Микокем (500 мг)

МНН: Микофеноловая кислота (Микофенолата мофетил)
Производитель: Alkem Laboratories Ltd
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Mycophenolic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020198
Информация о регистрации в РК: 18.10.2013 - 18.10.2018
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)

Инструкция

Саудалық атауы

Микокем

Халықаралық патенттелмеген атауы

Микофенол қышқылы

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 500 мг микофенолат мофетилі,

қосымша заттар: натрий кроскармеллозасы, повидон (К-90), микрокристалды целлюлоза, магний стеараты.

Үлбірлі қабықтың құрамы: инстакоат ICG-U-10130 [гидроксипропилметилцеллюлоза, полиэтиленгликоль, титанның қостотығы (Е171), темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), темірдің (III) сары тотығы (Е172), темірдің (III) қара тотығы (Е172)].

Сипаттамасы

Капсула пішінді, екі жағы дөңес, лаванда түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Иммунодепрессанттар. Селективті иммунодепрессанттар.

Микофенол қышқылы

АТХ коды L04AA06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы Микофенолат мофетилі пероральді қабылданғаннан кейін асқазан-ішек жолдарынан жылдам және толық сіңеді. Бауыр арқылы біріншілік өтуде

белсенді метаболиті микофенол қышқылының (МФҚ) түзілуімен микофенолат мофетилінің (ММФ) жүйеішілік метаболизмі жүреді.

Циклоспоринмен базалық иммуносупрессивті ем қабылдайтын, бүйрек трансплантаты тұрақты емделушілерде МФҚ АІЖ сіңу дәрежесі 93%, ал биожетімділігі – 72% құрайды.

Бүйрек трансплантациясынан кейін науқастарға микофенолат мофетилін 1,5 г дозада тағайындағанда тамақ ішу оның сіңу дәрежесіне әсер етпейді. Алайда препаратты тамақ ішу уақытында қабылдағанда МФҚ Сmax 40% төмендеген.

Микофенолат мофетилін пероральді қабылдағандағы биожетімділігі AUCМФҚ («концентрация -уақыт» қисығы астындағы аудан) шамасына сай орташа алғанда оны көктамыр ішіне енгізуінің 94% құрайды. МФҚ клиникалық елеулі концентрацияларында (97%) плазма альбуминдерімен байланысады.

Таралуы

Энтерогепаттық рециркуляция нәтижесінде микофенолат мофетилін қабылдағаннан кейін шамамен 6-12 сағаттан соң МФҚ плазмадағы концентрациясының екіншілік жоғарылауы бақыланады. Колестираминді бір мезгілде тағайындағанда AUCМФҚ 40% төмендейді, бұл бауыр-ішек айналымының үзілгенінен хабардар етеді.

Метаболизмі

Микофенолат мофетил бауыр-ішек айналымы барысында бос МФҚ айналатын, фармакологиялық белсенді емес МФҚ фенольді глюкорунидін (МФҚГ) түзумен метаболизденеді.

Шығарылуы

Микофенолат мофетилдің алынған дозасының 93% несеппен, ал 6% нәжіспен шығарылады. МФҚ және МФҚГ клиникалық анықталатын концентрациялары гемодиализ жолымен шығарылмайды. Алайда МФҚГ жоғарырақ концентрацияларында (> 100 мкг/мл) оның кейбір бөлігі шығарылуы мүмкін.

Ауыр созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда (шумақтық сүзіліс жылдамдығы <25 мл/мин/1,73 м 2) AUCМФҚ бүйрек зақымдану айқындығы азырақ науқастардағыдан 28-75% артық болды. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда бір реттік дозаны қабылдағаннан кейін AUCМФҚГ 3-6 есе артық, бұл МФҚГ бүйрекпен шығарылуы туралы белгілі деректерге сай келеді.

Бүйректің ауыр созылмалы жеткіліксіздігінде микофенолат мофетилін көп рет енгізу бойынша зерттеу жүргізілмеген.

Бүйрек трансплантаты қызметінің іркілісі бар науқастарда ауыстырып салғаннан кейін МФҚ үшін орташа AUC0-12 трансплантат ауыстырып салғаннан кейін іркіліссіз қызмет ете бастаған осындай науқастармен салыстырарлық, ал плазмадағы МФҚГ үшін AUC0-12 орташа мәні 2-3 есе көп болды.

Бауыр зақымдануы бар науқастар. Бауырдың алкогольді циррозы бар емделушілерде ММФ пероральді қабылдағаннан кейін МФҚ және МФҚГ фармакокинетикасында өзгерістер анықталмаған, бұл бауыр паренхимасының зақымдануы ММФ тағайындау үшін қарсы көрсетілім емес екенін көрсетеді. Бауыр патологиясының бұл үдеріске әсері нақты ауру түріне байланысты болуы ықтимал. Өт жолдары зақымдануы басым бауыр аурулары жағдайында (мысалы, біріншілік билиарлық цирроз) әсері басқа болуы мүмкін.

Егде және қарттық жастағы науқастарда (≥ 65 жас) фармакокинетикасы зерттелмеген.

ФармакодинамикасыМикофенолат мофетил микофенол қышқылының 2-морфолиноэтилді эфирі болып табылады.

Микофенолат мофетилі инозинмонофосфатдегидрогеназаның селективті, бәсекелес емес және қайтымды тежегіші болып табылады, сондықтан, ДНҚ қоспай, гуанозинді нуклеотидтер синтезін тежейді.

Т және В-лимфоциттердің пролиферациясы пуриндер синтезіне өте қатты тәуелді болғандықтан, МФҚ лимфоциттерге басқа жасушаларға қарағанда айқынырақ цитостатикалық әсер етеді, бұл кезде басқа типті жасушалар метаболизм жолын айналып өтуі мүмкін.

Азатиопринмен және циклоспоринмен үйлесімде, сондай-ақ антитимоцитарлық глобулиннің индукциялық курсымен трансплантациядан соң алғашқы 6 айда жағымсыз нәтижелер жиілігін азайтады.

Қолданылуы

- циклоспоринмен және кортикостероидтармен біріктірілген ем құрамында бүйрек, жүрек және бауырдың аллотрансплантатының жедел ажырауының алдын алу үшін. Препаратты циклоспоринмен және кортикостероидтармен біріктірілген ем түрінде тағайындайды.

Қолдану тәсілі және дозалары

Бүйрек трансплантаты ажырауының алдын алу

Бүйрек трансплантаты бар науқастарға тәулігіне 1,0 г-дан екі рет (тәуліктік дозасы 2 г) циклосоприн және кортикостероидтармен біріктірілген ем құрамында қабылдау ұсынылады. Препаратты қабылдау трансплантациядан кейін 72 сағат ішінде басталуы тиіс.

Жүрек трансплантаты ажырауының алдын алу

Ұсынылатын дозалау режимі – тәулігіне 1,5 г-дан 2 рет (тәуліктік дозасы 3 г) циклосоприн және кортикостероидтармен біріктірілген ем құрамында. Ем трансплантациядан кейін 5 күн ішінде басталуы тиіс.

Бауыр трансплантаты ажырауының алдын алу

Ұсынылатын дозалау режимі – тәулігіне 1,5 г-дан 2 рет (тәуліктік дозасы 3 г) циклосоприн және кортикостероидтармен біріктірілген ем құрамында.

Микофенолат мофетилді бауыр трансплантациясынан кейін бастапқы 4 күн ішіне тағайындау керек, ем бірден басталуы тиіс.

Бүйрек, жүрек немесе бауырды ауыстырып салғаннан кейін микофенол қышқылының бірінші дозасын мүмкіндігінше ертерек қабылдау керек. Қабылдау ұзақтығының сипаты ұзақ, іс жүзінде өмірлік.

Ауыр созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (шумақтық сүзіліс жылдамдығы <25 мл/мин-1,73 м2) бар емделушілерге жуық арадағы посттрансплантациялық кезеңнен және трансплантанттың жедел немесе рефрактерлі ажырауы кезеңінен басқа жағдайларда бүйрек трансплантациялау кезінде тәулігіне 2 рет 1 г артық дозадан аулақ болу керек.

Бауыр қызметі бұзылуы бар емделушілерде қолданылуы

Көбіне паренхиманың зақымдануына байланысты ауыр бауыр ауруы бар емделушілерде Микокем дозасын өзгерту талап етілмейді. Жүрегінің ауыстырып салуын өткерген, бауырдың паренхимасының ауыр зақымдануы бар емделушілер бойынша дерек жоқ.

Бүйрек ауыстырып салуды өткерген егде жастағы және қарттық жастағы науқастарда (≥65 жас) ұсынылатын доза тәулігіне 2 рет 1 г тең, жүрек немесе бауыр ауыстырып салғаннан кейін – тәулігіне 2 рет 1,5 г («Айырықша нұсқауларды» қараңыз).

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (>10%)

  • қарапайым ұшық, зостер герпесі, бөртпе, қышыну, қатты тершеңдік, акне

  • жөтел, диспноэ, ентігу, фарингит, ринит, синусит, бронхит, бронх демікпесі, пневмония, ателектаз, плевралық жалқық, тыныс алу жолдарының жұқпасы

  • құрысулар, бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет ауырулары

  • шеткергі ісінулер, асцит, аритмия, брадикардия, перикардиальді жалқық, жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия

  • ықылықтау, жүрек айнуы, құсу, диарея, метеоризм, панкреатит, анорексия, қызыл иек гиперплазиясы, диспепсия, гепатит, холангит, холестатикалық сарғаю, АІЖ шырышты қабығының кандидозы, ішек бүртіктері атрофияларының жекелеген жағдайлары

  • бүйрек қызметінің бұзылуы, олигурия, гематурия, бүйрек өзекшелерінің некрозы, несеп шығару жолдарының жұқпалары

  • гипергликемия, қалдық азот жоғарылауы, креатинин, қан сарысуында ферменттер белсенділігінің жоғарылауы (ЛДГ, АСТ, АЛТ), гиперхолестеринемия, гиперлипидемия, гиперурикемия, гипомагниемия, гипонатриемия; гипокальциемия, гипопротеинемия, гипер- немесе гипокалиемия, гипофосфатемия, гиперкалиемия, гипербилирубинемия

  • анемия оның ішінде гипохромды, лейкоцитоз, лейкопения, тромбоцитопения, экхимоздар

  • артралгия

  • дене салмағының төмендеуі

  • этиологиясы цитомегаловирусты колит, сепсис, жарақат жазылуының бұзылуы, оппортунистік жұқпалар, жұқпалық асқынулар

  • ұйқысыздық, тремор, психомоторлық қозу, амблиопия, үрейлену, сананың шатасуы, депрессия, бас айналуы, гипертонус, парестезиялар, ұйқышылдық

  • астения, қызба, бас ауыруы, іштің, белдің, кеуде қуысының ауыруы

Жиі (3-10%)

  • өкпе ісінуі, мұрыннан қан кету, қан түкіру, жаңа түзілімдер, пневмоторакс, қақырық бөлінуінің күшеюі, дауыс өзгеруі, гипервентиляция, тыныс жолдарының кандидозы

  • альбуминурия, дизурия, гидронефроз, импотенция, пиелонефрит, жиі несеп бөлу, гематурия, никтурия, бүйрек жеткіліксіздігі, несеп ұстай алмау және іркілісі, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, ұманың ісінуі

  • гастроинтестинальді жұқпалар, кандидоз, гастроэнтерит, дисгевзия

  • қынаптық кандидоз

  • ацидоз, подагра

  • асқазан-ішектік қан кетулері, перитонит, илеус, колит, асқазан және он екі елі ішек ойық жарасы, гастрит, стоматит, кекіру, эзофагит, іш қатуы

  • шаш түсуі, тері обыры, терінің қатерсіз жаңа түзілімдері, зеңдік дерматит, гирсутизм, тері гипертрофиясы, тері ойық жарасы, бөртпе

  • қант диабеті, қалқанша маңы безінің ауруы, Кушинг синдромы, гипотиреоз

  • қаңқа мускулатурасы гипертонусы, эмоционалдық тұрақсыздық, елестеулер, нейропатия, психоз, ойлаудың бұзылуы, миастениялық синдром

  • катаракта, конъюнктивит, көрудің бұзылуы, кереңдік, құлақтың ауыруы, көзге қан құйылу, вестибулярлық бас айналуы

  • стенокардия, гипотензия, оның ішінде ортостатикалық, тахикардия, тромбоз, вазодилатация, аритмиялар (суправентрикулярлық және қарыншалық экстрасистолалар, жүрекше жыпылықтауы және дірілдеуі, суправентрикулярлық және қарыншалық тахикардиялар), іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, өкпе гипертензиясы, тамырлар түйілуі, көктамырлық қысым жоғарылауы

  • өмірге қауіп төндіретін жұқпалардың жекелеген ауыр жағдайлары (менингит, жұқпалы эндокардит), туберкулез типті және кейбір атипиялық микобактериялық жұқпалардың жиілігінің жоғарылауы

  • тұмау, тұмауға ұқсас синдром, жалпы дімкәстік

  • кисталар (оның ішінде, лимфоцеле және гидроцеле), операциядан кейінгі жарықтар

  • панцитопения, полицитемия

  • гемостаз бұзылуы (петехиялар, протромбиндік және тромбопластиндік уақыттың ұлғаюы)

қан сарысуындағы сілтілік фосфатазалар, гамма-глютамилтранспептидаза белсенділігі жоғарылауы, қан сарысуындағы креатинин жоғарылауы, гиперкальциемия, гипогликемия, гипохлоремия, гипофосфатемия

  • ангионевротикалық ісіну мен анафилактикалық реакцияларды қоса өте жоғары сезімталдық реакциялары

Кейбіреуі өліммен аяқталған, микофенолат мофетилді басқа иммуносупрессанттармен біріктірілімде қабылдаған емделушілерде өкпенің интерстициальді ауруы және өкпе фибразы дамуы туралы жекелеген мәлімдемелер бар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • микофенолат мофетилге, микофенол қышқылына немесе препараттың кез келген қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • асқазан және он екі елі ішек ойық жарасы және асқазан-ішек жолдарының басқа да ауруларының асқынуы

  • балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Микофенолат мофетилді және ацикловирді бір мезгілде қолданғанда ацикловирдің плазмадағы концентрациясы жоғарылайды, бұл бәсекелестік нәтижесінде болуы мүмкін. Құрамында магний және алюминий гидроксиді бар антацидтар микофенолат мофетилі сіңуін төмендетеді. Алдын ала 4 күн бойына 4 г-нан колестирамин қабылдау аясында микофенолат мофетилін 1,5 г дозада бір рет қабылдағаннан кейін AUCмфқ 40% төмендегені анықталды.

Микофенолат мофетилін энтерогепаттық айналымға әсер ететін дәрілік заттармен бірге сақтықпен қабылдау керек.

Циклоспорин А микофенолат мофетилінің фармакокинетикасына әсер етпейді. Бүйрек қызметі бұзылуы бар науқастарға микофенолат мофетилін және ганцикловирді үйлестіре тағайындағанда ганцикловир дозалау режимін түзету талап етілуі мүмкін, ал емделушілер мұқият бақылануы тиіс. Микофенолат мофетилін және ганцикловирді қолдану екі заттың да концентрациясы ұлғаюына алып келеді.

Микофенолат мофетил қоса қолданғанда ішілетін контрацептивтердің фармакокинетикасы мен фармакодинамикасын өзгертпейді.

Рифампицинмен бір уақытта тағайындағанда микофенол қышқылының деңгейін бақылау және тиісінше Микокем дозасын түзету керек. Бүйрек трансплантаты бар науқастарда сиролимус және микофенолат мофетилінің осыған ұқсас дозасының біріктірілімін қабылдаған емделушілермен салыстырғанда микофенолат мофетилін және циклоспоринді қабылдау МФҚ әсерінің 30-50% төмендеуіне алып келеді. Микофенолат мофетилін севеламермен бір уақытта қолдану қандай да бір клиникалық салдарсыз (мысалы, трансплантат ажырауы) тиісінше Сmax және AUC0-12 МФҚ 30% және 25% төмендеуіне алып келеді. Алайда Микокемді МФҚ сіңуіне әсерін өте азайту үшін севеламерден 1 сағат бұрын және севеламерден кейін 3 сағаттан соң қабылдау ұсынылады.

Норфлоксацин және метронидазолды бір уақытта қолдану микофенолат мофетилді бір рет қабылдағаннан кейін МФҚ экспозициясын шамамен 30%-ға азайтады. Бүйрек трансплантаты бар емделушілерде ципрофлоксацин немесе клавулан қышқылы бар амоксициллинды қабылдауды бастағаннан кейін бірінші күндері МФҚ концентрациясы 50% азаяды. Бұл әсер антибиотиктерді қолдануды жалғастырғанда азаяды. Триметоприм / сульфаметоксазол: МФҚ биожетімділігіне әсер етпейді.

Бауыр және бүйрек трансплантаты бар емделушілерде такролимусты бір уақытқа тағайындау микофенол қышқылының AUC немесе Сmaxкөрсеткіштеріне әсер етпейді. Тұрақты бауыр трансплантаты бар науқастарда бауыр ауыстырып салғаннан кейін Микокеммен және такролимуспен бір мезгілде емдеуде, такролимустің AUC Микокемді 1,5 г дозада тәулігіне 2 реттен көп рет қабылдағаннан кейін шамамен 20% өсті.

Өзекшелік секреция блокаторлары (пробеницид) МФҚГ концентрациясын жоғарылатады.

Тірі вакциналарды иммунодепрессия жағдайында науқастарға тағайындауға болмайды. Өзге вакциналарға жауап ретінде антидене түзілуі төмендеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Жалпы сақтық шаралары

Микофенолат мофетилін тағайындағанда лимфома дамуының және басқа да, әсіресе терінің қатерлі жаңа түзілімдері даму қаупі жоғары. Қауіп көбіне қандай да бір нақты препаратты пайдалануға қарағанда, иммуносупрессияның қарқындылығы және ұзақтығына байланысты сияқты.

Тері обырының қаупі жоғары барлық науқастардағы сияқты тиісті жабық киім кию және қорғаныш факторының мәні жоғары күннен қорғайтын кремдер пайдалану арқылы күн және ультракүлгін сәулелердің әсерін шектеу керек. Микокем қабылдайтын науқастар жұқпаның, қанағыштықтың, қан кетудің немесе сүйек кемігі бәсеңдеуінің басқа да белгілерінің кез келгені туралы дәрігерге дереу хабарлауы қажеттігін білуі тиіс. Микофенолат мофетил қабылдайтын емделушілерде жұқпа белгілері, оқыс көгерулер, қан кету немесе сүйек кемігі бәсеңсуінің кез келген басқа белгілері болуы мүмкін. Иммунодепрессанттар, оның ішінде микофенолат мофетилді қабылдайтын науқастарда жұқпа (бактериялық, зеңдік, вирустық және протозойлық), өліммен аяқталатын жұқпалар, сепсис даму қаупі жоғары. Нефропатиямен байланысты BK-вирус және прогрессивті мультифокальді лейкоэнцефалопатиямен байланысты (ПМЛ) JC-вируспен сияқты оппортунистік жұқпалар жалпы жоғары иммуносупрессивті ауыртпалықпен жиі байланысты және өлім сияқты күрделі жағдайларға соқтыруы мүмкін. Иммунитеті әлсірген, бүйрек қызметі нашарлаған немесе неврологиялық симптомдары бар емделушілерде дифференциалдық диагностика жүргізілуі керек.

Микофенолат мофетилді қабылдайтын емделушілер микофенолат мофетилдің өзімен, қатарлас препараттармен, вирустық жұқпалармен, немесе осы себептер үйлесімімен байланысты болуы мүмкін агранулоцитоз бен нейтропенияға мониторингтен өтуі тиіс. Микофенолат мофетилді қабылдайтын емделушілер бірінші ай бойына апта сайын, емнің екінші және үшінші айы үшін айына екі рет, содан соң бірінші жыл бойына әр ай сайын толық қан талдауын тапсыруы тиіс. Егер нейтропения дамыса (нейтрофилдердің абсолютті саны <1,3 х 103/мкл) микофенолат мофетилін қабылдауды үзу немесе тоқтату дұрыс болуы мүмкін. Микофенолат мофетилін қабылдайтын емделушілердегі кейбіреулері өліммен аяқталған апластикалық анемия және сүйек кемігі депрессиясы дамуы туралы мәлімдемелер бар. Қызыл жасушалы аплазия (ҚЖА) даму жағдайы микофенолат мофетилді басқа иммунодепрессанттармен біріктірілімде қабылдаған емделушілерде бақыланған. ММФ тағайындалғандағы ҚЖА дамуының механизмі белгісіз. Кейбір жағдайларда ММФ дозасы төмендетілгеннен немесе тоқтатылғаннан кейін ҚЖА қайтымды болған. Алайда, трансплантацияны өткерген емделушілерде, иммуносупрессия төмендеуі трансплантатқа қауіпті болуы мүмкін. Емделушілер микофенолат мофетилмен емдеу уақытында вакцинацияның тиімділігі азырақ болу мүмкіндігі және әлсіреген тірі вакцина пайдаланудан аулақ болу керегінен хабардар болуы тиіс. Тұмауға қарсы вакцинация маңызды болуы мүмкін. Микофенолат мофетилді пайдалану асқорыту органдары тарапынан жағымсыз әсерлер ұлғаюымен байланысты болғандықтан, оның ішінде асқазан-ішек жолдарының ойық жарасы, қан кету және тесілу дамуының сирек жағдайлары да бар, микофенолат мофетилді асқорыту жүйесінің белсенді күрделі аурулары бар емделушілерге сақтықпен тағайындау керек.

Микофенолат мофетилді азатиопринмен бір уақытқа тағайындауға болмайды. МФҚ колестираминмен қоса қолданғанда AUC елеулі қысқаруына байланысты Микокемді, микофенолат мофетил тиімділігінің потенциалы төмендеуіне байланысты, энтерогепаттық рециркуляцияға әсері бар дәрілік заттармен бір уақытқа тағайындауды сақтықпен жүргізу керек.

Микокем инозинмонофосфатдегидрогеназа тежегіші болғандықтан, тұқым қуалайтын гипоксантигуанинфосфорибозилтрансфераза (Леш-Найен және Келли-Зигмиллер синдромы) сирек кездесетін генетикалық шартталған тапшылығы бар емделушілерге теориялық тұрғыдан алғанда тағайындауға болмайды.

ММФ такролимуспен немесе сиролимуспен біріктірілімде қолданудың пайдасы/қаупі анықталмаған.

Жүктілік

Микокеммен емді жүктілікті зерттеудің теріс нәтижесі алынғанша бастауға болмайды. Микокеммен емді бастар алдында, ем барысында және ол аяқталған соң 6 апта бойына міндетті түрде контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалану керек. Егер жыныстық қатынастардан бой тарту мүмкін болмаса, бір мезгілде контрацепцияның екі сенімді тәсілін пайдалану керек. Жүктілік ем барысында туындаған жағдайда дәрігермен оны сақтаудың қажеттігі туралы кеңесу керек.

Микокемді жүктілік кезінде пайдалануға болмайды. Жүкті әйелдерде микофенолат мофетилді пайдалану туралы деректер шектеулі. Жүктілік кезінде микофенолат мофетилді басқа иммунодепрессанттармен біріктірілімде алған емделушілердің балалары арасында құлақ кемістігін қоса алғандағы туа біткен кемтарлық, яғни дұрыс қалыптаспаған немесе сыртқы/ортаңғы құлағы жоқ балалар туралы жекелеген мәлімдемелер бар. Микофенолат мофетилді қабылдаған емделушілерде өздігінен болған түсік жағдайлары туралы хабарланған. Жануарларға жасалған зерттеулер препараттың репродуктивті уыттылығын көрсетті.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Жағымсыз реакциялар микофенолат мофетилді қабылдаған кезде қозғалыстың дәл координациясын талап ететін автомобиль жүргізу және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс жасаудан бас тарту керектігін көрсетеді.

Артық дозалануы

Симптомдары: шамадан тыс иммуносупрессия, жұқпаларға сезімталдықтың жоғарылауы, сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуі.

Емі: нейтропения дамығанда – Микокемнің дозасын төмендету немесе емді үзу керек.

Микофенол қышқылын ағзадан гемодиализ әдісімен шығаруға болмайды. Алайда плазмадағы микофенол қышқылы глюкуронидінің концентрациясы жоғары болғанда (>100 мкг/мл) оның аздаған мөлшері шығарылады. Өт қышқылын байланыстыратын препараттар, мысалы, холестирамин,оның экскрециясын ұлғайта отырып, микофенол қышқылының ағзадан шығарылуына ықпал етеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

1 пішінді қаптамадан қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, 300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Alkem Laboratories Ltd

Mumbai -400013, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Alkem Laboratories Ltd, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Алкем Лабораториз Лимитед» өкілдігі

Алматы қ., Мәметова к-сі 67

Телефон нөмірі (727) 266-39-90

Факс нөмірі (727) 266-39-90

Электронды пошта viral.parikh@alkem.com

 

 

Прикрепленные файлы

329849951477976826_ru.doc 104.5 кб
066745261477977984_kz.doc 101.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники