Мидриацил (капли глазные, 1%)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Мидриацил
Халықаралық патенттелмеген атауы
Тропикамид
Дәрілік түрі
1 % 15 мл көз тамшы дәрісі
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат: 10.0 мг тропикамид,
қосымша заттар: натрий хлориді, динатрий эдетаты, бензалконий хлориді, хлорсутек қышқылы және/немесе натрий гидроксиді рН-ты реттеу үшін, тазартылған су
Сипаттамасы
Мөлдір, түссіз ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Мидриатиктер. Холиноблокаторлар. Тропикамид.
АТХ коды S01FА06
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препаратты конъюнктивальді қалтаға тамызғаннан кейін тропикамид аздаған дәрежеде жүйелік сіңуге ұшырайды. Белсенді заттың қан ағысына сіңуі салдарынан жүйелік сипаттағы жағымсыз әсерлер (мазасыздық, қозғыштық жағдай, ауыз ішінің құрғауы, дизурия, гипертермия) дамуы мүмкін. Жүйелік жағымсыз әсерлер, әсіресе емшектегі және кішкентай балалар мен егде жастағы адамдарда байқалады. Тропикамидті қолдану кезінде дозалауда сақтық танытып, науқастардың жеке жоғары сезімталдығын ескерген жөн. Несеппен бірге шығарылады.
Фармакодинамикасы
Тропикамид – әсері атропиннің әсеріне ұқсас антихолинергиялық дәрі, бірақ циклоплегиялық және мидриатикалық әсері күштілеу және аз уақытқа созылады. Ең жоғары әсеріне тамызғаннан кейін 20 минуттан соң жетеді, тамызғаннан соң көз қарашығы мөлшерінің қалпына келуі 6 сағат бойы жүреді. Мидриацил – бұл көз қарашығы сфинктері мен цилиарлы бұлшықеттің холинергиялық дәрілермен көтермеленуіне реакциясын бөгейтін, сонысымен қарашықты кеңейтетін (мидриаз), антихолинергиялық дәрі. Циклоплегиясы әлсіз мидриазға қол жеткізу үшін концентрациясы (0,5%) әлсіздеу препаратты пайдалануға болады. 1% ерітінді сондай-ақ аккомодацияның салдануын туындатады.
Көздің сыртына тамызудан кейін де болмашы жүйелі сіңуі анықталуы мүмкін: сіңудің ең көбі мұрын-көз жасы арнасында жүреді.
Қолданылуы
Диагностикалық мақсаттағы мидриаз және циклоплегияға қол жеткізу үшін:
-
офтальмоскопия жүргізу және рефракцияны анықтау кезінде
-
хирургиялық (катаракта экстракциясы, торқабыққа және шыны тәрізді денеге операцияда) және лазерлік операция алдында (торқабық лазерокоагуляциясы)
-
көздің қабыну ауруларында (кешенді ем құрамында) және операциядан кейінгі кезеңде синехия дамуының алдын алуда.
Қолдану тәсілдері және дозасы
Рефракция үшін: 1-2 тамшы Мидриацил 1 көз тамшы дәрісі препаратын 5 минут аралықпен екі рет тамызады. Егер емделушінің тамызғаннан кейін 20-30 минут ішінде тексерілуі мүмкін болмаса, мидриатикалық әсерін ұзарту үшін қосымша 1 тамшысын тамызуға болады.
Нұрлы қабығы қарқынды боялған емделушілерге анағұрлым жоғары доза қажет болуы мүмкін.
Тамызғаннан кейін көздің ішкі бұрышындағы жас өзекшесін қысу қажет. Бұл дәрілік препараттың жүйелік сіңуін төмендетеді және жағымсыз жүйелік реакциялар дамуының алдын алуға жәрдемдеседі.
Құтының ішіндегі заттың ластануына жол бермеу үшін тамшуырдың ұшын көзге немесе кез келген басқа беткейге тигізіп алмаған жөн.
Біреуден артық жергілікті офтальмологиялық препаратты қолданған кезде препараттарды қолдану арасындағы аралық 5 минуттан кем болмауы тиіс.
Жағымсыз әсерлері
Жергілікті
Жиі:
-
жарықтан қорқу
-
көздің ауыруы
-
айқын көрмеу
-
көздегі жайсыздық
-
аккомодацияның бұзылуы
Жиі емес:
-
көз ішілік қысымның жоғарылауы
-
көздің тітіркенуі
-
көз гиперемиясы
Сирек:
конъюнктивиттер
-
көздің ісінуі
-
нүктелік кератит
- көздің қышынуы
Жүйелі
Сирек:
-
бас айналу, бас ауыру
-
естен тану, гипотензия
-
тахикардия, брадикардия, аритмия, гиперэмия
-
психикалық бұзылулар, елестеулер, мінез-құлықтағы ауытқулары, қимылдың бұзылуы
-
бозару, мұрынның құрғауы, терінің құрғауы, бөрту, еріннің құрғауы
-
дизурия, несеп шығарудың іркілуі, іш қату, жүрек айну, құсу
-
дәрі әсерінің ұзаруы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
тропикамидке немесе препараттың басқа компонентіне жоғары сезімталдық
-
болжамдалған немесе диагностикаланған жабық бұрышты глаукома.
- 8 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Мидриацил көз тамшы дәрісі препараты үшін дәрілік өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеу жүргізілмеген. Тропикамидтің әсері антимускаринді сипаттамалары бар басқа да дәрілермен, мысалы, амантадин, кейбір антигистаминдік дәрілер, фенотиазинді психозға қарсы дәрілер және үшциклді антидепрессанттармен бірге пайдаланғанда күшеюі мүмкін. .
Айрықша нұсқаулар
Мидриацил көз тамшы дәрісі препараты тек қана жергілікті қолдануға арналған. Инъекция немесе ішке қабылдауға арналмаған.
Мидриацил көз тамшы дәрісі препараты көз ішілік қысымның жоғарылауын туындатуы мүмкін. Кейбір жағдайларда диагностикаланбаған глаукоманың болуы мүмкіндігін, әсіресе препаратты егде емделушілерге тағайындағанда қарастырған жөн. Емдеуді бастар алдында көз ішілік қысымды анықтап, көздің алдыңғы камерасы бұрышының тереңдігін бағалап алған жөн.
Басқа да мидриатиктер секілді Мидриацил көз тамшы дәрісі препаратын көз ішілік қысымы жоғары немесе көздің алдыңғы камерасы шағын емделушілерге сақтықпен қолданған жөн. Аккомодация салдануы әсерін ұзарту қажет болған мұндай жағдайларда препараттың бір ғана қосымша тамшысын пайдалануға болады.
Препаратты антихолинергиялық дәрілерге сезімталдығы жоғары емделушілерге қолданған жағдайларда психикалық бұзылыстардың тропикамид-индукцияланған реакциялары және мінез-құлықтың бұзылулары байқалуы мүмкін.
Педиатрияда қолданылуы.
Мидриацил көз тамшы дәрісі препаратының құрамында бензалконий хлориді болғандықтан, тамшы дәрілік түрі 8 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды. Мидриацил көз тамшы дәрісі препараты орталық жүйке жүйесінің бұзылуын туындатуы ықтимал, бұл нәрестелер мен балалар үшін қауіпті болуы мүмкін. Препаратты балаларда шамадан тыс қолдану жүйелі уыттану симптомдарын туындатуы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Тропикамидті жүкті әйелдерге қолдану жөнінде деректер жоқ немесе олар өте шектеулі. Мидриацил көз тамшы дәрісі препаратын жүктілік кезінде пайдалану ұсынылмайды.
Тропикамидтің емшек сүтіне бөліну-бөлінбеуі белгісіз. Дәрілік заттардың көпшілігі емшек сүтіне бөлінетіндіктен, еметін балаға қауіпті екендігі жоққа шығарылмайды. Бала емізуді тоқтату тұру немесе Мидриацил көз тамшы дәрісі препаратын тоқтату/әлде қолданудан бас тарта тұру керек пе, сол жағын балаға емшек емізудің пайдасы мен әйел үшін емдеудің артықшылығын ескеріп, салмақты шешім қабылдаған жөн.
Жанаспалы линзалар
Мидриацил көз тамшы дәрісі препаратының құрамында көздің тітікенуін туындатуы және жұмсақ жанаспалы линзаны түссіздендіруі мүмкін бензалконий хлориді болғандықтан, тамызған уақытта жұмсақ (гидрофильді) линзаларды көзден ала тұру керек. Линзаларды тамызғаннан кейін 15 минут өтпей, ерте тағуға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолданғаннан кейін ұйқышылдық, көрудің айқын болмауы және жарыққа жоғары сезімталдық байқалуы мүмкін. Емделушілерге көру толығымен қалпына келгенге дейін көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару ұсынылмайды. Тропикамидтің көз тамшы дәрісінің әсерінен кейін толық қалпына келу 24 сағатқа дейін созылуы мүмкін.
Артық дозалануы
Симптомдары: терінің қызаруы және құрғауы, (балаларда бөрту болуы мүмкін), көрудің бұзылуы, жылдамдатылған және жүйесіз пульс, гипертермия, нәрестелерде іш кебуі, құрысулар, елестеулер және жүйке-бұлшықет үйлесімін жоғалту.
Емі: симптоматикалық және демеуші ем болуы тиіс. Жергілікті артық дозалану кезінде көзді жылы судың мол мөлшерімен жуу керек. Кездейсоқ ішке қабылдап қойған кезде құстыру немесе асқазанды шаю керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
15 мл препараттан, тамшылатқышпен және алғашқы ашылуы бақыланатын қызыл түсті полипропиленнен жасалған бұрандалы қақпақпен тығындалған Drop-Tainer™ жүйесінің боялмаған, жартылай мөлдір, тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған құтыларында.
1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
8оС-ден 30оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі – 4 апта.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
с.а. Алкон-Куврер н.в.,
B-2870 Пуурс, Бельгия
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
с.а. Алкон-Куврер н.в., Бельгия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы «Алкон Фармасьютикалс, Лтд.» өкілдігі
Тел.: +7 (727) 256 02 05
Факс: +7 (727) 256 06 81
Электронды поштасы: Tatyana.Yem@Alcon.com