанттар қабылдаған тасымалдаушы пациенттерде В гепатиті немесе С гепатиті вирусының қайта белсенділенуі салдарынан болатын гепатит жағдайлары тіркелген. Бұл инфекциялар иммундық жүйенің шектен тыс бәсеңдеуімен жиі байланысты және дәрігер иммунитеті әлсіреген, бүйрек функциясы бұзылған немесе неврологиялық симптомдары бар пациенттерде дифференциациялық диагностика кезінде ескеру керек болатын күрделі немесе өлімге ұшырататын жай-күйлерге әкелуі мүмкін.

Микофенолат мофетилін басқа иммунодепрессанттармен біріктірілімде қабылдайтын пациенттерде қайталамалы инфекциялармен байланысты гипогаммаглобулинемия жағдайлары тіркелген. Кейбір жағдайларда микофенолат мофетилінен баламалы иммуносупрессантқа ауысу сарысулық IgG деңгейлерін қалыпқа түсірді. Микофенолат Мофетил Аккорд қабылдау аясында қайталамалы инфекциялар дамыған пациенттер қан сарысуындағы иммуноглобулиндер мөлшерін өлшеу керек. Ұзаққа созылатын клиникалық мәнді гипогаммаглобулинемия жағдайларында микофенол қышқылы Т- және В-лимфоциттерге көрсететін цитостатикалық әсерді ескерумен тиісті клиникалық шараларды қарастыру керек.

Микофенолат мофетилін басқа иммунодепрессанттармен біріктірілімде қабылдаған ересектер мен балаларда бронхоэктаз жағдайлары жөнінде хабарламалар жарияланған. Кейбір жағдайларда микофенолат мофетилінен басқа иммунодепрессантқа ауысу респираторлық симптомдардың жақсаруына алып келді. Бронхоэктаз қаупі гипогаммаглобулинемиямен немесе өкпеге тікелей әсер етумен байланысты болуы мүмкін. Кейбіреулері өлімге соқтырған өкпенің интерстициальді ауруы және өкпе фиброзы туралы жекелеген хабарламалар да алынған. Жөтел және ентігу сияқты тұрақты өкпе симптомдары пайда болған пациенттерді тексеруден өткізуге кеңес беріледі.

Қан және иммундық жүйе

Микофенолат Мофетил Аккорд қабылдайтын пациенттерде нейтропенияның даму мүмкіндігіне ерекше көңіл бөлу керек. Нейтропения Микофенолат Мофетил Аккорд қабылдаумен де, басқа дәрілік препараттар қолданумен де, вирустық инфекциялармен немесе осы себептердің бірігуімен тікелей байланысты болуы мүмкін. Микофенолат мофетилімен емделгенде қанның толық формуласын емдеудің алғашқы айында апта сайын, екінші және үшінші айларында айына 2 рет, ал артынан бірінші жыл бойына ай сайын анықтау қажет. Нейтропения пайда болғанда (нейтрофилдердің абсолютті саны 1,3 х 103/мкл аз) Микофенолат Мофетил Аккорд емін тоқтату немесе дозасын азайту қажет.

Басқа иммуносупрессиялық препараттармен біріктірілімде микофенолат мофетилін қабылдаған пациенттерде парциальді қызыл жасушалы аплазияның (ПҚЖА) даму жағдайлары байқалды. Микофенолат мофетилінің ПҚЖА әсер ету механизмі белгісіз. ПҚЖА дамуын Микофенолат Мофетил Аккорд дозасын азайту немесе емін тоқтату арқылы тоқтатуға болады. Микофенолат Мофетил Аккорд емінің сызбасына өзгертуді трансплантаттың ажырау қаупін азайта түсу үшін тек пациентті тиісінше бақылаумен жүргізген жөн.

Микофенолат Мофетил Аккорд қабылдайтын науқастар инфекцияның, қанағыштықтың, қан кетудің кез келген белгілері немесе сүйек кемігі қызметі бәсеңдеуінің кез келген белгілері туралы бірден дәрігерге хабарлау қажет екенінен мәліметтенген болуы тиіс.

Пациенттерге Микофенолат Мофетил Аккордпен емделу кезінде екпелер тиімділігінің аз болуы мүмкін екенін, сондықтан да тірі әлсіретілген вакциналар пайдаланбау керектігін ескерткен жөн. Тұмауға қарсы вакцинация да емге әсер етуі мүмкін. Препаратты тағайындайтын медициналық қызметкерлер тұмауға қарсы вакцинация бойынша ұлттық нұсқауларға сүйену керек.

АІЖ-на әсері

Микофенолат Мофетил Аккорд қабылдаудың АІЖ шырышты қабығының ойық жаралануы, асқазан-ішектен қан кету, АІЖ тесілуі сияқты сирек жағымсыз құбылыстарды қоса, АІЖ тарапынан болатын жағымсыз реакциялармен қатар жүруі мүмкін екендіктен, ас қорыту жолының өршу сатысындағы аурулары бар науқастарға Микофенолат Мофетил Аккорд тағайындау кезінде сақ болу қажет.

Микофенолат мофетилі инозин-монофосфат-дегидрогеназа (ИМФДГ) тежегіші екендіктен, теориялық тұрғыдан, оны сирек генетикалық себептен болатын гипоксантин-гуанин фосфорибозилтрансферазаның (Леш-Найен және Келли-Зигмиллер синдромдары) тұқым қуалайтын тапшылығы бар пациенттерге тағайындауға болмайды.

Өзара әрекеттесулер

Бауыр-ішектегі МФҚ кері айналымын бөгейтін иммунодепрессанттармен біріктірілген емді, мысалы, циклоспоринді ондай әсері жоқ басқа препараттарға, мысалы, сиролимус, белатасептке немесе керісінше алмастырғанда сақтық таныту керек, бұл МФҚ әсерлерінің өзгеруіне әкелуі мүмкін. Бауыр-ішектегі МФҚ кері айналымын бөгейтін басқа кластар препараттары, мысалы, холестирамин плазмада МФҚ деңгейін және оның тиімділігін төмендету қабілетіне орай сақтықпен пайдаланылу керек.

Азатиопринмен бір мезгілде Микофенолат Мофетил Аккорд қабылдау ұсынылмайды, өйткені ондай біріктірілім зерттелмеген.

Такролимуспен немесе сиралимуспен біріктірілген микофенолат мофетилінің қауіп/пайда арақатынасы анықталмаған.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттерде, жастау тұлғалармен салыстырғанда, инфекциялар (соның ішінде, инвазиялық тіндік цитомегаловирустық инфекция), асқазан-ішектен қан кету және өкпе ісінуі сияқты қолайсыз құбылыстардың жоғары даму қаупі бар.

Тератогенді әсерлері

Микофенолат адамға күшті тератогенді әсер көрсетеді. Жүктілік кезіндегі ММФ әсерінен кейін өздігінен түсік тастау (жиілігі 45-49%) және туа біткен даму ақаулары (шамамен жиілігі 23-27%) тіркелген. Сондықтан Микофенолат Мофетил Аккорд, трансплантат ажырауын болдырмайтын баламалы емдеу әдістері болмаған жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде қарсы көрсетілімді. Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер мен ерлер қауіптер туралы мағлұматтанған болуы және «Контрацепция» бөлімінде берілген нұсқауларды қадағалауы тиіс. Дәрігер микофенолат қабылдайтын әйелдер мен ерлердің сәби үшін зиянды қауіпті, тиімді контрацепцияның, сондай-ақ жүкті болу мүмкіндігінде өз дәрігерімен кідіріссіз кеңесудің қажеттілігін түсінетінін тексеруі тиіс.

Контрацепция

Микофенолат мофетилінің геноуыттылық және тератогенділік қуатына орай, егер бас тарту контрацепцияның таңдалған әдісі болмаса, бала туу жасындағы әйелдер Микофенолат Мофетил Аккорд емі басталғанша, ем кезінде және емді тоқтатудан кейін алты ай бойы бір мезгілде контрацепцияның екі сенімді түрін пайдалану керек.

Сексуалдық белсенді ерлерге емделу кезінде және емді тоқтатудан кейін, кем дегенде, 90 күн бойы мүшеқаптар пайдалануға кеңес беріледі. Мүшеқаптар пайдалану ұрық сұйықтығының берілуімен байланысты қауіптердің болуына орай ұрпақ өрбітуге қабілетті ерлерге де, вазэктомиядан кейінгі ерлерге де қатысты. Бұдан бөлек, Микофенолат Мофетил Аккорд қабылдаған ерлердің жұптас әйелдеріне емделу кезінде және Микофенолат Мофетил Аккордтың соңғы дозасын қабылдаудан кейінгі жалпы жиынтығы 90 күн ішінде жоғары тиімді контрацепцияны пайдалануға кеңес беріледі.

Жүктілік

Жүктілік кезінде Микофенолат Мофетил Аккорд пайдалану қарсы көрсетілімді және аса қолайлы баламалы ем жоқ болған жағдайларда ғана болады. Микофенолат Мофетил Аккорд емін жүктілікке тексерілудің теріс нәтижесі алынатын сәтке дейін бастауға болмайды.

Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер мен ерлер емдеудің басында түсік тастау және туа біткен даму ақауларының жоғары қаупі жөнінде мағлұматтанған болуы және контрацепция тәсілдері мен жоспарлау жөнінде кеңес алуы тиіс.

Микофенолат Мофетил Аккорд емін бастар алдында бала туу жасындағы әйелдер микофенолаттың эмбрионға алдын ала көздеусіз әсер етуін жоққа шығару үшін жүктілік тестісінен өтуі тиіс. Жүктіліктің бар-жоғын анықтауға сезімталдығы 25 мХБ / мл кем емес екі сарысу немесе несеп талдауы ұсынылады; екінші талдау біріншісінен кейін 8-10 күн өткен соң және микофенолат мофетилін қабылдауды тура бастар алдында жасалады. Клиникалық қажеттілік болса (мысалы, контрацепциядағы үзілістен соң) жүктілікке тестілерді қайталау қажет. Жүктілікке өткізілген барлық тест нәтижелері пациентпен талқылануы тиіс. Пациенттерге жүктілік басталғанда шұғыл дәрігерге көріну туралы нұсқау берілуі тиіс.

Микофенолат тератогенді әсері зор препарат болып табылады және жүктілік кезінде қабылданған жағдайда өздігінен түсік тастау және туа біткен даму ақауларының жоғары қаупін туындатады;

  • Басқа иммунодепрессанттар (микофенолат мофетилін қоспай) қабылдайтын ауқымды ағзаларын ауыстырып салудан кейінгі 12-33% пациентпен салыстырғанда, өздігінен түсік тастаулар микофенолат мофетилін қабылдаған жүкті әйелдердің 45-49%-да тіркелді.

  • Әдебиеттегі хабарламалар негізінде даму ақаулары жүктілік кезінде микофенолат мофетилін қабылдаған әйелдерден тірі туған балалардың 23-27%-да тіркелді (жалпы қауымда тірі туған балалардың 2-3% және, микофенолат мофетилін қоспай, басқа иммунодепрессанттар қабылдаған ауқымды ағзаларын ауыстырып салудан кейінгі пациенттерде тірі туған балалардың 4-5% шамасымен салыстырғанда).

  • Туа біткен даму ақаулары, соның ішінде жүктілік кезінде микофенолат мофетилін басқа иммунодепрессанттармен біріктірілімде қабылдаған пациент әйелдердің балаларында тіркеуден кейінгі кезеңде алынған көптеген ақаулар туралы хабарламалар. Келесі даму ақаулары туралы бәрінен жиірек хабарланған:

  • Құлақ аномалияларыысалы, сыртқы/ортаңғы құлақтың аномальді пішіні немесе болмауы), сыртқы есту жолының атрезиясы;

  • Жүрекшелік және қарынша аралық қалқалар ақаулары сияқты туа біткен жүрек ақаулары;

  • Қоян жырық, жарық таңдай, микрогнатия және орбиталар гипертелоризмі сияқты беттің даму ақаулары;

  • Көз аномалияларыысалы, колобома);

  • Саусақтардың даму ақауларыысалы, полидактилия, синдактилия);

  • Трахея мен өңештің даму ақауларыысалы, өңеш атрезиясы);

  • Омыртқа жарығы сияқты жүйке жүйесінің даму ақаулары;

  • Бүйректің даму ақаулары.

  • Бұдан бөлек, келесі ақаулар туралы жекелеген хабарламалар алынған:

  • Микрофтальмия;

  • Тамырлар өрімінің туа біткен кистасы;

  • Мөлдір қалқа агенезиясы;

  • Иіс сезу жүйкесінің агенезиясы.

Жануарларға жүргізілген зерттеулер препараттың тұқым өрбітуге уыттылығын көрсетті.

Емшекпен қоректендіру кезеңі

Микофенолат мофетилі емізетін егеуқұйрықтар сүтінен анықталған. Бұл заттың адамда ана сүтіне бөлінуі белгісіз. Емшекпен қоректендіру кезінде микофенолат мофетилін қабылдау салдарынан болуы мүмкін ауыр жағымсыз реакциялардың туындауына орай, Микофенолат Мофетил Аккорд бала емізетін аналарға қарсы көрсетілімді.

Қосымша сақтану шаралары

Пациенттер ем кезінде және микофенолат қабылдауды тоқтатудан кейін 6 апта ішінде донорлық қан тапсырмауы тиіс. Ерлер ем кезінде және микофенолат қабылдауды тоқтатудан кейін 90 күн бойы шәуһет донорлары бола алмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қабылдағанда көлік құралын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару кезінде сақтық шарасын қадағалау керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: микофенолат мофетилін артық дозалау шектен тыс иммуносупрессияға, инфекцияларға сезімталдықтың артуына, сүйек кемігінің бәсеңдеуіне әкелуі ықтимал деп күтіледі.

Емі: нейтропения дамығанда – Микофенолат Мофетил Аккорд дозасын азайту немесе қабылдауды тоқтату.

Гемодиализ әдісімен организмнен МФҚ және МФҚГ шығаруға болмайды. Өт қышқылдарын байланыстыратын препараттар, мысалы, холестирамин организмнен микофенол қышқылының оның экскрециясын ұлғайта отырып, жойылуына ықпал ете алады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлорид/поливинилдихлоридті (ПВХ/ПВДХ) үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 капсуладан салады.

Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге пішінді 10 қаптамадан картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Intas Pharmaceuticals Limited. Matoda, Үндістан

Қаптаушы кәсіпорын

Accord Healthcare Limited. Middlesex, Ұлыбритания

Тіркеу куәлігінің иесі

Accord Healthcare Limited. Middlesex, Ұлыбритания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Авицена-ЛТД» ЖШС

050002, Алматы қ., Жангелдин к-сі, 31, 416 кеңсе

тел./факс: +7727 3572387 /88/ 89

e-mail: reg@avitsena.kz

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

ConsultAsia ЖШС

Шевченко к-сі 165 Б, 909 а кеңсе

тел./факс: +77051708876/+77051708825

e-mail: pv@consultingasia.kz

Прикрепленные файлы

Микофенолата_Мофетил_Аккорд_инструкция_рус.doc 0.15 кб
ММ_Аккорд_инструкция_каз.doc 0.21 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники