Миконаз (присыпка)

МНН: Миконазол
Производитель: Медикал Юнион Фармасьютикалс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Миконазол
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003845
Информация о регистрации в РК: 01.11.2018 - 01.11.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Миконаз

Халықаралық патенттелмеген атауы

Миконазол

Дәрілік түрі

20 г сеппе

Құрамы

Бір контейнердің құрамында

белсенді зат: 0,4 г миконазол нитраты бар

қосымша зат: 19.6 г тальк

Сипаттамасы

Бөгде бөлшектерден бос, майда ақ ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Зеңдерге қарсы сыртқа қолдануға арналған препараттар

Имидазол туындылары

АТХ коды D01АС02

Фармакологиялық қасиеттері

Миконаз дерматофиттерді (Trichophyton rubrum. Trichophyton mentagrophytes және Epidermophyton floccosum), түрлі-түсті теміреткі Malassezia furfur және Candida текті түрлерді қоса, зеңдерге қарсы кең ауқымды белсенділікке ие, сыртқа қолдануға арналған миконазол нитратының препараты болып табылады.

Зеңдерге қарсы белсенділігінен басқа, Миконаздың сондай-ақ стафилококктар мен стрептококктарды қоса, грамоң кокктарға және бациллаларға қарсы антибактериялық белсенділігі бар. Антибактериялық әсері белсенді ингредиентінің нәтижесінде жасуша некрозын туғызатын жасуша жарғақшалары өткізгіштігін өзгертуге және жасушаішілік энзимдер қызметін бұзуға қабілеттілігімен түсіндіріледі.

Препаратпен емдегенде емделушілердің көбінде симптоматикалық жақсару бастапқы 2-3 күн ішінде-ақ басталады; сондай-ақ клиникалық жақсару да жылдам байқалады.

Қолданылуы

- дерматофиттер туғызған зеңдік жұқпаларда: тегіс тері дерматомикозы, шап дерматомикозы, табан эпидермофитиясы, қол терісі дерматомикозы, кебек тәріздес теміреткі, паронихияны қоса, тері кандидоздары (монилиоздары)

- грамоң бактериялар туғызған тері жұқпалары (импетиго, фолликулиттер және т.б.)

Қолдану тәсілі және дозалары

Сеппе дененің зақымданған бөліктеріне күніне 2 рет молынан жағылады.

Табан эпидермофитиясы әдетте препаратты бір ай ішінде қолданғанда жазылады: басқа да зеңдік тері аурулары мен кандидоздарды емдеу үшін, әдетте, препаратты екі апта бойы қолдану қажет болады.

Аурулардың қайталануын болғызбау үшін симптомдар жойылғаннан кейін де препаратты қолдануды бір апта жалғастыру керек.

Емдеу басталғаннан кейін 4 апта ішінде жақсару болмаса, барлық айтылған жағдайларда диагнозды қайта қарау қажет.

Тырнақ эпидермофитиясын емдеу кезінде қолдағы саусақ тырнақтары зақымданғанда емдеу курсы 6 айға және аяқ башпайларының тырнақтары зақымданғанда 18 айға дейін созылуы тиіс, әрі соңғы жағдайда емдеуге төзімділік соншалықты елеулі болатындықтан, зеңге қарсы препараттарды жүйелі қолданумен қатар, хирургиялық жолмен зақымданған тырнақтарды алып тастау қажет болуы мүмкін.

Грамоң кокктар туғызған бактериялық жұқпаларды емдегенде зақымдану белгілері жойылғаннан кейін де препаратты 3 күн қолдану ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

- терінің тітіркенуі

- аллергиялық жанаспалы дерматит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат ингредиенттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезіңі

Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты қолдануға болады.

Дерматофиттермен, грамоң бактериялармен ауқымды зақымдануда немесе ауқымды кандидомикоздарда Миконазбен қатар зеңдерге қарсы немесе бактерияларға қарсы дәрілерді жүйелі қолдану қажет болуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 г препараттан бұрандалы қақпағы бар ақ түсті пластик контейнерге салынған.

1 контейнерден медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

30º С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Медикал Юнион Фармасьютикалс», Мысыр

36, Мохамед Хасан Эль-Гамаль к-сі, 6-шы аудан, Наср Сити, Каир 11471,

А/ж 7010.

Факс/тел: 2(02) 2270-93-15; 2(02) 2271-94-60.; export@mupeg.com.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Медикал Юнион Фармасьютикалс», Мысыр

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Медикал Юнион Фармасьютикалс» компаниясының ҚР-дағы өкілдігі.

Мекенжайы: Алматы қ., 050040, Шашкин к-сі 36-а, 1 пәтер;

тел./факс: 8(727) 2 63 56 00;

эл. поштасы: office@mupkz.com

 

Прикрепленные файлы

814722871477977009_ru.doc 47.5 кб
233719611477978186_kz.doc 67.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники