Микосист® (50 мг)

МНН: Флуконазол
Производитель: Гедеон Рихтер ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fluconazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009541
Информация о регистрации в РК: 15.12.2015 - 15.12.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 131.57 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Микосист®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Флуконазол

Дәрілік түрі

50 мг, 100 мг, 150 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат: 50 мг, 100 мг немесе 150 мг флуконазол,

қосымша заттар: сусыз кремнийдің коллоидты қостотығы, магний стеараты, тальк, повидон, жүгері крахмалы, сусыз лактоза

желатин капсуланың құрамы:

корпусы: титанның қостотығы (Е 171), желатин

қақпақшасы: индигокармин (Е 132), титанның қостотығы (Е 171), желатин.

Сипаттамасы

Ақ түсті корпусы және ашық-көк түсті қақпақшасы бар, мөлдір емес

қатты желатин капсулалар, өлшемі № 4 (50 мг доза үшін).

Ақ түсті корпусы және көгілдір түсті қақпақшасы бар, мөлдір емес

қатты желатин капсулалар, өлшемі № 2 (100 мг доза үшін).

Ақ түсті корпусы және көк түсті қақпақшасы бар, мөлдір емес

қатты желатин капсулалар, өлшемі № 1(150 мг доза үшін).

Капсуланың ішінде – ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ немесе ұнтақ тәрізді тығыз масса.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған зеңге қарсы препараттар. Триазол туындылары. Флуконазол

АТХ коды J02AC01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдаудан кейін флуконазол жақсы сіңеді, биожетімділігі 90 құрайды.

Ішке қабылдаудан кейін 1-2 сағаттан соң қан плазмасында ең жоғары деңгейіне жетеді. Бір мезгілде ас ішу препараттың сіңімділігіне ықпал етпейді. Тепе-тең 90 қанығу күйі бір реттік 4-5 доза қабылдаудан кейін басталады. Әдеттегі екі есе доза қабылданған жағдайда қан плазмасындағы концентрациясы екінші күні-ақ тепе-тең 90 қанығу күйіне жетеді.

Флуконазол плазма ақуыздарымен 11-12 байланысады. Флуконазол биологиялық сұйықтықтарға оңай өтеді. Зеңдік менингитте жұлын-ми сұйықтығындағы концентрациясы қандағы концентрациясынан 80 құрайды. Дені сау еріктілердің сілекейі, қақырығы мен плазмасында флуконазол концентрациясы бірдей. Терінің барлық қабаттарындағы концентрациясы қандағы концентрациядан асып түседі. Күнделікті 50 мг дозаларын қабылдау барысында мүйізгек қабаттағы флуконазол деңгейі 12 күн өткенде 73 мкг/г, ал ем аяқталған соң 7 күн өткенде 5,8 мкг/г құрайды. Апта сайын 150 мг препарат қабылдаудан тұратын екі апталық курстан кейін мүйізгек қабаттағы флуконазол концентрациясы 23,4 мкг/г, ал тағы 7 күн өткен соң 7,1 мкг/г құрайды.

Тырнақтардың зеңді зақымдануларында апта сайын 150 мг дозалар қабылданатын 4 айлық курс аяқталған соң флуконазол концентрациясы еріктілердің сау тырнақтарында 4,05 мкг/г, ал зақымданған тырнақтарда 1,8 мкг/г құрайды. Ем аяқталған сәттен бастап 6 ай өткен соң да тырнақ пластинкаларында флуконазол барын анықтауға болады.

Жартылай шығарылу кезеңі 30 сағат құрайды, ол бүйрек функциясының бұзылуында ұзарады (98 сағатқа дейін).

Флуконазол ең алдымен бүйрек арқылы шығарылады, жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) - 30 сағат, бұл орайда несептен препараттың 80 өзгермеген күйде және 11 метаболиттер түрінде табылады. Флуконазол клиренсі креатинин клиренсіне (КК) пропорционал. Флуконазол фармакокинетикасы бүйректің функциялық жағдайына едәуір байланысты, бұл орайда Т1/2 және КК арасында кері пропорционалды тәуелділік бар. Гемодиализден кейін қан плазмасындағы флуконазол концентрациясы 50 төмендейді.

Ұзаққа созылатын жартылай шығарылу кезеңіне орай, препаратты бір рет қабылдау қынаптық кандидоз санациясын қамтамасыз етеді, ал кейбір басқа зеңді зақымдануларда флуконазолды аптасына бір рет қабылдау жеткілікті болады.

Фармакодинамикасы

Микосист® препаратының әсер етуші заты – флуконазол триазолдарға жатады және зеңге қарсы жүйелі әсер ететін препарат болып табылады. Оған сезімтал зеңдерде флуконазол зеңдердің жасушалық жарғақшаларында эргостерол синтезінің бұзылуына әкеліп, Р450 цитохромына тәуелді энзимдерді бөгейді.

Зеңге қарсы әсер ету ауқымы кең дәрі бола отырып, Микосист® капсулалары Candida және Cryptococcus neoformans тудырған жүйелі инфекцияларда тиімді. Гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтіп, бассүйекішілік инфекциялардың тиімді емделуін қамтамасыз етеді.

Бұдан бөлек, Histoplasma capsulatum, Вlastomyces dermatitidis, Paracoccidioides brasiliensis, Coccidioides immitis (соның ішінде интракраниальді инфекцияларда да), сондай-ақ Microsporum және Тrichophyton штаммдары тудырған инфекцияларға қарсы тиімді.

Жануарларға жүргізілген зерттеулерде флуконазол иммунитеті қалыпты және төмендеп кеткен тұқым түрлерінде интракраниальді инфекцияларды, сондай-ақ Histoplasma capsulatum қамтитын Blastomyces dermatitidis, Coccidioides immitis тудырған эндемиялық инфекцияларды емдеуде тиімді болды. Candida krusei флуконазолға төзімді болып табылады. Candida gladrata флуконазолға бастапқыда 40 төзімді болады.

Микосист® капсулалары препаратына зеңдік Р450 цитохромымен спецификалық өзара әрекеттесу тән, сондықтан препараттың 50 мг тәуліктік дозасы ересек ерлердегі тестостерон концентрациясына және бала туу жасындағы әйелдердегі стероидтар концентрациясына әсер етпейді.

Қолданылуы

Ересектердегі емдеу

- жүйелі кандидоз (кандидемия, ішперденің, тыныс ағзаларының, несеп-жыныс жүйесінің қуысында диссеминацияланған эндокард кандидозы).

- тері және шырышты қабықтар кандидозы: орофанингельді, эзофагеальді, инвазиялық емес бронх-пульмональді, уретрит, ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протезінен болатын уылу), кандидозды вагинит (жедел немесе қайталанбалы), баланит

- криптококкты менингит

- кокцидиомикоз

- кебек тәрізді теміреткі

- дерматофиттер тудырған микоздар (сыртқа қолданылған ем тиімсіз болған кездегі табан, дене, шап аумағы микоздары)

- басқа препараттарды қолдану мүмкін болмайтын онихомикоздар

- эндемиялық микоздар: кокцидиоидоз, паракокцидиоидоз, споротрихоз және гистоплазмоз

Ересектердегі профилактика

- АИТВ инфекциясымен науқастарда және оның даму қаупі жоғары науқастарда криптококкты менингиттің қайталануы.

- цитостатиктер немесе сәулемен ем алатын науқастардағы немесе гематопоэздік дің жасушаларын трансплантациялаудан кейінгі пациенттердегі немесе АИТВ инфекциясымен науқастардағы кандидоз (мысалы, орофарингеальді немесе эзофагеальді кандидоз).

- жылына 4 және одан көп көріністері болатын қайталамалы вагиниттер, баланиттер кезінде ауруға шалдығуды төмендету үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Капсулаларды тамақтануға дейін немесе одан кейін аз мөлшердегі сумен бүтіндей қабылдау керек.

Микосистті® ішу арқылы немесе көктамыр ішіне қолдануға болады, қолдану тәсілі науқастың жай-күйіне байланысты.

Көктамыр ішінен ішу арқылы енгізуге және керісінше тәуліктік дозасын өзгертпей-ақ ауысуға болады, яғни тәуліктік дозасы препаратты енгізу тәсіліне тәуелденбейді.

Емдеуді микробиологиялық немесе зертханалық зерттеу нәтижелерін алуға дейін бастауға болады; әріқарай алынған нәтижелерге сәйкес спецификалық фунгицидті емді таңдау қажеттілігі туындауы мүмкін. Флуконазолдың тәуліктік дозасы инфекцияның түрі мен оның ауырлығына байланысты. Емдеуді симптомдар толық басылғанша және зертханалық көрсеткіштер қалыпқа түскенше жалғастырған жөн. Жазылуы үшін Микосист® капсулалары 150 мг препаратын бір рет қабылдау жеткілікті болатын қынаптың жедел кандидозы ерекшелік ретінде қаралады. Емдеуді мерзімінен бұрын тоқтату қайталануға алып келеді. Криптококкты менингит пен қайталанатын орофарингеальді кандидоз, әдетте, АИТВ инфекциясын жұқтырған науқастарда ұзақ емделуді талап етеді.

Ересектердегі емдеу және профилактика ұзақтығы және дозалар

Көрсетілімдері

Дозалары

Емдеу ұзақтығы

Криптококкты инфекциялар

- Криптококкты менингитті емдеу

Қанығу дозасы: бірінші күні 400 мг, артынан күніне бір рет 200-400 мг

Әдетте 6-8 аптадан кем емес. Өмірге қатерлі жағдайларда тәуліктік дозаны 800 мг дейін арттыруға болады

- Оның даму қаупі жоғары науқастарда криптококкты менингиттің қайталану профилактикасына арналған демеуші ем

күніне 200 мг

200 мг тәуліктік дозамен шектелмейді

Кокцидиоидомикоз

 

200-ден 400 мг дейін

Пациенттің жағдайына қарай 11-ден 24 айға және одан ұзақ уақытқа дейін.

Инфекцияның кейбір түрлерін, әсіресе, ми қабықтарын зақымдайтын инфекцияларды емдеуге тәулігіне 800 мг дозаны пайдалануға болады

Инвазивтік кандидоз

 

Қанығу дозасы: бірінші күні 400 мг, артынан күніне бір рет 400 мг

Әдетте ұсынылатын кандидемияны емдеу ұзақтығы екпенің алғашқы теріс нәтижесінен және кандидемия симптомдары басылған соң 2 апта құрайды

Шырышты қабықтар кандидоздары

- Орофаринге-

альді кандидоз

Қанығу дозасы:

бірінші күні 200-400 мг, артынан күніне бір рет 100-200 мг

Орофарингеальді кандидоз ремиссиясына дейін

7-21 күн.

Ауыр иммуносупрессияға шалдыққан пациенттерге препаратты ұзағырақ уақытқа тағайындауға болады

- Эзофагиальді кандидоз

Қанығу дозасы:

бірінші күні 200-400 мг, артынан күніне бір рет 100-200 мг

Эзофагиальді кандидоз ремиссиясына дейін 14-30 күн.

Иммунитет тапшылығы ауыр пациенттерде препаратты ұзақтау уақытқа тағайындауға болады

- Кандидурия

тәулігіне 200-400 мг

7-21 күн.

Иммунитет тапшылығы ауыр пациенттерде препаратты ұзақтау уақытқа тағайындауға болады

- Ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы

күніне 50 мг

14 күн

- Терінің және шырышты қабықтардың созылмалы кандидозы

тәулігіне 50-100 мг

28 күнге дейін. Көпке созылатын емдеу ұзақтығы инфекцияның немесе иммунитет тапшылығының ауырлығына және олар тудыратын инфекцияға байланысты

АИТВ инфекциясына шалдыққан пациенттерде даму қаупі жоғары шырышты қабықтар кандидозының

қайталану профилактикасы

- Орофаринге-

альді кандидоз

тәулігіне 100-200 мг немесе аптасына 3 рет 200 мг

Созылмалы иммунитет тапшылығы пациенттер үшін шектеусіз емдеу кезеңі

- Эзофагиальді кандидоз

тәулігіне 100-200 мг немесе аптасына 3 рет 200 мг

Созылмалы иммунитет тапшылығы бар пациенттер үшін емдеу кезеңі шектеусіз

Генитальді кандидоздар

- Жедел кандидозды вагинит

- Кандидозды баланит

150 мг

Бір реттік доза

 

- Жылына 4 және одан көп көріністен қайталанатын вагиниттер емі және профилактикасы

әр үшінші күні 150 мг барлығы 3 доза (1-ші, 4-ші, 7-ші күні), кейіннен аптасына бір рет 150 мг демеуші дозамен

Демеуші доза үшін

6 ай

Дерматомикоздар

- табан микозы,

- тегіс тері микозы,

- сирақтар микозы

аптасына бір рет 150 мг немесе күніне 50 мг

2-ден 4 аптаға дейін,

табан микозын емдеу үшін 6 аптаға дейін емдеу ұзақтығы керек болуы мүмкін

 

- кебек тәрізді теміреткі

аптасына бір рет 300-400 мг

1-ден 3 аптаға дейін

   

күніне 50 мг

2-ден 4 аптаға дейін

 

- онихомикоз

аптасына бір рет 150 мг

Емдеуді тырнақтың зақымданған бөлігі толығымен сау күйге ауысқанша жалғастырған жөн. Әдетте, бұл үшін қол саусақтары тырнақ пластинкасының өсуіне 3-6 ай және аяқ башпайлары тырнақ пластинкасының өсуіне 6-12 ай қажет болады. Тырнақ пластинкасының өсу жылдамдығы жекелеген адамдарда қатты ерекшеленуі мүмкін және жас ұлғаюымен баяулайды. Кейбір жағдайларда созылмалы инфекцияны тиімді емдеуден кейін тырнақ пластинкасы деформацияланған күйде қалуы мүмкін.

Ұзаққа созылатын нейтропениясы бар пациенттерде кандидозды инфекциялар профилактикасы

 

200-400 мг

Препарат нейтропенияның ықтималды білінуінен бірнеше күн бұрын тағайындалады, ал нейтрофильдер санының 1000/мм³ дейін артуынан соң флуконазолмен емдеуді тағы 7 күн бойы жалғастырады

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде

Қалыпты бүйрек функциясында әдеттегі дозалар тағайындалады. Емдеудің бір күндік курсында (қынаптық кандидоз жағдайында) дозаны өзгертпейді.

Қалған жағдайларда, әр жеке көрсетілім кезінде ұсынылатын тәуліктік дозаға сай, емдеуді қанықтыру дозасынан, яғни 50-400 мг препаратты ішке қабылдаудан бастау керек. Әріқарай 50 мл/мин креатинин клиренсінде - әдетте ұсынылатын тәуліктік дозасы.

Креатинин клиренсі  50 мл/мин болғанда әдеттегі тәуліктік дозасын екі есе азайту қажет, қабылдау жиілігі күніне 1 рет.

Ұзақ гемодиализда жүрген науқастарда – әр сеанстан соң әдетте ұсынылатын доза.

Бауыр жеткіліксіздігінде

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде қолданылуы туралы шектеулі деректер бар, сондықтан флуконазол бауыр функциясы бұзылған пациенттерге сақтықпен тағайындалу керек.

Егде жастағы пациенттерде қолдану

Доза бүйрек функциясына сай түзетілуі тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Жиі ( 1/100 – 1/10)

- бас ауыру

- жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, диарея

- тері бөртулері

- бауыр ферменттері (АЛАТ, АСАТ, сілтілік фосфатаза) белсенділігінің жоғарылауы

Жиі емес ( 1/1000 – 1/100)

- анемия

- тәбеттің төмендеуі

- дәм сезудің бұзылуы, бас айналу, сезімталдықтың өзгеруі, ұйқышылдық, ұйқысыздық

- вертиго

- ауыздың кеберсуі, ас қорытудың бұзылуы, іштің кебуі, іш қатулар

- холестаз, сарғаю

- терінің қышынуы, қатты терлеу, есекжем, дәрілік бөртпе (қайтпайтын дәрі-дәрмектік бөртпені қоса)

- бұлшықеттердің ауыруы

- шаршау, хал-ахуал нашарлауы, әлсіздік, температураның көтерілуі

- билирубин деңгейінің жоғарылауы

Сирек ( 1/10000 – 1/1000)

- агранулоцитоз, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения

- анафилаксиялық реакция, эксфолиативті дерматит, жедел жайылған экзантемозды пустулез, Стивенс-Джонсон синдромы, беттің ісінуі, ангионевроздық ісіну

- қарыншалардың жыпылықтауы/дірілдеуі, QT аралығының ұзаруы

- бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлы некроз, гепатит, гепатоцеллюлярлы зақымданулар

- уытты эпидермалық некролиз, алопеция

- гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия, гипокалиемия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- анамнездегі басқа триазол туындыларына жоғары сезімталдық

- терфенадинмен бір мезгілде қабылдау (400 мг және одан асатын флуконазолдың жоғары дозаларын қолдану кезінде)

- QT аралығын ұзартатын препараттармен (пимозид, хинидин, цизаприд, амиодарон, астемизол, эритромицин) бір мезгілде қабылдау. Галофантринмен бір мезгілде қолдану да кардиоуыттылық қаупін (QT аралығының ұзаруы, қарыншалар жыпылықтауы/дірілдеуі) арттыруы мүмкін

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балаларға (капсула құрамында бояғыш заттың болуына байланысты)

- тұқым қуалайтын глюкозаны, лактозаны, галактозаны көтере алмаушылық, мальабсорбция синдромы

Сақтықпен

Флуконазол қолдану аясында бауыр функциясы көрсеткіштерінің бұзылуы; беткейлік зеңді инфекцияға және инвазиялық/жүйелі зеңді инфекцияларға шалдыққан науқастарда флуконазол қолдану аясында бөртпенің пайда болуы; бір мезгілде 400 мг/тәуліктен аз дозада терфенадин мен флуконазол қолдану; көптеген қауіп факторлары (органикалық жүрек аурулары, электролитті теңгерім бұзылуы және осындай бұзылулардың дамуына ықпал ететін қатарлас ем) бар науқастардағы әлеуетті проаритмиялық жай-күйлер.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Келесі препараттармен бірге қолдану қарсы көрсетілімді:

- Цизаприд

Цизапридпен және флуконазолмен бір мезгілде емделген науқастарда, қарыншалардың жыпылықтау/дірілдеу ұстамаларын қоса, кардиальді жай-күйлер білінді. Флуконазол алған тұлғаларға цизаприд қолдануға болмайды.

- Терфенадин (400 мг-ден көп флуконазол дозаларын қолданғанда; СҮР 3А4 ферментінің субстраты)

Терфенадин және азол туындыларын бірге қолданғанда QT аралығының ұзаруымен қатар жүретін ауыр ырғақ бұзылулары білінетіндіктен, терфенадин мен флуконазолдың біріккен әсеріне сынақ өткізілді. Флуконазол 200 мг дозада қолданылған бір сынақта QT аралығының ұзаруы дәлелденбеген. Флуконазол 400 және 800 мг дозада қолданылған басқа сынақта 400 мг және одан жоғары дозадағы флуконазолдың қан плазмасында бір мезгілде қолданылған терфенадин концентрациясын нақты арттыратыны дәлелденді. Терфенадинді 400 мг және одан жоғары дозадағы флуконазолмен бірге қолдану қарсы көрсетілімді. Терфенадин 400 мг дозадан төмен флуконазолмен бірге қолданылғанда науқасты қатаң бақылау қажет.

- Астемизол (СҮР 3А4 ферментінің субстраты)

Астемизолмен артық дозалану, қарыншалардың жыпылықтау/дірілдеу ұстамаларын қоса, ауыр жүрек аритмиялары немесе жүректің тоқтап қалуы болатын QT аралығының ұзаруымен қатар жүреді. Жүрекке ауыр, кейде өлімге соқтыратын әсерінің болуы мүмкін екендіктен, астемизолды флуконазолмен бірге қолдану қарсы көрсетілімді.

- Пимозид

Іn vitro немесе in vivo зерттеулері жүргізілмеуіне қарамастан, флуконазол мен пимозидті бірге қабылдау пимозид метаболизмінің тежелісіне әкелуі мүмкін. Қан плазмасында пимозид концентрациясының жоғарылауы QT аралығының ұзаруына, ал сирек жағдайларда қарыншалар жыпылықтауы/дірілдеуінің дамуына әкелуі мүмкін. Флуконазол мен пимозидті бірге қабылдау қарсы көрсетілімді.

- Хинидин

Іn vitro немесе in vivo зерттеулері жүргізілмеуіне қарамастан, флуконазол мен хинидинді бірге қабылдау хинидин метаболизмінің тежелісіне әкелуі мүмкін. Хинидин қолдану QT аралығының ұзаруымен және қарыншалар жыпылықтауы/дірілдеуі дамыған сирек жағдайлармен қатар жүрді. Флуконазолды хинидинмен бірге қабылдау қарсы көрсетілімді.

- Амиодарон

Флуконазолды амиодаронмен бір мезгілде қолдану амиодарон метаболизмі тежелісіне әкелуі мүмкін. Амиодарон қолдану QT аралығының ұзаруымен қатар жүрген. Флуконазолды амиодаронмен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

- Эритромицин

Флуконазол мен эритромицинді бірге қабылдау кардиоуыттылық (QT аралығының ұзаруы, қарыншалар жыпылықтауы/дірілдеуі) және, соған сәйкес, кенеттен болатын коронарлық өлім қаупін арттыруы мүмкін. Флуконазол мен эритромицинді бірге қабылдау қарсы көрсетілімді.

Келесі препараттармен бірге қолдану ұсынылмайды:

Флуконазол метаболизміне әсер ететін препараттар

- Гидрохлоротиазид

Дені сау еріктілерде гидрохлоротиазид флуконазол концентрациясын 40 арттырды. Флуконазол мен тиазидтер туындыларын бірге қолданғанда осы өзара әрекеттесу жөнінде білу қажет, бірақ флуконазол дозасын немесе қабылдау режимін өзгерту қажеттілігі жоқ.

- Рифампицин (СҮР 450 ферментінің индукторы)

Рифампицинмен ұзаққа созылатын ем алған науқастарда флуконазол қолданғанда флуконазол сіңуінің қисық астындағы ауданы 25 төмендеді, ал жартылай шығарылу кезеңі 20 қысқарды. Осы препараттарды бірге қолданғанда флуконазол дозасын арттыру қажет болуы мүмкін.

Флуконазолдың басқа препараттар метаболизміне әсері

Флуконазол Р450 цитохромы СҮР 2С9 изоферментінің әсерін елеулі дәрежеде және СҮР 3А4 әсерін аз дәрежеде бөгейді. Флуконазол СҮР 2С19 изоферментінің де тежегіші болып табылады.

Соның салдарынан, аталған интеракциялардан басқа, оларды флуконазолмен бірге қолданғанда СҮР 2С9 немесе СҮР 3А4 ферменттерімен (мысалы: қастауыш алкалоидтары, хинидин) метаболизденетін басқа дәрілердің қан плазмасындағы концентрациясының артуын байқауға болады. Осыған орай, бұл препараттарды бірге қолданғанда абайлау және науқастарды бақылау қажет.

Флуконазолдың ферменттерді тежеу әсерін, флуконазолдың жартылай әрекет ету кезеңінің ұзақ болуына орай, емдеу курсын тоқтатудан кейін тағы 4-5 күн бойы байқауға болады.

- Алфентанил (СҮР 3А4 ферментінің субстраты)

Көктамыр ішіне 400 мг флуконазол мен 20 мкг/кг алфентанилді бірге енгізгенде, ықтималды түрде, СҮР 3А4 ферментінің тежелісіне орай, алфентанил сіңуінің қисық астындағы ауданы 50 ұлғайып, ал клиренсі 55 төмендеген. Осы екі препаратты бірге қолданғанда препараттардың дозасын өзгерту қажет болуы мүмкін.

- Амитриптиллин, нортриптиллин

Флуконазол амитриптиллин мен нортриптилин әсерін күшейтеді: біріктірілген емнің басында және апта өткен соң 5-нортриптилин және/немесе S-амитриптиллинді өлшеуге болады. Егер қажет болса, амириптиллин/нортриптилин дозалары түзетілуі тиіс.

- Амфотерицин Б:

Жұқпа жұқтырған қалыпты және иммуносупрессияланған тышқандарға бір мезгілде флуконазол мен амфотерицин B тағайындау мынадай нәтижелер көрсетті: C. albicans қатысты әлсіз аддитивті зеңге қарсы әсер, Cryptococcus neoformans интракраниальді инфекциясына қатысты өзара әрекеттесудің болмауы, Aspergillus fumigatus жүйелі инфекциясына қатысты екі препарат антагонизмі. Алынған нәтижелердің клиникалық мәні белгісіз.

- Антикоагулянттар (CYP 2C9 ферментінің субстраттары)

Постмаркетингтік тәжірибе бойынша, басқа да зеңге қарсы азолды дәрілерге қатысты болғандай, флуконазолды варфаринмен бір мезгілде алатын пациенттерде протромбин уақытының ұзаруымен қатар жүрген геморрагиялар (көгерулер, мұрыннан қан кетулер, гематуриялар, мелена) туралы хабарланды. Флуконазол мен варфарин бірге тағайындалғанда протромбин уақыты 2 есе ұзаруы мүмкін, бұл CYP2C9 қатысуымен варфарин метаболизмінің тежелуі салдарынан болуы ықтимал. Кумарин туындыларын немесе инданедионды флуконазолмен бір мезгілде алатын пациенттерде протромбин уақытын мұқият бақылау керек. Антикоагулянт дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

- Азитромицин

Дені сау 18 еріктіге жүргізілген ашық рандомизацияланған үш тарапты айқаспалы зерттеуде 1200 мг дозада бір рет ішке қабылданатын азитромициннің 800 мг дозада бір рет ішке қабылданатын флуконазол фармакокинетикасына әсерін бағалау, сондай-ақ флуконазолдың азитромицин фармакокинетикасына әсерін бағалау жүргізілді. Флуконазол мен азитромицин арасында маңызды фармакинетикалық өзара әрекеттесу болмаған.

- Бензодиазепиндер (әсер ету уақыты қысқа) (СҮР 3А4 ферментінің субстраты), мысалы мидазолам, триазолам

Ішу арқылы 7,5 мг мидазолам мен 400 мг флуконазолды бірге қолданғанда мидазоламның психомоторлық әсерлері мен сіңуінің қисық астындағы ауданының елеулі ұлғаюы білінді. 100 мг флуконазол мен 0,25 мг триазоламды бірге қолдану триазоламның қисық астындағы ауданын және жартылай әрекет ету кезеңін ұзартты. Триазоламның аса айқын және жалғасатын әсері оны флуконазолмен бірге қолданғанда білінген.

Егер флуконазол алған науқасқа бензодиазепиндер қолдану қажет болса, бензодиазепин дозасын азайтуды көздеп, науқастарды қадағалау қажет.

- Карбамазепин:

флуконазол карбамазепин метаболизмін тежейді және соңғысының сарысyдағы концентрациясын 30% арттырады. Карбамазепинмен уыттанудың даму қаупі бар. Карбамазепин дозасын концентрация өлшеміне/әсеріне қарай түзету қажет болуы мүмкін.

- Кальций өзекшелерінің блокаторлары (кальций антагонисі) (СҮР 3А4 ферментінің субстраты)

Кейбір кальций антагонистері, дигидропиридиндер туындылары (нифедипин, израпидин, никардипин, верапамил, амлодипин және фелодипин) СҮР 3А4 ферментімен метаболизденеді. Ғылыми әдебиетте итраконазолды фелодипинмен, израпидинмен немесе нифедипинмен бірге қолданғанда кальций антагонистері концентрациясының артуы және шеткері ісінулер хабарланды. Бұл өзара әрекеттесуді флуконазолды кальций антагонистерімен қолдану кезінде де байқауға болады.

- Целекоксиб (СҮР 2С9 ферментінің субстраты)

Бір клиникалық сынақта 200 мг целекоксиб пен 200 мг флуконазол бірге қолданылғанда целекоксибтің ең жоғары концентрациясының 68 артуы және қисық астындағы ауданының 134 ұлғаюы болды. Бұл өзара әрекеттесу СҮР 2С9 ферменті әсерінің бөгелісі және сол себепті целекоксиб ыдырауының азаюы салдарынан болды. Осы препараттарды бірге қолданғанда целекоксиб дозасын 50 азайту қажет.

- Циклоспорин (СҮР 3А4 ферментінің субстраты)

Флуконазол циклоспорин AUC және концентрациясын едәуір арттырады. Тәулігіне 200 мг дозадағы флуконазол мен циклоспоринді (2,7 мг/кг/тәулік) бірге қолдану кезінде циклоспорин AUC 1,8 есе ұлғайған. Бұл біріктірілімді циклоспорин дозасын оның концентрациясына қарай азайту арқылы пайдалануға болады.

- Циклофосфамид: циклофосфамид пен флуконазолдың біріктірілген емі қан сарысуында билирубин мен креатинин деңгейлерінің жоғарылауына алып келеді. Біріктірілімді қан сарысуындағы билирубин мен креатинин деңгейлерінің жоғарылау қаупі білінгенше пайдалануға болады.

- Фентанил

Фентанил мен флуконазолдың ықтималды өзара әрекеттесуінің өлімге соқтырған бір жағдайы тіркелген. Бұдан бөлек, дені сау он екі еріктімен жүргізілген рандомизацияланған айқаспалы зерттеуде флуконазолдың фентанил элиминациясын едәуір баяулатуы көріністелді. Фентанил концентрациясының ұлғаюы тыныстың тарылуын тудыруы мүмкін. Пациенттер тыныстың зор тарылу қаупіне орай мұқият қадағалануы тиіс. Фентанил дозасын түзету керек болуы мүмкін.

- Галофантрин (СҮР 3А4 ферментінің субстраты)

СҮР3А4 ферментін бөгейтін препараттар галофантрин ыдырауының бөгелісіне әкелуі мүмкін. Флуконазол мен галофантринді бірге қолдану кардиоуыттылық қаупін (QT аралығының ұзаруы, қарыншалар жыпылықтауы/дірілдеуі) және, тиісінше, жүректен болатын күрт өлім қаупін арттыруы мүмкін. Аталған біріктірілімнен аулақ болу керек.

- ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (СҮР 2С9 немесе СҮР 3А4 ферментінің субстраты)

Флуконазол СҮР 3А4 ферментімен (мысалы: симвастатин, аторвастатин) немесе СҮР 2С9 ферментімен (флувастатин) метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен бірге қолданылғанда миопатия және рабдомиолиз қаупі артады. Миопатия немесе қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозы (рабдомиолиз) белгілерін анықтау үшін науқастарды қадағалау қажет және қан плазмасында креатининаза деңгейін жүйелі бақылау керек. Егер креатининкиназа деңгейі елеулі жоғарыласа немесе миопатия немесе рабдомиолиз белгілері білінсе, ГМГ-КоА-редуктаза тежегішімен емдеу курсын тоқтату керек.

- Ішуге арналған антикоагулянттар, кумарин туындылары (СҮР 2С9 ферментінің субстраты)

Протромбин уақыты ұзаруы мүмкін (CYP 2C9 қатысуымен варфарин метаболизмінің тежелісі салдарынан ықтималды түрде 2 есе), сондықтан протромбин уақытын жүйелі бақылау қажет. Бақылаулар бойынша қан кетулермен байланысты көгерулер, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектен қан кетулер, гематурия, мелена сияқты асқынулар болуы мүмкін. Варфарин дозасын түзету керек болуы мүмкін.

- Антикоагулянттар (CYP 2C9 ферментінің субстраттары)

Қолда бар тәжірибе негізінде, зеңге қарсы басқа да азолды дәрілерге қатысты болғандай, көгерулер, мұрыннан қан кетулер, гематуриялар, мелена сияқты геморрагиялық асқынулар туындауы мүмкін. Протромбин уақыты 2 есе ұзаруы мүмкін, бұл CYP2C9 қатысуымен варфарин метаболизмінің тежелісі салдарынан болуы ықтимал. Ішуге арналған антикоагулянттар алатын пациенттерде протромбин уақытын бақылау керек. Флуконазолмен бірге кумарин туындыларын немесе инданедион алатын пациенттерде антикоагулянттар дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

- Лозартан (СҮР 2С9 ферментінің субстраты)

Флуконазол лозартанның ангиотензин ІІ рецепторының антагонизміне көп дәрежеде жауап беретін белсенді метаболитке айналуын тежейді. Сондықтан осы препараттарды бірге қолданғанда науқастарды қадағалау және артериялық қысымды жүйелі бақылау қажет.

- Метадон

Флуконазол метадонның сарысулық концентрациясын арттыра алады. Метадон дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

- Ішуге арналған контрацептивтік дәрілер

Дені сау әйелдерді зерттеуде 50 мг флуконазол қабылдау әсер етуші заттардың, ішуге арналған біріктірілген контрацептивтік дәрілердің деңгейіне ықпал етпеген. 200 мг флуконазол этинилэстрадиол мен левоноргестрелдің концентрация-уақыт қисығы астындағы ауданын (AUC), тиісінше, 40 және 24 ұлғайтты. Осы зерттеулердің негізінде флуконазолдың қайталама дозалары ішуге арналған контрацептивтік дәрілер әсеріне ықпал етпейді.

- Ивакафтор: муковисцидоз кезінде жарғақша аралық өткізгіштікті реттегіш ген стимуляторы (CFTR) - ивакафтормен бір мезгілде қолдану ивакафтор әсерінің деңгейін 3 есе, ал гидроксиметил - ивакафтор (M1) әсерінің деңгейін 1,9 есе арттырады. Флуконазол мен эритромицин сияқты CYP3A орташа тежегіштерін бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге ивакафтор дозасын тәулігіне бір рет 150 мг дейін азайту ұсынылған.

- Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД)

Флуконазолмен бір мезгілде тағайындалғанда флурбипрофен Cmax және AUC, тиісінше, 23% және 81% жоғарылаған. Осыған ұқсас сипатта флуконазол рацемиялық ибупрофенмен (400 мг) бір мезгілде тағайындалған тұста фармакологиялық белсенді изомер [S-(+)-ибупрофен] Cmax және AUC, тиісінше, 15% және 82% ұлғайған.

Арнайы зерттеулер жүргізілмесе де, флуконазол CYP 2C9 қатысуымен метаболизденетін басқа ҚҚСД (мысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак) жүйелі әсерлерін арттыра алады. ҚҚСД-мен байланысты жағымсыз реакциялар мен уыттану құбылыстарына мұқият мониторинг жасаған жөн. ҚҚСД дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

- Фенитоин (СҮР 2С ферментінің субстраты)

Вена ішіне 200 мг флуконазол мен 250 мг фенитоинді бірге қайталап енгізгенде фенитоиннің концентрация-уақыт қисығы астындағы ауданының 75, ал ең жоғары концентрациясының 128 ұлғаюы білінді. Осы препараттарды бірге қолдану қажет болғанда, фенитоин деңгейін жүйелі бақылау керек және фенитоиннің артық дозалануын болдырмау үшін фенитоин дозасын азайту керек.

- Преднизолон (СҮР 3А4 ферментінің субстраты)

Бүйрегін ауыстырып салудан соң преднизолон алған бір пациентте флуконазолмен үш айлық ем аяқталғанда Аддисон ауруы дағдарысы білінген. Флуконазолды тоқтату, ықтималды түрде, СҮР 3А4 ферменті белсендігінің жоғарылауын туындатты. Флуконазолмен және преднизолонмен бірге ұзаққа созылатын емдеу курсынан өтетін науқастарды, флуконазолды тоқтатудан кейін бүйрек үсті бездері қыртысының жеткіліксіздік белгілерінің білінуін бақылау қажет.

- Рифабутин (СҮР 3А4 ферментінің субстраты)

Флуконазол мен рифабутин бірге қолданылғанда концентрациясы 80 жоғарылайды. Рифабутин мен флуконазолды бірге алған науқастарда увеит білінді, сондықтан осы науқастарды қатаң бақылау керек. Бірге қолданғанда рифабутиннің уыттылық симптомдары ескерілу керек.

- Саквинавир

СҮР3А4 және Р-гликопротеин тежелісіне ықпал ету арқылы бауырда саквинавир метаболизмінің тежелісі салдарынан флуконазол саквинавир AUC шамамен 50%, саквинавир Cmax шамамен 55% арттырады және оның клиренсін шамамен 50% төмендетеді. Саквинавир дозалануын түзету керек болуы мүмкін.

- Диабетке қарсы ішуге арналған дәрілер, сульфонилмочевина туындылары (СҮР 2С ферментінің субстраты)

Дені сау еріктілерде флуконазол мен сульфонилмочевина туындыларын (хлорпрамид, глибенкламид, глипизид және толбутамид) бірге қолданғанда жартылай әрекет ету кезеңінің ұзаруы білінді. Бұл препараттарды бірге қолдануға болады, бірақ гипогликемия мүмкіндігін ескеру керек. Сульфонилмочевина препараттарының дозасын тиісінше азайту ұсынылады.

- Такролимус және сиролимус (СҮР 3А4 ферментінің субстраты)

Такролимус пен флуконазол бірге қолданылғанда қан плазмасында такролимус концентрациясының 5 есе ұлғаюы болды. Нефроуыттылық флуконазол мен такролимусты бірге қолдану кезінде де білінді. Ішуге тағайындалған такролимус дозасы оның концентрациясына қарай азайтылуы тиіс. Флуконазол сарысулық сиролимус концентрациясын оның СҮР 3А4 және Р-гликопротеин арқылы метаболизмін болжамды тежей отырып, арттырады. Бұл біріктірілімді әсеріне/концентрация өлшеміне қарай сиролимус дозасын түзетумен қолдануға болады.

- Теофиллин

14 күн бойы қолданылған тәулігіне 200 мг флуконазолдың плацебо-бақыланған бірге әсер ету сынақтарында теофиллин клиренсі 18 төмендеген. Сондықтан, теофиллиннің үлкен дозалары флуконазолмен бірге қолданылғанда науқастарды мұқият бақылау қажет, ал теофиллиннің артық дозалану немесе уыттылық белгілері білінгенде оның дозасын азайту қажет.

- Қабіршөп алкалоидтары

Осы қырынан зерттелмегеніне қарамастан, флуконазол қан плазмасында қабіршөп алкалоидтарының (мысалы, винкристин және винбластин) деңгейлерін арттырып, СҮР3А4 тежеу ықпалымен байланысты болуы ықтимал нефроуыттылық дамуын туындатуы мүмкін.

- А дәрумені

Транс-ретиноидты қышқылмен (А дәруменінің қышқылды түрі) және флуконазолмен біріккен емде болған пациентте орын алған жағдай жөнінде бір есеп тіркелген. Пациентте флуконазол қабылдауды тоқтатудан кейін басылған жалған ми ісігі түрінде қолайсыз көріністер дамыды. Препараттардың бұл біріктірілімін қолдануға болады, бірақ ОЖЖ-мен байланысты жағымсыз әсерлерінің туындауы мүмкін екенін есте ұстау қажет.

- Вориконазол (СҮР2С9, СҮР2С19 және СҮРЗА4 тежегіші)

Дені сау 6 ер адамда вориконазол (1 күнде әр 12 сағат сайын ішке 400 мг, артынан 2,5 күн ішінде әр 12 сағат сайын 200 мг) мен флуконазолды (1 күнде ішке 400 мг, артынан 4 күн бойы әр 24 сағат сайын 200 мг) бірге қабылдау, тиісінше, вориконазол Cmax және AUC мәндерінің, орта есеппен, 57% (90% СА: 20%, 107%) және 79% (90% СА: 40%, 128%) артуына алып келді. Дені сау 8 ер адам қамтылған кейінгі клиникалық зерттеуде аз дозалануында/ немесе аз жиілікте вориконазол мен флуконазол қабылдау осы әсерінің жойылуына немесе әлсіреуіне әкелмеген. Егер флуконазол қолданудан кейін вориконазол қолданылса, вориконазолға жағымсыз реакциялардың дамуына қатысты қадағалау ұсынылады.

- Зидовудин Флуконазол ішу арқылы қабылданған зидовудин клиренсін шамамен 45% төмендету нәтижесінде зидовудин Cmax және AUC мәндерін, тиісінше, 84% және 74% арттырады. Флуконазолмен бірге тағайындалғанда зидовудиннің жартылай тіршілік ету кезеңі шамамен 128% ұзарады. Демек, осындай біріктірілім алатын пациенттер зидовудинге жағымсыз реакциялардың дамуына қатысты қадағалауда болуы тиіс. Зидовудин дозаcын азайту қажет болуы да мүмкін.

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесуі

QТ аралығының ұзаруын туындататын препараттар: Жекелеген жағдайларда флуконазолдың QТ аралығының ұзаруын туындатып, сол арқылы ауыр жүрек аритмияларын туғызуы мүмкін екені аталды. Сондықтан флуконазолмен бірге QТ аралығын ұзартатын препараттар қабылдайтын науқастарды қатаң бақылап отыру қажет, өйткені аддитивті әсерін жоққа шығаруға болмайды.

Б амфотерацині: Жануарларға жүргізілген in vitro және in vivo зерттеулер деректері бойынша, азолдар мен Б амфотерацині арасында антагонизм байқалады, бірақ оның клиникалық мәні белгісіз.

Флуконазол сіңуіне ас ішу де, циметидин де, антацидті дәрілер де және сүйек кемігін ауыстырып салу алдында пациенттердің бүкіл денесін сәулелендіру де ықпал етпеген.

Жоғарыда атап көрсетілген зерттеулерден басқа, өзара әрекеттесуінің өзге зерттеулері жүргізілмеген, бірақ интеракция болуы мүмкін екені емдеуші дәрігердің ойында болуы тиіс.

Айрықша нұсқаулар

Микосист® бауыр функциясы бұзылған пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс.

Негізгі ауру ауыр болатын жекелеген жағдайларда Микосист® қолдану кезінде өліммен аяқталуға дейін апаратын ауыр гепатоуыттылық білінген. Алайда препараттың қолданылатын дозасының емдеу ұзақтығымен, науқастың жынысымен немесе жасымен байланысын анықтау мүмкін болмады. Микосист® гепатоуытты әсері, әдетте, емді тоқтатудан кейін қайтымды. Микосистпен® ем кезінде науқастарда бауырдың функциялық тестілер өзгерісі болуы мүмкін, оларды бақылау қажет. Егер ем жалғастырылса, емнен күтілетін пайданы уытты бауыр жеткіліксіздігінің даму қаупімен салыстыру қажет. Бауыр ауруының белгілері (әлсіздік, тәбеттің болмауы, ұзаққа созылатын жүрек айну, құсу және сарғаю) білінгенде препаратпен емдеу курсын тоқтату қажет және пациент маманмен кеңесуі тиіс.

Флуконазолды қоса, кейбір азол туындыларын қолдану электрокардиограммада QT аралығының ұзаруымен байланыстырылды. Флуконазол қолданылғанда жекелеген жағдайларда қарыншалардың жыпылықтау/дірілдеу ұстамалары болды. Флуконазолдың QT аралығының ұзаруымен байланыстырылмағанына қарамастан, флуконазол аритмияларға бейімділігі бар науқастарда абайлап қолданылу керек:

  • туа біткен (конгенитальді) немесе тіркелген QT аралығының ұзаруы,

  • кардиомиопатия, әсіресе, егер жүрек жеткіліксіздігімен қатар жүрсе,

  • синустық брадикардия,

  • симптомдық аритмияның болуы,

  • QT аралығының ұзаруын туындатуы мүмкін және CYP 3A4 ферментімен ыдырамайтын препараттармен бірге қолдану.

Микосистпен® емдеу курсын бастар алдында электролиттік теңгерімсіздікті (гипокалиемия, гипомагниемия, гипокальциемия) түзету қажет.

Сирек жағдайларда флуконазолмен емделу кезінде Стивенс-Джонсон синдромы мен уытты эпидермалық некролиз сияқты эксфолиативті тері реакциялары дамуы мүмкін. Жүре пайда болған иммунитет тапшылығы бар науқастарда көптеген дәрілік препараттарға ауыр тері реакциялары жиірек кездеседі. Егер терінің беткейлік зеңді инфекциясы бар пациентте ем кезінде флуконазол қолданумен байланысты болуы мүмкін бөртпе білінсе, емдеу курсын тоқтату керек. Егер инвазиялық немесе жүйелі микоздан емделген пациентте бөртпе дамыған жағдайда пациентті тұрақты қадағалау қажет, ал терінің сулы бөртпелі зақымданулары немесе мультиформалы эритема білінгенде препаратпен емдеу курсын тоқтату қажет.

Егер инвазиялық микоздан емделген пациентте ем кезінде бөртпе білінсе, пациентті мұқият қадағалау қажет, ал клиникалық көрініс нашарлағанда емдеу курсын тоқтату керек.

Өте сирек анафилаксиялық реакциялар білінді.

Флуконазол құрғақ теміреткіні емдеуге қолданылмауы тиіс. Басқаша орналасқан криптококкозды (мысалы, өкпе және тері криптококкозы) емдеуде флуконазол тиімділігінің дәлелдері шектеулі. Эндемиялық микоздардың паракокцидиомикоз, лимфалық және тері споротрихозы мен гистоплазмозы сияқты басқа түрлерін емдеуде де флуконазол тиімділігінің дәлелдері шектеулі. Флуконазол бүйрек дисфункциясы бар пациенттерге сақтықпен тағайындалу керек.

Бүйрек үсті бездері қыртысының жеткіліксіздігі

Кетоконазол бүйрек үсті бездерінің жеткіліксіздігін туындатуға қабілетті агент ретінде белгілі, бұл аз шамада болса да флуконазолға қатысты болуы мүмкін.

Преднизолонмен бірге қолдануға байланысты бүйрек үсті бездерінің жеткіліксіздігі «Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімінің «Флуконазолдың басқа препараттар метаболизміне әсері» бөлімшесінде сипатталған.

Лактоза жақпаушылығы

Капсуланың құрамында лактоза жақпаушылықта ескерілуі қажет сусыз лактоза бар:

Микосист® 50 мг капсулалары - бір капсулада 49,5 мг,

Микосист® 100 мг капсулалары - бір капсулада 99,0 мг,

Микосист® 150 мг капсулалары - бір капсулада 148,5 мг.

Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер ұзақ емдеу курсы кезінде жүктіліктен сақтанудың сенімді әдісін пайдалану қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде флуконазолды әдеттегі дозаларында және қысқа курстармен қажеттіліксіз пайдалануға болмайды. Жүктілік кезінде флуконазолды жоғары дозаларда және/немесе ұзақ курстармен өмірге қатері зор инфекциялардан тыс уақытта пайдалануға болмайды.

Флуконазол емшек сүтіне қан сарысуындағыдан азырақ концентрацияда өтеді. Флуконазолдың 200 мг немесе одан аз стандартты дозасын бір рет пайдаланудан кейін (мысалы, қынаптық кандидоз) емшекпен қоректендіруді жалғастыруға болады. Бірнеше рет пайдаланудан кейін немесе жоғары дозада қолданудан соң бала емізуге кеңес берілмейді.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Флуконазолдың көлік құралын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуіне зерттеу жүргізілмеген. Пациенттерге флуконазол қолдану кезінде бас айналу мен құрысудың туындауы мүмкін екені, сондай-ақ осындай симптомдар білінгенде олардың көлік құралын немесе аса қауіпті механизмдерді басқарудан бас тартуы тиіс екені ескертілуі тиіс.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айну, құсу, диарея, ауыр жағдайларда – құрысулар.

Емі: препаратты тоқтату, асқазанды шаю, симптоматикалық ем жүргізу. Жеделдетілген диурез бүйрек арқылы элиминация дәрежесін арттырады; үш сағаттық гемодиализ плазмадағы концентрациясын 50 төмендетеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7 капсуладан (50 мг және 100 мг доза үшін) немесе 1 капсуладан (150 мг доза үшін) салады.

Пішінді ұяшықты 1 қаптамадан (50 мг доза үшін), пішінді ұяшықты 1 немесе 2 қаптамадан (150 мг доза үшін), пішінді ұяшықты 4 қаптамадан (100 мг доза үшін) медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

15С-ден 30С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы және елі

«Гедеон Рихтер» ААҚ,

1103 Будапешт, Дёмрёи к-сі, 19-21, Венгрия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Гедеон Рихтер» ААҚ, Венгрия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Гедеон Рихтер» ААҚ ҚР өкілдігі

E-mail: info@richter.kz

Телефон: 8-(727)258-26-22, 8-(727)258-26-23

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:

«Гедеон Рихтер» ААҚ ҚР өкілдігі

E-mail: рv@richter.kz

Телефон: 8-(7272)-58-26-22, 8-(7272)-58-26-23, 8-701-787-47-01

 

Прикрепленные файлы

780844121477976313_ru.doc 162 кб
520337571477977558_kz.doc 217 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники