Микардис® Плюс (80 мг/12.5 мг)

МНН: Гидрохлоротиазид, Телмисартан
Производитель: Берингер Ингельхайм Эллас А.Е.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Телмисартан в комбинации с диуретиками
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020193
Информация о регистрации в РК: 11.02.2019 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 75 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

МИКАРДИС® Плюс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

80 мг/12,5 мг; 80 мг/25 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 80 мг телмисартан

тиісінше 12,5 мг немесе 25 мг гидрохлоротиазид,

қосымша заттар: натрий гидроксиді, поливидон К 25 (повидон), меглумин, сорбитол, магний стеараты, лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, темірдің (III) қызыл тотығы (Е172) (80/12,5 доза үшін), темірдің (III) сары тотығы (Е172) (80/25 доза үшін), натрий крахмалының гликоляты (А типі).

Сипаттамасы

80 мг/12,5 мг: сопақша пішінді, екі беті дөңес, екі қабатты таблеткалар: бір қабаты – ақ түсті «Н8» бедерімен және компания логотипімен, қызыл түсті дақтары бола береді, екінші қабаты – қызғылт түсті.

80 мг/25 мг: сопақша пішінді, екі беті дөңес екі қабатты таблеткалар: бір қабаты – ақ түсті «Н9» бедерімен және компания логотипімен, сары түсті дақтары бола береді, екінші қабаты – сары түсті.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да препараттармен біріктірілген ангиотензин II антагонистері.

Диуретиктермен біріктірілген ангиотензин II антагонистері.

Телмисартан және диуретиктер.

АТХ коды C09DA07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гидрохлоротиазид пен телмисартанды бір мезгілде қолдану осы препараттар фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Сіңуі

Телмисартан: ішке қабылдағаннан кейін телмисартан тез сіңіріледі, телмисартан ең жоғарғы концентрациясына 0,5-1,5 сағаттан соң жетеді.

Телмисартанның орташа абсолютті биожетімділігі - 50 % жуық. Ас ішу телмисартан биожетімділігін «плазма-уақыт концентрациясы» (AUC) қисығы астындағы аудан мәнін 40 мг доза қабылдағанда 6 %-дан 160 мг доза қабылдағанда 19 % дейін азайтумен мардымсыз төмендетеді. Телмисартан қабылдаудан кейін 3 сағаттан соң қан плазмасындағы концентрациясы тұрақтанады және ол ас ішумен байланыссыз. Болымсыз AUC азаюы емдік тиімділігін төмендетпейді.

Ішу арқылы қабылданатын телмисартан фармакокинетикасы дозаны арттырғанда плазмадағы концентрацияларының (Сmax және AUC) пропорционал ұлғаюынан көбірек 20 мг - 160 мг ауқымындағы дозаларды қабылдағанда дозаға байланыссыз сипатта болады. Телмисартан қайталап қолданғанда қан плазмасында елеулі шамада жиналмайды.

Гидрохлоротиазид: ішке қабылдаудан соң гидрохлоротиазид ең жоғары концентрациясына қабылдағаннан кейін шамамен 1,0-3,0 сағат өткенде жетеді. Гидрохлоротиазидтің абсолютті биожетімділігі шамамен 60 % құрайды.

Таралуы

Телмисартан: плазма ақуыздарымен, негізінен, альбуминмен және альфа-1 қышқылды гликопротеинмен байланысу дәрежесі жоғары (> 99,5 %). Таралу көлемі шамамен 500 л құрайды.

Гидрохлоротиазид: плазма ақуыздарымен 64% байланысады және оның көріністі таралу көлемі 0,80,3 л/кг құрайды.

Метаболизмі және шығарылуы

Телмисартан: 14C-таңбаланған телмисартан ішу арқылы қолданылғаннан кейін дозаның үлкен бөлігі (> 97%) билиарлы бөлініс арқылы нәжіспен шығарылды; өте мардымсыз мөлшерлері несептен табылды. Бастапқы заттың фармакологиялық белсенді емес ацилглюкуронидпен, адамда сәйкестендірілген бірден-бір глюкоронидпен конъюгациялануы арқылы метаболизденеді.

14C-таңбаланған телмисартанның бір дозасын қолданғаннан кейін қан плазмасынан шамамен 11 % радиобелсенділігі өлшенген глюкоронид табылады. Р450 цитохромының изоферменттері телмисартан метаболизміне қатыспайды. Телмисартанның жалпы плазмалық клиренсі шамамен 1500 мл/мин, терминалдық жартылай шығарылу кезеңі 20 сағаттан аса құрайды.

Гидрохлоротиазид: адамда метаболизденбейді және несеппен өзгермеген күйде толық дерлік бөлініп шығады. Ішке қабылданған дозаның 60 % жуығы өзгермеген зат түрінде 48 сағат ішінде шығарылады. Бүйрек клиренсі шамамен 250-300 мл/мин құрайды. Гидрохлоротиазидтің соңғы шығарылу кезеңі 10-15 сағат құрайды.

Егде жастағы емделушілер: егде жастағы және 65 жасқа толмаған емделушілерде телмисартан фармакокинетикасы ерекшеленбейді.

Жынысы: қан плазмасындағы телмисартан концентрациясы ерлердегіден 2-3 есе жоғары. Алайда, клиникалық зерттеулерде әйелдерде артериялық қысымның едәуір көтерілуі немесе ортостатикалық гипотензия жағдайлары анықталмаған. Дозаны түзету қажет емес. Қан плазмасындағы гидрохлоротиазид концентрациясының, ерлермен салыстырғанда, әйелдерде едәуір жоғары үрдісі болды.

Телмисартанның клиникалық тұрғыда мәнді жинақталуы болмаған.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер

Бүйрекпен бөлінуі телмисартан клиренсіне әсер етпейді. Бүйрек жеткіліксіздігі әлсіз немесе орташа айқын (креатинин клиренсі 30-60 мл/мин, орташа 50 мл/минутқа жуық) емделушілерде препаратты қолдану тәжірибесі негізінде бүйрек қызметі төмендеген емделушілерде дозаны түзетудің қажет еместігі көрсетілген. Телмисартан гемодиализ кезінде қаннан шығарылмайды. Бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде гидрохлоротиазидтің шығарылу жылдамдығы төмендеген.

Орташа креатинин клиренсі 90 мл/мин емделушілердегі зерттеуде гидрохлоротиазидтің жартылай шығарылу кезеңі ұзарған. Бүйрегі жұмыс істемейтін емделушілерде жартылай шығарылу кезеңі 34 сағатқа жуық созылады.

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде абсолютті биожетімділігінің 100 % дейін артуы байқалады. Бауыр жеткіліксіздігінде жартылай шығарылу кезеңі өзгермейді.

Фармакодинамикасы

МИКАРДИС Плюс ангиотензин II рецепторларының антагонисті – телмисартан мен тиазидті диуретик – гидрохлоротиазидтің біріктірілімі түрінде болады. Осы құрамдастар біріктірілімі, компоненттердің әрқайсысын бөлек қабылдауға қарағанда, едәуір жоғары деңгейдегі гипертензияға қарсы әсерді қамтамасыз етеді. Тәулігіне бір рет емдік дозаларда МИКАРДИС Плюс қабылдау артериялық қысымның тиімді және баяу төмендеуін қамтамасыз етеді.

Телмисартан: ангиотензин ІІ (AT1 типті) рецепторларының тиімді және спецификалық (селективті) антагонисті. Телмисартан өте жоғары дәрежелі тектестікте ангиотензин ІІ АT1-рецепторларының қосалқы типімен ғана байланыс түзеді. Телмисартанның басқа рецепторлармен, соның ішінде ангиотензиннің AT2-рецепторларымен және басқа азырақ зерттелген AT рецепторларымен тектес емес. Осы рецепторлардың функционалдық мәні, сондай-ақ олардың телмисартан тағайындалғанда концентрациясы жоғарылайтын ангиотензин ІІ арқылы шамадан тыс көтермелену мүмкіндігінен болатын әсері зерттелмеген.

Телмисартан қанда альдостерон деңгейін төмендетеді. Телмисартан адам плазмасында ренинді тежемейді және ион өзекшелерін бөгемейді. Телмисартан өзінің қатысуымен брадикинин синтезін төмендететін ангиотензин өзгертуші фермент (киназа ІІ) белсенділігін бәсеңдетпейді. Сондықтан брадикининнен болатын жағымсыз әсерлері күшеймейді.

Емделушілерде 80 мг дозадағы телмисартан ангиотензин ІІ гипертензияға қарсы әсерін іс жүзінде толық бөгейді. Тежегіш әсері 24 сағат бойы сақталып, 48 сағатқа дейін мәнін жоғалтпайды.

Телмисартанның алғашқы дозасын қабылдағаннан кейін гипертензияға қарсы белсенділігі 3 сағат ішінде біртіндеп байқала бастайды. Артериялық қысымның барынша төмендеуіне емдеу басталғаннан кейін 4 аптадан соң біртіндеп жетеді және ұзақ уақыт емделу кезінде сақталып тұрады.

Гипертензиясы бар емделушілерде телмисартан жүректің жиырылу жиілігін өзгертпестен систолалық және диастолалық артериялық қысымды түсіреді.

Телмисартанның гипертензияға қарсы белсенділігі басқа класты гипертензияға қарсы препараттармен салыстырмалы (бұл телмисартан амлодипинмен, атенололмен, эналаприлмен, гидрохлоротиазидпен, лозартанмен, лизиноприлмен, рамиприлмен және валсартанмен салыстырылған клиникалық зерттеулерде жария болды).

Телмисартанды күрт тоқтатқан жағдайда артериялық қысым кейін гипертензияның жылдам жаңғыру белгілерінсіз бірнеше күн ішінде емделуге дейінгі мәндеріне біртіндеп оралады («тоқтату» синдромы жоқ).

Клиникалық зерттеулерде гипертензияға қарсы емнің екі түрін тікелей салыстырғанда телмисартан қабылдаған емделушілердегі құрғақ жөтел жағдайлары ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерін алғандардан едәуір төмен болды.

Гидрохлоротиазид: тиазидті диуретик болып табылады. Тиазидті диуретиктердің гипертензияға қарсы әсер ету механизмдері толығымен белгісіз. Тиазидтер электролиттердің кері сіңірілуінің бүйректік тубулярлы механизмдеріне әсер етіп, натрий мен хлорид бөлінуін шамамен баламалы мөлшерлерде тікелей арттырады. Гидрохлоротиазидтің диуретиктік әсері плазма көлемін азайтады, плазма ренині белсенділігін жоғарылатады, альдостерон сөлінісін арттырып, кейіннен калий мен бикарбонаттың несеппен көп жоғалуына, сарысуда калийдің азаюына ұласады. Телмисартан қоса қабылданғанда ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіндегі жаппай бөгелістің осы диуретиктермен байланысты калий жоғалуын қайтымды ететін үрдісі жорамалданады.

Гидрохлоротиазид қабылдағанда диурездің жоғарылауы 2 сағат өткенде байқалады, ең жоғары әсері шамамен 4 сағаттан соң басталады, осы тұста әсер ету ұзақтығы 6-12 сағатқа жуық созылады.

Эпидемиологиялық зерттеулер гидрохлоротиазидпен ұзақ емдеудің жүрек-қантамырлық аурушаңдық пен олардан өлімге ұшырау қатерін азайтатынын көрсетті.

Қолданылуы

  • эссенциялық артериялық гипертензияны емдеуде (телмисартан немесе гидрохлоротиазид монотерапия түрінде тиімсіз болған жағдайда)

Қолдану тәсілі және дозалары

МИКАРДИС Плюс күніне бір рет аздаған су мөлшерімен ішіп қабылданады.

Телмисартаннан МИКАРДИС Плюске ауысқанда телмисартан дозасын алдын ала арттыруға болады. Монотерапиядан біріктірілген препарат қабылдауға тікелей көшу мүмкіндігі бар.

80 мг/12,5 мг МИКАРДИС Плюсті 80 мг телмисартан (МИКАРДИС) қолданғанда артериялық қысымы қалыпқа түспейтін емделушілерге тағайындауға болады.

80 мг/12,5 мг МИКАРДИС Плюс қолданғанда артериялық қысымы қалыпқа түспеген емделушілерге немесе телмисартан әлде гидрохлоротиазид бөлек пайдаланылғанда бұрын жағдайы тұрақтанған емделушілерге 80 мг/25 мг МИКАРДИС Плюсті тағайындауға болады.

Гипертензияға қарсы ең жоғары әсеріне әдетте емдеу басталғаннан кейін 4-8 сегіз апта ішінде жетеді.

Қажет болса, МИКАРДИС Плюсті гипертензияға қарсы басқа дәрілермен үйлестіруге болады.

Артериялық гипертензиясы ауыр дәрежедегі емделушілерде телмисартан тәулігіне 160 мг дейінгі дозаларында (МИКАРДИС 80 мг препаратының екі капсуласы) немесе тәулігіне 12,5-25 мг гидрохлоротиазидпен біріктірілгенде (80 мг/12,5 мг немесе 80 мг/25 мг МИКАРДИС Плюстің екі капсуласы) жақсы көтерімді және тиімді болды.

МИКАРДИС Плюсті ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Препарат құрамында гидрохлоротиазид болуына орай, МИКАРДИС Плюсті бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түріне (креатинин клиренсі <30 мл/мин) шалдыққан емделушілерге тағайындауға болмайды. Емделушілердің осы тобында ілмекті диуретиктер тағайындаған дұрыс. Бүйрек қызметі болымсыз немесе орташа бұзылған емделушілерде қолдану тәжірибесі шектеулі, бірақ қолжетімді деректерде бүйрекке жайсыз әсер етуі сипатталмайды, сондықтан дозаны түзету қажет емес. Бүйрек қызметіне мезгіл-мезгіл бақылау жасау ұсынылады.

Егде жастағы емделушілер.

Дозаны түзету қажет емес.

Балалар және жасөспірімдер: МИКАРДИС Плюс препаратын, қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер болмауына орай, 18 жасқа дейінгі емделушілерге қолдану ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

МИКАРДИС Плюс қабылдағанда пайда болатын қолайсыз құбылыстардың жалпы туындау жиілігі телмисартан мен гидрохлоротиазид біріктірілімін (835) немесе тек телмисартан (636) алған 1471 емделуші қатысқан бірқатар зерттеулер барысында телмисартанмен монотерапия кезіндегі жиілікпен салыстырмалы болды. Қолайсыз құбылыстар дозаға тәуелді емес, емделушінің жыныстық ерекшелігімен, жасымен немесе нәсілімен байланысты емес.

Телмисартан мен гидрохлоротиазид біріктірілімінің клиникалық зерттеулері барысында байқалған қолайсыз құбылыстар мынадай жіктемені пайдаланумен төмендегі кестеде келтірілген: жиі ≥1/100-ден <1/10-ға дейін, жиі емес ≥1/1000-нан <1/100-ге дейін, сирек ≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін, өте сирек <10000.

Жұқпалар мен инвазиялар:

Сирек:

бронхит, фарингит, синусит

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар:

Сирек:

жүйелі қызыл жегінің өршуі немесе белсенділенуі (постмаркетингтік деректерге негізделген)

Метаболизм бұзылулары:

Жиі емес:

Сирек:

гипокалиемия

гипонатриемия, гиперурикемия

Психикалық бұзылыстар

Жиі емес:

Сирек:

үрейлену

депрессия

Орталық жүйке жүйесінің бұзылыстары:

Жиі:

Жиі емес:

Сирек:

бас айналу

естен тану/әлсіздік, парестезиялар

ұйқының бұзылуы, ұйқысыздық

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар:

Сирек:

көрудің бұзылуы, көру өткірлігінің уақытша төмендеуі

Есту мүшесі және вестибулярлық аппарат тарапынан бұзылулар:

Жиі емес:

вертиго

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар:

Жиі емес:

аритмия, тахикардия

Тамырлық бұзылыстар:

Жиі емес:

гипотензия (ортостатикалық гипотензияны қоса)

Тыныс ағзалары тарапынан бұзылулар:

Жиі емес:

Сирек:

ентігу

респираторлық дистресс (пневмония мен өкпе ісінуін қоса)

Асқазан-ішек бұзылыстары:

Жиі емес:

Сирек:

диарея, ауыз кеберсуі, метеоризм

іштің ауыруы, іш қату, диспепсия, құсу, гастрит

Гепатобилиарлық жүйе бұзылыстары:

Сирек:

бауыр қызметінің бұзылулары / бауыр аурулары* (*тіркеуден кейінгі кезеңде байқалған бауыр қызметі бұзылған жағдайлардың көп бөлігі осындай қолайсыз реакциялар дамуына көбірек бейім Жапониядағы емделушілерде байқалды)

Тері және тері асты шелмай қабаты тарапынан бұзылулар:

Сирек:

ангионевротикалық ісіну (өліммен аяқталуды қоса), эритема, қышыну, бөрту, қатты тершеңдік, есекжем

Сүйек-бұлшықет жүйесі және дәнекер тін тарапынан бұзылулар:

Жиі емес:

Сирек:

арқаның ауыруы, бұлшықеттер түйілуі, миалгия

артралгия, аяқтардың ауыруы, аяқ құрысулары

Ұрпақ өрбіту жүйесі жұмысының бұзылулары және сүт бездерінің аурулары:

Жиі емес:

потенцияның төмендеуі

Жалпы бұзылыстар:

Жиі емес:

Сирек:

кеуденің ауыруы

тұмау тәріздес симптомдар, ауыру

Зертханалық көрсеткіштер өзгерістері:

Жиі емес:

Сирек:

несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы

креатинин деңгейінің көтерілуі, бауыр ферменттері белсенділігінің артуы, қанда креатинфосфокиназаның ұлғаюы

Телмисартан (гипертониясы бар емделушілерде немесе жүрек-қантамырлық асқынулар қаупі жоғары 50 жастан бастап және одан асқан емделушілерде телмисартанмен монотерапия кезіндегі клиникалық зерттеулер деректері бойынша)

Жұқпалар мен инвазиялар:

Жиі емес:

Сирек:

жоғарғы тыныс жолдарының жұқпалары, несеп шығару жолдарының жұқпалары (соның ішінде цистит)

сепсис (өліммен аяқталған жағдайларды қоса)

Қан және лимфа жүйелері тарапынан бұзылулар:

Жиі емес:

Сирек:

анемия

тромбоцитопения, эозинофилия

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар:

Сирек:

анафилактикалық реакциялар, аса жоғары сезімталдық

Метаболикалық бұзылулар:

Жиі емес:

Сирек:

гиперкалиемия

гипогликемия (қант диабетімен науқастарда)

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар:

Жиі емес:

брадикардия

Асқазан-ішек бұзылыстары:

Сирек:

диспепсия

Тері және тері асты шелмай қабаты тарапынан бұзылулар:

Сирек:

экзема, дәрі-дәрмектік бөрту, уытты бөртпе

Сүйек-бұлшықет жүйесі және дәнекер тін тарапынан бұзылулар:

Сирек:

артроз, сіңірлердің ауыруы (тендинит тәрізді симптомдар)

Бүйрек және несеп шығару жолдары жұмысының бұзылулары:

Жиі емес:

бүйрек қызметінің бұзылуы, жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса («Айрықша нұсқауларды» да қараңыз)

Жалпы бұзылыстар:

Жиі емес:

астения (әлсіздік)

Зертханалық көрсеткіштер өзгерістері:

Сирек:

гемоглобин деңгейінің төмендеуі

Гидрохлоротиазид (гидрохлоротиазидпен монотерапия кезінде анықталған қосымша жағымсыз әсерлер)

Жұқпалар мен инвазиялар:

Белгісіз:

сиаладенит

Қан және лимфа жүйелері тарапынан бұзылулар:

Белгісіз:

апластикалық анемия, гемолитикалық анемия, тромбоцитопения, сүйек кемігі депрессиясы, лейкопения, нейтропения / агранулоцитоз

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар:

Белгісіз:

анафилактикалық реакциялар, аллергия

Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар:

Белгісіз:

қант диабетін бақылаудан айрылу

Метаболикалық бұзылулар:

Белгісіз:

гипергликемия, гиповолемияның пайда болуы немесе өршуі (айналымдағы қан көлемінің азаюы), электролиттік теңгерім бұзылуы, анорексия, тәбет жоғалту, гиперхолестеринемия

Психикалық бұзылыстар:

Белгісіз:

мазасыздық сезімі

Жүйке жүйесі бұзылыстары:

Белгісіз:

бас айналу

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар:

Белгісіз:

ксантопсия (заттардың сары түске боялғандай көрінуі), жедел миопия, жедел жабық бұрышты глаукома

Тамырлық бұзылыстар:

Белгісіз:

некроздаушы ангиит (васкулит)

Асқазан-ішек бұзылыстары:

Белгісіз:

асқазан бұзылысы, панкреатит

Гепатобилиарлық жүйе бұзылыстары:

Белгісіз:

сарғаю (гепатоцеллюлярлық немесе холестатикалық сарғаю)

Тері және тері асты шелмай қабаты тарапынан бұзылулар:

Белгісіз:

уытты эпидермалық некролиз, жегі тәріздес реакциялар, жүйелі қызыл жегінің қайта белсенділенуі, тері васкулиті, фотосенсибилизация реакциясы

Сүйек-бұлшықет жүйесі және дәнекер тін тарапынан бұзылулар:

Белгісіз:

әлсіздік

Бүйрек және несеп шығару жолдары жұмысының бұзылулары:

Белгісіз:

интерстициальді нефрит, бүйрек қызметінің бұзылуы, глюкозурия

Жалпы бұзылыстар:

Белгісіз:

қызба

Зертханалық көрсеткіштер өзгерістері:

Белгісіз:

триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • белсенді заттарға, қосымша компоненттердің кез келгеніне немесе сульфонамидтердің басқа туындыларына (гидрохлоротиазид сульфонамид туындысы болып табылады) жоғары сезімталдық

  • холестаз және өт жолдарының обструкциялық аурулары

  • бауыр қызметінің бұзылуы

  • ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин)

  • тұрақты гипокалиемия, гиперкальциемия

  • қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі (СКФ < 60 мл/мин/ 1,73 м2) бар емделушілерде МИКАРДИС Плюс препаратын алискеренмен бірге қабылдау

  • тұқым қуалайтын фруктоза, галактоза (галактоземия) көтере алмаушылық

  • жүктіліктің екінші және үшінші триместрлері мен лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

МИКАРДИС Плюсті бірге қолданғанда:

  • литиймен қан сарысуында литий концентрациясының қайтымды ұлғаюы мен литийдің бүйрек клиренсінің төмендеуі салдарынан литиймен уыттану дамыған сирек жағдайлар байқалады. Осыған орай, литий мен МИКАРДИС Плюсті бірге қолдану ұсынылмайды. Осы препараттарды бірге тағайындау қажет болғанда қан плазмасындағы литий деңгейіне мониторинг жасаған жөн, ал емделушілер дәрігердің қатаң бақылауында болуы тиіс.

  • калий жоғалтуға және гипокалиемияға әкелетін препараттармен (калий диуретиктері, іш жүргізгіштер, кортикостероидтар, бүйрек үсті бездері қыртысының гормондары, амфотерицин, карбеноксолон, G пенициллинінің натрий тұзы, салицил қышқылы және оның туындылары) қан плазмасындағы калий деңгейін қатаң бақылау керек. Бұл препараттар гидрохлоротиазидтің гипокалиемиялық әсерін күшейтуі мүмкін. Осы дәрілік заттарды МИКАРДИС Плюспен бір мезгілде тағайындағанда қан плазмасындағы калий деңгейіне мониторинг жасау ұсынылады;

  • калий жинақтаушы диуретиктермен, калий қоспаларымен, құрамында калий бар тұз алмастырғыштармен және калий деңгейін арттыруға ықпал ететін басқа препараттармен (мысалы, гепариннің натрий тұзы) бір мезгілде ренин-ангиотензин жүйесін бәсеңдететін препараттармен қан сарысуында калий деңгейінің жоғарылауы мүмкін. Егер осы дәрілік заттарды МИКАРДИС Плюспен тағайындау қажет болса, қан плазмасындағы калий деңгейін бақылау ұсынылады;

  • қандағы калий деңгейінің ауытқуына тәуелді дәрілік заттармен (оймақгүл гликозидтері), аритмияға қарсы дәрілермен қан сарысуындағы калий деңгейіне мерзім сайын мониторинг жасап, электрокардиография өткізу керек, өйткені гипокалиемия - «пируэт» типті пароксизмалық қарынша тахикардиясының пайда болуына бейімдейтін фактор;

  • қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен кейбір емделушілерде тиазидті диуретиктердің диуретиктік, натрийуретиктік және гипертензияға қарсы әсерлерінің төмендеуі мүмкін. Егде жастағы емделушілерде және сусызданған науқастарда жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі артуы ықтимал, сондықтан жеткілікті гидратация және бүйрек қызметіне мониторинг жасаған жөн;

  • гипертензияға қарсы басқа препараттармен олардың гипертензиялық әсері күшеюі мүмкін;

  • телмисартанмен және рамиприлмен рамиприл мен рамиприлат AUC0-24 және Cmax мәндерінің 2,5 есе артуына алып келеді. Осы байқалымның клиникалық мәні белгісіз;

  • алкогольмен, барбитураттармен, есірткілік заттармен ортостатикалық гипотензия күшеюі мүмкін;

  • диабетке қарсы дәрілермен (ішуге арналған түрлері және инсулин) диабетке қарсы дәрілер дозасын түзету қажет болуы мүмкін;

  • метформинмен гидрохлоротиазидті бірге тағайындаудан туындайтын лактацидоз даму қаупі пайда болады;

  • холестираминмен және холестерин шайырларымен гидрохлоротиазид сіңуі бұзылады;

  • оймақгүл гликозидтерімен тиазидтер туындататын гипокалиемия немесе гипомагниемия болуы мүмкін, бұл оймақгүл гликозидтерімен индукцияланған жүрек аритмиясының басталуына ықпал етеді;

  • прессорлы аминдермен (норадреналин) прессорлы аминдер ықпалы азаяды;

  • қаңқа бұлшықеттерінің жете поляризацияламайтын релаксанттарымен (тубокурарин) жете поляризацияламайтын релаксанттар әсерінің күшеюі байқалады;

  • подаграны емдеуге арналған препараттармен урикозуриялық дәрілер дозасын түзету қажет болады, өйткені гидрохлоротиазид қан сарысуындағы несеп қышқылы деңгейін арттыруға қабілетті. Аллопуринолмен бірге қабылдау аллопуринолға аса жоғары сезімталдық реакцияларына алып келуі мүмкін;

  • кальций тұздарымен оның аз шығарылуына орай, қандағы кальций деңгейі артуы мүмкін. Егер құрамында кальций бар витаминдер тағайындалса, оның қандағы деңгейіне бақылау жасап, тиісінше, дозаны түзету керек;

  • бета-блокаторлармен және диазоксидпен бета-блокаторлар мен диазоксидтің гипергликемиялық әсері күшеюі мүмкін;

  • антихолинергиялық дәрілермен (атропин, биперидин) асқазан-ішек жолы моторикасының және асқазанның босатылу жылдамдығының азаюы арқылы тиазидті диуретиктер биожетімділігі артуы мүмкін;

  • амантадинмен амантадин қабылдаудан туындаған жағымсыз әсерлердің даму қаупі артуы мүмкін;

  • цитоуытты препараттармен (циклофосфамид, метотрексат) цитоуытты препараттардың бүйрекпен шығарылуы төмендеп, олардың миелосупрессиялық әсерлері күшеюі мүмкін.

МИКАРДИС Плюсті дигоксинмен, варфаринмен, гидрохлоротиазидпен, глибенкламидпен, ибупрофенмен, парацетамолмен, симвастатинмен және амлодипинмен бірге пайдалану клиникалық мәнді өзара әрекеттесуге әкелмейді. Дигоксинмен бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы дигоксиннің орташа ең төмен концентрациясының 20 % (бірлі-жарым жағдайда 39 %) ұлғаюы байқалды, сондықтан қан плазмасындағы дигоксин деңгейіне мониторинг жасау қажет.

Айрықша нұсқаулар

Бауыр жеткіліксіздігі

МИКАРДИС Плюс холестаз, өт шығару жолдарының обструкциялық аурулары немесе бауыр қызметінің айқын бұзылулары бар емделушілерге қарсы көрсетілімді, өйткені телмисартан көбінесе өтпен шығарылады. Мұндай науқастарда телмисартаннан туындайтын бауыр клиренсінің төмендеуін күтуге болады.

Бауыр қызметінің бұзылулары немесе бауырдың үдемелі аурулары бар науқастарға 80/12,5 мг және 80/25 мг дозаланған МИКАРДИС Плюс қолдану қарсы көрсетілімді. Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде МИКАРДИС Плюс пайдаланудың клиникалық тәжірибесі жоқ.

Реноваскулярлық гипертензия

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін дәрілік препараттар қабылдайтын бүйрек артерияларының екі жақты стенозы немесе жалғыз жұмыс істейтін бүйрек артериясының стенозы бар емделушілерде ауыр гипотензия мен бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі жоғары болады.

Бүйрек жеткіліксіздігі және бүйрек трансплантациясы

МИКАРДИС Плюс бүйрек қызметінің бұзылуы ауыр (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз) науқастарға қарсы көрсетілімді.

Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр немесе таяуда бүйрек трансплантациясы жасалған емделушілерде МИКАРДИС Плюс пайдалану тәжірибесі жоқ. Бүйрек қызметінің аздаған немесе орташа бұзылулары бар емделушілерде МИКАРДИС Плюс қолдану тәжірибесі шектеулі, сондықтан сарысудағы калий, креатинин және несеп қышқылы деңгейін мезгіл-мезгіл бақылау ұсынылады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде тиазидті диуретиктер пайдаланумен байланысты азотемия дамуы мүмкін.

Айналымдағы қан көлемінің (АҚК) азаюы

АҚК азайған және/немесе диуретиктермен қарқынды емдеу салдарынан натрий мөлшері азайған, тамақпен тұз тұтынуы кеміген, диарея немесе құсу болатын емделушілерде, әсіресе алғашқы дозаны қабылдағаннан кейін симптоматикалық гипотензия байқалуы мүмкін. МИКАРДИС Плюс тағайындалғанша мұндай жағдайларды түзету керек.

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін қосарлы бөгеу:

Бүйрек патологиясы бар емделушілерде ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне ықпал ететін дәрілік заттарды бірге қолданғанда осы жүйенің бөгелісі салдарынан бүйрек қызметінің өзгерістері (соның ішінде жедел бүйрек жеткіліксіздігі) анықталған. Сондықтан ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін қосарлы бөгеу (мысалы, ангиотензин ІІ рецепторлары антагонистіне АӨФ тежегішін қосқанда) бүйрек қызметіне мұқият мониторинг жасау кезіндегі ішінара жағдайлар болуы тиіс.

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін көтермелеумен байланысты басқа жай-күйлер

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі белсенділігіне едәуір дәрежеде тәуелденетін тамырлық тонусы мен бүйрек қызметі төмендеген емделушілерде (мысалы, ауыр іркілісті жүрек жеткіліксіздігі немесе бүйрек артериясы стенозын қоса, ауыр бүйрек аурулары бар емделушілер) осы жүйеге ықпал ететін басқа препараттармен бірге МИКАРДИС Плюспен емдеу жедел гипотензия, гиперазотемия, олигурия немесе, сирек жағдайларда, жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупіне әкелуі мүмкін.

Алғашқы альдостеронизм

Алғашқы альдостеронизм бар емделушілер әдетте ренин-ангиотензин жүйесін тежеу арқылы әсер ететін гипертензияға қарсы дәрілермен емдеуге реакция бермейді. Сондықтан МИКАРДИС Плюс қолдану ұсынылмайды.

Аортальді және митральді клапан стенозы, обструкциялық гипертрофиялық кардиомиопатия

Аортальді әлде митральді стеноздан немесе обструкциялық гипертрофиялық кардиомиопатиядан зардап шегетін емделушілерде қан тамырларын кеңейтетін басқа дәрілер пайдаланылғанда МИКАРДИС Плюс қолдану айрықша сақтануды талап етеді.

Метаболикалық және эндокриндік әсерлері

Қант диабеті бар емделушілерде инсулин дозасын немесе ішуге арналған гипогликемиялық дәрілер дозасын өзгерту қажет болуы мүмкін. Тиазидті диуретиктермен ем жүргізгенде жасырын өтетін қант диабеті көрініс беруі мүмкін.

Холестерин мен триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы мен тиазидті диуретиктер қолданудың арасында байланыс болды; дегенмен құрамында 12,5 мг гидрохлоротиазид бар МИКАРДИС Плюс қолданылғанда тым аз әсері болды немесе ол болмады. МИКАРДИС Плюс емін алатын кейбір емделушілерде гиперурикемия және подагра ұстамаларын байқауға болады.

Су-электролит теңгерімінің бұзылуы

МИКАРДИС Плюс препаратын қолданған кезде де, диуретиктік ем жүргізген жағдайда да қан сарысуындағы электролиттер мөлшерін әлсін-әлсін бақылау қажет.

Тиазидті диуретиктер, соның ішінде гидрохлоротиазид су-электролит теңгерімінің және қышқыл-негізді жағдайдың бұзылуын (гипокалиемия, гипонатриемия және гипохлоремиялық алкалоз) туындатуы мүмкін. Осы бұзылуларға қатысты сақтандыратын белгілер - ауыз қуысы шырышты қабығының құрғауы, шөлдеу сезімі, жалпы әлсіздік, ұйқышылдық, мазасыздық сезімі, миалгия немесе балтыр бұлшықеттерінің құрысып тартылуы (құрысулар), бұлшықет әлсіздігі, артериялық гипотензия, олигурия, тахикардия және жүрек айну мен құсу сияқты асқазан-ішек бұзылулары.

Тиазидті диуретиктер қолданғанда гипокалиемия дамуы мүмкін, бірақ бір мезгілде қолданылатын телмисартан қандағы калий мөлшерін арттыра алады. Гипокалиемия қаупінің бауыр циррозы бар емделушілерде, диурез күшейгенде, тұзсыз емдәм ұстанғанда, сондай-ақ глюко- және минералокортикостероидтар немесе кортикотропин бір мезгілде қолданылған жағдайда артуы көбірек. МИКАРДИС Плюс препаратының құрамына кіретін телмисартан, керісінше, ангиотензин II рецепторларына антагонизм (AT1 қосалқы типі) нәтижесінде гиперкалиемияға әкелуі мүмкін. МИКАРДИС Плюс препаратын қолданғанда клиникалық мәнді гиперкалиемия тіркелмеген, оны дамытатын қауіп факторлары бүйрек және/немесе жүрек жеткіліксіздігі мен қант диабеті екеніне назар аударған дұрыс.

МИКАРДИС Плюс препаратының диуретиктер қабылдаудан болатын гипонатриемияны азайту немесе болдырмау мүмкіндігі жөнінде деректер жоқ. Гиперхлоремия әдетте мардымсыз және емдеуді талап етпейді.

Тиазидті диуретиктер кальцийдің бүйрекпен шығарылуын азайтуы (кальций метаболизмінің анық бұзылулары болмағанда) және қан сарысуындағы кальций мөлшерінің өтпелі немесе аздап көбеюін туғызуы мүмкін. Аса айқын гиперкальциемия жасырын гиперпаратиреоз белгісі бола алады. Қалқанша маңы бездерінің қызметін бағалау алдында тиазидті диуретиктер тоқтатылуы тиіс.

Тиазидті диуретиктердің бүйрекпен магнийді көп шығаруы көрсетілген, бұл гипомагниемияға әкелуі мүмкін.

Сорбитол

80 мг/12,5 мг және 80 мг/25 мг дозаланған МИКАРДИС Плюстің ең жоғары ұсынылған тәуліктік дозасында 338 мг сорбитол бар.

Сирек тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы бар емделушілер бұл дәріні қабылдамауы тиіс.

Қант диабеті

Қосымша жүрек-қантамырлық қауіп факторы, мысалы, қатарлас ишемиялық жүрек ауруы (ИЖА) бар қант диабетімен науқастарда жүрек-қантамыр патологиясы себеп болатын миокард инфарктісі мен кенеттен өлу қатері ангиотензин ІІ рецепторларының блокаторлары немесе АӨФ тежегіштері сияқты артериялық қысымды түсіретін препараттармен емдегенде жоғарылауы мүмкін. Қант диабеті бар емделушілерде ИЖА белгісі білінбей өтуі, сондықтан да, диагностикаланбауы мүмкін. Қант диабеті бар емделушілерге тиісті диагностика, мысалы, МИКАРДИС Плюс қабылдау басталғанша ИЖА анықтау және сәйкесті емдеу үшін стресс-тестілеу өткізілуі тиіс.

Лактоза

МИКАРДИС Плюстің ең жоғары ұсынылған тәуліктік дозасында 80 мг/12,5 мг дозаланғанда 112 мг лактоза моногидраты және 80 мг/25 мг дозаланғанда 99 мг лактоза моногидраты бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза көтере алмайтын ауруы, мысалы, галактоземиясы бар емделушілер бұл дәріні қабылдамауы тиіс.

Қосымша

Гипертензияға қарсы заттарды пайдаланғанда, ишемиялық кардиопатиясы немесе ишемиялық жүрек-қантамыр ауруы бар емделушілерде АҚ күрт және шамадан тыс төмендеуі миокард инфарктісіне немесе инсульт дамуына әкелуі мүмкін.

Жалпы

Сыртартқысында аллергиясы немесе бронх демікпесі болмағанның өзінде емделушілерден гидрохлоротиазидке жоғары сезімталдық реакцияларын байқауға болады, дегенмен сол ауруларға шалдыққан кезде ықтималдығы зор.

Тиазидті диуретиктер пайдаланылғанда жүйелі эритематозды жегінің өршуі немесе белсенділенуі жөнінде хабарламалар бар.

Жедел миопия және салдарлы жабық бұрышты глаукома

Сульфонамид туындысы болып табылатын гидрохлоротиазид қысқа мерзімді жедел миопияның және салдарлы жабық бұрышты глаукоманың пайда болуына әкелетін идиосинкразия (жекеше көтерімсіздік) реакциясын туғызуы мүмкін. Симптомдарына жедел басталатын көру өткірлігінің төмендеуі немесе көздің ауыруы жатады, әдетте, бұл препарат қабылдаған сәттен бастап, бірнеше сағаттан бірнеше аптаға дейінгі кезеңде байқалады.

Жедел жабық бұрышты глаукомаға ем жасамау қайтымсыз көрмей қалуға әкеп соқтыруы мүмкін! Алғашқы емдеу гидрохлоротиазид қабылдауды дереу тоқтатудан тұрады! Егер көзішілік қысымды қалпына келтіру сәті түспесе, шұғыл медициналық немесе хирургиялық ем қажет болуы мүмкін. Жедел жабық бұрышты глаукома дамуының қауіп факторлары өзінде сульфонамидке немесе пенициллинге аллергиялық реакциялардың сыртартқыда болуын қамтуы мүмкін.

Фертильділік, жүктілік және лактация кезеңі

Телмисартан: ангиотензин II рецепторлары антагонистерін қабылдауды жүктілік кезеңінде бастауға болмайды. Ангиотензин II рецепторлары антагонистерін қабылдап және жүктілікті жоспарлап жүрген емделушілер жүктілік кезінде пайдаланудың қауіпсіздік бейіні анықталған гипертензияға қарсы препараттармен баламалы емге көшірілуі тиіс. Жүктілік анықталғанда ангиотензин II рецепторлары антагонистерін қабылдау тез арада тоқтатылып, баламалы еммен алмастырылуы тиіс.

Қлиникаға дейінгі зерттеулер оның тератогенділігін көрсетпейді, бірақ оның фетоуыттылығын көрсетеді. Екінші және үшінші триместр барысында ангиотензин II рецепторлары антагонистерін қабылдау фетоуыттануға (бүйрек белсенділігінің төмендеуіне, су аздыққа, бассүйектің сүйекке айналу кідірісіне) және неонатальді уыттануға (бүйрек жеткіліксіздігіне, артериялық гипотензияға, гиперкалиемияға) алып келеді.

Ангиотензин II рецепторлары антагонистерін қабылдаған жағдайда, екінші триместрден бастап, ұрықтың бүйрегі мен бассүйегін ультрадыбыстық зерттеу тағайындалады.

Аналары ангиотензин II рецепторлары антагонистерін қабылдаған сәбилер гипотензияға қатысты тексерілуі тиіс.

Гидрохлоротиазид: жүктілік кезеңінде, әсіресе, алғашқы триместр ішінде гидрохлоротиазид қолдану тәжірибесі шектеулі.

Гидрохлоротиазид плацента арқылы өтеді. Гидрохлоротиазидтің фармакологиялық әсер ету механизмі негізінде, оны жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде қолданудан фетоплаценталық қанмен қамту бұзылып, жаңа туған нәрестеде сарғаю, электролиттік теңгерім бұзылуы және тромбоцитопения сияқты бұзылулар туындауын күтуге болады.

Гидрохлоротиазид жүктілердегі ісінуді, жүктілер гипертониясын немесе преэклампсиясын емдеуге қолданылмауы тиіс, өйткені оны қабылдау ауру ағымына соншалықты жайлы әсер етуі болмайтын плазма көлемінің азаю қатерімен және плаценталық гипоперфузия қаупімен байланысты.

Гидрохлоротиазид жүкті әйелдерде, басқа ешқандай ем қолдану мүмкін болмайтын сирек жағдайларды қоспағанда, алғашқы артериялық гипертензияны емдеу үшін қолданылмауы тиіс.

Лактация кезеңі

МИКАРДИС Плюс, оның емшек сүтімен бөлінуіне қатысты деректер жоқ болғандықтан, бала емізу кезеңінде қарсы көрсетілімді.

Клиникаға дейінгі сынақтар барысында телмисартанның ана сүтінде болуы көрсетілген. Тиазидтер емшек сүтімен бөлініп шығып, лактацияға кері әсерін тигізуі мүмкін.

Фертильділігі

Адамдағы фертильдігіне зерттеулер жүргізілмеген. Клиникаға дейінгі зерттеулерде телмисартан мен гидрохлоротиазидтің екі жыныстың да фертильділігіне ықпал етуі байқалмаған.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлік жүргізу және механизмдер басқару қабілетіне әсер етуіне зерттеулер жүргізілмеген. Бас айналу немесе ұйқышылдық дамуы мүмкін екеніне орай, гипертензияға қарсы ем жүргізілген кезеңде автокөлік немесе аспаптар басқаруды шектеген жөн.

Артық дозалануы

МИКАРДИС Плюстің артық дозалануы туралы клиникалық деректер шектеулі.

Симптомдары: артериялық гипотензия, тахикардия, брадикардия, жүрек айну, ұйқышылдық. Гидрохлоротиазидпен артық дозалануды шамадан тыс диурез нәтижесіндегі дегидратациямен және электролиттер мөлшерінің төмендеуімен (гипокалиемия, гипохлоремия) байланыстырады. Гипокалиемия бұлшықеттер түйілуіне және/немесе дигиталис гликозидтерімен немесе аритмияға қарсы кейбір дәрілермен үйлестіріп пайдаланумен байланысты жүрек аритмиясының күшеюіне әкелуі мүмкін.

Емі: белгілеріне қарай.

Емделушілер қалтқысыз қадағалауда болуы тиіс, әрі қабылдаудан кейінгі уақытқа және симптомдар ауырлығына байланысты белгісіне қарай және демеуші ем жүргізген жөн.

Сарысудағы электролиттер мен креатининді жиі аралықтар сайын бақылап отырған дұрыс. Гипотензия жағдайында емделушілер шалқасынан жатқызылып, тез арада электролиттер мен айналымдағы қан көлемін қалпына келтіру керек. Телмисартан қаннан гемодиализбен шығарылмайды, гемодиализ жүргізілгенде гидрохлоротиазидтің бөлініп шығу дәрежесі анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

7 таблеткадан баспалы күңгірт лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 немесе 4 пішінді қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Берингер Ингельхайм Эллас А.Е., Коропи, Греция

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Берингер Ингельхайм Интернешнл ГмбХ, Ингельхайм, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

«Берингер Ингельхайм Фарма Геселлшафт м.б.Х» Қазақстандағы Филиалы

Заңды мен пошталық мекенжай:

050008, Алматы қаласы, Абай данғылы, 52

БO «Innova Tower», 7 қабат

Тел:+7-727-250-00-77

Факс:+7-727-244-51-77

PV_local_Kazakhstan@boehringer-ingelheim.com

Сарапшы

Прикрепленные файлы

154368201477976827_ru.doc 205.5 кб
153644681477977986_kz.doc 245 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники