Миконазол (20 мг/г)

МНН: Миконазол
Производитель: Борисовский завод медицинских препаратов Открытое акционерное общество
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Миконазол
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021217
Информация о регистрации в РК: 03.03.2015 - 03.03.2020
Номер регистрации в РБ: 21/06/1207
Информация о регистрации в РБ: 31.12.3018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Миконазол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Миконазол

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған крем, 20 мг/г

Құрамы

Бір сықпаның (15 г) құрамында

белсенді зат: 0,3 г миконазол нитраты;

қосымша заттар: пропиленгликоль, макрогол 400, цетостеарилді спирт, А маркалы эмуксол-268, цетостеарилді макрогол эфирі.

Сипаттамасы

Ақ түсті крем.

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған зеңдерге қарсы препараттар, имидазол туындысы. Миконазол.

АТХ коды D01AC02.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың жүйелі сіңуі сыртқа қолданған кезде өте төмен. Бауырда жылдам ыдырайды.

Фармакодинамикасы

Миконазол дерматофиттерге (Trichophyton rubrum, Trichophyton mentagrophytes, Eridermophyton floccosum, Microsporum canis), ашытқыларға және ашытқы тәріздес зеңдерге (Саndida albicans және б.), сондай-ақ басқа да патогенді зеңдерге (Malassezia furfur, Aspergillus niger, Penicillium crustaceum және т.б.) фунгицидті әсер етеді. Миконазол нитраты зеңдер жасушаларының қырылуын туғыза отырып, эргостирол биосинтезін тежейді және жарғақшаның липидтік құрамын өзгертеді. Миконазол грамоң бактерияларға (стафилококктарға, стрептококктарға және б.) қатысты айқындырақ бактерияларға қарсы әсер етеді.

Қолданылуы

Дерматофиттер немесе ашытқы зеңдері туындатқан тырнақ пластинасында және терінің жұқпалы зеңдерінде: Candida, Trichophyton, Epidermophyton, Malassezia furfur; терінің аралас зеңдік немесе зеңді-бактериялық жұқпаларында; грамоң микроорганизмдермен терінің салдарлы жұқпалануы.

Қолдану тәсілі және дозалары

Кремді таңертеңгісін және кешкісін, күніне 2 рет терінің зақымданған жеріне аздап жағады. Симптомдар толық кеткенге дейін, және қайталанудың алдын алу мақсатында бірнеше күн қолданылады. Емдеу үдерісінде микологиялық бақылау жүрізеді, оның нәтижесі емнің ұзақтығын анықтайды.

Онихомикозды емдеген кезде зақымдалған тырнақ пластинасының алдын ала қатпарларын ажыратқаннан кейін кремді тырнақ ойығына  жұқа қабаттап күніне 1-2 рет жағады, бұдан кейін  окклюзиялық таңғыш салады. Ем жаңа тырнақтық пластинаның қалыптасуына дейін үздіксіз жүзеге асырылады (3 айдан кем емес).

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- жақпамай жаққан орында терінің тітіркенуі

Өте сирек

- есекжем

- жанаспалы дерматит

- эритема

- қышыну, терінің шымылдап ашуы

- анафилактикалық реакциялар

- жоғары сезімталдық реакциялары

- Квинке ісінуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- миконазолға жоғары сезімталдық

- бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі

- 12 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Миконазол CYP3A4/2C9 цитохромының тежегіші болып табылады. Жергілікті қолданған кезде жүйелі жеткіліктілігі шектеулі болуына байланысты клиникалық өзара байланысу мәнінің ықтималдығы аз. Алайда пероральді антикоагулянттар (мысалы, варфарин) қабылдап жүрген емделушілерге, абай болу және антикоагулянтты тиімділікті бақылау керек.

Басқа да жақпамайлармен немесе кремдермен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Егер емдеу кезінде жоғары сезімталдық реакциялары пайда болса препаратты тоқтату керек. Кремді көзге түсіруге болмайды.

Тырнақ зақымданған кезде оны барынша қысқа етіп кесу керек.

Табан зақымданған кезде саусақ араларын мұқият өңдеу керек.

Сақтықпен

Балаларға кремді қолдану тәжірибесі шектеулі, дәрігердің қадағалауымен тағайындалады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік

Жануарларда миконазол нитраты тератогенді әсер байқатпайды, бірақ жоғары дозада пероральді қабылдаған кезде фетоуытты болып табылады. Миконазол нитратының тек аздаған мөлшері ғана жергілікті қолданған кезде сіңеді. Алайда, басқа да имидазолдар сияқты, миконазол нитратын жүктілік кезінде абайлап қолдану керек.

Лактация

Жергілікті қолданған кезде миконазол жүйелі қан ағымына аз сіңеді және емшек сүтіне миконазолдың сіңу-сіңбеуі белгісіз. Миконазолды жергілікті қолданған кезде лактация кезеңінде абай болу керек.

Автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Кремді шамадан тыс жергілікті қолдану терінің тітіркенуіне әкелуі мүмкін, ол әдетте қолдануды тоқтатқаннан кейін қайтады.

Крем сыртқа қолдануға арналған. Байқаусызда кремнің көп мөлшерін ішке қабылдап қойған жағдайда, қажет болған жағдайда ішекті тиісінше босату тәсілін қолдану керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий сықпаға 15 г препараттан салынған. Әрбір сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ-сы, Чапаев к-сі, 64/27,

тел/факс 8-(10375177)744280.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ-сы, Чапаев к-сі, 64/27,

тел/факс 8-(10375177) 744280, электронды поштасы market@borimed.com

 

Прикрепленные файлы

256153771477976552_ru.doc 57 кб
753408991477977718_kz.doc 63 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ