Мизопростол
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Мизопростол
Халықаралық патенттелмеген атауы
Мизопростол
Дәрілік түрі
0.2 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 20.0 мг мизопростол гидроксипропилметилцеллюлоза (1: 99) ұнтағы түрінде 0.2 мг мизопростол
қосымша заттар: натрий карбоксиметилкрахмалы, гидрогенизделген майсана майы, микрокристалды целлюлоза, микрондалған кремнийдің қостотығы.
Сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті, диаметрі 9 мм жуық дөңгелек таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа препараттар.
Уретротонустық препараттар. Простагландиндер. Мизопростол.
АТХ коды G02AD06
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикаcы
Мизопростол ішке қабылданғаннан кейін жылдам сіңеді (тамақ сіңуін төмендетеді) және толық сіңуге 1.5 сағаттан кейін жетеді. Мизопростол
АІЖ қабырғаларында және бауырда биотрансформацияланады және белсенді мизопростол қышқылын түзеді. Мизопростол ақуыздармен (85%-ға) байланысқан түрде тамырлар арнасы жүйесінде айналымда болады. Мизопростол плазмадағы тепе-теңдік концентрациясына 2 тәулік бойына жетеді, жинақталуы байқалмайды. Мизопростолды 0.2 мг дозада ішке бір рет қабылдағаннан кейін белсенді плазмалық метаболиттері концентрация шегіне және қандағы орташа шегіне 0.309 мкг/л 15 минуттан кейін жетеді. Жартылай шығарылу кезеңі 36-48 минутты құрайды. Дозаның 80% бүйрек арқылы несеппен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Мизопростол – табиғи Е1 простагландинінің синтетикалық аналогы. Жатыр мойнын босаңсытады, қан тамырлары тонусына әсер ете отырып ацетилаткиназаны көтермелейді, осының әсерінен организмдегі прогестерондық рецепторларына әсер ететін цАМФ (циклдық аденозин монофосфаты) құрамының төмендеуі туындайды. Осылайша децидуальдік тін мен трофобласт қан айналымы бұзылады, бұл децидуальдік тіндердің шеттетілуін туындатады. Жүктілікті миометрия жиырылу жиілігін күшейте отырып, ерте мерзімінде үзу мақсатында тағайындалады. Асқазан-ішек жолдарының тегіс бұлшықетін көтермелейді, мизопростолдың (2 мг) үлкен дозасы асқазан сөлі секрециясын тежейді.
Қолданылуы
-
аменореяның 49 күніне дейінгі ерте мерзіміндегі жатырлық жүктілікте мифепристонмен біріктірілімде дәрі-дәрмек қолдану арқылы түсік түсірту.
Қолдану тәсілі және дозалары
Мизопростол 0.6 мг дозада ішке бір рет (3 таблетка) дәрігер бақылауында 200 мг мифепристон қабылдаған соң 36-48 сағаттан кейін қабылданады. Мизопростолды тамақ ішерден 2 сағат бұрын қабылдау қажет.
Мифепристон қабылдаған соң 8-14 күннен кейін пациент УДЗ-бақылауға келуі тиіс, сондай-ақ түсік түскенін нақтылау үшін бета-хориондық гормон деңгейін анықтау керек. Препаратты қолданудан 8-14 күндері арасында әсер болмаған жағдайда (толық емес түсік немесе жүктілік жалғасуында) шаранада дамуында туа біткен ақау қалыптасу мүмкіндігіне байланысты, жүктіліктің басқа тәсілмен түсік түсуі тиістігінен пациент хабардар болуы керек.
Жағымсыз әсерлері
Жиі (≥ 1/100)
- іштің төменгі жағының аздап ауыруы, жүрек айну
Жиі емес (≥ 1/1000)
-құсу, диарея
Сирек (<1/1000)
- бас айналу, бас ауыру, әлсіздік
- дене температурасының жоғарылауы
- тері гиперемиясы
Өте сирек (<1/10000)
- тері бөртпесі, қышыну, есекжем
- қағанақ суымен эмболия, жатырдың аномальді жиырылуы, шарананың өлуі, шала жасалған аборт, мерзімінен ерте босану, плацента бөлінуінің іркілуі, жатырдың жыртылуы, жатырдың тесілуі
- қынаптан қан кету (оның ішінде постменопаузадағы қан кету), етеккіраралық қан кету, етеккір оралымының бұзылуы, жатырлық түйілуі
- меноррагия, дисменорея, жатырдан қан кету
- қалтырау, қызба жай-күйі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді және қосымша заттарға және басқа да простагландиндерге жоғары сезімталдық
- бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі, бүйрек үсті безі қыртысының дисфункциясы және ұзақ глюкокортикостероидтық ем
- жедел немесе созылмалы бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі
- жатырдан тыс жүктілікке күмән болғанда; клиникалық зерттеулермен нақтыланбаған немесе жатырішілік контрацепция қолдану аясында немесе гормональді контрацепцияны тоқтатқаннан кейін пайда болған, мерзімі бойынша етеккір тоқтағаннан кейін 49 күннен асатын жүктілікте.
- жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары, оның ішінде артериялық гипертензия
- глаукома
- бронх демікпесі
- қант диабеті және басқа да эндокриндік аурулар
- гормонға тәуелді ісіктер
- ауыр анемия
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препараттың әсерін төмендететін болғандықтан қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды: индометацин, метиндол, ибупрофен, напроксен, бутадион, реопирин, диклофенак, вольтарен, аспирин, цитрамон, седалгин, целебрексті қабылдаудан аулақ болу керек.
Препаратты құрамында магний бар антацидтермен үйлестіре қолданғанда диарея күшеюі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Асқынуларды болдырмас үшін дәрігердің қатаң тағайындауы бойынша қолдану керек.
Препарат тиісті түрде дайындығы бар дәрігер кадрлары және қажетті жабдықтары бар мекемелерде қолданылуы тиіс.
Жүктіліктің ерте кезеңінде түсік түсіру үшін Мизопростол мифепристон қабылдағаннан кейінге тағайындалуы тиіс және жеке дара өзін пайдалануға болмайды.
Ұрықты ығыстырып шығару мифепристонды қолданған соң – пациенттердің кем дегенде 5% азында дереу байқалады, пациенттердің 80% - мизопростол қолданған соң 6 сағаттан кейін, пациенттердің 10% - мизопростол қолданған соң бір апта ішінде байқалады.
Препаратты қолдану резус аллоиммунизациясы мен түсік түсірумен қоса жүретін басқа да жалпы іс-шараларды алдын ала ескертуді талап етеді.
Препаратты қолданбас бұрын пациент барлық жағымсыз әсерінен хабардар болуы тиіс, 4-тен 6 сағатқа дейін дәрігер бақылауында болуы тиіс.
Препаратты қабылдау уақытында және одан кейін пациентке құйылып қан кетулер болған жағдайында уақтылы медициналық көмек жасалуы тиіс. Препаратты қабылдаған соң әдетте аздап қынаптық қан кету туындайды, кейбір жағдайларда ұзақ уақытқа созылады.
Мизопростол препаратын гастропротектор ретінде қолдану түсік тастауға түрткі болуы мүмкін.
Лактация
Бала емізуді мизопростол қабылдағаннан кейін екі апта бойына тоқтату керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: айқын жалпы уыттануы бар бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі, ұйқышылдық, құсу, жүрек айнуы және өзіне тән бүйрек шаншуы.
Емі: құстыру керек; оны жасау мүмкін болмаса – асқазанды шаю, белсендірілген көмір, тұзды іш жұмсартқыштар тағайындау керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
3, 4 таблеткадан баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, +250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
China Resources Zizhu Pharmaceutical Co., Ltd.
100024, Қытай, Пекин қ., Чаоянг Норс Роад .27 Тел.: 86 (10) 62272593
Тіркеу куәлігінің иесі
«ИнтерФармасьютикал» ЖШС - China Resources Zizhu Pharmaceutical Co., Ltd. компаниясының Қазақстандағы эксклюзивті дистрибьюторы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«ИнтерФармасьютикал» ЖШС
Алматы қ., Ерменсай ы/а, Университет к-сі 1 А,
тел: 8 (7272)60 97 73
Электрондық пошта: mshe03@gmail.com
ҚР аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:
«ИнтерФармасьютикал» ЖШС
Алматы қ., Ерменсай ы/а, Университетская к-сі 1 А ,
тел: 8 (7272) 60 97 73
Электрондық пошта: mshe03@gmail.com